Тарифті белгілеу туралы

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 1145 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда № 2434 болып тіркелді

Қолданыстағы

     РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137-баптарына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тараз қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру тарифі 60 теңге болып бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруде бірқатар санаттағы тұлғаларға жеңілдіктер бекітілсін.
      3. «Тарифін белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 шілдедегі №532 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-1-132 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 шілдедегі «Жамбыл-Тараз» №29 (1055) газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қала әкімі

Н. Календеров

       «КЕЛІСІЛДІ»
Тараз қалалық мәслихатының
хатшысы Б.Нарбаев
«09» желтоқсан 2014 жыл
 


Тараз қаласы әкімдігінің
2014 жылдың «08»
желтоқсандағы
№ 1145 қаулысына қосымша

Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруде бірқатар санаттағы тұлғаларға жеңілдіктер.

      1. Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жүруге төмендегі санаттағы тұлғалардың құқығы бар:
      - Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектері;
      - I топ мүгедектердің барлығына;
      - II топтағы зағип мүгедектер;
      - көп балалы аналар «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», «I-ші дәрежелі Даңқты аналар», «II-ші дәрежелі Даңқты аналар»;
      - Жамбыл облысының және Тараз қаласының құрметті азаматтары, облыс және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері;
      - Ауған соғысының, Чернобыль Атом электростанциясы апатын жоюға қатысушылары мен мүгедектері және олардың жесірлері.
      2. Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге төмендегі санаттағы тұлғалардың құқығы бар:
      - бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларына (1-11 сынып) - 30 теңге, оқушылардың айлық бірыңғай жүру билеті – 900 теңге;
      - жоғарғы және арнайы орта оқу орындарының студенттеріне – 55 теңге.