Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 118/14-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 774 болып енгізілді

Жаңартылған

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Ережесі», «ережесіне», деген сөздер «Қағидасы», «қағидасына» деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.03.2014 № 225/31-V (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 24 қаңтарда № 666 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 11 «Вечерняя Астана», 2011 жылғы 27-29 қаңтардағы № 10, 11 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасына қосымшада:
      49-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      «3) азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы;»;
      57-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      «2) азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы;»;
      82-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      «2) азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы;».
      2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрайымы                       Э. Суханбердиева

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов