Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қаңтарда № 10058 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарашпыларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Б.А. Смағұлов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң, күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 114 бұйрығымен бекітілген

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларға аттестаттау жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) орталық уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылысы қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер - оңтайлы жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін қызметтер кешені (техникалық және авторлық қадағалаулар);

      3) сараптамалық жұмыстар - ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу жұмыстары;

      4) сарапшы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлға;

      5) сарапшының аттестаты - сарапшының мәртебесін және оның қала құрылысы мен құрылыс қызметінде сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер көрсетуді орындау құқығын куәландыратын біліктілік аттестаты;

      6) өтініш беруші - сарапшы мәртебесін алуға үміткер жеке тұлға;

      7) жергілікті атқарушы орган - құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарайтын, тестілеуге жіберілген сарапшылардың тізімін және тестілеу өткізудің кестесін бекітетін, сондай-ақ сарапшылардың аттестаттаудан өткендігі туралы шешім қабылдайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.

      3. Аттестаттау сарапшылардың кәсіби дайындық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі.

      4. Аттестаттау сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін:

      1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын;

      2) техникалық қадағалауды;

      3) авторлық қадағалауды;

      4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшылар үшін өткізіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 № 637 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:

      1) қала құрылысы;

      2) жобалау алдындағы құжаттама;

      3) сәулет;

      4) конструкциялық бөлігі;

      5) инженерлік желілер және жүйелер (инженерлік желілер және жүйелердің түрлері бойынша);

      6) технологиялық бөлігі (объектінің мақсатына байланысты);

      7) жобаның арнайы бөлігі.

      6. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:

      1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;

      2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - инженерлік желілер бөлігінде;

      3) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - технологиялық жабдықтар бөлігінде;

      4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;

      5) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - инженерлік желілер бөлігінде;

      6) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - технологиялық жабдықтар бөлігінде.

      7. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:

      1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - сәулет бөлігінде;

      2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;

      3) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - сәулет бөлігінде;

      4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде.

      8. Техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыру бойынша сарапшылар мынадай жауапкершілік деңгейлеріне бөлінеді:

      жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - қолда бар аттестат шеңберінде жауапкершілігі барлық деңгейдегі объектілерде, осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асырады;

      жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - қолда бар аттестат шеңберінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілерде, осы тармақта көрсетілген қызметтерді жүзеге асырады.

      9. Аттестаттауға:

      1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін - қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдерін әзірлеу жөнінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;

      2) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;

      3) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;

      4) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;

      5) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;

      6) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;

      7) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;

      8) сәулет бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;

      9) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;

      10) сәулет бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде кемінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;

      11) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;

      12) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және есеп пен конструкциялау мамандығы бойынша жобалау қызметінің үш жылдан кем емес немесе осы бағытта бес жылдан кем емес сарапшы жұмыс тәжірибесі бар адамдар.

2. Аттестаттау тәртібі

      10. Аттестаттаудан өту үшін өтініш берушілер мынадай құжаттарды жібереді:

      1) жергілікті атқарушы органға:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болғанда - тиісті құжаттардың көшірмелері);

      еңбек кітапшасының немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

      Өтініш беруші (сарапшы) уәкілетті органның қызметкеріне салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсынған жағдайда, нотариалды куәландыру қажет емес.

      2) "электрондық үкімет" веб-порталына: www.egov.kz:

      қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

      кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың көшірмелері - құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде электрондық сұрауға қоса тіркеледі);

      еңбек кітапшасының көшірмесі (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде электрондық сұрауға қоса тіркеледі).

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.06.2016 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       11. Құжаттарды жинақтау нәтижесі бойынша жергілікті уәкілетті орган аттестаттаудан өтуге өтініш берген адамдардың тізімін қалыптастырады және тестілеуге жіберілген өтініш берушілердің тестілеу кестесін жасайды, бұл ретте құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігі 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі жергілікті уәкілетті органға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш жасаған кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.06.2016 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       12. Тестілеу екі аптада бір реттен сиретпей өткізіледі.

      13. Ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша жергілікті уәкілетті органның бұйрығымен тестілеу жүргізу кестесі мен бұйрығы бекітіледі, онда әрбір сарапшыға қатысты мынадай шешімдер ресімделеді:

      1) тестілеуге жіберіледі;

      2) тестілеуге жіберілмейді.

      14. Жергілікті уәкілетті орган бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге тестілеудің өткізілетін орны, күні және уақыты туралы, не тестілеуге жіберілмеудің себептері туралы жазбаша хабар береді.

