«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты, ШЕШТІ:
1.
Дәрілік зат тегін берілетін амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: «Бехтерев ауруы» диагнозы бар азаматтарға дәрілік заты берілсін (рецепт бойынша).
2.
Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Әдекенов С.М.) жүктелсін.
3.
Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
М. Миргаязов |