Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:
1) "Ветеринариялық анықтама беру";
2) "Жануарға ветеринариялық паспорт беру";
3) "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі Б. Әбдішев
Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы 27 маусымдағы
N 41/07 қаулысымен
бекітілді
"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы Регламент "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 464 қаулысымен бекітілген "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленді.
2. "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі – жауапты орындаушысы) көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 13) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының негізінде көрсетіледі.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ветеринариялық анықтама (қағаз тасымалдағышта) (бұдан әрі – анықтама) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі (ветеринариялық анықтаманың бланкілерін беру). Көрсетілетін қызметті алушы екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижелері бойынша айқындалған бланктің құнын төлейді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметке ақы төлеу кезінде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:
1) қолма-қол ақы төлеу тәсілі кезінде - ақы төлеу туралы түбіртек;
2) "Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысымен бекітілген Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1155 болып тіркелген) сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсілі кезінде - төлем тапсырмасы.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО алуға болады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет жүгінген күннің ішінде көрсетіледі;
2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.
10. Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:
1) егер жануар, жануардан алынатын өнім және шикізат (бұдан әрі - объект) қолайсыз аймақтан тасымалданған жағдайда;
2) жұқпалы сипаттағы ауру анықталғанда;
3) жануардың жеке нөмірі болмағанда;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі негіз болып табылады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар алған сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖАО жүгінеді және осы Регламенттің 15-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) ЖАО жауапты орындаушысы түскен құжаттарды тексереді, қызмет көрсетудің нәтижесін ресімдейді, дәлелді бас тарту немесе анықтаманы дайындайды, басшылыққа қол қоюға ұсынады, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды бір тұлға ЖАО жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні бойы жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі тікелей жүгінгенде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін жауапты орындаушы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алатын күнін көрсетіп тіркейді.
15. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар және оларға қойылатын талаптар тізбесі:
1) жануарға ветеринариялық паспорт;
2) тері-жүн шикізатына, жануардың жеке нөмірі көрсетілген жапсырма міндетті түрде қажет;
3) ветеринариялық анықтама бланкі құнын төлеуін растайтын құжат.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ЖАО жауапты тұлғалары:
1) ЖАО басшылығы;
2) ЖАО жауапты орындаушысы.
17. Әр әкімшілік әрекетінің орындалу мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттер реттілігінің және өзара әрекетінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
19. Осы "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.
"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Әр әкімшілік әрекетінің орындалу мерзімін көрсете отырып,
әр ҚФБ әкімшілік әрекеттер реттілігінің және өзара
әрекетінің мәтінді кестелік сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ әрекеттерінің барысы.
Негізгі процестің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны) |
||||
Іс-қимылдың (барысы, жұмыстар ағыны) N |
1 |
2 |
3 |
4 |
ҚФБ атауы |
ЖАО жауапты орындаушысы |
ЖАО жауапты орындаушысы |
ЖАО басшылығы |
ЖАО жауапты орындаушысы |
Іс-қимылдың (процестің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттарды тіркеу |
Құжаттарды қарау, анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды дайындау |
Анықтамаға немесе дәлелді бас тартуға қол қою |
Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беру |
Аяқтаудың нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру - әкімшілік шешiм) |
Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды басшылыққа қол қоюға ұсыну |
- |
- |
|
Орындалу мерзімдері |
30 минут |
жүгінген күні бойы |
жүгінген күні бойы |
30 минут |
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс – ветеринариялық анықтама берілген жағдайда
Негізгі процесс (барысы, жұмыстар ағыны) |
||
ЖАО жауапты орындаушысы |
ЖАО жауапты орындаушысы |
ЖАО басшылығы |
1. Құжаттарды тіркеу |
3. Анықтаманы басшылыққа қол қоюға ұсыну |
4. Анықтамаға қол қою |
2. Құжаттарды қарау, анықтаманы дайындау |
5. Көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы беру |
- |
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс – ветеринариялық анықтама беруден бас тартқан жағдайда
Баламалы процесс (барысы, жұмыстар ағыны) |
||
ЖАО жауапты орындаушысы |
ЖАО жауапты орындаушысы |
ЖАО басшылығы |
1. Құжаттарды тіркеу |
3. Дәлелді бас тартуды басшылыққа қол қоюға ұсыну |
4. Дәлелді бас тартуға қол қою |
2. Құжаттарды қарау, дәлелді бас тартуды дайындау |
5. Көрсетілетін қызметті алушыға дәлелді бас тартуды беру |
- |
"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік
әрекеттердің функционалдық өзара әрекет сызбасы
Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы 27 маусымдағы
N 41/07 қаулысымен
бекітілді
"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы Регламент "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 464 қаулысымен бекітілген "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленді.
