Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 наурызда № 9200 тіркелді

Қолданыстағы

      «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 8 ақпандағы
№ 76 бұйрығымен   
бекітілген     

Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып
алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың
дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру

      2. Еңбекші көшіп келушінің рұқсаты негізінде жұмыс беруші - жеке тұлғаларда үй жұмыскерлері ретінде үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілер еңбекші көшіп келушілер болып табылады.
      3. Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы сауалнама-өтініште көрсетілген мерзімге беріледі және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      Еңбекші көшіп келушіге берілетін рұқсаттың ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауы тиіс.
      Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат бұрынғы рұқсатының мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кейін беріледі.
      Еңбекші көшіп келуші өтініш білдірген кезде бастапқы рұқсат немесе оны ұзарту, сондай-ақ бас тарту өтініш білдірген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді.
      4. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын және рұқсатты алуға арналған өтініште көрсетілген кезеңге жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегенін растайтын құжаттарды ұсынған кезде беріледі.
      5. Рұқсат алу үшін еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон полициясы бөлінісіне мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы сауалнама-өтініш - түпнұсқасын;
      2) жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртек – түпнұсқасы мен көшірмесін;
      3) жеке басты куәландыратын құжат – анықтамалық деректері бар беттердің және Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар парақтың түпнұсқасы мен көшірмелерін;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген нысан бойынша көші-қон карточкасын;
      5) соттылығының барын не жоғын растайтын құжат – түпнұсқасын;
      6) жүргізілген дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтама – осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түпнұсқасын жеке ұсынады.
      Басқа құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Қазақстан Республикасына кірген немесе бастапқы тіркелген кезде көрсетілген шетелдіктің кіру мақсаты еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
      6. Осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған көші-қон полициясы бөлінісінің қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне салыстыра тексеруді жүзеге асырады, оның ішінде:
      1) сауалнама-өтініштің сұрақтарына жауаптардың мазмұнын жеке басты куәландыратын құжаттардың деректерімен және шетелдікпен әңгімелесу барысында алынған мәліметтермен «Бүркіт» Бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) деректері бойынша және басқа да көздер арқылы салыстырады;
      2) шетелдіктің азаматтығын Қазақстан Республикасында кемінде үш ай мерзімге визасыз болу мүмкіндігін көздейтін (43-1-бап), Қазақстан Республикасы кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісімдер жасасқан елдердің тізімдерімен салыстыра тексереді;
      3) шетелдіктің кәмелетке толғанын тексереді;
      4) жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленген сомасы сауалнама-өтініште көрсетілген еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзіміне сәйкес келуін тексереді;
      5) ішкі істер органдарының деректер базалары бойынша соттылығының бар-жоғына және іздестіруде жүрген/жүрмегеніне тексеруді жүзеге асырады, тексеріс нәтижелері материалдарға қоса тігіледі.
      Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы сауалнама-өтініштің, дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтаманың және көші-қон карточкасының түпнұсқасы, жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртектің, жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелерін еңбекші көшіп келушіге басталатын жинақтау материалдарына (бұдан әрі - материалдар) қоса тігеді.
