Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 ақпанда № 10254 тіркелді

Қолданыстағы

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 30) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
___________ Ә. Исекешев
« » ________2014 жыл


«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
14 қаңтар 2015 жыл

Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 16-04/647 бұйрығымен  
бекітілген        

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 30) тармақшасына, Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасында және Кеден одағының кедендік аумағында Ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге және ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) талаптарға сәйкес әзірленген және тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) асыл тұқымдық куәлік - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызмет атқаратын, асыл тұқымды зауыт, асыл тұқымды шаруашылық, асыл тұқымды орталық, асыл тұқымды жануарлардың тұқымын сату бойынша дестрибьюторлық орталық, асыл тұқымды репродуктор және мүйізді ірі қара малының тұқымдары бойынша республикалық палата беретін, асыл тұқымды өнімнің (материалдың) шығу тегін, өнімділігін және өзге де сапасын растайтын құжат;
      2) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті органның комитеті;
      3) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қалалар, астана) орналасқан аумақтық бөлімшелер.
      3. Осы Қағидалардың қолданысы Қазақстан Республикасына (нан, арқылы) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға таралады.
      4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оны орынбасарлары рұқсат береді.
      5. Шеттен әкелу/шетке шығару рұқсатында анықталған көлемде, экспортқа және импортқа рұқсаттың әрекет ету мерзімі, бір күнтізбелік жыл құрайды. Транзиттік рұқсаттың әрекет ету мерзімі берілген күнінен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күннен артық емес.

2. Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілердің экспорты мен импортына рұқсатты
беру тәртібі

      6. Заңды және (немесе) жеке тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін орын ауыстырудың болжамды уақытына дейін, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Халыққа қызмет көрсету орталығына», экспорт кезінде - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасу) жері бойынша, импорт кезінде – шеттен әкелу орнына, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш береді.
      7. Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
      1) экспорттаушы елдің ресми органы берген (асыл тұқымды малды және асыл тұқымды өнімді (материалды) импорттау кезінде) малдың әрбір басына арналған асыл тұқымдық куәлік немесе оның балама құжаты;
      2) экспорт кезінде - сараптама актісі (сынақ хаттамасы).
      8. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі жазбаша өтінімді алғаннан кейін, импорттаушы елдің ветеринариялық талаптарын, объектіні сипаттамасын, тиісті аумақтағы (ауылдағы, аудандағы, қаладағы) эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің өтініште көрсетілген түрін экспорттау немесе импорттау мүмкіндігін қарастырады және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды тіркеу журналында арызды тіркейді.
      9. Өтінішті және тіркелген құжаттарды қарағаннан кейін, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қорытынды негізінде, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) уәкілетті органның ведомствосына, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға, импорттауға рұқсат алуға өтінім;
      2) осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту себептерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға, импорттауға, рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша түрде шешім шығарылады.
      10. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер шыққан (орналасқан) жердің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыз болған жағдайда;
      2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын орындау мүмкін болмағанда.
      11. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) Халықаралық эпизоотиялық бюро Кодексінің стандарттарымен, ұсыныстарымен және басшылығымен, санитариялық фитосанитариялық шараларды қолдану бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымының Келісімімен, сәйкес жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздыққа байланысты жеке елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты дәлеледенген, соның ішінде үшінші елдің құзыретті органдарымен байланысын қоса алғандағы шектеу шараларын енгізу;
      2) Кеден одағының құқықтық актілерімен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптармен, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасымен немесе екі жақты ветеринариялық сертификатқа сәйкес, 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген, Кеден одағының кедендік аумағына үшінші елдерден бақылауға жататын тауарларды әкелу үшін бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысанының айырмашылығы болған жағдайда, ветеринариялық-санитариялық талаптардың сәйкессіздігінен, ветеринариялық-санитариялық қауіптің қолайсыздығы деңгейінен;
      3) Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген «Кедендік одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бойынша, ветеринариялық бақылауға (қадағалау) жататын тауарларға қолданылатын реттеу шараларына сәйкес, Кедендік одақтың 2010 жылғы 17 тамыздағы № 342 «Кеден одағындағы ветеринариялық бақылау (қадағалау) саласындағы мәселелер туралы» Комиссия шешімімен бекітілген, ветеринариялық бақылауға жататын тауарларды өндірумен, қайта өңдеумен және (немесе) сақтаумен айналысатын ұйымдар мен тұлғалардың Реестрінде (бұдан әрі - ұйымдар мен тұлғалардың Реестрі), ұйымның немесе тұлғаның болмауы (егер Кедендік одақтың ережесімен талап етілсе);
      4) өтініште көрсетілген жеке экспорттаушы-кәсіпорынға (экспорттаушы-кәсіпорындардың тобы) қатысты уақытша шектеулер енгізу;
      5) бақылауға жататын тауарлардың әкелуіне жоспарланған жері немесе жүру маршруты өтетін аймақ арқылы Қазақстан Республикасының аумағына шектеу шараларын (карантинді) енгізу (егер шектеу шаралары, карантин қойылған тиісті бақылауға жататын тауарлар, аурулардың таратушысы (тасымалдаушысы) болған жағдайда).
      6) Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген «Кедендік одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Бірыңғай ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес болмағанда;
      12. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінің өтінішті қарау мерзімі және уәкілетті органның ведомствосына өтінім жолдау немесе дәлелді түрде бас тарту мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      13. Уәкілетті органның ведомствосы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттау (импорттау) туралы өтінімді түскен күні, тіркеу журналына тіркейді, өтінімде бар мәліметтерді қарайды, талдайды және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына немесе оның орынбасарларына шешім қабылдау үшін енгізеді.
      14. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін келесі шешімдердің бірін қабылайды:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы, оның көлемі мен жүру бағыты, сондай-ақ, заңды тұлғаларға – өндіріс объектісінің атауы, мекен-жайы мен есептік нөмірі, жеке тұлғаларға – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асырумен айналысатын тұлғалардың аты-жөні, тұратын мекен-жайы көрсетілумен телетайпограмма арқылы ветеринариялық бақылауға (қадағалау) жататын тауарларға ұсынылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бойынша қолданылатын реттеу шараларына сәйкес, Бірыңғай реестрде ұйым немесе тұлға бар болған жағдайда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат береді;
      2) осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, рұқсат бере алмау себептерін көрсете отырып, дәлелді түрде бас тартады.
      15. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарларының орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға, импорттауға рұқсат беруден бас тартуына мыналар негіз болып табылады:
      1) экспорттаушы елде, импорттаушы елде жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың өзгеруі;
      2) арызда көрсетілген, экспорттаушы кәсіпорындарға (экспорттаушы кәсіпорындар тобына) қатысты уақытша шектеу шараларының енгізілуі.
      16. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді (30 жұмыс күніне дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуін (60 күнтізбелік күнге дейін) талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, өтінімдердің қарастырылу және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортқа, экспортқа рұқсат беру немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуға тиісті өтінімдердің түскен күннен бастап мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес.
      Уәкілетті органның ведомствосы:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына рұқсат беру туралы – уәкілетті орган ведомствосының өтініш жіберген тиісті аумақтық бөлімшесіне, ветеринариялық сертификатта көрсетілген экспорт, импорт және тарнзитке рұқсат нөмірін салыстыру үшін ветеринариялық бақылау қосынына;
      2) рұқсат беруден бас тарту туралы - уәкілетті орган ведомствосының өтініш жіберген тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.
      17. Осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген мерзімде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат бермеген немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, рұқсат берілді деп саналады және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары, 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш иесіне рұқсат береді.
      18. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі экспортқа, импортқа рұқсат нөмірін, ол түскен күні журналда тіркейді және оны күнін көрсете отырып, ветеринариялық сертификатқа жазады.
      Экспортқа, импортқа электрондық нұсқада берілген рұқсат «Кедендік одақта тасымалданантын өнімдердің ветеринариялық қауіпсіздігі» веб-порталы арқылы кеден одағының сыртқы шекараларына жіберіледі.
      19. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді экспорттауға, импорттауға рұқсаттың әрекет ету мерзімінің ішінде, оны мынадай жағдайда кері қайтарады:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттаушы, импорттаушы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу (соның ішінде жалған ветеринариялық сертификаттарды ұсынғанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуін анықтағанда) фактілерінің анықталған жағдайда;
      2) жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің эпизоотиялық жағдайының өзгерген жағдайда.

3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді транзиттеуге рұқсат беру тәртібі

      20. Жануарлар мен жануарлар текті өнімдерді Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы транзиттеу кезінде Кеден одағының кедендік шекарасының өткізу пункті арқылы өту жоспарланған Кеден одағына мүше мемлекет берген транзиттеуге рұқсат арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің басқа түрлерін транзиттеу уәкілетті органдардың рұқсатынсыз жүзеге асырылады.
      Үшінші мемлекеттер арқылы (Кеден одағына мүше мемлекеттердің шегінен тыс) транзиттеуге рұқсат алуды бақылауға жататын тауар иесі алдын ала жүзеге асырады.
      21. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді транзиттеуге рұқсатты ресімдеу уәкілетті органның ведомствосына, импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының мыналарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы жазбаша өтінімінің негізінде:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын заңды тұлғаларға: өндіріс объектісінің атауы, мекен-жайы және ведомство берген есептік нөмірі, жеке тұлғаларға - тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және есептік нөмірі;
      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны және оның өлшем бірлігі;
      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елі және шыққан елі;
      5) көлік түрі;
      6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы шеттен әкелу мен шетке шығару жүзеге асырылатын, өткізу бекеттерінің тізімі;
      7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары келіскен, олардың аумағы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзиті жүзеге асырылатын, жануарларды тасымалдау бағыты, аялдамалары, қайта тиеу, азықтандыру (суару) орындары, тасу (айдау) жағдайлары көрсетіле отырып жүзеге асырылады.
      22. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді (30 жұмыс күніне дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуін (60 күнтізбелік күнге дейін) талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, өтінімдерді қарастыру және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді транзиттеуге рұқсат беру немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуға тиісті өтінімдердің түскен күнінен бастап мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес.
      23. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарларының орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсат беруден бас тартуына мыналар негіз болып табылады:
      1) осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген, ақпараттардың болмауы;
      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан жеріндегі (орнындағы) және/немесе тасу жолындағы, Халықаралық эпизоотиялық бюроның Кодексімен белгіленген және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу Реестрінде № 9891 болып тіркелеген) бұйрығымен бекітілген профилактикасы, диагностикасы және жоюы республикалық бюджеттің есесбінен атқарылатын жануаралардың аса қауіпті ауруларының Тізбесіне кіретін жанаурлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыз эпизоотиялық жағдай.
      3) тағайындалған елдегі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қойылған шектеу.

4. Шағымдану тәртібі

      24. Осы Қағидадларда белгіленген тәртіптер бұзылған жағдайда, өтінуші, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысына жазбаша түрде шағым жолдай алады.
      Қабылданған шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады және тіркеледі.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы өтінушіге жазбаша түрде хабарланады.
      25. Рұқсат беру нәтижесімен келіспеген жағдайда немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартқан жағдайда, өтініш берушінің сотқа шағымдануға құқығы бар.

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық  
жағдайды бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
обьектілердің экспортына, импортына
және транзитіне рұқсат беру   
қағидаларына 1-қосымша      

______________________________
Уәкілетті орган ведомствосының
аумақтық бөлімшесінің атауы 
______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
мекен-жайы және өндіріс  
объектісінің ведомство берген
есептік нөмірі (коды)/жеке 
тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (егер бар болса), есептік
нөмірі (коды)       

                                                                Нысан

Өтініш

Сізден __________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын
   (экспортқа/импортқа (керегінің астын сызу)

1.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі


2.

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан елі (кіргізілетін елі)


3.

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға, импорттауға, транзиттеуге пайдалануға жоспарланаған көлік түрі


4.

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, мемлекеттік шекара арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, өткізу пункттерін көрсете отырып, тасымалдау маршруты


5.

экспорттың, импорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін - көбейту және өсіру, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізу, қайта өңдеу; жем-шөп пен жем-шөп қоспалары үшін – оларды жейтін жануарлардың түрі)


6.

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтаумен (қайта өңдеумен, өткізумен) айналысатын өндіріс объектісінің атауын және есептік нөмірін көрсете отырып, Кедендік одақтың кедендік аумағындағы жеткізілетін пункті


7.

Жоғалып кету қаупі бар, жабайы фауна мен флораның халықаралық саудасы туралы Конвенцияның (бұдан әрі – СИТЕС) ықпалына түсетін жоғалу қаупі бар және СИТЕС ықпалына түсетін тірі жануарларды, аң олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орама жапсырмалары немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваты) болатын немесе бола алатын туындыларын енгізуде жануарлардың импортына/экспортына, олардың бөліктеріне және (немесе) туындыларына (дериваттарына) берілген рұқсат күні мен нөмірі


8.

ветеринариялық препараттарды, жем-шөпті, жем-шөп қоспаларын экспорттау кезінде – шыққан елін және тіркеу куәлігін (тіркеу, қайта тіркеу күнін) көрсете отырып, өндіруші ұйымдар және жем-шөп қоспалары мен ветеринариялық препараттар


9.

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сипаттамасы


10.

объектінің орналасқан жері


11.

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантиндеу, өндіру, сақтау шарттары


Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)                ____________
                                                           (қолы)

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық  
жағдайды бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
обьектілердің экспортына, импортына
және транзитіне рұқсат беру   
қағидаларына 2-қосымша      

                                                              Нысан

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдауды тіркеу журналы

Өңір

Операцияның түрі

Жүкті жөнелтуші

Жүкті қабылдаушы

Көлік түрі

Шығару мақсаты

Мәртебесі

Рұқсаттың нөмірі және күні

Өтінішті (сұраныст)і тіркеу күні

Өнімнің атауы












Тиісті аумақтағы эпизоотиялық  
жағдайды бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
обьектілердің экспортына, импортына
және транзитіне рұқсат беру   
қағидаларына 3-қосымша      

                                                                Нысан

Уәкілетті органның ведомствосына орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) обьектінің экспортына, импортына және
транзитіне рұқсат беру туралы сұраныс

Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік     
ветеринариялық-санитариялық
инспекторына      

Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік     
ветеринариялық-санитариялық
инспекторының орынбасарына

20 ____ ж. «___» ______________№______ сұраныс

      Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің _____________
________________________________________________ аумақтық инспекциясы
                 (облыс, қала)
экспортқа, импортқа, транзитке рұқсат беруді сұрайды (керегінің астын сызу)

1.

Жүк қабылдаушы (атауы, мекен-жайы, мемлекеті)


2.

Жүк жөнелтуші (атауы, мекен-жайы, мемлекеті)


3.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы


4.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан елі


5.

Өндіруші кәсіпорынның атауы (балық және балық өнімдерінің, теңіз өнімдерінің, ет және ет өнімдерінің экспорты, импорты кезінде)


6.

Көлік түрі (автомобиль, теміржол, әуе, су, пошта)


7.

Тасымалдау маршруты (мемлекеттердің атауын көрсете отырып, Кеден одағына мүше мемлекеттердің және транзиттік мемлекеттердің Мемлекеттік шекараларының өткізу пункттері кесінінде)


8.

Мемлекеттік шекарадағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні өткізу болжанған өткізу пункттері


9.

Мақсаты мен арналуы (өткізу, қайта өңдеу, өндіру, жеке пайдалану)


10.

Сақтау қоймаларының мекен-жайы, көлемі және жеткізу пунктіндегі иесінің атауы


11.

Транзитке рұқсат № (бар болса), күні


12.

СИТЕС-тің рұқсат № (егер орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект СИТЕС ықпалына түсетін болса), күні


13.

Нақты орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге импорттаушы ел талаптарының толық көлемде орындалуына кепілдік беретін ветеринариялық сертификаттың болуы


      Бас мемлекеттік
      ветеринариялық-санитариялық
      инспекторы (облыстың, ауданның,
      облыстық немесе республикалық
      маңызы бар қаланың, астананың) ________________________ Т.А.Ә.
                                              (қолы)

      МО