Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 330 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 10091 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді және ресми жариялауға жатады.

Министр

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 330 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.01.2016 № 11 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 7-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi – жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыстар түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) бюджеттік субсидиялардың мөлшерін белгілеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері;

      5) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдер тағайындауды және төлеуді жүргізетін заңды тұлға;

      6) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалдары – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;

      7) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;

      8) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;

      9) міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес қосымша белгіленген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларды мемлекеттік қолдаудың нысаны;

      10) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi – агент) – Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға;

      11) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – әлеуметтік төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқоры;

      12) электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

      3. Бюджеттік субсидиялардың мөлшерін электрондық белгілеу кезіндегі уәкілетті орган мен Мемлекеттік корпорацияның өзара іс-қимылы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидияларының
мөлшерін белгілеу тәртібі

      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылардың пайдасына ай сайын бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

      5. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар, Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушыға, егер мүгедектік мерзiмсiз белгiленген болса, бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға оның келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

      6. Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысы мөлшерінен есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы арасындағы айырма ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      СУБ = ОАТ * 10 % / 100 % – БКәт * 10 % / 100 %, мұндағы:

      СУБ – міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері;

      ОАТ – бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табысының орташа айлық мөлшері. ОАТ "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 23-2-бабына сәйкес айқындалады. Әлеуметтік аударымдарды есептеу Заңның 15-бабына сәйкес жүргізіледі.

      БКәт – Заңның 23-2-бабына сәйкес айқындалатын Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшері.

      7. Республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнің мөлшерін қайта есептеген жағдайда ай сайынғы бюджеттік субсидияның мөлшері қайта есептеуге жатады және осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес айқындалады.

      8. Егер бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың он пайызынан асатын болса, міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау жүргізілмейді.

3. Міндетті зейнетақы жарналарын бюджеттік субсидиялауды жүзеге
асыру тәртібі

      9. Міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген баланың туған күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаға қамқоршылық тағайындалған жағдайларда – баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күнінен бастап бала бір жасқа толған күнді қоса алған күнге дейін не қамқоршы (асырап алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада көзделген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жүргізіледі.

      10. Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясын белгілеу кезеңін келесі туылған, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жағдайда, бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау алдыңғы бала бір жасқа толған күннен кейінгі күннен бастап, ал осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес тоқтатылған жағдайда бала қайтыс болған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап немесе алдыңғы баланың күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыға міндетті зейнетақы жарналарын аудару тоқтатылған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүргізіледі және белгіленеді.

      11. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау туралы шешім Қор филиалынан келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшерін есептейді, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін қалыптастырады және оларды Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді.

      12. Мемлекеттік корпорацияның филиалы міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін олар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептің және міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетінің ресімделу дұрыстығын тексереді, содан кейін оларды уәкілетті органға жібереді.

      13. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы Мемлекеттік корпорацияның жауапты адамдарының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжатты білдіреді.

      14. Уәкілетті орган міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін олар түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде қарайды және міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      15. Мемлекеттік корпорацияның мамандары жіберген қателер анықталған жағдайда уәкілетті орган міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасы бар істің электрондық макетін қателерді жою үшін қайтару себебін көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне қайта ресімдеуге қайтарады.

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы электрондық шешім жобасы бар істің электрондық макеті келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде анықталған қателерді жояды, міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы электрондық шешім жобасы бар істің электрондық макетін қайта қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы уәкілетті органға жібереді.

      16. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім басқарма (бөлім) маманының, басшысының және уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжатты білдіреді. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің нөмірі мен күні автоматты режимде беріледі.

      17. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшері белгіленген (белгілеуден бас тартылған, аударуды тоқтата тұрған) жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 24-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша белгілеу (белгілеуден бас тарту, аударуды тоқтата тұру) туралы хабарламаны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламалар журналына тіркей отырып, оны өзі жүгінген кезде береді немесе өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді. Sms-хабарлар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.

      18. Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімінің негізінде:

      1) агенттің 10 пайыз мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару фактісі анықталғанда;

      2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталғанда;

      3) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылар туралы мәліметтер келіп түскенде;

      4) босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар), ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, ұл бала (қыз бала) асырап алу туралы шешімнің күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы мәліметтер келіп түскенде, мұндай тоқтата тұруға негіз болып табылатын мән-жай басталған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.

      Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтата тұруға негіз болып табылатын мәліметтермен толықтырылған істің электрондық макетін дайындау және субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтата тұру туралы электрондық шешімнің жобасын бекіту осы Қағидалардың 11-15-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      19. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіру бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушы мынадай құжаттардың береуін:

      1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу фактісін растайтын анықтаманы;

      2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелу фактісін растайтын құжатты;

      3) баланы (балаларды) асырап алу және/немесе балаға қамқоршылық тағайындау туралы құжатты ұсынған кезде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімінің негізінде бала бір жасқа толған күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.

      Міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды қалпына келтіру мұндай тоқтата тұруға негіз болып табылған мән-жай тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және/немесе балаға қамқоршы тағайындалған жағдайда баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қамқоршы тағайындалған күннен бастап жүргізіледі.

      Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіруге негіз болып табылатын мәліметтермен толықтырылған істің электрондық макетін дайындау және субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіру туралы электрондық шешімнің жобасын бекіту осы Қағидалардың 11–15-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      20. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару:

      1) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем Заңның 23-2-бабына сәйкес тоқтатылған;

      2) егер бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың он пайызынан асқан жағдайларда тоқтатылады.

      Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімінің негізінде тоқтатылады.

      Бұл ретте субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару мұндай тоқтатуға негіз болып табылатын мән-жай туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

      Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтатуға негіз болып табылатын мәліметтермен толықтырылған істің электрондық макетін дайындау және субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтату туралы электрондық шешімнің жобасын бекіту осы Қағидалардың 11–15-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

4. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын
аудару тәртібі

      21. Уәкілетті орган қабылдаған міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу туралы шешімдердің негізінде субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін істердің электрондық макеттерін ОДҚ-ға қоюды Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жүзеге асырады.

      22. Уәкілетті органның міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу туралы шешімдердің негізінде Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының белгіленген мөлшерін ай сайын, төлем айының алдындағы айдың 25-күніне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ұсынылатын, төлемге бюджет қаражатының қажеттілігіне қосуды қамтамасыз етеді.

      Төлейтін айға қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін пайда болған сомалар одан кейінгі айларға қосылуға тиіс.

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің қызметкерлері күн сайын ОДҚ-да алушылардың қайтыс болуына, кетуіне, төлемді тоқтата тұруға, тоқтатуға байланысты қажеттілік сомаларын азайту жағына түзету жүргізеді.

      23. Министрлік тиісті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау үшін қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жібереді.

      24. Министрлік міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есепті кезеңге көзделген сомалар шегінде Мемлекеттік корпорацияға бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.

      25. Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға арналған бюджет қаражатын алып, төлем тапсырмаларын қалыптастырады және субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын кейіннен Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының дербес зейнетақы шотына есептеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.

      Бұл ретте, субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару тиісті кезең (ай (айлар) және жыл) көрсетіле отырып, Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді төлеген айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылады.

      26. Ақпараттық жүйелерде бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні өзгерген жағдайда ОДҚ-да автоматты режимде өзгерістер жүргізіледі.

      27. Қаражат артық аударылған немесе субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін белгілеу және оларды аудару кезінде жіберілген қателіктер табылған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның филиалы қате аударылған, субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға өтінімді 11-қосымшаға сәйкес электрондық түрде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      28. Мемлекеттік корпорация қате аударылған, субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға электрондық түрдегі өтінімді бес жұмыс күні ішінде қалыптастырады. Өтінімде: салымшының (бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, қайтаруға жататын міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидияларының мөлшері және қайтару себебі көрсетіледі.

      29. Мемлекеттік корпорация қате аударылған, субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға өтінімді ақпаратты тасымалдаудың автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электрондық түрде жібереді.

      30. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электрондық түрде Мемлекеттік корпорациядан қате аударылған, субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға өтінімді алысымен, оны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате аударылған, субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады.

      31. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қате аударылған, субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруды Мемлекеттік корпорацияның қате аударылған, субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға электрондық түрдегі өтінімде көрсетілген субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына іс жүзінде енгізілген номиналды сомасы бойынша Мемлекеттік корпорацияның банк шотына жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып төлем тапсырмасымен жүргізеді.

