2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № А-2/32 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 ақпанда № 4023 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Үйсімбаев

Жарқайың ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 11 ақпандағы 
№ А-2/32 қаулысымен   
бекітілген       

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналардың төлем мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 14.07.2014 № А-7/266 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мектепке дейінгі білім ұйымының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)

Бір айға тәрбиеленушіге орташа шығын бағасы (теңге)

Республикалық бюджет

Аудандық бюджет


1

Мемлекеттік мектепке дейінгі шағын орталықтар

240

-

-

-


Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

195

15905,8

1678,74

4000


Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

20

7953,4

799,0

2000

2

Бала бақшалар

25

22380,2

0

5940


Жеке меншікті бала бақшалар

0

0

0

0


Мемлекеттік бала бақшалар

25

22380,2

0

5940