Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 ақпанда № 10254 тіркелді.

Жаңартылған

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 30) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________ Ә. Исекешев

      " " ________2014 жыл


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      14 қаңтар 2015 жыл


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 16-04/647 бұйрығымен
бекітілген

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2019 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 30) тармақшасына, "Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасында және Кеден одағының кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге және ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға (бұдан әрі − Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар) сәйкес әзірленді және тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) асыл тұқымдық куәлік – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен республикалық палата беретін асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқым-тектік, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат;

      2) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі –ведомство) – ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын комитеті;

      3) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, аудан, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана) орналасқан аумақтық бөлімшелер.

      3. Осы Қағидалар саны 2 бастан аспайтын жеке пайдалануға арналған иттер мен мысықтардың экспорты, импорты және транзиті жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасына (-нан, арқылы) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

      4. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне арналған рұқсатты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары береді.

      5. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына арналған рұқсаттың (бұдан әрі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына арналған рұқсат) қолданылу мерзімі әкелуге/әкетуге арналған рұқсатта белгіленген көлемдерде күнтізбелік бір жылды құрайды. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне арналған рұқсаттың (бұдан әрі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне арналған рұқсат) қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайды.

2-тарау. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру тәртібі

      6. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін болжанып отырған орын ауыстырудың басталуына дейін "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.

      7. Асыл тұқымды жануарлардың және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) импортына арналған рұқсатты беру үшін экспорттаушы елдің ресми органы берген әр жануардың басына және әр асыл тұқымдық өнімге (материалға) арналған асыл тұқымдық куәліктің немесе оған баламалы құжаттың көшірмесі өтінішке қоса беріледі.

      8. Рұқсат алуға мыналар негіз болып табылады:

      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына:

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламаттылығы;

      импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес келуі;

      импорттаушы елдің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларының болмауы;

      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына:

      Халықаралық эпизоотиялық бюро кодексінің стандарттарына, ұсынымдары мен нұсқамаларына, Дүниежүзілік сауда ұйымының Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісіміне сәйкес жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатсыз болуына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты расталған, оның ішінде үшінші елдердің құзыретті органдарымен байланыс арқылы расталған шектеу шараларының болмауы;

      Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілерінде, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға немесе Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылауға жататын тауарларға арналған бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандарынан (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандары) ерекшеленетін екі жақты ветеринариялық сертификаттарға сәйкес ветеринариялық-санитариялық талаптар бар болса, оларға сәйкес келуі;

      ұйымның немесе адамның Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сай қолданылатын реттеу шараларына сәйкес "Кеден одағында ветеринариялық бақылау (қадағалау) саласындағы мәселелер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 342 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін бақылауға жататын тауарларды өндіруді, өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен адамдардың тізілімінде (бұдан әрі – Ұйымдар мен адамдардың тізілімі) болуы (егер Еуразиялық экономикалық одақтың ережелерінде талап етілсе);

      өтініште көрсетілген жекелеген экспорттаушы кәсіпорынға (экспорттаушы кәсіпорындар тобына) қатысты уақытша шектеулердің болмауы;

      бақылауға жататын тауарларды әкелу немесе аумағынан жүріп өту бағдары жоспарланған Қазақстан Республикасының аумағында шектеу шараларының, карантиннің болмауы (егер тиісті бақылауға жататын тауарлар шектеу шаралары, карантин қойылған аурулардың таратушысы (тасымалдаушысы) болса);

      Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келуі;

      экспорттаушы елде, импорттаушы елде жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық ахуалдың өзгеруі.

      9. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді транзиттік алып өтуге басқа мемлекеттер қызметтерінің транзиттік келісімі (30 (отыз) жұмыс күні ішінде) және тірі жануарлардың карантиндеуден өтуі (күнтізбелік 60 (алпыс) күнге дейін) талап етілетін рұқсаттарды қоспағанда, осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ведомство 4 (төрт) жұмыс күнінде қарайды.

      10. Рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына:

      өтініш берушінің рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатсыз болуы;

      импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес келмеуі;

      импорттаушы елдің орны ауыстырылатын (тасымылданатын) объектіге қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралары;

      өтініш берушіге қатысты рұқсат алуды қажет ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салынғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші рұқсат алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.

