Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 наурызда № 9200 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.05.2016 № 473 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.05.2016 № 473 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 8 ақпандағы
№ 76 бұйрығымен
бекітілген

Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидалар

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.05.2016 № 473 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 № 894 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.05.2016 № 473 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 № 894 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Еңбекші көшіп келушінің рұқсаты негізінде жұмыс беруші - жеке тұлғаларда үй жұмыскерлері ретінде үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілер еңбекші көшіп келушілер болып табылады.

      3. Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы сауалнама-өтініште көрсетілген мерзімге беріледі және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      Еңбекші көшіп келушіге берілетін рұқсаттың ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауы тиіс.

      Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат бұрынғы рұқсатының мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кейін беріледі.

      Еңбекші көшіп келуші өтініш білдірген кезде бастапқы рұқсат немесе оны ұзарту, сондай-ақ бас тарту өтініш білдірген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді.

      4. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын және рұқсатты алуға арналған өтініште көрсетілген кезеңге жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегенін растайтын құжаттарды ұсынған кезде беріледі.

      5. Рұқсат алу үшін еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон қызметі бөлінісіне немесе Мемлекеттік корпорацияға (Көші-қон қызметтерін көрсету орталығына) мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы сауалнама-өтініш;

      2) жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртек көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);

      3) Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 86/е нысан бойынша медициналық анықтаманы;

      5) жүргізілген дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтама – осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке ұсынады (Көшіп келушінің алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде еңбек рұқсатын алғаны туралы мәліметтер болған кезде дактилоскопиялау және суретке түсіру жүргізілмейді);

      6) медициналық сақтандырудың көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);

      Басқа құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасына кірген немесе бастапқы тіркелген кезде көрсетілген шетелдіктің кіру мақсаты еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 № 894 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған көші-қон қызметі бөлінісінің қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне салыстыра тексеруді жүзеге асырады, оның ішінде:

      1) сауалнама-өтініштің сұрақтарына жауаптардың мазмұнын жеке басты куәландыратын құжаттардың (ұлттық паспорты) деректерімен және шетелдікпен әңгімелесу барысында алынған мәліметтермен "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) деректері бойынша және басқа да көздер арқылы салыстырады;

      2) шетелдіктің азаматтығын Қазақстан Республикасында кемінде үш ай мерзімге визасыз болу мүмкіндігін көздейтін, Қазақстан Республикасы кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісімдер жасасқан елдердің тізімдерімен салыстыра тексереді;

      3) жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленген сомасы сауалнама-өтініште көрсетілген еңбекші көшіп-келуші рұқсатының жарамдылық мерзіміне сәйкес келуін тексереді;

      4) ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитететінің деректер базалары бойынша соттылығының бар-жоғына және іздестіруде жүрген/жүрмегеніне тексеруді жүзеге асырады, тексеріс нәтижелері материалдарға қоса тігіледі.

      Еңбекші көшіп-келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы сауалнама-өтініштің, дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтаманың және көші-қон карточкасының түпнұсқасы, жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртектің, жеке басты куәландыратын құжаттың, сонымен қатар медициналық сақтандырудың көшірмелерін еңбекші көшіп-келушіге басталатын жинақтау материалдарына (бұдан әрі - материалдар) қоса тігеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 № 894 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тексеріс нәтижесі оң болған кезде қызметкер "Бүркіт" БАЖ "Жұмыс істеуге арналған рұқсат" ақпараттық объектісіне (бұдан әрі - АО) шетелдік Мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде "Бүркіт" БАЖ-да есептік жазбаның жүйелі нөмірін енгізеді. Бұл ретте "Бүркіт" БАЖ:

      шетелдіктің елімізде болуының заңдылығын (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнін, бастапқы тіркеуді ресімдеуді);

      орындалмаған сот міндеттемелерінің, сол сияқты қылмыстық теріс қылықтардың жоқтығын (көрсетілген фактілер болған кезде рұқсат беруден бас тарту шығарылады);

      бұрын берілген рұқсаттардың бар-жоғын, олардың жарамдылық мерзімі өткеннен кейін шетелдіктің Қазақстан Республикасынан уақтылы шығуын, сондай-ақ бұрынғы рұқсаттың жарамдылық мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30-дан астам күн өткенін растауды автоматты режимде тексеруді жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 18.06.2015 № 545 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. "Бүркіт" БАЖ жүйесінің оң нәтижесі алынған кезде "Жұмыс істеуге арналған рұқсат" АО-да бағанды автоматты түрде толтырады:

      1) "Тегі, Аты және Әкесінің аты болған кезде";

      2) "Туған күні";

      3) "Жынысы";

      4) "Фотосы";

      5) "Азаматтығы";

      6) "Құжаттың нөмірі";

      7) "Құжаттың түрі";

      8) "Берген күні";

      9) "Құжаттың жарамдылық мерзімі".