2. "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - ЖАО) бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі – жауапты орындаушысы) көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 20) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының және "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 2331 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - жануарға ветеринариялық паспортты (ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзіндісін) (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы жүзеге асырылады (жануарға ветеринариялық паспорттың бланкісін беру). Көрсетілетін қызметті алушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша анықталған бланктің құнын төлейді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметке ақы төлеу кезінде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:
1) қолма-қол ақы төлеу тәсілі кезінде - ақы төлеу туралы түбіртек;
2) "Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысымен бекітілген Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1155 болып тіркелген) сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсілі кезінде - төлем тапсырмасы.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО алуға болады.
9. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады:
1) жануарға ветеринариялық паспорты, (жануарға ветеринариялық паспортынан үзінді беру) мерзімі, жануарға жеке нөмір берген сәттен бастап немесе оны беруден бас тартқанда - 3 (үш) жұмыс күн ішінде;
2) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру, көрсетілетін қызметті алушы жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалғаны туралы өтініш берген күнінен бастап - 10 (он) жұмыс күн ішінде;
3) мемлекеттік қызметті алуға дейін ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
4) көрсетілетін қызметті алушыға ең жоғары рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты - 40 (қырық) минуттан аспайды.
10. Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға, жануарға берілген бірдейлендіру нөмірінің болмауы негіз болып табылады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖАО жүгінеді;
2) ЖАО жауапты орындаушысы түскен құжаттарды тексереді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін не дәлелді бас тартуды әзірлейді және ресімдейді, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды бір тұлға ЖАО жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні бойы жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
14. Көрсетілетін қызметті алушы ЖАО өтініш жасаған кезде:
1) жануарға ветеринариялық паспорт алу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға қажетті құжаттар өткізгенін растайтын құжат қажет емес;
2) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (бұдан әрі – телнұсқа) немесе жануарға ветеринариялық паспорттан үзіндісін (бұдан әрі – үзінді) алу үшін жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркеу журналына тіркеліп, мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, мерзімі және орны көрсетілген талон беріледі.
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЖАО келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) жануарға ветеринариялық паспортты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жануарға ветеринариялық паспорттың бланкісінің құнын төлегенін растайтын құжатты береді. Бұдан басқа, жануарда - жануарға берілген бірдейлендіру нөмірі болуы қажет;
2) ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы;
еркін нысандағы жазбаша өтініш;
жануардың ветеринариялық паспортының жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттар (болған жағдайда) қоса береді.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ЖАО жауапты тұлғалары:
1) ЖАО басшылығы;
2) ЖАО жауапты орындаушысы.
17. Әр әкімшілік әрекетінің орындалу мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттер реттілігінің және өзара әрекетінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
19. Осы "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.
"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Әр әкімшілік әрекетінің орындалу мерзімін көрсете отырып,
әр ҚФБ әкімшілік әрекеттер реттілігінің және өзара
әрекетінің мәтінді кестелік сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ әрекеттерінің барысы.
