Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8 бабының 46-24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Диагностикалық зерттеулерді жүргізуқағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 11 маусымдағы
№ 16-07/296 бұйрығымен
бекітілген
Диагностикалық зерттеулерді жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида), Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 46-24) тармақшасына сәйкес әзірленген және диагностикалық зерттеулерді жүргізудің тәртібін анықтайды.
2. Диагностикалық зерттеулерді жүргізудің тәртібі
2. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу келесі кезеңдерден тұрады:
1) биологиялық және патологиялық материалдарды және ілеспе құжаттарды салыстырып тексеру және қабылдау;
2) зерттеулерді жүргізу;
3) қорытындысын беру.
3. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдау басқа арнайы есіктен және арнайы жасақталған (алыс-беріс) терезе арқылы атқарылады.
4. Диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдайтын арнайы есіктен, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлері үшін кіруіне қолданылмайды.
5. Жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын қызметтік жұмыс барысында қолдануына байланысты, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлеріне ветеринариялық зертхананың бөлімінің өндірістік мекенжайына кіру, санитарлық өткізгіштен өту арқылы жүзеге асырылады.
6. Жануарлардың жұқпалы ауруларын сараптау үшін, азықтардың және жануарлардан алынатын шикізаттардың және өнімдердің тамақ қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау үшін, биологиялық және патологиялық материалдардан сынама алу, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидасына сәйкес атқарылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2015 № 7-1/783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдау, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлері атқарады.
8. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдауды атқаратын, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлері, мыналардың сәйкестігін салыстырады:
1) ілеспе құжаттардың қолда бар тізіміне;
2) ілеспе құжаттарда берілген көрсетілген (сынама саны, сынама нөмірі, жануарлардың бірдейлендіру нөмірі және басқа деректер, диагностикалық зерттеулердің қорытындысына әсер етуші және сынаманы тексеруден өткізу реттілігін қамтамасыз етуге қажетті деректер) диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдардың сәйкестігін;
3) орамдаушы материалдың және штативтер мен контейнерлердің бүтіндігі ескеріледі.
9. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды және ілеспе құжаттарды салыстырып тексеру кезінде, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлері бір жүмыс күні ішінде мына шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) ұсынылған құжаттар мен материалдар осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, төтенше жағдайлардың (жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдіктену және олардың таралуы, жаппай улану) туындау жағдайларын қоспағанда, биологиялық және патологиялық материалды диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін қабылдаудан бас тартады;
2) диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдау туралы.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2015 № 7-1/783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдаудан бастарткан жағдайда, диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдауды атқаратын, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлері тарапынан, биологиялық және патологиялық материалдардың диагностикалық зерттеулерді жүргізуге жарамсыздығы туралы, осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес, үлгі (форма) бойынша екі данада хаттама толтырылады.
11. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдаған жағдайда, диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдауды атқаратын, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлері тарапынан, осы қағиданың 2-қосымшасына сәйкес, үлгі (форма) бойынша екі данада Алыс-беріс актісі толтырылады.
12. Ветеринариялық зертханаға диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін келіп түскен биологиялық және патологиялық материалдарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің «Ветеринариялық есеп және есептілік үлгісін бекіту туралы» 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен бекітілген, нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9342 болып тіркелген, тиісті үлгідегі ветеринариялық есептілік жорналына тіркеледі.
13. Ветеринариялық зертханаға диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін келіп түскен биологиялық және патологиялық материалдарды, оның ішінде материалдардың бақылау үлгісі, диагностикалық зерттеулерді жүргізуге жолдамас бұрын, арнайы жабдықталған орында (мұздатқыш камералар) сақталады.
14. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдар, зертхананың бөлімдеріне жолданғанда, басқа да зертханаларға жолданғанда, бірнеше құбылысты, оқиғаны болдырмау мақсатында, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтай отырып тасымалданады (орны ауыстырылады).
15. Диагностикалық зерттеулер жануарлардың ауруларына байланысты «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген бұйрығында, халықаралық және ұлттық стандарттарда, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюроның қолдауымен әзірленген стандарттарда, нұсқамаларда және ұсынымдарда көзделген әдістерді пайдалана отырып жүргізіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2015 № 7-1/783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Диагностикалық зерттеулерді жүргізудің қорытындысы бойынша, сараптама актісі (сынақ хаттамасы) беріледі.
17. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдар, аудандық/аумақтық ветеринариялық зертханадан облыстық (аймақтық) зертханаларға жолданғанда, сонымен бірге облыстық ветеринариялық зертханадан, басқа ветеринариялық зертханаларға жолдағанда ветеринариялық үлгілік сынамаларды қайта жолдау бойынша бірдейлендіру кодын беру арқылы тиісті жорналға жазып тіркейді.
Аудандық/аумақтық немесе облыстық (аймақтық) ветеринариялық зертхананың сынаманы қабылдайтын қызметкері, сынамаларды пробиркаға құйып және патологиялық сынаманы мұздатқышта суытып қатырады, тиісінше орамдап дайындайды және барлық құжаттармен бірге жазылған жолдаманы ілеспе хат арқылы, диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды облыстық (аймактық) зертханаларалардың филиалдарына немесе басқа ветеринариялық зертханаларға қайта жолдайды.
18. Жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді жүзеге асыру (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды айқындау) үшін, сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою үшін биологиялық және патологиялық материалдарды жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функциясын атқаратын ветеринариялық зертханаға жолдайды.
19. Диагностикалық зерттеулерді жүргізіп болғаннан кейін, биологиялық және патологиялық материалдардың қалдықтары және бақылауға арналған үлгілік материалдардың сақталу мерзімі өткеннен кейін жойылады.
Диагностикалық зерттеулерді
жүргізу қағидасына
1-қосымша
Үлгі
_____________________________________________________________________
(Ветеринариялық зертхананың аталуы, мекен жайы /
Наименование ветеринарной лаборатории, адрес)
Биологиялық және патологиялық материалдың жарамсыз сынамасына хаттама №_____ / Протокол несоответствия пробы биологического и патологического материала №_______
Тапсырушы / Заказчик |
|
Тегі,аты, әкесінің аты (егер бар болса), мекеменің аталуы, мекен-жайы, телефоны / Фамилия и имя, отчество (при наличии), наименование организации, адрес, телефон) |
|
Сынаманың (биологиялық және патологиялық материалдың) тіркелу мәліметі / Регистрационные данные проб биологического и патологического материала) |
|
Биологиялық және патологиялық материалдың аталуы және сипаттамасы / Наименование и характеристика биологического и патологического материала) |
|
Сынаманың мөлшері / Количество проб |
|
(дана, килограмм, литр, № ден-№ дейін / штук, килограмм, литр, от № до №) |
|
Жеткізілген күні / Дата поступления |
20______ жылғы « __ » _______ |
Жарамсыз сынама деп саналады / Обнаружены пробы с несоответствием |
|
Сынама №, айқындау, жағдайы / №-пробы, пояснение, состояние) |
|
Ескертпе хабар / Уведомление: |
Сынама қабылдау және ақпарат бөлімі / Отдел приема проб и информации |
Хаттама корытындысы / Заключение протокола |
20____ жылғы « ___ » _______ |
Биологиялық және патологиялық материалды тапсырды /Сдал биологический и патологический материал
______________ ____________________________________________________
Қолы / Подпись Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /
Фамилия и имя, отчество (при наличии), должность
Биологиялық және патологиялық материалды қабылдады / Принял биологический и патологический материал
______________ ____________________________________________________
Қолы / Подпись Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /
Фамилия и имя, отчество (при наличии), должность
Диагностикалық зерттеулерді
жүргізу қағидасына
2-қосымша
Үлгі
_____________________________________________________________________
Ветеринариялық зертхананың аталуы, мекен жайы /
Наименование ветеринарной лаборатории, адрес
Биологиялық және патологиялық материалды қабылдап алу актісі/
Акт приема-передачи биологического и патологического материала
№ _______
Біз төмендегі қол қоюшылар/Мы нижеподписавшиеся;
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /Должность, фамилия, имя, отчество (при наличии),) Биологиялық және патологиялық материалды тексеруге қабылдап алу үшін осы акт жасалды /Составили настоящий акт в том, что произвели прием-передачу биологического и патологического материала, саны/ в количестве _______________________
_____________________________________________________________________
ветеринариялық зертхананың аталуы / наименование ветеринарной лаборатории Биологиялық және патологиялық материалды иелік етуші / Биологический и патологический материал
принадлежит _________________________________________________________
заңды тұлғаның толық мекен-жайы, теле.,факс, E-mail/
_____________________________________________________________________
полный адрес юридического лица, телефон, факс, E-mail Биологиялық және патологиялық материалдың қабылдау кезіндегі қалпы /Состояние биологического и патологического материала в момент передачи
_____________________________________________________________________
Жолдама құжаттары /Сопроводительные документы/ ______________________
_____________________________________________________________________
Биологиялық және патологиялық материалдың аталуы /Наименование биологического и патологического материала |
Саны / Количество |
Сынама номері / Номера проб |
Келісілген зерттеу әдісінің аталуы / Наименование согласованного метода исследований |
Әдістің стандарты/ Стандарт метода |
Ескерту/ Примечание |
Биологиялық және патологиялық материалды тапсырды / Сдал биологический и патологический материала
_____________ ____________________________________________________
______________ ____________________________________________________
Қолы / Подпись Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /
Фамилия и имя, отчество (при наличии), должность
Биологиялық және патологиялық материалды қабылдады / Принял биологический и патологический материал
______________ ____________________________________________________
Қолы / Подпись Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /
Фамилия и имя, отчество (при наличии), должность
20____ жылғы « ___ » ________ / « ___ » _________ 20___ года