  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Коды ________________________

      Облыс (қала) ________________

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
____________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің

      20__ ж. "___" _________ № ___________ шешімі

      Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының

      мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы

      1. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013

      жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-1)

      тармақшасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы

      бюджеттік субсидиясының мөлшері 20__ ж. "___" _______________ бастап

      20__ ж. "___" __________ қоса алғанда _______________________________

      ________________________________________ теңге сомасында белгіленсін.

      (сомасы цифрлармен және жазбаша)

      Тегі ________________________________________________________________

      Аты _________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________

      ЖСН _________________________________________________________________

      Туған күні __________________________________________________________

      (күні, айы, жылы)

      Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан

      айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындауға жүгінген

      күн 20__ ж. "___" _______________

      Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан

      айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем тағайындалған күн 20__

      ж. "___" ___________

      Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа

      айлық табыстың мөлшері ________ ж. бастап _________ ж. қоса алғанда

      _______________ (_____________________________________________) теңге

      (сомасы жазбаша)

      Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан

      айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнің тағайындалған

      мөлшері ________________ ж. бастап __________________ ж. қоса алғанда

      ___________ (_________________________________________________) теңге

      (сомасы жазбаша)

      Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан

      айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнен ұсталатын міндетті

      зейнетақы жарналарының мөлшері _______ ж. бастап ________ ж. қоса

      алғанда _____________ (_______________________________________) теңге

      (сомасы жазбаша)

      2. __________________________________________________________________

      (негіздеме: себебі көрсетілсін)

      _____________________________________________________________________

      себебі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік

      субсидиясының мөлшерін белгілеуден бас тартылсын.

      Департамент басшысы __________________________________ (Т.А.Ә.)

      Басқарма (бөлім) басшысы _____________________________ (Т.А.Ә.)

      Маман ________________________________________________ (Т.А.Ә.)

      Шешімнің жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорацияның жауапты адамдары

      ______________________________________________________ (Т.А.Ә.)

      ______________________________________________________ (Т.А.Ә.)

  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік
субсидияcының мөлшерін белгілеу туралы
№ ______ хабарлама
20__ ж. "___" ____________

      Азамат (ша)__________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні _____ ж. "___" _____________

      Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін

      белгілеу туралы 20__ ж. "___" _____________ № _______ шешім

      Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының

      мөлшері 20__ ж. бастап ______________________________________________

      (________________________________________________) теңгені құрайды.

      (сомасы сандармен және жазбаша)

      Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған

      _____________________________________________________________________

      (жауапты адамның лауазымы және Т.А.Ә.)

  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының
мөлшерін белгілеуден бас тарту туралы
№ ______ хабарлама
20__ ж. "___" ____________

      Азамат(ша)___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні _____ ж. "___" _____________.

      Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін

      белгілеуден бас тартылды: ___________________________________________

      __________________________________________________________________

      (негіздеме: себебі көрсетілсін)

      Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған

      _____________________________________________________________________

      (жауапты адамның лауазымы және Т.А.Ә.)

  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының
мөлшерін аударуды тоқтата тұру туралы
№ ______ хабарлама
20__ ж. "___" ____________

      Азамат (ша) _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні _____ ж. "___" ___________________________________________

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы Сіздің жеке зейнетақы

      шотыңызға міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясын

      аудару

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (негіздеме: себебі көрсетілсін)

      себебі бойынша тоқтатылды.

      Осыған байланысты Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік

      корпорацияның бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

      _____________________________________________________________________

      (құжаттар көрсетілсін)

      Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған

      _____________________________________________________________________

  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Хабарламалар журналы

      _____________________________________________

      (төлемнің түрі)

      Мемлекеттік корпорацияның ____________ бөлімшесі бойынша

Р/с №

ЖСН

Т.А.Ә.

Туған күні

Істің №

Төлемнің түрі

Хабарлама табысталған күн

Телефон №

Маман




























  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

sms-хабарлар журналы

      _____________________________________________

      (төлемнің түрі)

      Мемлекетттік корпорацияның ____________ бөлімшесі бойынша

Р/с №

ЖСН

Т.А.Ә.

Туған күні

Істің №

Төлемнің түрі

sms-хабар берілген күн

Телефон нөмірі

Маман




























  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

      Коды ________________________

      Облыс (қала) ________________

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
_____________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің
20__ ж. "___" _________ № ___________ шешімі

      Субсидиялауға жататын ___________________________________ теңге

      (сомасы сандармен және жазбаша)

      сомасындағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару 20__ ж. "___" ______

      бастап тоқтатылсын

      Тегі ________________________________________________________________

      Аты _________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________

      ЖСН _________________________________________________________________

      Туған күні __________________________________________________________

      Негіздеме ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (себебі көрсетілсін)

      Департамент басшысы ________________________________________ (Т.А.Ә.)

      Басқарма (бөлім) басшысы ___________________________________ (Т.А.Ә.)

      Маман ______________________________________________________ (Т.А.Ә.)

