Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының XVI сессиясының 2013 жылғы 27 маусымдағы N 184 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 шілдеде N 2349 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Дәрілік зат тегін берілетін амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: "эпилептикалық энцефалопатия: нәрестелердің ауыр эпилепсиясы - Драве синдромы" диагнозы бар азаматтарға - "Стирипентол" дәрілік заты берілсін (рецепт бойынша).

      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Әдекенов С.М.) жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Шамбұлов

Облыстық мәслихаттың


хатшысы

Н. Дулатбеков