БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыратын инвестициялық келісімшарт жасау» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 9232 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыратын инвестициялық келісімшарт жасау» мемлекеттік қызмет регламентінде:
5-тармақта:
бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-рәсім: жауапты орындаушы құжаттарды тіркелген сәтінен бастап он сегіз жұмыс күні ішінде қарастырады;
5-рәсім: көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар қарастырылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде инвестициялық преференцияларды беру жөнінде шешім қабылдайды;»;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«8-рәсім: тіркелген сәтінен бастап 1 сағат ішінде келісімшарт көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.»;
осы регламентке 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 273 бұйрығына 1-қосымша
«Инвестициялық преференцияларды
көздейтiн инвестицияларды
жүзеге асыратын инвестициялық
келісімшартты жасау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз
болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің
(іс-қимылдың) нәтижесі
Іс-қимыл |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Құрылымдық бөлімшенің атауы |
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Құрылымдық бөлімше басшысы |
Жауапты орындаушы |
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы |
Жауапты орындаушы |
Көрсетілетін қызметті беруші |
Көрсетілетін қызметті беруші |
Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы |
Құжаттарды қабылдау және тіркеу, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу |
Құжаттарға қарар жазу және құрылымдық бөлімшенің басшысына қарастыру үшін жіберу |
Жауапты тұлғаны анықтау және оған құжаттарды беру |
Құжаттарды қарастыру |
Келісімшартты қол қоюға дайындау |
Келісімшартты тіркеу |
Келісімшартты көрсетілетін қызметті алушыға жіберу |
|
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) |
тіркелген құжаттар |
қарар |
қарар |
Қарастырылған құжаттар |
шешім |
келісімшарт жобасы |
келісімшарт |
ілеспе хат, келісімшарт |
Орындау мерзімі |
15 минут |
3 сағат |
3 сағат |
18 жұмыс күні |
2 жұмыс күні |
10 жұмыс күні |
5 жұмыс күні |
1 сағат |
Келесі іс-қимыл № |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 273 бұйрығына 2-қосымша
«Инвестициялық преференцияларды
көздейтiн инвестицияларды
жүзеге асыратын инвестициялық
келісімшартты жасау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып,
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің
(іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен рәсімдер (іс-қимылдар)
бірізділігінің сипаттамасы
Шартты белгілер:
рәсім хабарламалар ағыны