Негізгі процестің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны) |
||||
Іс-қимылдың (барысы, жұмыстар ағыны) N |
1 |
2 |
3 |
4 |
ҚФБ атауы |
ЖАО жауапты орындаушысы |
ЖАО жауапты орындаушысы |
ЖАО басшылығы |
ЖАО жауапты орындаушысы |
Іс-қимылдың (процестің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттарды тіркеу |
Құжаттарды қарау, паспортты, үзіндіні немесе дәлелді бас тартуды дайындау |
Паспортты, үзіндіні немесе дәлелді бас тартуға қол қою |
Паспортты, үзіндіні немесе дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беру |
Аяқтаудың нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру - әкімшілік шешiм) |
Құжаттарды қабылдағаны туралы талон беру |
Паспортты, үзіндіні немесе дәлелді бас тартуды басшылыққа қол қоюға ұсыну |
||
Орындалу мерзімдері |
30 минут |
2 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
40 минут |
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс – жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) берілген жағдайда
Негізгі процесс (барысы, жұмыстар ағыны) |
||
ЖАО жауапты орындаушысы |
ЖАО жауапты орындаушысы |
ЖАО басшылығы |
1. Құжаттарды тіркеу |
3. Құжаттарды қарау, паспортты, үзіндіні дайындау |
5. Паспортқа, үзіндіге қол қою |
2. Құжаттарды қабылдағаны туралы талон беру |
4. Паспортты, үзіндіні басшылыққа қол қоюға ұсыну |
|
6. Көрсетілетін қызметті алушыға паспортты, үзіндіні беру |
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс – жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттан үзінді) беруден бас тартылған жағдайда
Баламалы процесс (барысы, жұмыстар ағыны) |
||
ЖАО жауапты орындаушысы |
ЖАО жауапты орындаушысы |
ЖАО басшылығы |
1. Құжаттарды тіркеу |
3. Құжаттарды қарау, дәлелді бас тартуды дайындау |
5. Дәлелді бас тартуға қол қою |
2. Құжаттарды қабылдағаны туралы талон беру |
4. Дәлелді бас тартуды басшылыққа қол қоюға ұсыну |
|
6. Көрсетілетін қызметті алушыға дәлелді бас тартуды беру |
"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекеттердің
функционалдық өзара әрекетін көрсететін сызбасы
Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы 27 маусымдағы
N 41/07 қаулысымен
бекітілді
"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы Регламент "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 2318 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкімінің аппараттары, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - ЖАО), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама (қағаз жеткізгіште) не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО және Орталықта алуға болады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері ЖАО өтініш берген кезде:
мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
өтініш беруші өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты 10 (он) минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғары шекті уақыты 10 (он) минуттан аспайды;
Орталықтарға өтініш берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды;
өтініш беруші өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғары шекті уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.
10. Мемлекеттік қызметті ЖАО демалыс және мереке күндерінен басқа, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетеді. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті Орталықпен демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері, дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз ұсынылады. Қабылдау тездетілген қызмет көрсетусіз "электронды" кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
11. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге мынадай жағдайларда:
1) осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда;
2) ЖАО шаруашылық кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы деректер жоқ болғанда;
3) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негіздемелер бойынша бас тартылады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖАО жүгінеді немесе Орталыққа өтініш береді;
2) Орталықтың инспекторы өтінішті тіркеуді жүргізеді және Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына береді;
3) Орталықты жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттардың тiзiлiмiн әзірлейді және ЖАО жолдайды;
4) ЖАО маманы түскен құжаттарды тексереді, қызмет көрсету нәтижесін ресiмдейдi, дәлелді бас тартуды не анықтаманы дайындайды, ЖАО басшылығына қол қоюға ұсынады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа немесе көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
5) Орталықтың инспекторы көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды береді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды бір тұлға ЖАО және Орталықтың жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні бойы жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін ЖАО өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы жеке куәлігінің түпнұсқасын және оның көшірмелерін (салыстырып тексергеннен кейін жеке куәліктің түпнұсқасы қайтарылады) ұсына отырып, ауызша нысанда жүгінеді.
15. Мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) жеке өзі келген кезде ұсынылады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ЖАО және Орталықтың жауапты тұлғалары:
1) Орталықтың инспекторы;
2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;
3) ЖАО басшысы;
4) ЖАО маманы.
17. Әр әкімшілік әрекеттің, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттер реттілігін және өзара әрекетінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің функционалдық өзара әрекетінің сызбасы осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
19. Мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтініш және жеке куәлігінің түпнұсқасын береді.
20. Орталықта мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беріледі.
21. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті орталық қызметкері уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында Орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Осы Регламенттің 19 тармақшасында көрсетілген құжаттарды қабылдаған кезде Орталықтың және уәкілетті органның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасының түпнұсқалығын, сенімхаттарды мемлекеттік органдардың тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, осыдан кейін түпнұсқаларын алушыға қайтарады.
22. Орталықтарда құжаттарды қабылдау "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
23. Орталықта мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беруді "терезелер" арқылы Орталық қызметкері жүзеге асырады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы қызмет нәтижесі үшін белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды ЖАО тапсырады.
"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Нысан
Өтiнiш
Мен, __________________________________________________________
(Т.А.Ә., төлқұжат деректерi (жеке куәлiк деректерi
____________________________________________________________________
және жеке тұлғаның тұрғылықты жерi)
____________________________________________________________________
_______________________________________________________ атынан әрекет
(уәкiлеттi өкiл толтырады)
ететiн ____________________________________________________ негiзiнде
(өкiлеттiлiктi куәландыратын құжаттың деректемесі)
маған жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама берудi сұраймын
Мына құжаттарды қоса беремiн:
____________________________________________________________________
Күнi _______,______________________________________________/_________
(өтiнiш берушiнiң/уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә. және қолы)
____________________________________________________________/________
(сұранымды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Сұранымды орындау/қарау нәтижесi: _____________________________
____________________________________________________________________
тексерiлдi: күнi ______________ 20__ жыл
____________________________________________________________________
(маманның Т.А.Ә. және қолы)
"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
Әр әкімшілік әрекеттің, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттер реттілігінің және өзара әрекетінің мәтінді кестелік сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы
Негізгі процестің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны) |
|||||
1. |
Іс-қимылдың (барысы, жұмыстар ағыны) N |
1 |
2 |
3 |
4 |
2. |
ҚФБ атауы |
Орталық инспекторы |
Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы |
ЖАО маманы |
Орталықтың инспекторы |
3. |
Іс-қимылдың (процестің, операцияның, рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау және тіркеу |
Құжаттарды қарау және жинақтау |
Құжаттарды қарау және анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды әзірлеу |
Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды тіркеу |
4. |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiм) |
Орталық жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну |
ЖАО жолдау |
Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды Орталыққа не көрсетілетін қызметті алушыға жолдау |
Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды беру |
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама берілген жағдайда
Негізгі процесс (барысы, жұмыстар ағыны) |
|||
Орталық инспекторы |
Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы |
ЖАО маманы |
ЖАО басшысы |
1. Құжаттарды қабылдау және тіркеу |
3. Құжаттарды қарау және жинақтау |
5. Құжаттарды қарау және анықтама әзірлеу |
7. Анықтамаға қол қою |
2. Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну |
4. ЖАО жолдау |
6. ЖАО басшысына қол қоюға ұсыну |
- |
9. Көрсетілетін қызметті алушыға беру |
- |
8. Анықтаманы орталыққа немесе көрсетілетін қызметті алушыға жолдау |
- |
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беруден бас тартқан жағдайда
Баламалы процесс (барысы, жұмыстар ағыны) |
|||
Орталық инспекторы |
Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы |
ЖАО маманы |
ЖАО басшылығы |
1. Құжаттарды қабылдау және тіркеу |
3. Құжаттарды қарау және жинақтау |
5. Құжаттарды қарау және дәлелді бас тартуды әзірлеу |
7. Дәлелді бас тартуға қол қою |
2. Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну |
4. ЖАО жолдау |
6. ЖАО басшылығына қол қоюға ұсыну |
|
9. Көрсетілетін қызметті алушыға беру |
- |
8. Дәлелді бас тартуды Орталыққа немесе көрсетілетін қызметті алушыға жолдау |
- |
"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша