"А" корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 06-7/184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 желтоқсанда № 9030 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 29 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 11.02.2016 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 524 Жарлығымен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидасының 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімінің нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (Хайдаров А.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                      А. Байменов

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет iстерi
агенттiгi Төрағасының 
2013 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 06-7/184 бұйрығына 
қосымша       

нысан

      «А» КОРПУСЫНЫҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ
      КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

      ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
      КАНДИДАТА В КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ КОРПУСА «А»
 

__________________________________________
т.а.ә./ ф.и.о.

ФОТО
(түрлі түсті/
цветное,
3,5х4,5)

__________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии)


ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР/ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/Дата и место рождения


2.

Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию)


3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/Год окончания и наименование учебного заведения


4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы/Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание


5.

Шетел тілдерін білуі/ Владение иностранными языками


6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары/ Государственные награды, почетные звания


7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені/ Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин


8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі/Вид взыскания, дата и основания его наложения


9.

Соңғы үш жылдағы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін)/Дата и результаты оценки за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (для административных государственных служащих)


ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/ приема

босатылған/увольнения




_________________________________________ _____________
      Кандидаттың қолы/Подпись кандидата күні/дата

      Тексерілді/Проверено__________________ _______________
                           қолы /подпись       күні/дата

мөрдің орны
место печати     ________________________________________________
                 Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің)
                 қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты
                 Фамилия, имя, отчстство сотрудника службы управления
                 персоналом (кадровой службы)