      Шешімнің жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорацияның жауапты адамдары

      ____________________________________________________________ (Т.А.Ә.)

  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

      Коды ________________________

      Облыс (қала) ________________

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
___________________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің
20__ ж. "___" _________ № ___________ шешімі

      Субсидиялауға жататын ___________________________________ теңге

      (сомасы сандармен және жазбаша)

      сомасындағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару 20__ж. "___"

      ________ бастап 20__ ж. "___" ________ дейін қалпына келтірілсін

      Тегі ________________________________________________________________

      Аты _________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________

      ЖСН _________________________________________________________________

      Туған күні __________________________________________________________

      Негіздеме ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (себебі көрсетілсін)

      Департамент басшысы ________________________________________ (Т.А.Ә.)

      Басқарма (бөлім) басшысы ___________________________________ (Т.А.Ә.)

      Маман ______________________________________________________ (Т.А.Ә.)

      Шешімнің жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорацияның жауапты адамдары

      ____________________________________________________________ (Т.А.Ә.)

  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

АНЫҚТАМА

      Төлеушінің атауы ____________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi

      (ЖСН) және міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің орналасқан жері

      _____________________________________________________________________

      Қызметкердің Т.А.Ә. _________________________________________________

      Қызметкердің жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) ________________________

      Бала күтімі бойынша жалақы сақталмайтын демалыс туралы бұйрықтың

      нөмірі және күні

      _____________________________________________________________________

      __________________________ 10 % міндетті зейнетақы жарналарын аудару

      (кезеңі (ай, айлар) көрсетілсін)

      _____________________________________________________________________

      (негіздеме көрсетілсін: сыйлықақы, материалдық көмек берілді және

      т.б., еңбек қызметі қалпына келтірілді және басқалар) негіздемесі

      бойынша _____________________________________________________________

      (төлем тапсырмасының күні және нөмірі көрсетілсін)

      сәйкес 20__ ж. _________________ жүргізілді.

      Анықтама Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін берілді

      Мөрдің орны

      Басшы _________________ _____________________________________________

      (қолы) Т.А.Ә.

      Бас бухгалтер ______________ ________________________________________

      (қолы) Т.А.Ә.

      Берілген күні: 20___ жылғы "__" _________

      Ескертпе: Мен _______________________________________________________

      (қызметкердің Т.А.Ә.)

      Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуға

      қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім

      беремін.

      Sms-хабар арқылы, телефон байланысы арқылы міндетті зейнетақы

      жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден

      бас тарту, аударуды тоқтата тұру) туралы хабарламаға келісім беремін.

      Ұялы телефон нөмірі ______________________________

      Күні ________ Өтініш берушінің қолы ______________

  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

      Коды ________________________

      Облыс (қала) ________________

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
__________________________ облысы (қаласы) бойынша
департаментінің
20__ ж. "___" _________ № ___________ шешімі

      Субсидиялауға жататын _________________________________________ теңге

      (сомасы сандармен және жазбаша)

      сомасындағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару 20__ ж. "___" ______

      бастап тоқтатылсын.

      Тегі ________________________________________________________________

      Аты _________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________

      ЖСН _________________________________________________________________

      Туған күні __________________________________________________________

      Негіздеме ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (себебі көрсетілсін)

      Департамент басшысы ________________________________________ (Т.А.Ә.)

      Басқарма (бөлім) басшысы ___________________________________ (Т.А.Ә.)

      Маман ______________________________________________________ (Т.А.Ә.)

      Шешімнің жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорацияның жауапты адамдары

      ____________________________________________________________ (Т.А.Ә.)

  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан бала бір жасқа
толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған
жағдайда төленетін әлеуметтiк
төлемдерді алушыларға міндетті
зейнетақы жарналарын
субсидиялау қағидаларына
11-қосымша

      Нысан

Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының
қате аударылған сомаларын қайтаруға филиалдың өтінімі
Мемлекеттік корпорация басшысына

      1. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің деректемелерi:

      Атауы _______________________________________________________________

      БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша _________________________

      СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша)_________________________

      БЖК __________________________________

      ЖБК __________________________________

      2. Қателер жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері

      № ___________ күні "____"______________ 20 _____ жыл

      Төлем тапсырмасының жалпы сомасы ____________________________________

      3. Салымшының деректемелері ___________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., туған күні)

      Салымшының ЖСН ______________________________________________________

      Салымшы жарнасының сомасы, кезеңі ___________________________________

      Қайтарылуға тиіс сома, кезеңі________________________________________

      4. ____________________________________________________________

      байланысты кейінгі төлемдермен түзету мүмкіндігі жоқ.

      Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз:

      _____________________________________________________________________

      (кәсіпорынның толық деректері, барлық банк деректемелері көрсетіледі)

      (басшының қолы) _____________________________________________________

      (бас бухгалтердің қолы) _____________________________________________

      М.О. ______________

      (күні)