      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына:

      өтініш берушінің рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      Халықаралық эпизоотиялық бюро кодексінің стандарттарына, ұсынымдары мен нұсқамаларына, Дүниежүзілік сауда ұйымының Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісіміне сәйкес жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатсыз болуына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты расталған, оның ішінде үшінші елдердің құзыретті органдарымен байланыс арқылы расталған, шектеу шараларының енгізілуі;

      Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілерінде, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға немесе Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандарынан ерекшеленетін екі жақты ветеринариялық сертификаттарға сәйкес ветеринариялық-санитариялық талаптар бар болса, оларға сәйкес келмеуі;

      ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келмеуінен ветеринариялық-санитариялық тәуекел деңгейінің қолайсыз болуы;

      ұйымның немесе адамның Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға, Ережеге сәйкес қолданылатын реттеу шараларына сәйкес Ұйымдар мен адамдардың тізілімінде болмауы (егер Еуразиялық экономикалық одақтың ережелерінде талап етілсе);

      өтініште көрсетілген жекелеген экспорттаушы кәсіпорынға (экспорттаушы кәсіпорындар тобына) қатысты уақытша шектеулердің енгізілуі;

      бақылауға жататын тауарларды әкелу немесе аумағынан жүріп өту бағдары жоспарланған Қазақстан Республикасының аумағында шектеу шараларының, карантиннің енгізілуі (егер тиісті бақылауға жататын тауарлар шектеу шаралары, карантин қойылған аурулардың таратушысы (тасымалдаушысы) болса);

      Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмеуі;

      экспорттаушы елде, импорттаушы елде жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық ахуалдың өзгеруі;

      өтініш берушіге қатысты рұқсат алуды қажет ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салынғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші рұқсат алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.

      11. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзімдерде ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін порталда мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген негіздерге сәйкес келген жағдайда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауын, оның көлемі мен жүру бағдарын, сондай-ақ, заңды тұлғалар үшін өндіріс объектісінің атауын, мекенжайы мен есепке алу нөмірін, жеке тұлғалар үшін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын адамдардың атын, әкесінің атын (бар болса), тегін, тұрғылықты мекенжайын көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына рұқсат береді;

      2) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беруден уәжді бас тартуды жолдайды.

      12. Ведомство портал арқылы:

      1) ветеринариялық сертификаттағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына арналған рұқсаттың нөмірін салыстырып-тексеру үшін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына және импортына рұқсат берілгені туралы ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесін, ветеринариялық бақылау бекетін;

      2) күнін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына арналған рұқсаттың нөмірін ветеринариялық сертификатқа енгізу үшін, ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.

      Электрондық түрде берілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына арналған рұқсаттар "Кеден одағының тасымалданатын өнімінің ветеринариялық қауіпсіздігі" порталы арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасына жолданады.

      13. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына арналған рұқсаттар немесе уәжді бас тарту осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары қол қойғаннан кейін порталға (жеке кабинетке) жеке және заңды тұлғаларға келіп түседі.

      14. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары қолданылу мерзімі ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына арналған рұқсатты:

      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттаушының, импорттаушының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын және Еуразиялық экономикалық одақ құжаттарын бұзу фактілері (оның ішінде жалған ветеринариялық сертификаттардың көрсетілуі, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің көрсетілген құжаттарға сәйкессіздігінің анықталуы) анықталған;

      2) экспорттаушы елде, импорттаушы елде жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық ахуал өзгерген жағдайда кері қайтарады.

3-тарау. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсат беру тәртібі

      15. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың транзиті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет берген, әкелу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтуі болжанатын өткізу пункті арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне арналған рұқсат бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің басқа түрлерінің транзиті уәкілетті органдардың рұқсаттарынсыз жүзеге асырылады.

      Үшінші мемлекеттер (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шегінен тыс) арқылы транзитке рұқсаттар алуды бақылауға жататын тауар иесі алдын ала жүзеге асырады.

      16. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне арналған рұқсатты ресімдеу импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсат беру туралы ведомствоға сұранымы негізінде мыналар көрсетіле отырып, жүзеге асырылады:

      1) заңды тұлғалар үшін: өндіріс объектісінің атауы, мекенжайы және ведомство берген есепке алу нөмірі, жеке тұлғалар үшін: орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын адамдардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, мекенжайы және есепке алу нөмірі;

      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы;

      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны және оның өлшем бірліктері;

      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елі және шыққан елі;

      5) көлік түрі;

      6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелу және әкету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесі;

      7) аумағы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзиті жүзеге асырылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келісілген жануарларды тасымалдау бағдары, аялдамалары, қайта тиеу, азықтандыру (суару) орындары, тасу (айдау) шарттары.

