Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 қарашада № 9891 тіркелді

Жаңартылған

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4)-тармақшасына, 14-бабының 4-тармағына, 20-бабының 4 және 8-тармақтарына30-бабының 1, 2 және  4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е. Досаев
      «____» ________ 2014 жылы

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      ________________ Б. Сұлтанов
      «____» ___________ 2014 жылы

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы 
№ 7-1/559 бұйрығына   
1-қосымша        

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
және қадағалау туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.
      2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) - ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
      2) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган – зертханалық бақылауды қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары;
      3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, астана).
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.02.2015 № 7-1/136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары:
      1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу;
      2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар:
      1) аумақтық бөлiмшелерi, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерi бар ведомство;
      2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылады;
      3) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның аумақтық бөлiмшелері.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.02.2015 № 7-1/136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк
ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге
асыру

      5. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Заңның 14-1-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге (тұлғаларға) қатысты жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын сақтау тұрғысынан жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Заңның 14-1-бабының 2-тармағында көрсетілген объектілерге (тұлғаларға) қатысты жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері тексеру нысанында және ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарауды қоса алғанда өзге де нысандарда, жүзеге асырады.
      8. Тексеру 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандары Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына тексеру тағайындалмай, тұрақты негізде жүргізіледі.
      10. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері туралы акті жасайды.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына аса қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
      12. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері бойынша нұсқама жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған жағдайдағы тәртіптік жаза тағайындау туралы немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2016 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Егер тексеру аяқталған соң қандай да бiр бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы тексеру актiсiнде тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектормен, мемлекеттік ветеринариялық дәрігермен тиiстi белгi жасалады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Тексеру нәтижелерi туралы актіге қажеттi құжаттардың көшiрмелерi мен тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса берiледi.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Тексеру нәтижелерi туралы актi Кодекстің талаптарына сәйкес жасалады.
      Тексеру нәтижелерi туралы актінің данасы Заңның 14-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мөлшерде жасалады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау актiсi арнайы тексеру актiлерiн тiркеу журналында тiркеледi, ол нөмiрленген, тiгiлген және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс.

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы 
№ 7-1/559 бұйрығына  
2-қосымша       

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн
жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi
түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу
қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 30-бабы 1-тармағына сәйкес әзiрленді және жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қоюдың және жоюдың немесе алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандырудың) және қайта өңдеудiң тәртiбiн анықтайды.
      2. Осы Қағидалардың әрекет етуі қолданылады:
      1) жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауiп төндiретiн, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiрумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, өткiзумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғаларға;
      2) жануарлардың қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегі функцияларды орындайтын мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға (бұдан әрi – мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар);
      3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға.

2. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп
төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен
шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою тәртiбi

