Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес және жерлердi аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 381-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Жангелдин
аудандық мәслихатының
кезекті он үшінші
сессиясының төрағасы Р. Ахметжанов
Жангелдин аудандық
мәслихат хатшысы С. Нургазин