      Қабылдаған қызметкер құжаттардың көшірмелерін жеке куәландырады.
      7. Тексеріс нәтижесі оң болған кезде қызметкер «Бүркіт» БАЖ «Жұмыс істеуге арналған рұқсат» ақпараттық объектісіне (бұдан әрі - АО) шетелдік Мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде «Бүркіт» БАЖ-да есептік жазбаның жүйелі нөмірін енгізеді. Бұл ретте «Бүркіт» БАЖ:
      шетелдіктің елімізде болуының заңдылығын (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнін, бастапқы тіркеуді ресімдеуді);
      заң бұзушылықтың немесе өтелмеген әкімшілік жазаның, сондай-ақ орындалмаған сот міндеттемелерінің, сол сияқты қылмыстық теріс қылықтардың жоқтығын (көрсетілген фактілер болған кезде рұқсат беруден бас тарту шығарылады);
      бұрын берілген рұқсаттардың бар-жоғын, олардың жарамдылық мерзімі өткеннен кейін шетелдіктің Қазақстан Республикасынан уақтылы шығуын, сондай-ақ бұрынғы рұқсаттың жарамдылық мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30-дан астам күн өткенін растауды автоматты режимде тексеруді жүзеге асырады.
      8. «Бүркіт» БАЖ жүйесінің оң нәтижесі алынған кезде «Жұмыс істеуге арналған рұқсат» АО-да бағанды автоматты түрде толтырады:
      1) «Тегі, Аты және болса Әкесінің аты»;
      2) «Туған күні»;
      3) «Жынысы»;
      4) «Фотосуреті»;
      5) «Азаматтығы»;
      6) «Құжаттың нөмірі»;
      7) «Құжаттың түрі»;
      8) «Берген күні»;
      9) «Құжаттың жарамдылық мерзімі».
      Содан кейін қызметкер «Бүркіт» БАЖ-ға шетелдіктің шетелде тұратын мекенжайын енгізеді.
      1) «Ел»;
      2) «Облыс»;
      3) «Аудан»;
      4) «Елді мекен»;
      5) «Көше»;
      6) «Үй»;
      7) «Корпус»;
      8) «Пәтер»;
      9) «Телефондары» (телефон кодтарын көрсете отырып).
      10) «Қосымша деректер» деген бағанда шетелдіктің отбасы құрамы туралы ақпарат, телефондары мен халықаралық телефон кодтарын көрсете отырып, оның шет елдегі байланыстары, сондай-ақ байланыс телефондарын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын туыстары немесе таныстары туралы мәліметтер енгізіледі.
      11) «Жарамдылық мерзімі» бағанына рұқсаттың әрекет етуі басталған күн және жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төленген төлемнің сомасына байланысты 1, 2 немесе 3 саны (ай саны) енгізіледі. Бұл ретте жарамдылық мерзімі аяқталатын күн автоматты түрде белгіленеді.
      Көші-қон полициясы қызметкерінің тегі, аты және болса әкесінің аты есептік жазбадан оны пайдалана отырып, жүйеге кіру жүзеге асырылған атпен енгізіледі.
      9. Бірегей штрих кодты қамтитын еңбекші көшіп келушіге арналған рұқсат «Бүркіт» БАЖ-дың көмегімен екі данада басылып шығарылады, бұл ретте Мемлекеттік шекараны кесіп өткен кездегі «Бүркіт» БАЖ-дағы есептік жазбаның жүйелі нөмірі рұқсаттың нөмірі болып табылады.
      Рұқсаттың бірінші данасы еңбекші көшіп келушіге оны дактилоскопиялау жүзеге асырылғаннан кейін беріледі.
      Рұқсаттың екінші данасы материалдарға қоса тігіледі.
      10. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат берумен біруақытта көшіп келушіге жаңа көші-қон карточкасы ресімделеді, оның «болу мақсаты» деген бағанында «еңбекші көшіп келуші» көрсетіледі. Тіркеу мерзімі еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзіміне ресімделеді.
      11. Еңбекші көшіп келушінің рұқсаты жұмыс беруші - жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбекші көшіп келушінің еңбек шарттарын жасасуы үшін негіз болып табылады.
      12. Бір жұмыс беруші - жеке тұлғаның үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын біруақытта бестен астам еңбекші көшіп келушімен жасасуға жол берілмейді.
      13. Еңбекші көшіп келушінің рұқсаты ол берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбекші көшіп келушінің жұмыс беруші - жеке тұлғада үй шаруашылығында үй жұмыскерлері жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) құқығын береді.
      14. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берген кезде осы Қағидада белгіленген тәртіппен еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дактилоскопиялық, фотоесептерді қалыптастыру жүргізіледі.

3. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды ұзарту

      15. Еңбекші көшіп келушінің өтініші бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге бірнеше мәрте ұзартылады және бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.
      16. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде бұрынғы кезеңде жұмыстар орындағанын (қызметтер көрсеткенін), сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге рұқсат ұзартылатын кезеңге жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегенін растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұзартылады.
      17. Рұқсатты ұзарту үшін еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон полициясы бөлінісіне мынадай құжаттарды:
      1) Қағиданың 5-бабының 1)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;
      2) еңбекші көшіп келушіге бұрын берілген рұқсат – түпнұсқасы мен көшірмесін;
      3) қызметтер көрсету мерзімдерін, еңбекақысын төлеу сомасын, еңбекші көшіп келуші еңбек қызметін жүзеге асыратын мамандықты көрсете отырып, жұмыс беруші мен көшіп келуші арасында ерікті нысанда жасалған еңбек шартын;
      4) еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағынан шығу үшін қажетті қаражатты көрсете отырып, төлемге қабілеттілігін растайтын құжат – түпнұсқасы мен көшірмесін;
      5) еңбек шартында көрсетілген, таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурудың жоқтығын растайтын уәкілетті органның медициналық анықтамасын – түпнұсқасы мен көшірмесін;
      6) медициналық сақтандыру – түпнұсқасы мен көшірмесін жеке ұсынады;
      7) сауалнама-өтініштің түпнұсқасын, жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртектің, көші-қон карточкасының, бұрын берілген рұқсаттың, еңбек шартының, төлемге қабілеттігін растайтын құжаттың, соттылығының бар болуы немесе болмауы туралы анықтаманың, медициналық анықтаманың және сақтандырудың көшірмелерін материалдарға қоса тігеді.
      Қабылдаған қызметкер құжаттардың көшірмелерін жеке куәландырады.
      18. Құжаттарды тексеру нәтижесі оң болған кезде қызметкер «Бүркіт» БАЖ-дың «Жұмыс істеуге рұқсат» АО-да еңбекші көшіп келушіге берілген бастапқы рұқсат туралы жазбаны табады, содан кейін:
      1) «рұқсатты ұзарту» деген бағанда жеке тұлғамен жасалған еңбек шарты туралы деректер енгізеді (еңбек шартының көшірмесі материалдарға қоса тігіледі);
      2) «Бүркіт» БАЖ сөздігінен еңбек қызметін жүзеге асыру санаты таңдалады;
      3) «Жарамдылық мерзімі» бағанында жеке кіріс салығы бойынша төленген алдын ала төлемнің сомасына қарай 1, 2 немесе 3 саны енгізіледі. Бұл ретте еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімінің аяқталған күні автоматты түрде қойылады және бастапқы берілген күнінен бастап 12 айдан астам мерзімге рұқсатты жалпы ұзартуға мүмкіндік бермейді;
      4) ішкі істер органдарының деректер базалары бойынша соттылығының бар-жоғына және іздестіруде жүрген/жүрмегеніне тексеруді жүзеге асырады, тексеріс нәтижелері материалдарға қоса тігіледі.
      19. Жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушінің ұзартылған рұқсаты осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімеделеді және «Бүркіт» БАЖ-дың көмегімен екі данада басып шығарылады. Бұл ретте рұқсаттың бірінші данасы еңбекші көшіп келушіге беріледі, екіншісі - материалдарға қоса тігіледі.
      20. Егер еңбекші көшіп келуші рұқсатты ұзарту үшін басқа көші-қон полициясы бөлінісіне өтініш білдірсе, онда қызметкер есептік жазбаның жүйелі нөмірі бойынша «Бүркіт» БАЖ-да іздеуді жүзеге асырады, содан кейін осы Қағиданың 17 және 18-тармақтарына сәйкес рұқсатты ұзартуды жүзеге асырады.
      Бұл ретте еңбекші көшіп келушіні уақытша болатын жаңа жері бойынша тіркеу жүргізіледі.
      21. Рұқсатын ұзартқан еңбекші көшіп келушінің көші-қон карточкасында тіркеуді ұзарту туралы белгі қойылады.
      22. Еңбекші көшіп келушінің рұқсатын ұзарту материалдары рұқсатты бастапқы берген жеріне жіберілмейді, ол ұзартуды ресімдеген көші-қон полициясы бөлінісінде сақталады.
      Рұқсат абайсызда бүлінген немесе жоғалған жағдайда, қызметкер аумақтық ішкі істер органдары бөлінісі басшылығының атына ерікті түрде ресімделген өтініштің негізінде «Бүркіт» БАЖ бойынша тиісті тексерістен кейін рұқсаттың телнұсқасын береді.

4. Еңбекші көшіп келушінің рұқсатын қайтарып алу

      23. Мыналар:
      1) жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй жұмыскерлері ретінде үй шаруашылығында жұмыстар орындаумен (қызметтер көрсетумен) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асыру;
      2) еңбекші көшіп келушіде еңбек шартында көрсетілген, таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруының болуы;
      3) еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы еңбекші көшіп келушіден рұқсатты қайтарып алу үшін негіздер болып табылады.
      Еңбекші көшіп келушіден рұқсатты қайтарып алу туралы ақпарат қайтарып алу негіздерін көрсете отырып, «Бүркіт» БАЖ-ға енгізіледі.
      24. Еңбекші көшіп келушіден рұқсатты қайтарып алумен біруақытта оны тіркеу мерзімі қысқартылады, бұл ретте шетелдіктің Қазақстан Республикасының аумағынан кетуінің ақылға қонымды мерзімі көрсетіледі.

5. Еңбекші көшіп келушіні тіркеу, еңбекші көшіп келушілердің
дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу

      25. «Бүркіт» БАЖ-ға ақпарат енгізгенге дейін жедел-криминалистикалық бөліністің қызметкері қағаз тасымалдағышқа бояғыштарды пайдалану немесе дактилоскопиялық сканерде жүріп өту арқылы еңбекші көшіп келушіні дактилоскопиялауды жүзеге асырады.
      26. Тексеріс нәтижесі осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы анықтамамен ресімделеді. Анықтама екі данада ресімделеді, бірінші данасы деректер базасын қалыптастыру және есептер бойынша тексеру үшін жедел-криминалистикалық бөліністе қалады, екіншісі еңбекші көшіп келушіге беріледі. Бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталған кезде материал ішкі істер органдарының жедел бөліністеріне беріледі.
      27. Дактилоскопиялау жедел-криминалистикалық бөліністің қызметтік үй-жайларында немесе кезекші бөлімдерде жүргізіледі.

Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру,
ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді тіркеу,  
олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін
қалыптастыру және жүргізу қағидасына
1-қосымша              

Нысан

ЕҢБЕКШІ КӨШІП КЕЛУШІНІҢ РҰҚСАТЫ
№ ____________________

Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты ________________________________________________________

Паспорт № ___________________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________

20___жылғы «____» _______ бастап 20___ жылғы «____» _______
аралығында
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА ҮЙ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІ РЕТІНДЕ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

Көші-қон полициясының жауапты қызметкері
20___ жылғы «___» _________ М.О.
Т.А.Ә., лауазымы ________________________________ қолы.

Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі 20 __ жылғы «____»
_______ дейін ұзартылды.

Көші-қон полициясының жауапты қызметкері
20___ жылғы «___» _________ М.О.
Т.А.Ә., лауазымы ________________________________ қолы.

Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі 20___ жылғы «____»
____________ дейін ұзартылды.

Көші-қон полициясының жауапты қызметкері
20___ жылғы «___» _________ М.О.
Т.А.Ә., лауазымы ________________________________ қолы.

Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі 20 ___ жылғы «___»
________ дейін ұзартылды.

Көші-қон полициясының жауапты қызметкері
20___ жылғы «___» _________ М.О.
Т.А.Ә., лауазымы ________________________________ қолы.

РҰҚСАТ ҰЛТТЫҚ ПАСПОРТТЫ, КӨШІ-ҚОН КАРТОЧКАСЫН ЖӘНЕ ЕҢБЕК ШАРТЫН
ҰСЫНҒАН КЕЗДЕ ҒАНА ЖАРАМДЫ

Көші-қон полициясының жауапты қызметкері
20___ жылғы «___» _________ М.О.
Т.А.Ә., лауазымы ________________________________ қолы.

Рұқсаттың көлемі 88х125 мм.

Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру,
ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, 
олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін
қалыптастыру және жүргізу қағидасына
2-қосымша             

Нысан

ІІД КҚПБ (б) бастығы ____________

Азамат (азаматтығы) ___________________
Тегі _________________
Аты _________________
Әкесінің аты _________________
Туған күні _______________________
Туған жері _______________________
Ұлттық паспортының сериясы мен № _________________
 

Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру (ұзарту) туралы
сауалнама-өтініш

      Сізден жұмыс беруші - жеке тұлғаларда үй шаруашылығында
жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге
1, 2, 3 ай мерзімге (керек емесінің астын сызыңыз) рұқсат
беруіңізді/ұзартуыңызды (керек емесінің астын сызыңыз) сұраймын.
      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
      Тұрақты тұратын жерім _________________________________________
(азаматтығы, тұрақты тұратын жерінің толық мекенжайы, ел, облыс,
қала, аудан, кент, көше, үйдің нөмірі, телефон, оның ішінде ұялы
телефон көрсетіледі).
      Отбасы құрамы: ________________________________________________
(отбасы жағдайы, жұбайының анықтамалық деректері/ және (Т.А.Ә., туған
жылы), балалар саны, үй телефоны көрсетіледі).
      Шетелдегі ықтимал байланыстары:
      (күтпеген мән-жайлар туындаған кезде байланысты ықтимал орнату
үшін жақын туыстары, олардың байланыстары көрсетіледі).
      4. Қазақстан Республикасындағы туыстары немесе таныстары
(туыстық дәрежесі, толық мекенжайы, байланыс телефоны, оның ішінде
ұялы телефоны көрсетіледі).
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы (қала,
аудан, көше, үй, пәтер, телефон, оның ішінде ұялы телефон).
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Т.А.Ә.                                      қолы

Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру,
ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, 
олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін
қалыптастыру және жүргізу қағидасына
3-қосымша             

Нысан

Дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы
АНЫҚТАМА

_______________________________________________________ берілді.
                      (Т.А.Ә, туған күні)

Азаматтығы ____________________________ Жынысы ______________________

Тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ішкі істер органының атауы __________________________________________
_____________________________________________________________________
Дактилоскопиялауды жүргізген ________________________________________
                            (қызметкердің лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
_______________________________
(дактилоскопия жүргізілген күні)           (қолы)