      3. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жеке және заңды тұлғаларға олардың құнын өтей отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін жануарлардың саулығы мен адамдар денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың қауiптi ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары жағдайында жүргізіледі.
      4. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып қою туралы қаулыны аурудың бар екенін осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша растайтын ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі (сынақ хаттамасы) негізінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды.
      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайтын жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып қою туралы қаулы қабылданғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен артық емес уақыт ішінде уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне және қауіпті аурумен ауырған жануарларды алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып қою және жою бойынша шаралар қабылдау үшін дереу жеткізіледі.
      5. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою туралы қаулыны алған күннен бастап, 2 (екі) жұмыс күнінен артық емес уақыт ішінде ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі (сынақ хаттамасы) негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды.
      6. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мiндеттi түрде алып қоюға және жоюға байланысты мәселелерді шешу үшін осы Қағидалардың 4 және (немесе) 5-тармақтарына сәйкес қабылданған қаулылар негізінде ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (басшы болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы лауазымды тұлға) ведомствосының тиiстi аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің басшысының бұйрығын алғаннан немесе қабылданғаннан бастап, 2 (екі) жұмыс күнінен артық емес уақыт ішінде жергiлiкті атқарушы органдардың, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның өкiлдерiнен, тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан тұратын комиссия құрылады.
      7. Тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы комиссия мүшелерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мiндеттi түрде алып қоюға (бұдан әрі – Алып қою актісі) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш дана алып қою актiсiн жасайды, ол комиссияның барлық мүшелерiнiң қолы қойылып, ветеринария саласындағы уәкiлетті орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрiмен бекiтiледі.
      Алып қою Актiсінiң бiрiншi данасы жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретiн жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың иесiне қолхат арқылы тапсырылады, екiншi данасы мемлекеттiк ветеринариялық ұйымның өкілiне берiледi, үшiншi данасы тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторында қалады.
      8. Ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою актiсiн алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен артық емес уақыт ішінде оның негізiнде, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес алып қою туралы қаулы (бұдан әрi - қаулы) шығарады.
      9. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты оларды алып қою туралы қаулыда, не оған қоса берiлетін тізiмдемеде толық атауы, саны, салмағы және басқа да белгiлерiнiң сипаттамалары толық көрсетiлiп жазылады.
      10. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат белгiленген тәртiппен жойылады.
      11. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты иесi жасырған немесе олардан бас тартқан жағдайда оларды алып қою не жою рәсiмдерiне байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық, әкімшілік заңнамасына сәйкес шешiледi.
      12. Жануарлардың қауiпті жұқпалы ауруларының қоздырғыштары көздерiнiң таралуына және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатында жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жоюға байланысты барлық жұмыстар осы мақсаттар үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен арнайы бөлiнген жерлерде жүргізіледi.
      13. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты тасымалдау (жеткiзу) және жою Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 тіркелген) бекітілген, Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан әрі - ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар) талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.07.2015 № 7-1/713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты алып қою және жою жөнiндегi ветеринариялық іс-шараларды орындауға байланысты барлық жұмыстарды тиiстi аумақтағы мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың тiкелей бақылауымен жүзеге асырады.
      15. Жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзатты жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар аяқталған соң тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген комиссия мүшелерiнiң қатысуымен ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Қағидалардың 5-қосымшасыда белгiлеген нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жою туралы 3 (үш) жұмыс күнінен артық емес уақытта акт жасайды.
      16. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жою туралы актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрiмен бекiтiледi.
      17. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты жоюға байланысты барлық шығыстар, сондай-ақ иелерiне олардың құнын өтеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.

3. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп
төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен
шикiзатты алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру
(зарарсыздандыру) және қайта өңдеу тәртiбi

      18. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты алып қоймай, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерiнде тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық дәрігерінің нұсқамасы бойынша және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 7590 тіркелген) бекітілген жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiне енгізілген жануарлардың аурулары шыққан жағдайда жүргізіледi.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.07.2015 № 7-1/713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат анықталған кезде тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық дәрігері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-7/333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 8662 тіркелген) сәйкес нысан бойынша оларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру) жөнiнде және/немесе санитариялық тазалау, жануарларды санитариялық сою туралы тиiсті нұсқама береді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.07.2015 № 7-1/713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеудi олардың иесi ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сәйкес жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдейтін ұйымдарда әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының белгілеуімен жүзеге асырады.
      21. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жөнiндегі іс-шаралар тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық дәрігерінің мiндетті қатысуы кезiнде жүргiзiледi.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.07.2015 № 7-1/713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды аяқтағаннан кейін тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық дәрігері осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгiлеген нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру туралы акт жасайды.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.07.2015 № 7-1/713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      23. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қайта өңдеуге тапсырылуы туралы актіге мемлекеттік ветеринариялық дәрігер, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйымның басшысы және жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иелері қол қояды және әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының белгілеген, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым орналасқан жер бойынша ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшесі мөрімен бекітіледі.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.07.2015 № 7-1/713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жануарлардың саулығы мен адамның    
денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар,
жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды
алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру
(зарарсыздандыру) және қайта өңдеу  
қағидаларына 1-қосымша       

Нысан

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп
төндiретiн жануарларды алып тастау туралы
қаулы

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан
Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес сараптама актiсi (сынақ
хаттамасы) негiзiнде «___» ________ ____ жылғы №_________
_____________________________________________________________________
                (ветеринариялық зертхананың атауы)
Немесе шектеу іс-шаралары немесе карантинді белгілеу туралы шешім
«___» ________ ____ жылғы №_________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы орган (аудандық маңызы бар қала, елді мекен,
                    ауыл, ауылдық округ әкімі))
жануар иесінде жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп
төндiретiн жануарларды алып қою туындауы ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (жануардың түрін көрсету)
______________________________________________________ себебі бойынша
              (алып қою себебін көрсету)
____________________________________________________ басқа ақпараттар