      15. Тестілеу мынадай талаптар мен рәсімдерді көздейді:

      1) тестілеу автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен өтініш берушінің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі;

      2) өтініш берушіні тестілеуге жіберу оның жеке басын куәландыратын құжаты ұсынылғанда жүзеге асырылады;

      3) уәкілетті органның қызметкерлері тестіленушілерді тестілеуді өткізу рәсімімен таныстырады;

      4) тестілеу уақытында сарапшыларға сөйлесуге және тестілеу өткізіліп отырған үй-жайдан шығып кетуге болмайды. Дербес электрондық құрылғыларды (оның ішінде компьютерлерді, ұялы телефондарды) тестілеу кезінде пайдалануға тыйым салынады;

      5) уәкілетті органның қызметкерлері осы тестілеуді өткізу рәсімін бұзған өтініш берушілерді тестілеуден шығарып жібереді;

      6) компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу автоматты компьютерлік бағдарламамен жүргізіледі.

      16. Тестіні орындауға берілген уақыт 120 минутты құрайды. Тест 100 сұрақтан тұрады. Тестік сұрақтарды орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

      17. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей:

      1) осы Қағидалардың 9-тармағының 2), 3), 4), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген сарапшылар үшін 90 дұрыс жауапты;

      2) барлық қалған сарапшылар үшін 70 дұрыс жауапты құрайды.

      18. Тестілеуден өту кезінде шекті деңгейде төмен баға алған өтініш берушілер алдыңғы аттестаттаудан өткен сәтінен бастап үш ай мерзімнен кейін қайтадан аттестаттаудан өтуіне болады.

      Аттестаттауды қайта тапсыру саны шектелмеген.

      19. Тестілеу негізінде әр сарапшыға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) аттестаттаудан өтті;

      2) аттестаттаудан өтпеді.

      20. Жергілікті атқарушы орган тестілеу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді тестілеу қорытындыларымен таныстырады.

      21. "Аттестаттаудан өтпеді" деген шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге себептерін көрсетеді.

      22. Жергілікті уәкілетті орган бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өтініш берушілерді аттестаттаудан өтпегені туралы жазбаша хабардар етеді.

      23. Аттестаттаудан өткен сарапшылар туралы ақпарат орталық уәкілетті органның ресми интернет-сайтында орналастырылады.

      24. Сарапшы аттестаты "электрондық үкімет" веб-порталында: www.egov.kz: жергілікті уәкілетті органның бұйрығына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланады.

  Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі саласында сараптамалық
жұмыстар мен инжинирингтік
көрсетілетін қызметтерді жүзеге
асыратын сарапшыларды аттестаттау
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________

      (жергілікті уәкілетті органның толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

ӨТІНІШ _______________________________________________________________

      ______________________________ жүзеге асыру жөніндегі сарапшы ретінде

      (Қағидалардың 4-тармағының тармақшасын көрсету)

      ___________________________________________________________ мамандығы

      (Қағидалардың 5, 6, 7-тармақтарының тармақшасын көрсету)

      бойынша аттестаттауды сұраймын.

      Жеке тұлға туралы мәліметтер:

      1. Туған жылы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)

      3. Білімі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (оқу орнының атауы, бітірген жылы, диплом нөмірі)

      4. Мекенжайы, телефоны:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Жұмыс орны:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы)

      6. Тестілеу тілі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Қоса берілген құжаттар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _________________________ ___________________________________________

       (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

  Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласында
сараптамалық жұмыстар
мен инжинирингтiк
көрсетілетін қызметтерді жүзеге
асыратын сарапшыларды
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.06.2016 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

[Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі атауы]



[Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі атауы]

[Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі деректемелері]

[Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі деректемелері]


      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында

      сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін

      қызметтерді жүзеге асыратын сарапшының

      АТТЕСТАТЫ

      № [Нөмірі]

      Осы құжатпен

      [ТЕГІ] [АТЫ] [ӘКЕСІНІҢ АТЫ]

      түр бойынша: [Сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер түрі]

      мамандану бойынша: [Мамандану]

      осы қызметті жүзеге асыру құқығымен сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер бойынша сарапшы мәртебесі берілгені куәландырылады.

      Жергілікті уәкілетті орган басшысының бұйрығы

      [бұйрықтың күні] № [бұйрықтың нөмірі]

      [берілген күні]

      [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты]



      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

      Данный документ согласно пункту 1 статья 7 ЗРК от 7 января 2003 года"Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.