      Содан кейін қызметкер "Бүркіт" БАЖ-ға шетелдіктің шетелде тұратын мекенжайын енгізеді.

      1) "Ел";

      2) "Облыс";

      3) "Аудан";

      4) "Елді мекен";

      5) "Көше";

      6) "Үй";

      7) "Корпус";

      8) "Пәтер";

      9) "Телефондары" (телефон кодтарын көрсете отырып).

      10) "Қосымша деректер" деген бағанда шетелдіктің отбасы құрамы туралы ақпарат, телефондары мен халықаралық телефон кодтарын көрсете отырып, оның шет елдегі байланыстары, сондай-ақ байланыс телефондарын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын туыстары немесе таныстары туралы мәліметтер енгізіледі.

      11) "Жарамдылық мерзімі" бағанына рұқсаттың әрекет етуі басталған күн және жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төленген төлемнің сомасына байланысты 1, 2 немесе 3 саны (ай саны) енгізіледі. Бұл ретте жарамдылық мерзімі аяқталатын күн автоматты түрде белгіленеді.

      Көші-қон қызметі қызметкерінің тегі, аты және болса әкесінің аты есептік жазбадан оны пайдалана отырып, жүйеге кіру жүзеге асырылған атпен енгізіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 № 894 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Бірегей штрих кодты қамтитын еңбекші көшіп келушіге арналған рұқсат "Бүркіт" БАЖ-дың көмегімен екі данада басылып шығарылады, бұл ретте Мемлекеттік шекараны кесіп өткен кездегі "Бүркіт" БАЖ-дағы есептік жазбаның жүйелі нөмірі рұқсаттың нөмірі болып табылады.

      Рұқсаттың бірінші данасы еңбекші көшіп келушіге оны дактилоскопиялау жүзеге асырылғаннан кейін беріледі.

      Рұқсаттың екінші данасы материалдарға қоса тігіледі.

      10. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат берумен біруақытта көшіп келушіге жаңа көші-қон карточкасы ресімделеді, оның "болу мақсаты" деген бағанында "еңбекші көшіп келуші" көрсетіледі. Тіркеу мерзімі еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзіміне ресімделеді.

      11. Еңбекші көшіп келушінің рұқсаты жұмыс беруші - жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбекші көшіп келушінің еңбек шарттарын жасасуы үшін негіз болып табылады.

      12. Бір жұмыс беруші - жеке тұлғаның үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын біруақытта бестен астам еңбекші көшіп келушімен жасасуға жол берілмейді.

      13. Еңбекші көшіп келушінің рұқсаты ол берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбекші көшіп келушінің жұмыс беруші - жеке тұлғада үй шаруашылығында үй жұмыскерлері жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) құқығын береді.

      14. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берген кезде осы Қағидада белгіленген тәртіппен еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дактилоскопиялық, фотоесептерді қалыптастыру жүргізіледі.

3-тарау. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды ұзарту

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 № 894 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Еңбекші көшіп келушінің өтініші бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге бірнеше мәрте ұзартылады және бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.

      16. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде бұрынғы кезеңде жұмыстар орындағанын (қызметтер көрсеткенін), сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге рұқсат ұзартылатын кезеңге жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегенін растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұзартылады.

      17. Рұқсатты ұзарту үшін еңбекші көшіп-келуші Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон қызметі бөлінісіне немесе Мемлекеттік корпорацияға (Көші-қон қызметтерін көрсету орталығына) мынадай құжаттарды:

      1) Қағиданың 5-бабының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;

      2) еңбекші көшіп-келушіге бұрын берілген рұқсат;

      3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көшіп-келуші арасында жасалған еңбек шартының көшірмесін;

      4)медициналық сақтандырудың көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі) рұсқат берудің сұрау уақытына.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 № 894 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Құжаттарды тексеру нәтижесі оң болған кезде қызметкер "Бүркіт" БАЖ-дың "Жұмыс істеуге рұқсат" АО-да еңбекші көшіп келушіге берілген бастапқы рұқсат туралы жазбаны табады, содан кейін:

      1) "рұқсатты ұзарту" деген бағанда жеке тұлғамен жасалған еңбек шарты туралы деректер енгізеді (еңбек шартының көшірмесі материалдарға қоса тігіледі);