      Қазақстан Республикасының Бас
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
      инспекторы _______________________________________ ____________
                 (тегі аты, әкесінің аты (болған кезде))   (қолы)
      Мөрдің орны

Жануарлардың саулығы мен адамның    
денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар,
жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды
алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру
(зарарсыздандыру) және қайта өңдеу  
қағидаларына 2-қосымша       

Нысан

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн,
жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың алып тастау туралы
қаулы

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан
Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес сараптама актiсi (сынақ
хаттамасы) негiзiнде «___» ____________________ ____ жылғы №_________
_____________________________________________________________________
                (ветеринариялық зертхананың атауы)
жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың иесінде жануарлар өнiмдерi мен
шикiзаттың алынуының туындауы _______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың атауын көрсету)
______________________________________________________ себебі бойынша
            (алып қою себебін көрсету)
____________________________________________________ басқа ақпараттар

      Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
      инспекторы ______________________________________________
                     (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)
            _______________________________________ ___________
            (тегі аты, әкесінің аты (болған кезде))    (қолы)
      Мөрдің орны

Жануарлардың саулығы мен адамның    
денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар,
жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды
алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру
(зарарсыздандыру) және қайта өңдеу  
қағидаларына 3-қосымша       

Нысан

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн
жануарларды, жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың алынуы туралы
АКТ

      Осы құрамдағы: ________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________ Комиссия
(комиссия мүшелерiнiң тегі аты, әкесінің аты (бар болғанда) лауазымы)
жануарлардың, жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың иелерінің
қатысуы______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды
                       тұлғаның аты)
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан
Республикасының Заңының 30-бабының негiзiнде алыну жүргізілді
_____________________________________________________________________
  (алынған жануарлар, жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың түрi, саны)
алдын-ала қойылған___________________________________________________
_____________________________________диагноз бойынша « » 20 ж.
      (аурудың атауы)
      Комиссия мүшелерiнiң қолдары
      1. ______________________________________________ _____________
      2. ______________________________________________ _____________
      3. ______________________________________________ _____________
        (тегі аты,әкесінің аты (болған кезде), лауазымы)    (қолы)
      M.O.
      Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық қадағалау және бақылау
объектiсi иесiнiң қолы
      ______________________________________ ________________
      (тегі аты,әкесінің аты (болған кезде))      (қолы)

Жануарлардың саулығы мен адамның    
денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар,
жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды
алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру
(зарарсыздандыру) және қайта өңдеу  
қағидаларына 4-қосымша       

Нысан

Қазақстан Республикасының
ветеринариялық-санитариялық
бақылау және қағадалауы

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп
төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынған өнiмдер мен
шикiзатты алып қою туралы
қаулы

      А № 000000000                     20__ жылғы «____» __________

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан
Республикасы Заңының 30-бабы 1-тармағына сәйкес ауырған жануарларды,
жануарлардан алынған өнiмдер мен шикiзатты алып қою актiсi (сынақ
хаттамасы)
№____________________________________________________________________
Жеке немесе заңды тұлғаларда ветеринариялық зертхана
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды
                             тұлғаның аты)
мекен-жайы __________________________________________________________
жою үшін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты алып
қою жүргізілсін______________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жануарлардың түрі, саны, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттың
                    атауын көрсету керек)
      себебі_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (алып қоюдың себептерін көрсету керек)

      Жеке және заңды тұлғаларға жануарларды, жануарлардан алынатын
өнімдер мен шикізатты алып қою салдарынан келтірілген залал
төленсін/төленбесін (керексізі сызып тасталсын)
Басқа мағлұматтар ___________________________________________________
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор____________________
                                           (ауданның (қаланың) атауы)
      _________________________________________________       _______
      (тегі аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы)        (қолы)
      Мөрдің орны

Жануарлардың саулығы мен адамның    
денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар,
жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды
алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру
(зарарсыздандыру) және қайта өңдеу  
қағидаларына 5-қосымша       

Нысан

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн
жануарларды, жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың жойылуы туралы
АКТ

Осы құрамдағы: ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________Комиссия
(комиссия мүшелерiнiң тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),
                         лауазымы)
      жануарлардың, жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың иелерінің
қатысуы______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды
                             тұлғаның аты)
___________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________________________________________________
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан
Республикасының Заңының 30-бабының негiзiнде жойылу жүргізілді
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жойылған жануарлар, жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың түрi, саны)

«____» __________ 20__ж ___________________________ әдiсiмен жойылды
                         (жойылу әдiсi көрсетiледi)
      Комиссия мүшелерiнiң қолдары:
      1. ______________________________________________ _____________
      2. ______________________________________________ _____________
      3. ______________________________________________ _____________
                (комиссия мүшелерiнiң тегі, аты,
             әкесінің аты (болған кезде), лауазымы)         (қолы)
                           M.O.

Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық қадағалау және бақылау
объектiсi иесiнiң қолы
      __________________________________________ ____________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))          (қолы)

Жануарлардың саулығы мен адамның    
денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар,
жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды
алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру
(зарарсыздандыру) және қайта өңдеу  
қағидаларына 6-қосымша       

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін
жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қайта өңдеуге тапсырылуы туралы
АКТ

Бізбен:______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (тапсыруға қатысқан комиссия мүшелерiнiң тегі аты, әкесінің аты
                    (болған кезде), лауазымы)
жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иесімен
_____________________________________________________________________
        (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),
                           заңды тұлғаның аты)
__________________________________________ мекен-жайы бойынша тұратын
_____________________________________________________________________

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңының 30-бабының негiзiнде қайта өңдеуге тапсырылды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (қайта өңдеуге тапсырылған жануарлар, жануарлар өнiмдерi мен
                      шикiзаттың түрi, саны)

«____» __________ 20__ ж ____________________________________________
                           (қайта өңдеу мекемесінің орналасқан орны,
                                         аты) көрсетiледi)

      Қолдары
      1. _________________________________________________ __________
      2. _________________________________________________ __________
      3. _________________________________________________ __________
         (комиссия мүшелерiнiң тегі, аты, әкесінің аты
                    (болған кезде), лауазымы)                (қолы)
                               M.O.
      Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық қадағалау және бақылау
объектiсi иесiнiң қолы
      ___________________________________________ ___________________
       (тегі, аты, әкесінің (аты болған кезде))          (қолы)

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 7-1/559 бұйрығына  
3-қосымша      

Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның
денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын
ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың
не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп
төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған
(зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу
қағидалары мен шарттары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрi – Қағдидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде олардың құнын өтеудің тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
      2. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құны мiндеттi түрде өтеуге жатады.

2. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп
төндіретін ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізатты алып қойылатын және жойылатын не жануарлардың саулығы
мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай
залалсыздандырылатын (зарарсыздандырылатын) және қайта
өңделетін құнды жеке және заңды тұлғаларға қайтару тәртібі

      3. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу:
      1) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссияның;
      2) бір ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссияның ұсынысы бойынша белгіленетін ауыл шаруашылығы жануарларының жыныстық-жас топтарын, түрлерін, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың түрлерін ескере отырып, орташа айлық нарықтық құн негізінде сараланып жүргізіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2016 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Арнайы комиссияның құрамына жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның, жеке кәсіпкерлік субъектілердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.
      Арнайы комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссияның төрағасы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері, әкім жоқ болған жағдайда, оның міндетін атқарушы лауазымды адам болып табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2016 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде құрылатын арнайы комиссия алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық бағасының мөлшерлемесі туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мамандандырылған ұйымның және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық органының (бұдан әрі – аумақтық статистика органы) деректері негізінде қабылдайды.
      Мамандандырылған ұйымның және аумақтық статистика органының арасында деректер айырмашылығы болған жағдайда, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының орташа айлық нарықтық құны орташа айлық нарықтық бағаның төменгі көрсеткіштері бойынша арнайы комиссияның шешімімен қабылданады.
      6. Мамандандырылған ұйымның, аумақтық статистика органының ақпаратын жинау мен талдауды жүзеге асыратын және алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат орташа айлық құнын анықтау үшін оны арнайы комиссияның қарауына ұсынатын ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының тиісті облыстық не аудандық аумақтық бөлімшесі арнайы комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      7. Арнайы комиссия алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құны туралы шешім шығарады:
      1) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті аурулары тізбесіне;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/127 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 7590 тіркелген) бұйрығымен бекітілген жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жемшөп және жемшөп қоспаларын, ветеринариялық препараттарды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiне (бұдан әрі – тізбелер).
      Арнайы комиссияның шешімі дауыстардың көпшілігімен қабылданады, дауыстар тең болған кезде, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Дауыс беру қорытындысы бойынша алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу орташа айлық нарықтық құнын белгілеу туралы еркін нысандағы акт жасалады.

3. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп
төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізатты алып қою және жою немесе жануарлардың саулығы мен
адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай
залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезіндегі
құнын өтеудің шарттары

      8. Иесіне алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу шарты ауру жануарларда тізбелерге енгізілген аса қауіпті аурулар мен аурулардың болуы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың Заңның
25-бабында белгіленген талаптарды сақтауы болып табылады.
      9. Құнын өтеу осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының орташа айлық нарықтық құны бойынша алып қойылған ауру жануарлардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмы (литр, ондық) орташа айлық нарықтық құны есебінен жүзеге асырылады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      9-тармақтың екінші бөлімі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2016 № 310 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде орташа айлық нарықтық құнын өтеу жануардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмы (литр, ондық) орташа айлық нарықтық құнының 50 % мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады, ал орташа айлық нарықтық құнының қалған бөлігін (50 %) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым төлейді.
      Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде тиісті аумақта осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес айқындалған, жануардың бір басының немесе жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмының орташа айлық нарықтық құны қолданылады.

4. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп
төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын жеке және
заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі

      10. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қоюға және жоюға байланысты іс-шараларды ветеринария саласындағы уәкілетті орган жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi функцияларды орындайтын мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрi – мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар) арқылы республикалық бюджет есебiнен жүргiзіледi.
      11. Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуге мынадай құжаттар негіздеме болып табылады:
      1) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жергілікті атқарушы органның шешімі (аудандық маңызы бар қала, елдімекен, ауыл, ауылдық округ әкімі);
      2) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қоюға және жою, немесе оларды алып қоймай зарарсыздандыру және қайта өңдеу Қағидасының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюға арналған актілер;
      3) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қою және жою, немесе оларды алып қоймай зарарсыздандыру және қайта өңдеу Қағидасының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жоюға арналған актілер;
      4) диагностика немесе мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісі (сынақ хаттамасы);
      5) ерікті түрде алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын белгілеу туралы акт;
      6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қоюға және жою, немесе оларды алып қоймай зарарсыздандыру және қайта өңдеу Қағидасының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы;
      7) ветеринариялық паспорт;
      8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 6321 тіркелген) бекітілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмесін алу Қағидасына сәйкес берілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасынан алынған көшірме.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2016 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттарды жинауды мемлекеттік ветеринариялық ұйым жүзеге асырады.
      13. Жеке және заңды тұлғаларға алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуді оларды алып қойғаннан және жойғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.

5. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп
төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған
(зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын жеке және
заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі

      14. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде құнын өтеуге мынадай құжаттар негіздеме болып табылады:
      1) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бруцеллезін қоспағанда, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жергілікті атқарушы органның шешімі (аудандық маңызы бар қала, елдімекен, ауыл, ауылдық округ әкімі);
      2) диагностика немесе мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісі (сынақ хаттамасы);
      3) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
      4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қоюға және жою, немесе оларды алып қоймай зарарсыздандыру және қайта өңдеу Қағидасының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру туралы акті;
      5) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын белгілеу туралы акт;
      6) ветеринариялық паспорт;
      7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 6321 тіркелген) бекітілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмесін алу Қағидасына сәйкес берілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасынан алынған көшірме.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.07.2015 № 7-1/713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 14.07.2016 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген құжаттарды жинауды әкімшілік-аумақтық бірліктегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      16. Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу құнын өтеуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері құжаттар жиналғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы 
№ 7-1/559 бұйрығына   
4-қосымша        

Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн
жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi
жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2016 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.09.2016 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Жануарлардың және адамның денсаулығы үшiн қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою кезiнде жануарлардың аса қауiптi аурулары өртеп жiберу арқылы жойылады:
      1) жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар - мелиоидоз, құтыру, топалаң, аусыл, туляремия;
      2) ірi қара малдың аурулары – нодулярлық дерматит (экзотикалық ауру)*, iрi қара малдың обасы, қарасан, қатерлi iсiк, кемiктәрiздес энцефалопатия;
      3) жылқы аурулары – маңқа, эпизоотиялық лимфангит, бiр тұяқтылардың африка обасы;
      4) қой және ешкі аурулары - созылмалы инфекциялар (скрепи, маэди-висна, аденомотоз, күл, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы);
      5) түйe аурулары - түйе обасы;
      6) шошқа аурулары - шошқаның африка обасы;
      7) құс аурулары - құс обасы, құс орнитозы, құстардың жоғары патогендi тұмауы;
      8) ит және мысық аурулары - ит және мысық токсоплазмозы, мысық микроспориясы;
      9) терiсi бағалы аңдар мен үй қояндарының аурулары - үй қояндарының миксоматозы.
      Ескертпе: * алып қою және жою ауыл шаруашылығы жануарлары өлген кезде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 7-1/559 бұйрығына 
5-қосымша      

Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет
қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi
ауруларының тізбесі

      1. Жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – құтыру, бруцеллез, Ауески ауруы, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, топалаң (терi шикiзатының асколизациясынан басқа), туберкулез, аусыл, күл, экинококкоз, паратуберкулез, токсоплазмоз, трихофития, риккетсиоздар, туляремия, ауыз уылуы (экзотикалық ауру), Шмалленберг ауруы және басқа экзотикалық аурулар.
      2. Iрi қара малдың аурулары - вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит, парагрипп-3, iрi қара малдың обасы, қарасан, камвилобактериоз, кемiктәрiздес энцефалопатия, нодулярлық дерматит (экзотикалық ауру), қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) iш тастауы.
      3. Қой және ешкi аурулары - қойдың анаэробтық антеротоксемиясы, брадзот, қойдың жұқпалы эпидидимиті, жұқпалы пустелездiк дерматит (эктима), қойдың хламидиоздiк iш тастауы, қойдың және ешкiнiң жұқпалы агалактиясы, скрепи, маеди-висна, аденоматоз, блутанг (экзотикалық аурулар), күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы.
      4. Жылқы аурулары – инфекциялық анемия, маңқа, грипп, ринопневмония, инфекциялық энцефаломиелит, жылқының африка обасы (экзотикалық aуpу), эпизоотиялық лимфангит.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2016 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Түйе аурулары - түйе обасы.
      6. Шошқа аурулары - классикалық оба, тілме, везикулярлық ауру, Тешен ауруы, вирустық трансмиссивтік гастроэнтерит, африка обасы (экзотикалық ауру), тұмау.
      7. Құс аурулары - жұқпалы ларинготрахеит, Ньюкасла ауруы, Марека ауруы, Гамборо ауруы, құс күлi, құс орнитозы, респираторлық микоплазмоз, құстардың жоғары патогенді тұмауы.
      8. Терiсi бағалы аңдар мен үй қояндары аурулары - үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруы, миксоматоз.
      9. Ит және мысық аурулары - ет қоректiлердiң обасы.
      10. Балық аурулары - тұқы балықтың геморрагиялық септицемиясы, описторхоз.
      11. Бал арасының аурулары - варроатоз, аскофероз.

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 7-1/559 бұйрығына 
6-қосымша      

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының
кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және
қадағалауды жүзеге асыру қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 8-тармағына сәйкес әзiрлендi және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
      2) ветеринариялық бақылау бекеті – уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында орналасқан, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
      3) ветеринариялық бақылау бекетi – уәкiлеттi орган ведомствосының шекара және кеден пункттерi (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттері) аумағында орналасқан, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қажеттi жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлiмшесi;
      4) рұқсат – кейін ветеринариялық ілеспе құжатта (ветеринариялық сертификатта) көрсетіліп, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты, импорты, транзиті кезінде тізілімде тіркей отырып, уәкілетті орган ведомствосы беретін нөмір, ветеринариялық сертификатты беру үшін негіз болып табылады;
      5) тізілімнен үзінді көшірме – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беру туралы уәкілетті органның ведомствосы беретін рұқсат нөмірі мен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы мәліметті қамтитын жазбаша хабарлама;
      6) тізілім – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер туралы мәліметтерді және импортқа, экспортқа, транзитке берілген рұқсат нөмірін қамтитын уәкілетті орган ведомствосының ақпараттық базасы;
      7) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер (бұдан әрi – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер) – жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар ауруларын қоздырғыштардың штаммдары, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсiмдiктердiң сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшiн пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлерi және осындай орны.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.02.2015 № 7-1/136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Осы Қағидалар Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қолданылады.
      4. Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
      5. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган шекаралық және кедендін пункттерде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) ветеринариялық бақылау бекеттерiн (бұдан әрi – ВББ) ұйымдастырады.
      ВББ-де мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
      Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары құжаттамалық және физикалық ветеринариялық-санитариялық бақылау нысанында жүзеге асырады. Зертханалық бақылауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.02.2015 № 7-1/136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау осы қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 7-1/142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10897 болып тіркелген) сәйкес бекітілген Зертханалық бақылауды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.02.2015 № 7-1/136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi
Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және
қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi

      7. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде өткізу пунктінде құжаттамалық бақылауды, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тексеріп қарауды (тексеруді) және зертханалық зерттеу үшін сынама алуды (қажет болса) жүзеге асырады.
      Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары құжаттамалық және физикалық ветеринариялық-санитариялық бақылау нысанында жүзеге асырады. Зертханалық бақылауды ведомствоның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.02.2015 № 7-1/136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Құжаттамалық бақылауға:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық ілеспе құжаттың (ветеринариялық сертификаттың) болуын;
      2) ветеринариялық сертификатты толтырудың дұрыстығын (толықтығын);
      3) экспорттаушы елдің құзыретті органының қолдары мен мөр бедерінің болуын;
      4) ветеринариялық сертификатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елдің ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтердің болуын;
      5) Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы мәліметтер мен импортқа, экспортқа, транзитке рұқсат нөмірінің нысаны «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Тиісті аумақта эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларында көзделген тізілімінен алынған үзінді көшірме деректеріне сәйкестігін тексеру кіреді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тексеріп қарау (тексеру):
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект атауының, оның салмағының (көлемінің), жалпы санының таңбалау деректеріне және ветеринариялық сертификаттың мәліметтеріне сәйкестігін тексеруді;
      2) көлік құралына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын тексеруді;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдау режимі мен шарттарына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын тексеруді;
      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні ветеринариялық қарауды (тасымалдау талаптарына сәйкестігі), ал тірі жануарлар өткізілген жағдайда (қажет болса) термометрияны, тамыр соғысын және тыныс алуын өлшеуді жүргізуді қамтиды.
      10. Айқындаулар кезінде зертханалық зерттеулер үшін сынама алу:
      1) жануарды кейін оқшаулай отырып, олардың клиникалық жағдайының өзгеруі. Жануарлардың аса қауіпті ауруларын анықтау мақсатында қанның, сілекейдің, мұрын ағындыларының, экскрименттердің сынамаларын іріктеу жүзеге асырылады;
      2) диагнозын белгілеу мақсатында жануардың өлім-жітімі (патологиялық материал алу);
      3) дефростацияның, бүлінудің, тұтастығының, таңбалауының, бұзылуының белгілері, бөтен иістің болуы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ағуы анықталған кезде жүзеге асырылады.
      Іріктеп алынған материалдар зерттеулер жүргізу үшін ілеспе құжатпен бірге жақын жердегі ветеринариялық зертханаға жолданады.
      11. ВББ-нің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi негiзiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң орнын ауыстырған кезде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) елге кiруге рұқсат;
      2) әкелуге тыйым салу;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді қайтару;
      4) әкелудi уақытша тоқтата тұру.
      12. Елге кіруге рұқсат туралы шешімді ветеринариялық ілеспе құжаттардың және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі белгіленген кезде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ветеринариялық ілеспе құжатта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге «әкелуге рұқсат берілген» деген белгі қояды.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект межелі пунктіне дейін кедергісіз жіберіледі, кейіннен ол межелі пунктінде тіркеліп және қажет болған жағдайда оның қауіпсіздігін растау рәсімі жүргізіледі (сынаманы іріктеп алу және зертханалық зерттеулер жүргізу).
      13. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуге тыйым салу туралы шешім:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) құжаттарға сәйкес болмауы белгіленген;
      2) ветеринариялық ілеспе құжаттар, уәкілетті орган ведомствосы берген рұқсат болмаған;
      3) ветеринариялық ілеспе құжаттарда орны ауыстырылатын тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы толық ақпарат болмаған;
      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті шығарылған елде немесе жөнелтуші елде эпизоотиялық жағдай өзгерген (нашарлаған);
      5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің әкелінетін, әкетілетін көлемі (саны) ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген көлемнен (саннан) артық болған жағдайда жүзеге асырылады.
      ВББ-ның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық ілеспе құжаттарына «әкелуге тыйым салынған» деген белгі қояды.
      Әкелуге тыйым салынған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі оны кеден пункті аумағының шекарасынан тыс әкетуді немесе аса қауіпті аурулардың ену қаупі белгіленген жағдайда жоюды (кәдеге жаратуды) қамтамасыз етеді.
      14. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмегенде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні қайтару туралы шешім қабылданады.
      ВББ-ның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық ілеспе құжатына «қайтару» тоқтату қойылады.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес болмағай әкелу мүмкін болмаған жағдайда, шекаралық аумақтық бөлімдерінен тыс жерлерде заңнамаға сәйкес кәдеге жаратады немесе жояды.
      15. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуді уақытша тоқтата тұру туралы шешім:
      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сынамаларын іріктеуді жүзеге асыру және оларды аса қауіпті ауруларды белгілеу мақсатында ветеринариялық зертханаға жолдау;
      2) ветеринариялық ілеспе құжаттардың деректерін және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелуге, әкетуге рұқсатты нақтылау (растау) қажет болған;
      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект өткізілетін пункт өзгертілген (жаңа рұқсат алғанға дейін) кезде қабылданады.
      16. Тоқтатылып қойған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні орналастыру уақытша сақтау қоймаларында және/немесе нақтылағанға және/немесе зертханалық зерттеулер нәтижелері алынғанға дейін оқшаулағыштарда жүзеге асырылады.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің қауіпсіздігін зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша расталған кезде елге кіргізуге рұқсат беріледі.
      Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша аса қауіпті аурулар белгіленген кезде әкелуге тыйым салынып, кейіннен жойылады.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі белгіленген кезде кәдеге жарату үшін әкелуге рұқсат беріледі.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні кәдеге жарату және/немесе өткізілетін (тасымалданатын) қауіпті объектіні жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүргізіледі.
      17. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттау кезінде оның соңғы межелі пунктінде сынамаларды іріктеп алу және оның ветеринариялық-санитариялық сараптамасы жүзеге асырылады.
      18. ВББ-нiң мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортын, импортын, транзитiн есепке алу журналына тиiстi жазбаларды енгiзедi.
      19. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары немесе автомобиль өткізу пункттерінің уәкілетті органның лауазымды адамыдары қызмет көрсету аймағында тұрған уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілгені туралы, оның ішінде импорт кезіндегі соңғы межелі пункті туралы, экспорт кезіндегі жөнелту пункті, жүру бағыты, аялдамалары, қайта тиеу, жануарларды азықтандыру (суару) орындары, транзит кезінде тасымалдау (айдап өту) шарттары туралы хабарлайды.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.02.2015 № 7-1/136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Қадағаланбайтын жануарлар Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына өткізілетін болса, ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары көрсетілген жануарларды одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданғанға дейін оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен карантинге қою үшін уәкілетті орган ведомствосының тиісті шекара маңындағы аумағында орналасқан бөлімшелеріне береді.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын)   
объектiлердi Кеден одағының кедендiк   
шекарасымен тұспа-тұс келетiн       
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк   
шекарасы арқылы өткiзу кезiндегі мемлекеттiк
ветеринариялық-санитариялық бақылауды және
қадағалауды жүзеге асыру қағидаларына қосымша

