Түркістан қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19/115-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 30 қазанда № 2389 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түркістан қаласының ауылдық елдi мекендерiнде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн жергілікті бюджет қаражаты есебiнен 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтiк көмек берiлсiн.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Е.Тәңірбергенов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Ғ.Рысбеков