      2) "Бүркіт" БАЖ сөздігінен еңбек қызметін жүзеге асыру санаты таңдалады;

      3) "Жарамдылық мерзімі" бағанында жеке кіріс салығы бойынша төленген алдын ала төлемнің сомасына қарай 1, 2 немесе 3 саны енгізіледі. Бұл ретте еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімінің аяқталған күні автоматты түрде қойылады және бастапқы берілген күнінен бастап 12 айдан астам мерзімге рұқсатты жалпы ұзартуға мүмкіндік бермейді;

      4) ішкі істер органдарының деректер базалары бойынша соттылығының бар-жоғына және іздестіруде жүрген/жүрмегеніне тексеруді жүзеге асырады, тексеріс нәтижелері материалдарға қоса тігіледі.

      19. Жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушінің ұзартылған рұқсаты осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімеделеді және "Бүркіт" БАЖ-дың көмегімен екі данада басып шығарылады. Бұл ретте рұқсаттың бірінші данасы еңбекші көшіп келушіге беріледі, екіншісі - материалдарға қоса тігіледі.

      20. Егер еңбекші көшіп келуші рұқсатты ұзарту үшін басқа көші-қон қызметі бөлінісіне өтініш білдірсе, онда қызметкер есептік жазбаның жүйелі нөмірі бойынша "Бүркіт" БАЖ-да іздеуді жүзеге асырады, содан кейін осы Қағиданың 17 және 18-тармақтарына сәйкес рұқсатты ұзартуды жүзеге асырады.

      Бұл ретте еңбекші көшіп келушіні уақытша болатын жаңа жері бойынша тіркеу жүргізіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 № 894 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Рұқсатын ұзартқан еңбекші көшіп келушінің көші-қон карточкасында тіркеуді ұзарту туралы белгі қойылады.

      22. Еңбекші көшіп келушінің рұқсатын ұзарту материалдары рұқсатты бастапқы берген жеріне жіберілмейді, ол ұзартуды ресімдеген көші-қон қызметі бөлінісінде сақталады. Рұқсатты бастапқы алудың және ұзарту материалдарын сақтау мерзімі – 1 жыл.

      Рұқсат абайсызда бүлінген немесе жоғалған жағдайда, қызметкер аумақтық ішкі істер органдары бөлінісі басшылығының атына ерікті түрде ресімделген өтініштің негізінде "Бүркіт" БАЖ бойынша тиісті тексерістен кейін рұқсаттың телнұсқасын береді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 № 894 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Еңбекші көшіп келушінің рұқсатын қайтарып алу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 № 894 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Мыналар:

      1) жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй жұмыскерлері ретінде үй шаруашылығында жұмыстар орындаумен (қызметтер көрсетумен) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асыру;

      2) еңбекші көшіп-келушіде еңбек шартында көрсетілген, таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруының болуы;

      3) еңбекші көшіп-келушінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуы еңбекші көшіп-келушіден рұқсатты қайтарып алу үшін негіздер болып табылады.

      Еңбекші көшіп-келушіден рұқсатты қайтарып алу туралы ақпарат қайтарып алу негіздерін көрсете отырып, "Бүркіт" БАЖ-ға енгізіледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 18.06.2015 № 545 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Еңбекші көшіп келушіден рұқсатты қайтарып алумен біруақытта оны тіркеу мерзімі қысқартылады, бұл ретте шетелдіктің Қазақстан Республикасының аумағынан кетуінің ақылға қонымды мерзімі көрсетіледі.

5-тарау. Еңбекші көшіп келушіні тіркеу, еңбекші көшіп келушілердің дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 № 894 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. "Бүркіт" БАЖ-ға ақпарат енгізгенге дейін жедел-криминалистикалық бөліністің қызметкері қағаз тасымалдағышқа бояғыштарды пайдалану немесе дактилоскопиялық сканерде жүріп өту арқылы еңбекші көшіп келушіні дактилоскопиялауды жүзеге асырады.

      26. Тексеріс нәтижесі осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы анықтамамен ресімделеді. Анықтама екі данада ресімделеді, бірінші данасы деректер базасын қалыптастыру және есептер бойынша тексеру үшін жедел-криминалистикалық бөліністе қалады, екіншісі еңбекші көшіп келушіге беріледі. Бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталған кезде материал ішкі істер органдарының жедел бөліністеріне беріледі.

      27. Дактилоскопиялау жедел-криминалистикалық бөліністің қызметтік үй-жайларында немесе кезекші бөлімдерде жүргізіледі.

