«Қазақстан Республикасы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 4) тармақшасы 5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім мен сауалнама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 335 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7214 тіркелген, 2011 жылғы 18 қазандағы № 501-502 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакциясын жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитеті (Е.К. Хаиров) белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтүзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 412 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2011 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 335 бұйрығына 2-қосымша
Нысан
Арнайы экономикалық аймақ
қатысушысы ретінде тіркеуге арналған сауалнама
1. Жалпы мәлiметтер:
Заңды тұлғаның толық атауы |
|
Құрылтайшылар туралы мәліметтер (атау, тегі, аты-жөні, әкесінің аты, қатысу бөлігі) |
|
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні |
|
Бизнес теңестірілген нөмірі |
2. Мекенжайы:
Өңір (ел, облыс, аудан) |
|
Елді мекен |
|
Көше |
|
Үй № |
|
Индекс |
|
Телефон |
|
Факс |
3. Банктiк деректемелерi:
Қызмет көрсетуші банк |
|
Есеп шот № |
|
Бірінші басшы (Тегі Аты Әкесінің аты) |
|
Байланушы тұлға (Тегі Аты Әкесінің аты), телефоны |
4. Арнайы экономикалық аймақтағы инвестициялық жоба туралы ақпарат:
Сала |
|
Кіші сала |
|
Өнім түрі |
|
Қызмет түрi |
|
Жылдық айналым, теңге |
|
Тұрақты жұмыс орын саны, адам |
|
Қосымша ақпарат |
5. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 9-бабының 2-тармақшасының талаптарына сәйкес өтініш беруші туралы ақпарат:
Жер қойнауын пайдаланушылар |
|
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар |
|
арнайы салық режимдерін қолданатын ұйымдар |
|
инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар |
|
ойын бизнесін ұйымдастырушылар |
Бірінші басшының тегі, аты-жөні әкесінің аты: _______________________
Қолы: _______________________
М.О.
20__ жылғы «___»________