"Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 290/41-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қазанда № 845 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 2-3-тармағына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 822 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдеде № 84 «Астана ақшамы» және № 83 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасында:
      5-тараудың 51, 52-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне кірісті есепке алусыз мынадай түрде ұсынылады:
      1) тісті протездеу;
      2) санаторлық-шипажайлық ем алу;
      3) дәрілік құралдармен қамтамасыз ету;
      4) коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға, телефон үшін абоненттік төлемді төлеуге ақшалай төлем жасау;
      5) Астана қаласының ресми мерзімдік баспа шығармаларына жазылуға арналған ақшалай төлем;
      6) моншаға, шаштаразға, мәдени-көпшілік, спорт іс-шараларына баруға, ақшалай төлем.»;
      «52. Жасы бойынша зейнеткерлерге және мүгедектерге кірісін есепке алусыз тісті протездеу түріндегі әлеуметтік көмек көрсетіледі.»;
      5-тараудың 53-тармағындағы 4) тармақша алынып тасталсын.
      5-тарау мынадай мазмұндағы 51-1-тармағымен толықтырылсын:
      «51-1. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға кірісін есепке алусыз әлеуметтік көмек мынадай түрде көрсетіледі:
      1) тісті протездеу;
      2) санаторлық-шипажайлық ем алу;
      3) дәрілік құралдармен қамтамасыз ету;
      4) коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға, телефон үшін абоненттік төлемді төлеуге ақшалай төлем жасау.».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жариялану күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       З. Шибкенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов