Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 142-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 тамызда № 2764 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және аудан әкімінің ұсынысына сай, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғарғы лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану табиғатты қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Д. Алтаева) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХV сессиясының төрағасы                    Қ. Сакупов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т. Жолмағамбетов