Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрi
______________ А. Мамытбеков
2014 жылғы 20 қараша
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2014 жылғы 20 қарашадағы
№ 132 бұйрығымен
бекітілген
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын
жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру
және жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті (бұдан әрі - ӨЭМ) ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
Қағидалар әрекетінің аумақтық шекаралары Каспий теңізінің қазақстандық секторының (су бетінің айнасы) барлық акваториясына қолданылады. Қағидалардың қолданылу аймағына Каспий теңізінің қазақстандық секторына құятын өзендердің сағалық учаскелері, мүйістер, шығанақтар мен теңіз портының акваториясы қамтылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әсер ету мониторингі - табиғат пайдаланушының өндірістік қызметінің басталуы, сол мерзімі және аяқталуы кезінде қоршаған орта сипаттамаларына бақылау;
2) бентос - тіршілігінің барлық немесе көп бөлігін мұхит және континенттік су айдындарының түбінде, оның топырағында және топырақта қозғалып және отырып та (жабысып) өмір сүретін ағзалардың жиынтығы;
3) зоопланктон - планктонның жануар түріндегі нысаны;
4) итбалықтар – теңізде өмір сүруге әрекет ететін жыртқыш аңдар;
5) ихтиофауна - қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы;
6) иондық сәулелендіру – заттағы радиоактивтік ыдырауларды, ядролық айналуларды, зарядталған бөлшектердің тежелуін тудыратын және ортамен әрекеттескенде әртүрлі белгілердің иондарын түзетін элоктромагниттік сәулелендіру;
7) орнитофауна – белгілі бір аймақта немесе қандайда бір мезгілдің бөлігінде кездесетін құстардың жиынтығы;
8) өндірістік экологиялық мониторинг – қоршаған ортаға өндірістік операциялардың әсер ету шеңберінде табиғат пайдаланушылардың экологиялық бақылау станцияларында қоршаған ортаға өндірістік операциялардың әсері нәтижесінде болған, қоршаған орта күйімен өндірістік процестерді экологиялық бақылау жиынтығы;
9) ӨЭМ станциясы - қоршаған ортаның метеорологиялық, гидрологиялық, химиялық, физикалық және биологиялық сипаттамасын анықтау үшін сынамаларды байқау/өлшеу/іріктеу жүргізілетін, тіркелген географиялық координаттары бар стационарлық пункт;
10) планктон - суда қалқып тіршілік ететін, белгілі арақашықтықта өздігінен қимылдай алмайтын организмдердің жиынтығы.
11) сапробионт ағзалар - құрамында аз мөлшерде суда еріген оттегі бар органикалық заттармен аз ластанған су қоймаларында мекендейтін су ағзалары;
12) сапробтық деңгей - су қоймаларының органикалық заттармен ластану дәрежесінің сипаттамасы онда тіршілік ететін сапробионтты ағзалардың түрлік құрамымен анықталады;
13) су түбінің тұнбалары - тұрақты, қозғалатын сондайақ қозғалмайтын су объектісінің түбінде жүзінділерден бөліну нәтижесінде тұндырылған қатты материал;
14) теңіз ортасы - қоршаған ортаның физикалық, геологиялық, химиялық және биологиялық факторларының теңіз акваториясының үстінде су қабатымен және әуе кеңістігімен шектелген байланысы;
15) теңіз ортасының компоненттері - атмосфералық ауа, теңіз суы, су түбінің шөгінділері, теңіз флорасы мен фаунасы;
16) фитопланктон - теңіз және тұщы су айдындарының су қабатында орналасатын және ағынмен пассивті орын ауыстыратын өсімдік ағзаларының жиынтығы;
17) физикалық факторлар – микроклиматтың параметрлерін өлшеу (ауаның температурасы, ызың, діріл, иондық сәулеленулер, жарық, электромагниттік толқындар және т.б.).
2. Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын
жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру
және жүргізу тәртібі
3. ӨЭМ жүргізу табиғат пайдаланушымен жүргізіледі.
4. ӨЭМ жүргізу кезінде өндірістік қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қоршаған ортаның ластануына бақылаулар бағдарламасын табиғатпайдаланушымен жеке әзірленеді.
5. Бағдарламамен: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мониторингті ұйымдастыру мен орындау тәртібі белгіленеді, көлемдері, параметрлері, әдістері, бақылау жиілігімен нүктелері анықталады және мақсаттары мен міндеттері белгіленеді.
6. ӨЭМ Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жоспарланатын және жүргізілетін жұмыс түрлері (мұнай операциялары) ескеріле отырып құрылатын станцияларда жүргізіледі.
7. ӨЭМ станцияларын орналастыру схемасы: айналмалы, крест, ромб тәрізді. Станциялардың саны мен схемасы әсер етуіне байланысты және қоршаған ортаға әсер етуін бағалау жобасын әзірлеу кезінде анықталады.
ӨЭМ станцияларын бақылау нүктесін анықтайтын сарқынды сулар төгінділерінің нүктесінен бес жүз метр арақашықтықта міндетті түрде орналастырылуы қарастырылған.
Алаңдық объектілер үшін - станциялардың саны мен схемасы әсер етуіне байланысты және қоршаған ортаға әсер етуін бағалау жобасын әзірлеу кезінде анықталады.
8. ӨЭМ станцияларында мониторинг жүргізген кезде бақылау нүктесі ретінде әсер ету аймағынан тыс, жеткілікті қашықтықта орналасқан, үштен кем емес ӨЭМ станциялары алынады.
9. Желілік объектілерде (құбыр тасымалдайтын) ӨЭМ станцияларын перпендикулярлы профильдерде орталықта және трассадан оңға және солға бес жүз метр арақашықтықта орналасқан үш ӨЭМ станцияларын әрбір он километр сайын орналастырады. Желілік объектілерді құру кезінде станциялардың орналасуы қоршаған ортаға әсер етуін бағалау жобасын әзірлеу кезінде анықталады.
10. Қоршаған ортаның авариялық ластануы орын алған кезде табиғат пайдаланушы авариялық ластану орын алған кезден бастап екі күнтізбелік күннен кешіктірмей оның салдарын және жүзеге асыруды бастайды, ӨЭМ нәтижелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
11. ӨЭМ жүргізу кезінде анықталатын қоршаған ортаның компоненттері мен көрсеткіштер тізімі осы Қағиданың қосымшасында көрсетілген.
12. ӨЭМ нәтижесі бойынша табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға әсер ету мониторингі бойынша жылдық есептерді есепті кезең аяқталғаннан кейін үш ай ішінде ұсынады.
Каспий теңізінің қазақстандық
секторында мұнай операцияларын жүргізу
кезінде өндірістік экологиялық мониторингті
ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына
Қосымша
ӨЭМ жүргізу кезінде анықталатын қоршаған ортаның компоненттері
мен көрсеткіштер тізімі
1) гидрометеорологиялық параметрлер.
Бақылау желдің бағыты мен жылдамдығына, ағыстарға, ауа температурасына, ауа райының жай-күйіне (атмосфералық қысым, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын), су бетінің жай-күйіне (толқындардың биіктігі, мұнай қабыршағының, көбіктердің болуы) жүргізіледі.
Бақылаудың кезеңділігі: ауа сынамаларын іріктеу кезінде;
2) атмосфералық ауа.
Бақыланатын көрсеткіштер тізімі: күкірттің, азоттың және көміртегінің қос тотықтары, құрамында күкіртсутегі бар көмірсутегі шикізатын бұрғылау және өндіру кезінде көмірсутегілер.
Бақылау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үнемі өндірістік жұмыстар кезінде – қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
3) теңіз сулары.
Бақыланатын көрсеткіштер тізімі: тұздылығы, еріген оттегі, рН, Еh, биогенные элементы, органикалық зат, көміртегі қосындылары, синтетикалық су үстінің белсенді заттары (су үстінің аниондық белсенді заттары), фенолдар, ауыр металдар (Al, As, Ba, Cd, Cr, Cu, Fe, Hg, Ni, Pb, V, Zn).
Бақылаудың кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үнемі өндірістік жұмыстар кезінде – қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
4) су түбінің шөгінділері.
Бақыланатын көрсеткіштер тізімі: су түбі шөгінділерінің гранулометрлік құрамын анықтау, тотықтырғыш - қалпына келтіргіш әлеует және су түбі шөгінділерінің бір және төрт сантиметр тереңдіктегі температурасы, рН, органикалық көміртегінің құрамы, ауыр металлдар (Al, As, Ba, Cd, Cr, Cu, Fe, Hg, Ni, Pb, V, Zn), фенолдар, көмірсутегілердің құрамы (көмірсутегілердің жалпы шоғыры, полиароматты көмірсутегілер), микробиологиялық бақылау: микроорганизмдердің жалпы санын анықтау, сапрофиттер, актиномицеттер және саңырауқұлақтардың жалпы санын анықтау, микроорганизмдердің биомассасын анықтау, микроорганизмдерді анықтау, мұнайтотықтыратын микроорганизмдерді анықтау.
Бақылау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үнемі өндірістік жұмыстар кезінде – қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
5) бентос.
Бақыланатын көрсеткіштер тізімі: организмдердің жалпы саны, түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), жалпы биомасса, негізгі топтар және түрлердің саны, түрлердің биомассасы және саны бойынша үстем болатын (зообентос түрлерінің сан жағынан басым құрамы).
Бақылау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үнемі өндірістік жұмыстар кезінде – қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
6) фитопланктон.
Бақыланатын көрсеткіштер тізімі: фитопланктон торшалардың жалпы саны, жалпы биомасса, түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), сапробтық деңгейі.
Бақылау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үнемі өндірістік жұмыстар кезінде – қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
7) зоопланктон.
Бақыланатын көрсеткіштер тізімі: организмдердің жалпы саны; түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), жалпы биомассасы, сапробтық деңгейі, негізгі топтар және түрлердің саны, негізгі топтар және түрлердің биомассалары.
Бақылау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үнемі өндірістік жұмыстар кезінде – қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
8) су өсімдіктері.
Бақыланатын көрсеткіштер тізімі: қоғамдастықтың флористикалық құрамы, қоғамдастықтардағы түрлердің таралу пайызы, су түбінің шөгінділерін өсімдіктермен жобалық пайыздық жамылғысы, өсімдіктердің құрылымы (тігінен, көлденең), өсімдіктердің өзгеру дәрежесі.
Бақылау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үнемі өндірістік жұмыстар кезінде – қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
9) ихтиофауна.
Ихтиологиялық зерттеулер кемінде үш рет аулауды қарастырады.
Бақыланатын көрсеткіштер тізімі: ауланатын балықтардың түрлік құрамы, балық түрлері мен аулау құралдары бойынша барынша аулауга, балықтардың сирек түрлерінің болуы, өлшемдік құрылымы. Балықтардың нысаналы түрлеріне (жергілікті ихтиологиялық қоғамдастықтардың көптеген, тұрақты өкілдері) балықтардың жеке биологиялық сипаттамасы (Q - жалпы масса, q - ішек-қарынсыз дене массасы, L - балықтың жалпы ұзындығы, l - құйрық жүзу қанатынсыз балықтың ұзындығы, жынысы, жас шамасы, жетілу сатысы), жетілудің IV сатысында аналығын ұстау кезінде абсолютті жеке өсімталдығымен анықталады, сызықты өсу екпіні, түрдің типтік морфологиялық әлпетінен ауытқуларының (кемтарлықтар) болуы енгізіледі, сыртқы паразиттердің болуы, оларды оқшаулау және саны (тек қана жай көзбен көрінетін паразиттер екенін есепке алу керек), қуыс паразиттерінің болуы, олардың саны мен салмағы.
Бақылау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үнемі өндірістік жұмыстар кезінде – қыс айында мұзы бар аумақтардан басқа климаттық маусымдар бойынша жылына төрт рет, қалған акваториялар үшін күз және көктем климаттық маусымдарда екі рет;
10) орнитофауна.
Бақыланатын көрсеткіштер тізімі: түр құрамы (түрлердің саны және тізімі), саны, тұратын орнының сипаттамасы мен зерттелетін аумақта орналастыру ерекшелігі, осы көрсеткіштердің маусымдық және көпжылдық көрсеткіштер динамикасы.
Бақылау кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде – операцияларға дейін, кезінде және аяқталғаннан кейін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үнемі өндірістік жұмыстар кезінде – жыл сайын үш рет-көктемгі және күзгі көшу кезеңінде және ұя салу кезеңінде (ұшу кезеңінің басында,ортасында және соңында), түрлердің ұя салуыныңең белсенді уақытында көбею кезеңінде;
11) итбалықтар.
Бақыланатын көрсеткіштер тізімі: түрлену саны, тұратын орнының сипаттамасы мен бақыланатын аумақта орналастыру ерекшелігі, табиғи және жасанды факторлардың әсерімен (техногендік) бұл көрсеткіштердің маусымдық және көпжылдық динамикасы.
Көзбен шолып бақылау кезеңділігі Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында үнемі өндірістік қызметі үшін қысқы және көктемгі кезеңдерде бір рет;
12) физикалық факторлар.
Бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезіндегі радиациялық жағдайын бақылау: металл сынақтарын сақтау учаскелерінде, құрамында мұнайы бар шламды сақтайтын және қабылдайтын учаскелерінде, сәуле шығаруды иондайтын көздері бар жабдықтарды сақтау учаскелерінде.
Бақылаудың кезеңділігі:
ұзақтылығы бір жылдан аспайтын кейбір мұнай операцияларын жүргізу кезінде - жұмыс жүргізу кезінде бір рет;
үнемі өндірістік жұмыстар кезінде – жылына бір рет.