РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жiберiлуiн;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің Орынбасары - | |
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрінің | |
2014 жылғы 25 маусымдағы | |
№ 291 бұйрығына қосымша |
Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидалары
1. Осы Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
әдеп – "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген Әдеп кодексінің білімі мен дағдыларын қамтитын пән;
сертификаттау – бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан әрi - сертификаттау жөнiндегi ұйым) ұйымдастырған емтихандар тапсыру арқылы білімді айқындау рәсімі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттау өз бiлiмін кәсіби талқылау және объективтілік негізінде қолданатын білікті кәсiби бухгалтерлерді даярлау мақсатында жүзеге асырылады.
4. Сертификаттау жөнiндегi ұйым әзiрлеудi, кандидаттарды сертификаттаудың бағдарламаларына арналған материалдарды тарату мен басып шығаруды жүзеге асырады, емтихан процесiн ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi кәсiби бухгалтерлердi сертификаттау ережесіне сәйкес, өзара іс-қимыл туралы келісім жасасқан аккредиттелген кәсiби бухгалтерлермен (бұдан әрi – кәсiби ұйым) бірге ұйымдастырылады.
Бұл ретте сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдар емтихан модульдерінен (таратуға және басып шығаруға жатпайтын), сондай-ақ оқу материалдарынан тұрады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-1. Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарға емтиханнан өту кезінде басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты пайдалануға, үй-жайдан комиссия өкілінің еріп жүруінсіз шығуға жол берілмейді.
Кандидат осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптарды бұзған кезде кәсіби бухгалтерге кандидаттың емтихан процесі тоқтатылып, ол үй-жайдан шығарылады. Емтихан комиссиясы емтиханнан өту рәсімінің бұзылғаны туралы акт толтырады.
Емтихан өту рәсімін бұзылуы туралы акт жасалған кандидат бұзушылық анықталған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң емтиханды қайта тапсыруға құқылы.
Емтиханды қайта тапсыру күні комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес белгіленеді.
Өткізу кезінде бұзушылық тіркелген емтихан нәтижелері күшін жояды.
Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу мерзімдерін үш жылдық кезеңге пәндер бойынша емтихандар өткізудің бекітілген ішкі кестесіне сәйкес сертификаттау жөнiндегi ұйым айқындайды.
6. Сертификаттау жүргізу күнi туралы ақпарат, сертификаттау жүргізу белгілеген күнге дейін алты айдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
7. Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады:
қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;
басқарушылық есеп;
қаржы және қаржы менеджменті;
салықтар;
құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы);
әдеп.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлға жеке басын куәландыратын құжатты және куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынған кезде жоғарыда көрсетілген емтихандарды тапсырудан босатылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары Diploma in the International Financial Reporting (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (DipIFR ACCA (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) – Халықаралық Қаржылық Есептілік Саласындағы) дипломы бар тұлға есеп және қаржылық есептілік стандарттары бойынша емтихан тапсырудан босатылады.
Associate Chartered Accountant (Эсоушиейт Чартерд Экаунтэнт) (ACA-ISAEW (Великобритания) ЭЙСИЭЙ АЙЭСЭЙИДАБЛЮ) – Қауымдастырылған Дипломды Бухгалтер біліктілігі бар кәсіби бухгалтерлікке кандидат салық және құқық пәндері бойынша емтихан тапсырады.
The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Ұлыбритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығының Бизнестің тиімділігін басқару, Қаржылық есептілік, Қаржылық менеджмент, Кәсіби этика бойынша орыс тіліндегі сертификаты бар кәсіби бухгалтерлікке кандидаттар тиісті емтихандарды тапсырудан босатылады.
Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы Chartered Institute of Management Accountants (Чартерд Институт оф Маниджмэнт Экаунтэнтс) (CIMA (Ұлыбритания) СИАЙЭМЭЙ) – Басқарушы Бухгалтерлердің Дипломды Институты толық біліктілігі бар кәсіби бухгалтерлікке кандидаттар басқарушылық есеп пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.
Адвокатқа, нотариусқа, судьяға біліктілік емтиханын тапсырған кәсіби бухгалтерлерге кандидаттар құқық пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификаттаудан өтуге тіркелу үшін Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлғаны қоспағанда мынадай құжаттарды:
1) пәннің (пәндердің) атауы көрсетілген өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық жұмыс саласында кемінде соңғы үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариат немесе кадр қызметі немесе жұмыс беруші куәландырған көшірмелері;
5) адвокаттың немесе нотариустың не соттың (ол болған жағдайда) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) тиісті халықаралық сертификаттардың көшірмелері (олар болған жағдайда);
7) жазбаша хабарлама немесе жекелеген емтихандарды тапсырғаны туралы өзге де құжат (ол болған жағдайда).
Осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда, бухгалтерлерді сертификаттау жөніндегі ұйым тиісті жазбаша сұрау салуды тиісті ұйымға жібереді.
Электрондық түрде ұсынылған түпнұсқалардың сканерленген көшірмелері бойынша одан әрі (құжаттардың сканерленген көшірмелерін берген сәттен бастап 3 (үш) ай ішінде) салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар кандидатпен ұсынылады.
Барлық құжаттар қағаз және (немесе) электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелері) сақталады, онда: № ____ Жеке іс, кәсiби бухгалтерлікке кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, ресімделген күні көрсетіледі.
Құжаттарды сақтау мерзімі рәсімделген күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл (қағаз жеткізгеште) және (немесе) кемінде 15 (он бес) жыл (электрондық жеткізгіште).
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың ұзақтығы кемінде үш сағатты (180 минут) құрайды.
12. Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттардың емтихандық жұмыстарын тексеруді емтихан комиссиясы емтихан тапсырған 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргiзедi.
Әрбiр емтихан жұмысын бiр-бiрiне қатысы жоқ Комиссияның екi мүшесi бөлек-бөлек тексередi, оның нәтижесiнде екi қорытындының орташа арифметикалық бағасы шығарылады. Қорытындыларда 10 (он) баллдан астам айырмашылық болған кезде және нақтылауды талап ететiн жағдайларда, емтихан жұмысын Комиссия мүшелерiнiң қатарынан үшiншi тәуелсiз маман тексередi. Мұндай жағдайларда, жиынтық қорытынды орташа арифметикалық 3 (үш) бағаны құрайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Емтихан билеті емтихан модулінен тест сұрақтары мен ситуациялық тапсырмаларды қамтитын тапсырмаларды қамтиды. Билетте маңызды (негізгі) тақырыптар бойынша тапсырмалар еленбейді. Сұрақтар жеткілікті күрделі, үміткерден жоғары дайындық деңгейін талап етеді.
Емтихан билеті 5 (бес) тапсырмадан тұрады:
төрт тапсырма, олардың әрқайсысында теориялық және практикалық сұрақтардың саны бірдей (маңыздылығы бойынша 5 (бес) - тен 30 (отыз) баллға дейін);
жиырма тест сұрақтары (әр жауап үшін 1 (бір) балл).
Бұл ретте қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік пәні бойынша төрт тапсырманың бірі шоғырландырылған бухгалтерлік балансты пайда мен зияндар туралы шоғырландырылған есепті жасау болып табылады.
Емтихан билеттері әр емтиханға жаңартылады. Өткен емтихандардың дұрыс жауаптары бар емтихан билеті өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған кәсіби ұйымның интернет-ресурсында жарияланады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Емтихан тапсыру үшін жалпы жиынтық балл ("өту" баллы) мүмкін болатын 100 (жүз) баллдан кемінде 75 (жетпіс бес) баллды құрайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Емтихандық жұмыстарды кодтау кезінде сертификаттау ұйымы емтиханның тәуелсiз жүйесiн және кәсiби бухгалтерлікке кандидат кодтау парағына тегін, атын, әкесінің атын толтырған кезде, онда көрсетілген сәйкестендіру нөмірін есте қалдыру мүмкін емес етіп кодтауды қамтамасыз етеді.
16. Емтихандық модульдер кәсiби бухгалтерлікке кандидаттың қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады және орындалады.
17. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген пәндер бойынша кандидат алған оң нәтиже, қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша пәндерден басқа, нәтиже бекітілген күннен бастап келесі 5 (бес) жыл бойы кейінгі 3 (үш) жыл ішінде жарамды деп танылатын.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Емтихан комиссиясы туралы ережені комиссия төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз байқаушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін және оның құрамын көрсете отырып, сертификаттау ұйымы және кәсіби ұйым бекітеді.
19. Емтихан өткізу процесінде тәуелсіз бақылаушылар ретінде кәсіби ұйымның (сертификаттау жөніндегі ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімі жоқ) және уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері қатысады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Емтихан комиссиясы кем дегенде соңғы 5 (бес) жылда есепке алу-талдау саласында, экономика және қаржы саласында, бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру салаларында немесе жоғары және орта арнаулы оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілі бар, олардың 5 (бесеуінде) кәсіби бухгалтер сертификаты не танылған халықаралық біліктіліктердің бірі бар және біреуінде заң білімі және заң саласында соңғы 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар кемінде он мүшеден тұрады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20-1. Емтихан комиссиясы қағазды (емтихан дәптерін), автоқаламдарды, калькуляторларды таратуды, сондай-ақ орындалған емтихан жұмыстарын жинауды және оларды акт бойынша уәкілетті органның өкіліне беруді қоса алғанда, емтихан өткізуді тікелей қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Модульдік тапсырмалары бар конверттерді кәсіби бухгалтерлерге кандидаттардың, емтихан комиссиясы мүшелерінің және тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен комиссия төрағасы тағайындаған жауапты тұлға емтихан басталғанға дейін 20 (жиырма) минут бұрын ашады.
Емтихан өткізуге арналған үй-жай бейнетіркеу құралдарымен жарақтандырылады. Емтихан өткізудің бейнежазбасы 3 (үш) жыл сақталады.
Уәкілетті органның өкілдері емтихан процесіне өтеусіз негізде қатысады.
Емтихан комиссиясының құрамына үміткерлерді емтиханға дайындауға қатысқан адамдар, сондай-ақ емтихан модулін қалыптастыруға және емтихан жұмыстарын кодтауға қатысатын адамдар кірмейді.
Емтихандарды аяқтағаннан кейін уәкілетті органның немесе кәсіби ұйымның (сертификаттау жөніндегі ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімі жоқ) өкілі уәкілетті орган бас тартқан жағдайда емтихан жұмыстары кандидаттың тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсетпей, осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес кодталады, ол дереу емтихан карточкасына көшіріледі.
Емтихан комиссиясы мүшелерінің қатысуымен комиссия төрағасы тағайындаған жауапты адам кодтағаннан кейін кәсіби бухгалтерлерге кандидаттардың емтихан жұмыстарын қамтитын жұмыс дәптерлері (емтихан дәптерлері) көшіріледі немесе сканерленеді. Көшірмелері түпнұсқалармен салыстырылады, әртүрлі конверттерге орналастырылады, олар желімделеді, мөрмен бекітіледі және Комиссия мүшелерінің, сондай-ақ уәкілетті органның және (немесе) кәсіби ұйымның (сертификаттау жөніндегі ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімі жоқ) өкілінің қолдарымен расталады.
Комиссия төрағасы тағайындаған жауапты тұлға беру актісі бойынша:
емтихан жұмыстарының көшірмелері бар конверт уәкілетті органның және (немесе) кәсіби ұйымның өкіліне (сертификаттау жөніндегі ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімі жоқ);
емтихан жұмыстарының түпнұсқалары салынған конверт комиссия төрағасына береді.
Емтихан дәптерлерін сканерлеу кезінде электрондық көшірмелерді уәкілетті органның және (немесе) кәсіби ұйымның (сертификаттау жөніндегі ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімі жоқ) өкілі мұрағаттайды және кодтайды.
Өңірлер бойынша емтихан өткізу кезінде емтихан жұмыстарының көшірмелері бар конвертті (конверттерді) уәкілетті органның және (немесе) кәсіби ұйымның (сертификаттау жөніндегі ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімі жоқ) өкілі емтихан комиссиясының орналасқан жері бойынша уәкілетті органға береді.
Өңірлер бойынша емтихан өткізу кезінде емтихан дәптерлерін сканерлеу кезінде электрондық көшірмелер мұрағатталады, кодталады, электрондық жеткізгішке көшіріледі және уәкілетті органның және (немесе) кәсіби ұйымның (сертификаттау жөніндегі ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімі жоқ) өкіліне беріледі.
Емтихан жұмыстарының кодын уәкілетті органның өкілі және емтихан комиссиясының мүшелері тікелей емтихан комиссиясының отырысында ашады.
Емтихан нәтижелері шығарылғаннан кейін кәсiби бухгалтерлікке кандидаттардың емтихан жұмыстарын қамтитын жұмыс дәптерлерінің көшірмелері бар конверттер уәкілетті органның өкілі көшірмелерді түпнұсқалармен салыстырып тексеру үшін емтихан комиссиясы мүшелерінің қатысуымен ашылады.
Емтихан дәптерлерінің көшірмелері мұрағатталған жағдайда емтихан нәтижелері шығарылғаннан кейін мұрағатталған файлды көшірменің түпнұсқалығын салыстыру үшін уәкілетті органның және (немесе) кәсіби ұйымның (сертификаттау жөніндегі ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімі жоқ) өкілі кодты ашады.
Емтихан жұмыстарының түпнұсқаларын сақтау мерзімі емтихан өткізілген күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл (қағаз жеткізгіште) және (немесе) кемінде 15 (он бес) жыл (электрондық жеткізгіште).
