Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2014 жылғы 17 шілдедегі 11/236 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 6 тамызда № 9686 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 13/210 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8524 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2.07.2013 ж. № 161 (28100) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ. Тұрғанқұлов

      Хатшы                                      Б. Мелдешов

Қазақстан Республикасы 
Орталық сайлау комиссиясының
2014 жылғы 17 шілдедегі 
№ 11/236 қаулысымен  
бекітілген       

Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары

      1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында мынадай құжаттар сақталуға және кейіннен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк мұрағатына тапсырылуға тиіс:
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, отырыстарының хаттамалары және оларға қосымшалар;
      Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы отырыстарының хаттамаларынан үзінділер;
      Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның шешімдері;
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмiн ұсыну туралы саяси партиялардың жоғарғы органдарының хаттамаларынан үзінділер;
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің хаттамаларынан үзінділер;
      облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала, астана) сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау туралы хаттамалары және оларға қосымшалар;
      облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала, астана) сайлау комиссияларының партиялық тiзiмдер бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамалары;
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi.
      2. Аумақтық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабар жарияланғаннан кейiн тиiстi облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың мемлекеттiк мұрағаттарына акт бойынша мынадай құжаттарды:
      аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларын және оларға қосымшаларды;
      облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандық мәслихаттар сессияларының Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы отырыстарының хаттамаларынан үзiндiлердi;
      Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы, саяси партияларды жақтап берілген дауыстарды санау нәтижелерi туралы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамаларын;
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысын өткізу хаттамаларын және оларға қосымшаларды;
      партиялық тізімдер бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларының хаттамаларын;
      Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін (бұдан әрі - әкімдер) сайлау жөніндегі сақтауға жатпайтын сайлау құжаттарын жоюға бөліп шығару туралы актілерді (бұдан әрі - акт) осы Қағидаларға қосымшаға сай нысан бойынша;
      аудан (қала) әкімінің азаматты әкім лауазымына кандидат ретінде ұсыну туралы ұсынымын;
      әкімді сайлау жөніндегі таңдаушылар отырысының хаттамаларын;
      сайланған әкімді тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының шешімдерін;
      аумақтық сайлау комиссияларына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн сақтауға тапсырады.
      3. Округтік сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабарды жариялағаннан кейін тиісті облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың мемлекеттік мұрағаттарына акт бойынша мынадай құжаттарды:
      округтік сайлау комиссияларының хаттамаларын және оларға қосымшаларды;
      қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органының тиісті сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидатты ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінділерді;
      мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамаларын және оларға қосымшаларды;
      округтік сайлау комиссияларына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн сақтауға тапсырады.
      Әскери бөлiмдерде құрылған учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары мен өзге құжаттары әскери бөлiмдердiң iстерiнде сақталады.
      4. Сайлау алдындағы үгітті қамтитын теле- және радиобағдарламалардың (хабарлардың) бейне- және дыбысжазбалары құпия ақпарат құқығы негізінде тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларында сақталады және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы не Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық комиссиялары сайлау қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейін тиісті облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қаланың, Республика астанасының), аудандардың мемлекеттік мұрағаттарына сақтауға жіберіледі.
      5. Сайлау комиссияларының бекітілген іс номенклатураларына сай белгіленген мерзім өткеннен кейін сақтауға жатпайтын құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сәйкес оларға алдын ала сараптама жасаған адамдар растаған және тиісті сайлау комиссиясының төрағасы бекіткен акт бойынша жойылады.
      6. Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан Республикасының партиялық тізімдері бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген қалпында, оның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, жойылған есептен шығару куәліктерін, сондай-ақ сайлаушылардың тізімдері мен оларға қатысты құжаттарды акт бойынша:
      учаскелік сайлау комиссиялары - облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) аумақтық сайлау комиссияларына;
      облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) аумақтық сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі үш ай бойы сақталып, ал кейіннен акт бойынша жойылады.
      Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол қою парақтары, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары құпия ақпарат құқығы негізінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат тіркелген күннен кейінгі 10 жұмыс күні бойы сақталады, ал кейіннен акт бойынша жойылады.
      7. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөнiндегi жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдердi, таңдаушылардың тiзiмдерiн сайлау қорытындылары анықталып, жарияланғаннан кейiн облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала, астана) сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырады, онда сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiнгi үш ай бойы құпия ақпарат құқығы негізінде сақталып, кейiннен акт бойынша жойылады.
      8. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, соның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, сондай-ақ сайлаушылардың тізімдері мен оларға қатысты құжаттарды сайлау қорытындылары анықталып, жарияланғаннан кейін акт бойынша:
      учаскелік сайлау комиссиялары – тиісті округтік сайлау комиссияларына;
      округтік сайлау комиссиялары – аудандық және қалалық аумақтық комиссияларға;
      аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдарға тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі үш ай бойы сақталып, ал кейіннен акт бойынша жойылады.
      9. Әкімдерді сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, соның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, сондай-ақ таңдаушылардың тізімдері мен оларға қатысты құжаттарды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі үш ай бойы сақтап, кейіннен акт бойынша жояды.
      10. Жою жағу, балқыту, мөлшері 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын бөлшектерге майдалау, ұнтақтау, еріту немесе химиялық шіріту, қалыпсыз жиынтыққа немесе ұнтаққа айналдыру жолымен жүргізіледі.
      11. Бөгде адамдарды жойылған құжаттармен таныстыруға, олардың мазмұнын қалпына келтіруге мүмкіндік беретіндей етіп, толық жоймауға болмайды.

Сайлау құжаттарын сақтау
қағидаларына қосымша 

                                                               нысан

      Атауы                                       Бекітемін
      АКТ                                   ________________________
      ___№______                                   (атауы)
      жасалған орны                     сайлау комиссиясының төрағасы

                                          Қолы              Қолының
                                          Күні          толық жазылуы

Сақтауға жатпайтын құжаттарды
жоюға бөліп шығару туралы

_____________________________________________________________________
         (Құжаттар тізбесінің атауы, басылған орны мен жылы,
___________________________________________________________ негізінде
              оларды сақтау мерзімдері көрсетілсін)

ғылыми-тарихи құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған қор
құжаттары ретінде жоюға іріктелді:
№ ___________________________________________________________________
                  (мұрағат қорының нөмірі мен атауы)

Р/б №

Істің тақырыбы немесе істердің топтық тақырыбы

Істің күні немесе істердің соңғы күндері

Істің (томның, бөліктің) номенклатура бойынша индексі немесе істің тізімдеме бойынша №

Істердің (томдардың, бөліктердің) саны

Істің (томның, бөліктің) сақталу мерзімдері және Тізбе бойынша тармақтарының (тармақшаларының) нөмірлері

Ескертпе

______ жылғы _______ істер мен құжаттардың барлығы __________________
                                          (цифрлармен және сандармен)

Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізген
адам лауазымының атауы
Күні                     Қолы                   Қолының толық жазылуы

Құжаттар саны ______ іс, салмағы ______ кг, _____ № _________________
қабылдау-тапсыру құжаты бойынша қайта өңдеуге ___________ тапсырылды.

Құжаттарды тапсырған ұйым қызметкері
лауазымының атауы
Күні                     Қолы                   Қолының толық жазылуы
Қолжеткізілімі шектеулі, құпия ақпарат құқығы негізінде сақталған құжаттарды жағу кезінде __________________ қатысты.

Сайлау комиссиясы
өкілінің лауазымы        Қолы                   Қолының толық жазылуы