Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 226 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 4802 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жітіқара ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

Н. Коваленко

Жітіқара аудандық


мәслихатының хатшысы

М. Кененбаева

КЕЛІСІЛДІ


Қостанай облысы Жітіқара ауданы


Милютин ауылының әкімі


__________________ В. Гущин



  Мәслихаттың
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 226 шешімімен
бекітілген

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылының (бұдан әрі - Милютин ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Милютин ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Милютин ауылының аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3.Бөлек жиын Милютин ауылының әкімімен шақыралады.

      Жітіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайға бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Милютин ауылының шегінде бөлек жиынды өткізу Милютин ауылының әкімімен ұйымдастырылады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Милютин аулының турғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиын Милютин ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Милютин ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Милютин ауылының тұрғындары өкілдерінің кандитаруларын Жітіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушыларымен ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Милютин ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеленеді.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Милютин ауылы әкіміның аппаратына беріледі.

  Мәслихаттың
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 226 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 12.11.2019 № 345 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Милютин ауылы көшелерінің атауы

Өкілдер саны (адам)

1

Новая көшесі

3

2

Молодежная көшесі

8

3

Школьная көшесі

7

4

Рабочая көшесі

6

5

Степная көшесі

5

6

Комсомольская көшесі

6


Барлығы

35