нысан

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортын,
импортын, транзитін тіркеу журналы

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№№ р.с

Рәсімдеу күні

Импорттаушы ел, мекеменің атауы, мекен жайы, алушының телефон №

Экспорттаушы ел, өндіруші және оның мекен жайы

Тауардың аты

Саны

Көлік құралының түрі және нөмірі

орны

Барлық бас

















Кіргізуге және шығаруға рұқсат №

Ветеринариялық құжаттың берілген күні және №

Кіргізуге және шығаруға рұқсат №

Қолы









Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы 
№ 7-1/559 бұйрығына  
7-қосымша       

Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн
қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс
келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы
өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн
ұйымдастыру қағидалары

      1. Осы Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру қағидалары «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      2. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерiн ұйымдастырады (бұдан әрi – бекеттер).
      3. Бекеттер, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер өткізiлетiн шекара және кеден пункттерiнде ұйымдастырылады. Шекара маңындағы мемлекеттердiң аумағында жануарлардың ерекше қауiптi аурулары шыққан кезде өткiзу пункттерiнде ветеринария саласындағы заңнамамен белгiленген кезеңде және тәртiппен көлiк құралдарын дезинфекциялау ұйымдастырылады.
      4. Бекеттер ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының бөлімшелері болып табылады.
      5. Бекеттер Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзудiң осы пунктi үшін белгiленген режимде жұмыс істейдi және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың қажеттi санымен жинақталады.
      6. Бекеттердiң мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары өз жұмысында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін басшылыққа алады.
      7. Бекеттердiң шекарадағы және кедендiк өткiзу пункттерiнде басқа да мемлекеттік бақылау органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.