Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсынуы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 12-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 19 ақпанда № 9167 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) және 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салымшылардың (алушылардың) Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидалары;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсынуы қағидалары бекітілсін.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті (М.С. Көзжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасының   
Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрінің    
2013 жылғы 22 қаңтарда .  
№ 12-ө бұйрығымен      
бекітілген          
1-қосымша           

Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру
қағидалары

      1. Осы Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидалары «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 839 қаулысына сәйкес әзірленді және салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын (бұдан әрі – дерекқор), міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн (бұдан әрi – бiрыңғай тiзiм) қалыптастыру тәртiбiн айқындайды.
      2. Уәкілетті ұйымы (бұдан әрі – Орталық) – Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған мәлiметтердiң, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры күн сайын беретiн мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданысы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтердің негізінде дерекқор мен бірыңғай тізімді қалыптастырады және күн сайын жаңартып отырады.
      3. Дерекқорда әрбiр салымшы жөнiнде мынадай мәлiметтер қамтылады: тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), салымшының (алушының) жынысы, туған күнi, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нөмірі, жасалған күні, оның қолданысын тоқтату күні мен себебі.
      4. Бірыңғай тізімде әрбір салымшы (алушы) жөнінде мынадай мәліметтер қамтылады: тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күнi, ЖСН, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нөмірі және жасалған күні, оның қолданысын тоқтату күні мен себебі.
      5. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған мәліметтердің негізінде Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттаманы (бұдан әрі – Хаттама) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.
      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді енгізуден бас тартылған жағдайда, Хаттамада Орталық пен бірыңғай жинақтаушы қоры арасындағы Ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес енгізілмеу себебін көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы енгізілмеген шарттар туралы ақпаратты қамтылуға тиіс.
      6. Орталық күн сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміндегі салымшылардың (алушылардың) деректемелерін Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтерімен салыстырып тексеруді жүргізеді.
      7. Салымшылардың (алушылардың) деректемелерінде: тегінде, атында, әкесінің атында (болған кезде), туған күнінде, ЖСН мен жынысында айырмашылықтар анықталған кезде Орталық салымшылардың деректемелерін Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтерімен сәйкес келтіреді.
      8. Салымшының (алушының) деректемелері өзгергендегі туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру ақпаратты жеткізудің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, Орталық пен бірыңғай жинақтаушы қоры арасындағы Ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес айқындалған электрондық тәсілмен бірыңғай тізімге өзгерістерді енгізген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
      9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтан салымшының (алушының) деректемелері өзгергені туралы мәліметтерді алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізеді.

Қазақстан Республикасы    
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің   
2013 жылғы 22 қаңтардағы  
№ 12-ө бұйрығымен    
бекітілген        
2-қосымша        

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталыққа салымшылармен
(алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы
жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі
мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып
ұсынуы қағидалары

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсынуы қағидалары «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 839 қаулысына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйымға (бұдан әрі – Орталық) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры күн сайын Орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы және алдағы жұмыс күні үшін береді.
      3. Мәліметтерді беру күн сайын Орталық пен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электрондық тәсіл арқылы ақпаратты жеткізудің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып Астана қаласының ағымдағы күнгі уақытының 23 сағат 30 минутынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
      4. Орталық мәліметтер келіп түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы мәліметтердің Орталыққа келіп түскені туралы куәландыратын электрондық хабарламаны және Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттаманы жібереді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының    
электрондық құжат айналымын пайдалана    
отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталыққа салымшылармен міндетті зейнетақы  
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы     
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру  
туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған   
шарттар туралы мәліметтерді ұсыну         
қағидаларына қосымша              

нысаны

20__жылғы «__»______міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған
шарттар туралы мәліметтер

Тегі

Аты

Әкесінің аты (болған кезде)

Салымшының жынысы

Туған
күні ЖЖЖЖ
ААКК

ЖСН

Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарт туралы мәліметтер

Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының нөмірі

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған және жеке зейнетақы шотының жабылған күні (ЖЖЖЖААКК)

Зейнетақымен
қамсыздандыру
туралы шарттың
қолданылуының
тоқтатылу
себебі

Нөмірі

Берілген күні(ЖЖЖЖ ААКК)

Нөмірі

Жасалған күні(ЖЖЖЖ
АА КК)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Ескертпе:

      12, 13-бағандар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт қолданылуын тоқтатқан кезде толтырылуға міндетті.
      13-бағанда міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуге тиіс:
      1 – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомаларын төлеу;
      2 - төтенше немесе ең жоғары радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;
      3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;
      4 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;
      5 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты;
      6 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;
      7 - алушының қайтыс болуына байланысты жерлеуге зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;
      8 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу;
      9 - салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы екі және одан көп шарт болған кезде ЖЗШ біріктіру;
      10 - зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болмауы;
      11 - еңбек сіңірген жылдар бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомаларын төлеу;
      12 - заң күшіне енген сот шешімі негізінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу;
      13 - ЖЗШ-да жинақтар болмаған кезде салымшының (алушының) бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу;
      14 - өзгелері (Ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес).