"Мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлері туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 06-7/181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 қаңтарда № 9065 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларының 30-тармағына сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандар:
      1) мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан өткен қызметкерлері туралы есеп осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) мемлекеттік органдардың біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлері туралы есеп осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген:
      1) орталық мемлекеттік органдардың мәліметтері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) ұсынады;
      2) жергілікті атқарушы органдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат аппараттары мен ревизиялық комиссияларының мәліметтері Агенттіктің тиісті аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады деп белгіленсін.
      3. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Ж.Ш. Сәрсенов):
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыру;
      3) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді орталық мемлекеттік органдардың жыл сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынуын қамтамасыз етсін.
      4. Агенттіктің аумақтық бөлімшелері есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат аппараттары мен ревизиялық комиссияларының мәліметтерін Агенттіктің орталық аппаратына ұсынсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ә.А. Көмекбаевқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға                                А. Байменов

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің
      Төрағасы
      ________________Ә. Смайылов
      2013 жылғы «___» ___________

Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының  
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 06-7/181 бұйрығына 
1-қосымша      

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан өткен қызметкерлері туралы есеп 20___ жылғы есепті кезең

Индексі: 1-ҚД

Кезеңділігі: Жылдық

Мәлімет ұсынатын тұлғалар қатары: орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат аппараттары мен ревизиялық комиссиялары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері

Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері

Ұсыну мерзімі – әрбір жылдың бірінші айының 10-күніне дейін

«А» корпусы

«Б» корпусы

Барлығы

Алғаш кіргендер

Мемлекеттік қызметке алғаш кіргендер

Басшы лауазымға алғаш тағайындалғандар

Оқуға тиісті

Өтті

Барлығы
оқуға тиісті

Оның ішінде өткені

Барлығы
оқуға тиісті

Оның ішінде өткені

Барлығы
оқуға тиісті

Оның ішінде өткені

МБА

МБА

ӨОО

МБА

ӨОО

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Ескерту:

      Осы нысанды толтыру бойынша түсініктеме қосымшада көрсетіледі

      МБА - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
      ӨОО - Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы

Ұйымның атауы                            ___________________________
Мекен-жайы                               ___________________________

Телефон                                  ___________________________

Электрондық мекен-жайы                   ___________________________

Орындаушының аты-жөні және және телефоны ___________________________

Басшысы (аты, фамилиясы, тегі – болған
Жағдайда көрсетіледі)                    ___________________________
Мерзімі «___» ________ 20 __ ж

      Мөр орны

Мемлекеттік органдардың
қайта даярлаудан  
өткен қызметкерлері туралы
есепке қосымша   

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсініктеме

Мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан өткен қызметкерлері туралы есеп

1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан өткен қызметкерлері туралы есеп» (бұдан әрі – Есеп нысаны) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларының 30-тармағын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
      2. Есеп нысаны бастапқы есепке алу ақпараттарының негізінде толтырылады және ұсынылады.
      3. Есеп нысанына мемлекеттік органның басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқаратын тұлға қол қояды.
      4. Мемлекеттік органның орталық аппараты толтырылған Есеп нысанын мемлекеттік органның барлық ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің ақпараттарын жинақтап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік).

2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсініктеме

      5. Есеп нысанының 1-бағанында қайта даярлаудан өтуге тиісті «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кіргендердің саны көрсетіледі.
      6. Есеп нысанының 2-бағанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (бұдан әрі – Академия) қайта даярлаудан өткен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны көрсетіледі.
      7. Есеп нысанының 3-бағанында қайта даярлаудан өтуге тиісті «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кіргендердің саны көрсетіледі.
      8. Есеп нысанының 4-бағанында Академияда қайта даярлаудан өткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кіргендердің саны көрсетіледі.
      9. Есеп нысанының 5-бағанында Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік оқыту орталықтарында (бұдан әрі – ӨОО) қайта даярлаудан өткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кіргендердің саны көрсетіледі.
      10. Есеп нысанының 6-бағанында қайта даярлаудан өтуге тиісті «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалғандардың саны көрсетіледі.
      11. Есеп нысанының 7-бағанында Академияда қайта даярлаудан өткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалғандардың саны көрсетіледі.
      12. Есеп нысанының 8-бағанында ӨОО қайта даярлаудан өткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалғандардың саны көрсетіледі.
      13. Есеп нысанының 9-бағанында барлық қайта даярлаудан өтуге тиісті «А» және «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің жалпы саны көрсетіледі.
      14. Есеп нысанының 10-бағанында Академияда және ӨОО қайта даярлаудан өткен барлық «А» және «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің жалпы саны көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының  
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 06-7/181 бұйрығына 
2-қосымша      

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Мемлекеттік органдардың біліктілікті арттырудан өткен қызметкерлері туралы есеп 20___ жылғы есепті кезең

Индексі: 1-БА

Кезеңділігі: Жылдық

Мәлімет ұсынатын тұлғалар қатары: орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат аппараттары мен ревизиялық комиссиялары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері

Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері

Ұсыну мерзімі – әрбір жылдың бірінші айының 10-күніне дейін

«А» корпусы

«Б» корпусы

Барлығы оқуға тиісті

Барлығы өтті

Барлығы оқуға тиісті

Өтті

Барлығы оқуға тиісті

Келесі білім беру ұйымдарында біліктілігін арттырудан өтті

МБА

шетелдік білім беру ұйымдары

барлығы

МБА

ӨОО

ведомстволық білім беру ұйымдары

басқа білім беру ұйымдары

шетелдік білім беру ұйымдары

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Ескерту:

      Осы нысанды толтыру бойынша түсініктеме қосымшада көрсетіледі

      МБА - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
      ӨОО - Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы

Ұйымның атауы                            ___________________________
Мекен-жайы                               ___________________________

Телефон                                  ___________________________

Электрондық мекен-жайы                   ___________________________

Орындаушының аты-жөні және және телефоны ___________________________

Басшысы (аты, фамилиясы, тегі – болған
Жағдайда көрсетіледі)                    ___________________________
Мерзімі «___» ________ 20 __ ж

      Мөр орны

Мемлекеттік органдардың
біліктілікті арттырудан
өткен қызметкерлері туралы
есепке қосымша   

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсініктеме

Мемлекеттік органдардың біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлері туралы есеп

1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттік органдардың біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлері туралы есеп» (бұдан әрі – Есеп нысаны) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларының 30-тармағын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
      2. Есеп нысаны бастапқы есепке алу ақпараттарының негізінде өспелі қорытындымен толтырылады және ұсынылады.
      3. Есеп нысанына мемлекеттік органның басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқаратын тұлға қол қояды.
      4. Мемлекеттік органның орталық аппараты толтырылған Есеп нысанын мемлекеттік органның барлық ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің ақпараттарын жинақтап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік).

2. Есеп нысанын толтыру

      5. Есеп нысанының 1-бағанында қайта даярлаудан өтуге тиісті «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны көрсетіледі.
      6. Есеп нысанының 2-бағанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (бұдан әрі – Академия) біліктілігін арттырудан өткен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны көрсетіледі.
      7. Есеп нысанының 3-бағанында шетелдік білім беру ұйымдарында біліктілігін арттырудан өткен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны көрсетіледі.
      8. Есеп нысанының 4-бағанында Академияда және шетелдік білім беру ұйымдарында біліктілігін арттырудан өткен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жалпы саны көрсетіледі.
      9. Есеп нысанының 5-бағанында қайта даярлаудан өтуге тиісті «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны көрсетіледі.
      10. Есеп нысанының 6-бағанында Академияда біліктілігін арттырудан өткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны көрсетіледі.
      11. Есеп нысанының 7-бағанында Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында біліктілігін арттырудан өткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны көрсетіледі.
      12. Есеп нысанының 8-бағанында ведомстволық білім беру ұйымдарында біліктілігін арттырудан өткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны көрсетіледі.
      13. Есеп нысанының 9-бағанында басқа білім беру ұйымдарында біліктілігін арттырудан өткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны көрсетіледі.
      14. Есеп нысанының 10-бағанында білім берудің шетелдік ұйымдарында біліктілігін арттырудан өткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны көрсетіледі.
      15. Есеп нысанының 11-бағанында Академияда және Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында, ведомстволық, шетелдік және басқа білім беру ұйымдарында біліктілігін арттырудан өткен «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің жалпы саны көрсетіледі.
      16. Есеп нысанының 12-бағанында «А» және «Б» корпусының біліктілігін арттырудан өтуге тиісті мемлекеттік қызметшілерінің жалпы саны көрсетіледі.
      17. Есеп нысанының 13-бағанында «А» және «Б» корпусының біліктілігін арттырудан өткен мемлекеттік қызметшілерінің жалпы саны көрсетіледі.