Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің м.а. 2014 жылғы 26 наурыздағы № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 жылы 30 сәуірде № 9372 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 29-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М.Ахметниязова):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы                               Е. Байжүнісов

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрі 
міндетін атқарушының   
2014 жылғы 26 наурыздағы  
№ 151 бұйрығымен      
бекітілген         

Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидасы

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 29-5) тармақшасына және 173-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қағидалар туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) өтініш беруші белгілеген, бірақ осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге береді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Қағидаларда мынадай анықталамалар пайдаланылған:
      1) адамның тіршілік ету өнімдері – адамның ағзаның ішкі ортасына (қан, лимфа, тін сұйықтығы) және сыртқы ортаға бөлетін биологиялық заттары.
      2) биологиялық сұйықтықтар – бұл адамның физиологиялық және патологиялық сұйықтықтары, оларға амниоттық сұйықтық, ірің, қан, лимфа, қақырық, уыз, несеп, қуықасты безі сөлі, шырышты қабық сілемейі, синовиалды сұйықтық, шәуhет, жұлын-ми сұйықтығы, тін сұйықтығы, плевралды сұйықтық, мұрын сілемейі, тер, транссудат, құлақ құлығы, экссудат жатады.
      3) гемопоэздік дің жасушалары – адамның сүйек кемігінің саралана алатын қабілеті бар жасушалары.
      4) жасуша – жеке зат алмасуы бар, өзі өмір сүруге, өздігінен пайда болуға және дамуға қабілетті адам ағзасының негізгі құрылымдық-функционалдық бірлігі.
      5) қырынды – микроскопиялық, цитоморфологиялық және бактериоскопиялық зерттеу үшін арнайы аспаппен қыру арқылы алынған адамның зерттелетін материалы.
      6) патологиялық шығындылар – бұл сыртқы ортаға бөлінетін, патологиялық процестің дамуы нәтижесінде пайда болған немесе өздерінің физикалық-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамын өзгерткен (ағзадағы патологиялық процесс кезінде пайда болатын шығындылар) адамның тіршілік ету өнімдері.
      7) сөл – жасушалардан бөлінетін немесе биологиялық белсенді заттарды қамтитын сұйықтық.
      8) сүйек кемігі – сүйектің кеуекті затында және сүйек-кемік қуыстарында орналасқан орталық қан өндіру органы.
      9) сүртінді – микроскоппен одан әрі зерттеу мақсатында шыны затқа жағылған адамның зерттелетін материалы.
      10) тін – ортақ пайда болумен, құрылымымен және орындайтын функцияларымен біріктірілген адам ағзасының жасушалары мен жасушааралық заттарының жиынтығы.
      11) физиологиялық шығындылар – бұл сыртқы ортаға бөлінетін және тұрақты химиялық құрамы мен белгілі бір физикалық-химиялық қасиеттері бар адамның тіршілік ету өнімдері.
      12) шайынды – физиологиялық ерітіндімен, зарарсыздандыру суымен немесе арнайы сұйықтықпен жуу арқылы зерттелетін материалды зерттелетін ағзаан алу әдісі.

2. Гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе)
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыларды
(рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібі

      5. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) алу үшін денсаулық сақтау ұйымы мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) «гематология» немесе «онкология» мамандығы бойынша медициналық қызмет лицензиясының көшірмесі;
      3) адамның гемопоэздік дің жасушаларына және (немесе) сүйек кемігіне туыстас емес транспланттауды жүргізу туралы импорттаушы-елдің немесе экспорттаушы-елдің денсаулық сақтау ұйымымен жасасқан шарттың (келісімшарттың) мемлекеттік және (немесе) орыс тіліндегі теңтүпнұсқалы аудармасы бар нотариат растаған көшірмесі немесе адамның гемопоэздік дің жасушаларына және (немесе) сүйек кемігіне туыстас емес транспланттауды жүзеге асыру үшін донорды іздеу мен белсендендіруді жүргізу туралы импорттаушы-елдің немесе экспорттаушы-елдің адамның гемопоэздік дің жасушаларын және (немесе) сүйек кемігін тіркеу функцияларын жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) мемлекеттік және (немесе) орыс тіліндегі теңтүпнұсқалы аудармасы бар көшірмесі;
      4) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, олардың үлгілерінің биологиялық қауіпсіздігіне зерттеу нәтижелері;
      5) негізінде импорттаушы-елдің немесе экспорттаушы-елдің медициналық ұйымы медициналық қызметтерді көрсететін, мемлекеттік және (немесе) орыс тіліндегі теңтүпнұсқалы аудармасы бар құжаттың көшірмесі.
      6. Комитет Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру туралы өтініш қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын белгілейді.
      7. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі белгіленген жағдайда Комитет екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжделген бас тартуды ұсынады.
      8. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге өтініш Комитет өтінішті қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаралады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін денсаулық сақтау ұйымы немесе ғылыми қызметті жүзеге асыратын ұйым Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін:
      осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      медициналық қызметке арналған лицензияның көшірмесі;
      импорттаушы-елдің немесе экспорттаушы-елдің денсаулық сақтау ұйымымен жасасқан медициналық қызметтердің тиісті түрін көрсету туралы шарттың (келісімшарттың) мемлекеттік және (немесе) орыс тіліндегі теңтүпнұсқалы аудармасы бар нотариат растаған көшірмесі;
      2) диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін:
      осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      ғылыми қызметпен айналысуды растайтын құжаттың көшірмесі;
      импорттаушы-елдің немесе экспорттаушы-елдің денсаулық сақтау ұйымымен немесе ғылыми қызметті жүзеге асыратын ұйымымен жасасқан бірлескен ғылыми қызмет туралы шарттың (келісімшарттың) мемлекеттік және (немесе) орыс тіліндегі теңтүпнұсқалы аудармасы бар нотариат растаған көшірмесі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Комитет диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру туралы өтініш қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын белгілейді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі белгіленген жағдайда Комитет екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжделген бас тартуды ұсынады.
      12. Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруге өтініш Комитет өтінішті қабылдаған күннен бастап үш жұмыс ішінде қаралады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Қорытынды ережелер

      13. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) беруден бас тарту үшін негіздеме:
      1) құжаттар пакетін толық ұсынбауы;
      2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес ақпараттың болуы;
      3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 5-тармағының 1-5)-тармақшаларында және 9-тармағының 1-2)-тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      4) егер өтініш иесіне қатысты соттың мәлімделген қызмет түрімен айналысуға тыйым салу туралы шешімі болған жағдайда.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруден бас тарту сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Денсаулық сақтау ұйымы туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Комитет мекенжайына осы Қағидаларға 56-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша оларды алғаны туралы есепті және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылдау актісінің көшірмелерін ұсынады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы гемопоэздік дің жасушаларын және сүйек кемігін әкелуді және (немесе) әкетуді жүзеге асырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Комитетті гемопоэздік дің жасушаларын және сүйек кемігін әкелудің және (немесе) әкетудің әрбір жағдайы туралы хабардар етеді.

Туыстас емес транспланттауды жүргізу 
мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын,
сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды,
сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға
арналған немесе биомедициналық зерттеулер
жүргізу процесінде алынған жасушалардың,
тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен
сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік
әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және
патологиялық шығындылардың, сүртінділердің,
қырындылардың, шайындылардың үлгілерін
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге
және Қазақстан Республикасының аумағынан
әкетуге қорытындылар (рұқсат беру
құжаттарын) беру қағидаларына
1-қосымша           

                                                                нысан

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарыдағы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздікдің
жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда,
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе)
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге (рұқсат беру құжаты)
ҚОРЫТЫНДЫ

                                               201 /_____/____/№ ____
                                             жылы күні айы      

___________________________________________________________________
            (Қорытынды берген мемлекеттік органның атауы)
Берілді ___________________________________________________________
                ( Елі, ұйымның атауы, заңды мекенжайы)
Өткізу түрі _______________________________________________________

_______________________________________/ /_________________________
(Тауарлардың бірыңғай тізбесі бөлімі)        (КО СЭҚ ТН коды)

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі




Алушы/жіберуші*_____________________________________________________
                       (атауы, заңды мекенжайы, елі)

Тағайындалатын/жіберілетін елі*_____________________________________
Әкелу/әкету мақсаты ________________________________________________
Уақытша әкелу (әкету) мерзімі ______________________________________
Негіздеме:__________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қосымша ақпарат ____________________________________________________
____________________________________________________________________
Транзит елі ________________________________________________________
                         (аумақ бойынша транзит)

                                                Қолы ______________

Күні ___________________
Қорытынды __________________ дейін жарамды

              МО              ___________________________________
                                            (Т.А.Ә.)
                              ___________________________________
                                            (лауазымы)

<*> тауарлар санатына қойылатын талаптарды ескере отырып, толтырылады

Туыстас емес транспланттауды жүргізу
мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын,
сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды,
сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға
арналған немесе биомедициналық зерттеулер
жүргізу процесінде алынған жасушалардың,
тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен
сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік
әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және
патологиялық шығындылардың, сүртінділердің,
қырындылардың, шайындылардың үлгілерін
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге
және Қазақстан Республикасының аумағынан
әкетуге қорытындылар (рұқсат беру
құжаттарын) беру қағидаларына
2-қосымша             

нысан

Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе
биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған
жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің,
оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық
және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың,
шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан
әкетуге (рұқсат беру құжаты) қорытынды
201 /_____/____/№ ____
жылы айы күні

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

____________________________________________________________________
             (Қорытынды берген мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________ берілді
            (Елі, ұйымның атауы, заңды мекенжайы)
Өткізу түрі _________________________________________________________

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі







Алушы/жіберуші*_____________________________________________________
                      (атауы, заңды мекенжайы, елі)
Тағайындалатын/жіберілетін елі*______________________________________
Әкелу/әкету мақсаты _________________________________________________
Уақытша әкелу (әкету) мерзімі________________________________________
Негіздеме:___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қосымша ақпарат _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
Транзит елі__________________________________________________________
                              (аумақ бойынша транзит)
____________________________________________________________________
                      Қолы __________________Күні __________________
Қорытынды __________________ дейін жарамды

      МО ____________________________________

(бар болса) _________________________________
          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
                  __________________
                    (лауазымы)

Туыстас емес транспланттауды жүргізу
мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын,
сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды,
сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға
арналған немесе биомедициналық зерттеулер
жүргізу процесінде алынған жасушалардың,
тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен
сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік
әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және
патологиялық шығындылардың, сүртінділердің,
қырындылардың, шайындылардың үлгілерін
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге
және Қазақстан Республикасының аумағынан
әкетуге қорытындылар (рұқсат беру
құжаттарын) беру қағидаларына
3-қосымша            

нысан

Гемопоэздік дің жасушаларын, адамның сүйек кемігін, туыстас
емес транспланттауды жүргізу мақсатында өткізген жағдайда
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе)
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыларды
(рұқсат беру құжаттарын) алу үшін
Өтініш

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

____________________________________________________________________
    (импорттаушы (экспорттаушы) ұйымның атауы, оның мекенжайы)
___________________(күні) № _______ келісімшартқа сәйкес туыстас емес
транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек
кемігін Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) әкелуге
(әкетуге) рұқсат беруді сұрайды
_____________________________________________________________________
                             (атауы, саны)
_____________________________________________________________________
           (әкелудің/әкетудің нақты мақсатын көрсету)
Алушы/жіберуші ______________________________________________________
                       (атауы, заңды мекенжайы, елі)
_____________________________________________________________________
Тағайындалатын/жіберілетін елі_______________________________________
Мынадай құжаттар қоса беріледі:
____________________________________________________________________
    (ұйым басшысы лауазымының атауы) (қолы) (тегі, аты-жөне, әкесінің
                                                  аты) (бар болса)

Туыстас емес транспланттауды жүргізу
мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын,
сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды,
сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға
арналған немесе биомедициналық зерттеулер
жүргізу процесінде алынған жасушалардың,
тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен
сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік
әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және
патологиялық шығындылардың, сүртінділердің,
қырындылардың, шайындылардың үлгілерін
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге
және Қазақстан Республикасының аумағынан
әкетуге қорытындылар (рұқсат беру
құжаттарын) беру қағидаларына
4-қосымша             

нысан

Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе
биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған
жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің,
оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық
және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың,
шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан
әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) алу үшін өтініш

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_______________________________________________________________
   (импорттаушы (экспорттаушы) ұйымның атауы, оның мекенжайы)
______ (күні) № __________ келісімшартқа сәйкес жасушалардың,
тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның
тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық
шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін
Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) әкелуге (әкетуге)
рұқсат беруді сұрайды
____________________________________________________________________
                            (атауы, саны)
Диагностикалық ғылыми мақсаттар үшін биомедициналық зерттеулер
жүргізу процесінде алынған
__________________________________________________ (әкелу/әкету
мақсаты, керектісін астын сызу)
Мынадай құжаттар қоса беріледі: _____________________________________
____________________________________________________________________
(ұйым басшысы лауазымының атауы) (қолы)(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туыстас емес транспланттауды жүргізу
мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын,
сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды,
сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға
арналған немесе биомедициналық зерттеулер
жүргізу процесінде алынған жасушалардың,
тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен
сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік
әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және
патологиялық шығындылардың, сүртінділердің,
қырындылардың, шайындылардың үлгілерін
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге
және Қазақстан Республикасының аумағынан
әкетуге қорытындылар (рұқсат беру    
құжаттарын) беру қағидаларына      
5-қосымша               

нысан

      Ескерту. 5-қосымшаның жоғарыдағы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, сондай-ақ жасушалардың,
тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның
тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық
шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін
алу туралы
ЕСЕП

__________________________________________________________________
(Медициналық ұйымның атауы)

Өткізу түрі ________________________________________________________

________________________________________/ /_________________________
  (Тауарлардың бірыңғай тізбесі бөлімі)        (КО СЭҚ ТН коды*)

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі

Жіберу күні

Алу күні






Алушы/жіберуші _____________________________________________________
                       (атауы, заңды мекенжайы, елі)
____________________________________________________________________

Тағайындалатын/жіберілетін елі _____________________________________
Әкелу (әкету) мақсаты ______________________________________________
Негіздеме/Мақсаты:__________________________________________________
Қосымша ақпарат ____________________________________________________

Қолы _______________ Күні _________      ___________________________
                                     МО           (Т.А.Ә.)

Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында 
гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін    
өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық
ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық
зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың,
тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің,
оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің,
физиологиялық және патологиялық шығындылардың,
сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар
(рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларына    
6-қосымша                     

нысан

      Ескерту. 6-қосымшаның жоғарыдағы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.07.2016 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, сондай-ақ жасушалардың,
тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның
тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық
шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін
алу туралы
ЕСЕП

__________________________________________________________________
(Медициналық ұйымның атауы)

Өткізу түрі _________________________________________________________

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі

Жіберу күні

Алу күні






Алушы/жіберуші _____________________________________________________
                       (атауы, заңды мекенжайы, елі)
____________________________________________________________________

Тағайындалатын/жіберілетін елі _____________________________________
Әкелу (әкету) мақсаты ______________________________________________
Негіздеме/Мақсаты:__________________________________________________
Қосымша ақпарат ____________________________________________________

Қолы _______________ Күні _________      ___________________________
                                     МО           (Т.А.Ә.)