Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға Ұлан ауданы аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) 50 жастан асқан әйелдер;
14) 55 жастан асқан ерлер;
15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
16) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар.
2. «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
3. 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 176 «2014 жылы Ұлан ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3163 болып тіркеліп, 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 7 аудандық «Ұлан таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Р. Мамырбаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлан ауданының әкімі | Б. Байахметов |