      17. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерімен 30 (отыз) жұмыс күні ішінде транзиттік келісуді және күнтізбелік 60 (алпыс) күні ішінде тірі жануарлардың карантиннен өтуін талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, ведомствоның сұранымды қарау және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзитіне рұқсат беру немесе рұқсат беруден уәжді бас тарту мерзімі тиісті сұраным алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

      18. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының немесе оның орынбасарларының орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзитіне рұқсат беруден бас тартуына мыналар негіз болып табылады:

      1) осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ақпараттың болмауы;

      2) Халықаралық эпизоотиялық бюроның кодекстерінде айқындалған және "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне кіретін жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан жеріндегі (тұрған орнындағы) және/немесе жүру жолындағы саламатсыз эпизоотиялық ахуал;

      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді межелі елге әкелуге шектеу.

4-тарау. Шағымдану тәртібі

      19. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіп бұзылған жағдайда, өтініш беруші ведомство басшысына жазбаша түрде шағым жолдай алады.

      Қабылданған шағым "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде тіркеледі және қаралады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

      20. Рұқсат беру нәтижелерімен немесе рұқсат беруден уәжді бас тартумен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере
отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) обьектілердің
экспортына, импортына және
транзитіне рұқсат беру
қағидаларына
қосымша
  Нысан
  Кімге: ____________________________
(көрсетілетін қызметті беруші)
кімнен:
____________________________
(заңды тұлғалар үшін: толық
атауы, орналасқан жері, өндіріс
объектісінің есепке алу нөмірі
(коды), заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) нөмірі және күні, жеке
нөмірі / жеке тұлғалар үшін:
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі, есепке алу
нөмірі (коды), сәйкестендіру
нөмірі, дара кәсіпкер ретінде
қызметінің басталғаны туралы
хабарлама, тіркелген күні,
телефонның, факстың, ұялы
байланыстың абоненттік нөмірі
және (немесе) электрондық
мекенжайы (бар болса))

Өтініш

      Сізден ________________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын.

                  (экспортқа/импортқа (керегін көрсету қажет))

1.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірліктері


2.

Экспорттаушы ел (импорттаушы ел)


3.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан жері, мекенжайы


4.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты, импорты кезінде пайдаланылуы болжанатын көлік түрі


5.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру бағдары


6.

Экспорттың, импорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – көбейту және күтіп-бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізу, өңдеу; азық пен азықтық қоспалар үшін – оларды жейтін жануарлардың түрі)


7.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектісінің аты мен нөмірін көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың (импорттау кезінде), үшінші елдің (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) (экспорттау кезінде) кедендік аумағындағы межелі пункт


8.

Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (бұдан әрі – СИТЕС) ықпалына түсетін жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе жойылып кету қаупі төнген және СИТЕС ықпалына түсетін тірі жануарларды, аңшылық олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктерін немесе туындысын (дериватын), оның ішінде құжаттары, орама жапсырмалары немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваттары) болатындарды немесе бола алатындарды әкеткен жағдайда, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге арналған рұқсаттардың берілген күндері және нөмірлері


9.

Ветеринариялық препараттардың, азықтар мен азықтық қоспалардың экспорты кезінде шыққан елін көрсете отырып, өндіруші ұйымдардың атауы және ветеринариялық препараттардың, азықтық қоспалардың тіркеу куәлігінің нөмірі (тіркеу, қайта тіркеу күні)


10.

Асыл тұқымды жануарлардың және асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) импорты кезінде экспорттаушы елдің ресми органы жануардың әр басына берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың нөмірі және күні


11.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы


12.

Объектінің орналасқан жері (мекенжайы)


13.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантинге қою, өндіру, сақтау шарттары


      "Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан ерекшеленетін талаптар бойынша Қазақстан Республикасына үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) әкелінген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетілуіне жол бермеу туралы келісімді растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін.

      Мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)             (электрондық цифрлық қолтаңбасы )