Ескерту. Қағидалар 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.20-2. Карантин және Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай кезеңінде емтиханды онлайн режимінде өткізуге жол беріледі. Емтихан онлайн режимінде өткізілген жағдайда сертификаттау жөніндегі ұйымның өзінің және (немесе) жалға алынған қашықтықтан веб-порталы (платформасы), сондай-ақ онлайн режимінде емтихан өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін және оған тәуелсіз бақылаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ететін болады.
Онлайн режиміндегі емтиханға қатысушылар саны 10 (он) адамнан аспайды.
Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттың қатысуын кейіннен сәйкестендіру және растау үшін тестілеу алдында байқаушылар кандидатты жеке куәлігімен суретке түсіреді.
Онлайн режимінде емтихан тапсыруға үміткер кәсіби бухгалтерге кандидат төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келеді:
1) көшіріп жазу және алдау фактісіне жол бермейтін академиялық адалдықты сақтауға;
2) компьютердің немесе ноутбуктың болуы, сондай-ақ секундына 70 (жетпіс) килобиттен кем емес жүріп өту мүмкіндігі бар интернетке қосылу мүмкіндігінің болуы;
3) емтихан тапсыру уақытында жұмыс орнында мобильді құралдардың (пейджерлер, ұялы телефондар, планшеттер), сымды және сымсыз құлаққаптар, шпаргалкалар, оқулықтар, әдістемелік әдебиеттер, жұмыс дәптерлерінің болмауы;
4) экранның жұмыс үстелін және кандидаттың үстеліндегі бар заттарды көрсету үшін 2 (екі) камераны қосуды немесе телефоннан екінші қосылуды қамтамасыз ету, сондай-ақ сертификаттау жөніндегі ұйымға ұсыну үшін кандидаттың мінез-құлқының бейнежазбасын жазуды қамтамасыз ету;
5) экранды емтихан формасынан басқа бағдарламаларға ауыстырмау, бірлесіп қарау бағдарламаларын, әлеуметтік желілерді, мобильді қосымшаларды, жедел хабар алмасу үшін веб-қызметтерді ашпау.
Онлайн режимінде емтихан тапсыруды жүзеге асыратын кәсiби бухгалтерлікке кандидатқа белгіленген талаптар бұзылған кезде емтиханды қайта тапсыру 6 (алты) айдан кейін жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.21. Кәсіби бухгалтер сертификаты беру сертификаттаудың соңғы пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірілмей осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіби бухгалтер кәсіби бухгалтер сертификатының түпнұсқасын жоғалтқан жағдайда, көшірмесі (телнұсқасы) тиісті құжаттарды ұсына отырып кәсіби бухгалтердің өтінішін алған күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күннен кешіктірілмей беріледі.
Ескерту. Қағида 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.22. Сертификаттау ұйымы өткізген емтиханның нәтижелерімен келіспеген жағдайда, емтихан нәтижелері ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн аралығында сертификаттау ұйымы басшысының атына жазбаша түрде шағым беріледі, ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. Қағида 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Кәсіби бухгалтерлер болуға кандидаттан өтініш түскен жағдайда әрбір емтихан бойынша апелляциялық комиссия құрамы (кеңес) құрамы бекітіледі, ол емтихандар нәтижелері бойынша шағымдарды сотқа дейін қарау тәртібін және комиссия (кеңес) шешімін көрсете отырып, апелляциялық комиссия (кеңес) туралы ережені белгілейді.
Ескерту. Қағида 23-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Апелляциялық комиссияның (кеңестің) құрамына емтихан комиссиясы мүшелерінің және (немесе) емтихан жұмыстарын бағалауға және емтихандарға кандидаттарды дайындауға қатыспаған кәсіби ұйым өкілдерінің және (немесе) сертификаттау пәндері саласындағы сарапшылардың тақ саны кіреді.
Ескерту. Қағида 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Емтихан не шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, кәсіби бухгалтерлер болуға кандидат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа шағымдануға құқығы бар.
Ескерту. Қағида 25-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.Қосымша кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларына |
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымның атауы (логотипі).
Ескерту. Бұйрық қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кәсіби бухгалтер сертификат №______________.
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік
№ ________ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен _________ берілді.
(күні)
Осы кәсіби бухгалтер сертификаты ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
мырзаға (ханымға) берілді
Емтихан комиссиясының Төрағасы
________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________
(қолы)
Бухгалтерлерді сертификаттау ұйымының басшысы
________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_________________
(қолы)
(мөр орны (ол болған жағдайда)) қала атауы______________________
Тіркеу № _________________________
(күні)