  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсаттар беру, ұзарту және
қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді
тіркеу, олардың
дактилоскопиялық,
фотоесептерін қалыптастыру
және жүргізу қағидасына
1-қосымша

      Нысан

ЕҢБЕКШІ КӨШІП КЕЛУШІНІҢ РҰҚСАТЫ
№ ____________________

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 № 894 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тегі ____________________________________________________________________

      Аты ____________________________________________________________________

      Әкесінің аты (болса) ______________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың №____________________________________

      Азаматтығы _____________________________________________________________

      20___жылғы "____" _______ бастап 20___ жылғы "____" _______

      аралығында

      ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА ҮЙ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІ РЕТІНДЕ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ

      АСЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

      Көші-қон қызметінің жауапты қызметкері

      20___ жылғы "__" _________ М.О.

      Т.А.Ә (болса)., лауазымы ________________________________ қолы.

      Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі 20 __ жылғы

      "____" _______ дейін ұзартылды.

      Көші-қон қызметінің жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә (болса)., лауазымы ________________________________ қолы.

      Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі 20___ жылғы

      "____"_______ дейін ұзартылды.

      Көші-қон қызметінің жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә (болса)., лауазымы ________________________________ қолы.

      Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі 20 ___ жылғы

      "___"_______ дейін ұзартылды.

      Көші-қон қызметінің жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә(болса)., лауазымы ________________________________ қолы.

      РҰҚСАТ ЖЕКЕ БАСТЫ КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТТЫ

      ҰСЫНҒАН КЕЗДЕ ҒАНА ЖАРАМДЫ

      Көші-қон қызметінің жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә (болса)., лауазымы _______________________________ қолы.

      Рұқсаттың көлемі 88х125 мм.

  Еңбекші көшіп келушіге
рұқсаттар беру, ұзарту және
қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді
тіркеу, олардың
дактилоскопиялық,
фотоесептерін қалыптастыру
және жүргізу қағидасына
2-қосымша

      Нысан

Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру (ұзарту) туралы
сауалнама-өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 08.12.2018 № 894 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ПД КҚҚБ (б) бастығы ______________________________________________________

      Азамат (азаматтығы) ______________________________________________________

      Тегі _____________________________________________________________________

      Аты _____________________________________________________________________

      Әкесінің аты (болса) ______________________________________________________

      Туған күні _______________________________________________________________

      Туған жері ______________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы мен № ________________________

      Сізден жұмыс беруші - жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге 1, 2, 3 ай мерзімге (керек емесінің астын сызыңыз) рұқсат беруіңізді/ұзартуыңызды (керек емесінің астын сызыңыз) сұраймын.

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Тұрақты тұратын жерім ____________________________________________________

      (азаматтығы, тұрақты тұратын жерінің толық мекенжайы, ел, облыс, қала, аудан, кент,

      көше, үйдің нөмірі, телефон, оның ішінде ұялы телефон көрсетіледі).

      Отбасы құрамы: _________________________________________________________

      (отбасы жағдайы, жұбайының анықтамалық деректері/ және (Т.А.Ә (болса).,

      туған жылы), балалар саны, үй телефоны көрсетіледі).

      Шетелдегі ықтимал байланыстары:

      (күтпеген мән-жайлар туындаған кезде байланысты ықтимал орнату үшін жақын

      туыстары, олардың байланыстары көрсетіледі).

      4. Қазақстан Республикасындағы туыстары немесе таныстары

      (туыстық дәрежесі, толық мекенжайы, байланыс телефоны, оның ішінде ұялы

      телефоны көрсетіледі).

      ________________________________________________________________________

      5. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы (қала, аудан, көше, үй,

      пәтер, телефон, оның ішінде ұялы телефон).

      ________________________________________________________________________

      6. Жұмыс берушінің мекенжайы ____________________________________________

      (жұмыс орны, қала, аудан, көше, үй, пәтер, телефоны, оның ішінде ұялы телефоны

      6-тармақ ұзартқан кезде толтырылады.

      Көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Т.А.Ә (болса). қолы

  Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру,
ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді тіркеу,
олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін
қалыптастыру және жүргізу қағидасына
3-қосымша

      Нысан

Дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы
АНЫҚТАМА

      _______________________________________________________ берілді.

      (Т.А.Ә, туған күні)

      Азаматтығы ____________________________ Жынысы ______________________

      Тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ішкі істер органының атауы __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Дактилоскопиялауды жүргізген ________________________________________

      (қызметкердің лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________________________

      _______________________________

      (дактилоскопия жүргізілген күні) (қолы)