Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 тамызда № 8612 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидалары бекітілсін.
      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.К. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 10 шілдедегі 
№ 264 бұйрығымен     
бекітілген       

Білім және ғылым саласындағы мамандардың
сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес әзірленген және білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру тәртібін айқындайды.
      2. Қағидалар:
      1) педагогикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, басқа да кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын кәсіптік оқыту орталықтарын бітірген тұлғаларға;
      2) біліктілігін (біліктілік разряды/санаты) арттырғысы келетін білім және ғылым саласындағы ұйымдардың қызметкерлеріне;
      3) өз бетімен маманды меңгерген (мамандық/біліктілік) тұлғаларға қолданылады.
      3. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) апелляция – мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі орган қабылдаған шешімді қайта қарау туралы уәждеу сауалы бар, сертификаттаудан өткен үміткердің немесе тұлғаның жазбаша өтініші;
      2) бағалау – нәтижесінде сертификаттау туралы шешім қабылданатын, оның көмегімен үміткердің сәйкестікті растау және біліктілікті беру сызбасындағы талаптарды орындау сәйкестігі белгіленетін процесс;
      3) берілген сертификаттарды есепке алу тізілімі - берілген сертификаттарды есепке алу журналы;
      4) біліктілік – білім деңгейіне, даярлауға және/немесе жұмыс тәжірибесіне қойылатын талап;
      5) біліктілікті беру – педагогика саласындағы нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттіліктердің, кәсіптік білімнің, іскерлік пен дағдылардың жиынтығын растау рәсімі;
      6) біліктілік деңгейі – жұмыстарды орындау кезінде күрделілігін, стандартты еместігін және жауапкершілік дәрежесін есепке алатын біліктіліктің ұлттық шеңберінде (бұдан әрі – БҰШ) және біліктіліктің салалық шеңберінде (бұдан әрі – БСШ) біліктіліктің түрлі деңгейлеріне қойылатын талаптардың жиынтығы;
      7) біліктілік сәйкестігін растау - сертификатталған тұлғаның білім және ғылым саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкестігін растау және біліктілік беру сертификаты түрінде нәтижесі құжаттамалық куәландыру болып табылатын рәсім;
      8) емтихан - үміткердің құзыреттілік дәрежесін бір немесе бірнеше тәсілдер арқылы, мысалы, лауазымның және жұмыс орнының ерекшелігін ескере отырып, ауызша, жазбаша, практика, бақылау арқылы анықтайтын, бағалау бөлігі болып табылатын тетік;
      9) емтихан алушы – практикалық қызмет тәжірибесі бар, тиісті қызмет саласында кәсіптік білімі бар, сертификатталатын маман деңгейінен төмен емес, емтиханды өткізуге және/немесе бағалауға құзыретті тұлға;
      10) қайта сертификаттау – сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімінің бітуі бойынша сертификаттау рәсімінің қайта өткізілуі;
      11) мамандардың сәйкестігін растау және біліктілік беру жөніндегі мекеме – мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жұмыстарын орындау үшін білім беруге арналған қызмет етуден тәуелсіз аккредиттелген заңды тұлға;
      12) мамандардың сәйкестігін растау және біліктілігін беру сызбасы – мамандардың білім және ғылым саласындағы БСШ-пен және кәсіптік стандарттармен, нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау және осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін сипаттай отырып, біліктілігін беру тәсілі;
      13) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8323 тіркелген «Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығымен белгіленген тәртіпте аттестатталған маман;
      14) сертификат – маманның біліктілік (кәсіби құзыреттілік) деңгейінің біліктілік талаптарына, сәйкестігін куәландыратын құжат;
      15) сертификаттау - мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі ұйым арқылы үміткердің БҰШ-та біліктілік және құзыреттілік деңгейіне және кәсіптік стандарттарға қойылатын белгіленген талаптарға сәйкестігін белгілейтін, сәйкестікті растаудың және біліктілікті берудің тиісті сертификатын беретін рәсім;
      16) үміткер – білім және ғылым саласындағы маманның біліктілігін иеленуге үміткер өтініш беруші.

2. Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау
және біліктілік беру тәртібі

1–параграф. Жалпы талаптар

      4. Мамандардың сәйкестігін растауды және біліктілікті беруді мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру жөніндегі тәуелсіз мекеме (бұдан әрі – СРҰ) жүзеге асырады.
      5. Үміткерлердің сәйкестікті растау және біліктілікті беру туралы өтініштерін (бұдан әрі - өтініш) СРҰ осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдайды және өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарастырады.
      6. Мамандардың сәйкестігін растау және біліктілігін беру рәсімдерін өткізу мақсатында СРҰ жанынан өкілеттік мерзімі / күнтізбелік бір жыл болатын біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

2–параграф. Тәуелсіз біліктілік комиссия қызметі

      7. Комиссия СРҰ басшысының бұйрығымен құрылады және келесі қызметті жүзеге асырады:
      1) үміткерлер ұсынған өтініштерді қарау;
      2) үміткерлерге отырыстың өтетін күні мен уақыты туралы хабарлау;
      3) сәйкестікті растау және біліктілікті беру сызбасына сәйкес біліктілік емтихандарын қабылдау;
      4) емтихан нәтижелері бойынша біліктілікті растау/растамау туралы қорытынды дайындау және оны СРҰ-да сертификаттау бойынша шешім қабылдауға ұсыну;
      5) біліктілікті беру үшін үміткерді одан әрі кәсіптік даярлау туралы ұсынымдама беру;
      6) өз қызметі процесінде алатын барлық ақпараттың құпиялылығын сақтау.
      8. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары, сертификаттаудың қарастырылатын саласындағы сарапшы-аудитор, комиссия мүшелері (бейін бойынша үштен кем емес) кіреді.
      Комиссия төрағасы сарапшы-аудиторлар, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің, ұйымдардың, қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің өкілдері арасынан тағайындалады.
      Комиссия мүшелері сарапшы-аудиторлар, ұйымдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің, қоғамдық бірлестіктердің, қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің өкілдері арасынан тағайындалады.
      9. Комиссия төрағасы:
      1) Комиссия отырысын өткізеді;
      2) сәйкестікті растау және біліктілікті беру рәсімінің объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз етеді;
      3) СРҰ-де комиссияның жұмыс нәтижелерінің талдауын ұсынады және оның жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) емтихан қорытындылары бойынша біліктілікті растау немесе растамау туралы хаттаманы бекітеді.
      10. Комиссияның хатшысы:
      1) Комиссия мүшелеріне отырыстың күні мен уақыты туралы хабарлайды;
      2) Комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді;
      3) Комиссия жұмысының материалдарын ресімдейді және бекіту үшін белгіленген тәртіпте СРҰ-ге жолдайды.
      Комиссия құрамына хатшы сертификатталатын мамандардың бейініне сәйкес келетін білімі бар мамандардан бекітіледі. Хатшы Комиссия мүшесі бола алмайды.
      11. Емтихан алушылар:
      1) өзінің кәсіптік қызметіне қатысты барлық өзгерістер туралы ақпаратты СРМ-ге ұсынады;
      2) өзінің құзыреттілік деңгейін әрдайым қолдайды және арттырады;
      3) өз қызметі процесінде алынған барлық ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
      12. Комиссия көпшіліктің қарапайым дауыс беруі арқылы төмендегідей шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) кәсібі бойынша біліктілікті растау (растамау) және біліктілік туралы сертификат беру (бермеу);
      2) кәсібі бойынша біліктілік беру (бермеу) және біліктілік туралы сертификат беру (бермеу).
      Шешім, егер комиссия отырысына мүшелерінің кемінде 2/3 қатысқанда, заңды деп есептеледі. Дауыс саны тең болған жағдайда шешім емтихан тапсырушының пайдасына қабылданады.
      13. Комиссияның сәйкестікті растау немесе тиісті біліктілікті беру туралы шешімі хаттамамен ресімделеді және СРҰ бұйрығымен бекітіледі.

3-параграф. Сәйкестікті растау және біліктілікті беру

      14. Сәйкестікті растау және біліктілікті беру рәсімінде СРҰ мыналарды қамтиды:
      1) үміткерден өтінімдерді қабылдау;
      2) сәйкестікті растау және біліктілікті беру сызбасына сәйкес өтініштерді бағалау және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестікті растауға және біліктілікті беруге арналған өтініш бойынша шешім қабылдау;
      3) тараптардың жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін көрсете отырып, СРМ мен үміткер арасында сәйкестікті растау және біліктілікті беру қызметтерін жүргізуге арналған шарт жасау;
      4) сәйкестікті растау және біліктілікті беру және бағалау нәтижелерін құжаттау сызбасының талаптарына сәйкес емтихан өткізу;
      5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау бойынша шешім қабылдау және оң шешім қабылданған жағдайда сәйкестікті растау және біліктілікті беру сертификатын беру;
      6) сәйкестікті растау және біліктілікті беру сызбасына сәйкес қайта сертификаттау өткізу.
      Қайта сертификаттау процесі және сертификатты жаңа мерзімге ұзарту өтініш беруші ұсынған өтініш негізінде жүргізіледі;
      7) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген сертификаттарды есепке алу тізіліміндегі тиісті жазбамен сертификат беру.

4-параграф. Апелляциялық комиссияның құзыреті

      15. Даулы мәселелерді қарастыру және қатысушылардың құқығын қорғау үшін Апелляциялық комиссия құрылады. Үміткер емтихан нәтижелерімен келіспеген жағдайда емтихан нәтижесі жарияланған соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға шағым береді. Апелляцияны қарау мерзімі – жеті жұмыс күні.
      16. Апелляциялық комиссия CРҰ басшысының бұйрығымен құрылады және Апелляциялық комиссия туралы ереже негізінде жұмыс істейді.
      Комиссия мүшелері Апелляциялық комиссияның құрамына кіре алмайды.
      17. Апелляциялық комиссияның функциялары:
      1) Сертификаттаудан өткен үміткерлердің немесе тұлғалардың жазбаша шағымын қарау;
      2) түскен апелляциялардың қатаң есебін жүргізеді;
      3) сәйкестікті растау және біліктілік беру сызбасын жетілдіру туралы ұсыныс енгізу.
      Апелляцияны қарау емтихан нәтижелерін бағалау процесінің дұрыстығын тексеруді, талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешімін тексереді.
      18. Апелляциялық комиссия қабылданған шешімдерді растайды, бұл ретте өз қызметі процесінде алатын барлық ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

3. Қорытынды ережелер

      19. Емтиханды жақсы тапсырған тұлғаларға Сертификат беріледі.
      20. Сертификат:
      1) техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарын бітірген, диплом алған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде сертификаттаудан өткен тұлғалар үшін мерзімсіз болып табылады;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, барлығына үш жыл мерзіммен беріледі.
      21. Сертификат жоғалған жағдайда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалудың жариялануын растайтын құжатпен қоса берілген өтініш негізінде, СРО оның көшірмесін береді.
      22. Сертификат алған тұлға, сертификат бүлінген жағдайда нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсетумен сәйкестікті растау және біліктілікті беру сертификатының көшірмесін беру туралы СРО-ға өтініш беру керек, сертификаттың бүлінген түпнұсқасын өтінішке қоса ұсыну қажет.
      23. СРО сертификаттың жоғалуы мен бүлінуі туралы өтінішті қарайды және сертификаттарды беруді есепке алу тізілімінің негізінде «Көшірме» сөзін, бұрынғы нөмірлерді, берілу күні мен қолданылу мерзімін көрсетумен сәйкестікті растау және біліктілікті беру сертификатының көшірмесін береді.

Білім және ғылым саласындағы
мамандардың сәйкестігін 
растау және біліктілікті
беру қағидаларына    
1-қосымша        

                                                                Нысан

Сәйкесті растауға және оларға біліктілік беруге арналған
Өтініш

ФОТО

4х6

___________________________________________________________ (кімге)
(мамандардың сәйкестігін растау және оларға біліктілік беру органының толық атауы)

___________________________________________________________ (кімнен)
(аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, мекен-жайы, телефоны, e-mail)
__________________________________________________бойынша сәйкестікті
      (сәйкестікті растау және біліктілікті беру саласын көрсету)
растауды сұраймын.

Мен _____________________________________________________ саласындағы
сертификаттау процесіне қатысты нормативтік құжаттардың шарттарымен
және талаптарымен таныстым және қабылдаймын.
Менің өтініштегі нысанда келтірген деректерімді тізілімде жариялануға болады.
Мен берген мәліметтер рас, келешекте сәйкестікті растау және
біліктілікті беру органына және жеке мәліметтердегі барлық өзгерістерді хабарлауға міндеттенемін.
Мен дұрыс емес ақпарат берген жағдайда тізілімнен шығаруды түсінемін және қабылдаймын.
Қосымшалар:
      1. Жеке куәлік (көшірмесі);
      2. Жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда)
      3. Білім туралы құжаттың (көшірме, болған жағдайда);
      4. Тиісті мамандық бойынша еңбек өтілін растайтын құжат (көшірме, болған жағдайда);
      5. Сертификаттау саласындағы біліктілікті арттыру туралы куәлік (көшірме, болған жағдайда).
Күні, өтініш берушінің қолы, қол қоюларды ажырату.
Ескерту – барлық көшірмелердің әр беті ұйымның мөрімен немесе нотариалды түрде расталады.

Білім және ғылым саласындағы
мамандардың сәйкестігін 
растау және біліктілікті
беру қағидаларына    
2-қосымша        

                                                                Нысан

Сәйкестікті растау және біліктілікті жоспары
20__ жылғы "___"__________

_____________________________________________________________________
      (сәйкестікті растау және біліктілікті беру органының атауы)
20 __ жылғы "___"_________ өтінішті қарастырып қосымша құжаттармен
_____________________________________________________________________
      (өтініш берушінің аты-жөні, мекен-жайы, телефоны)

сәйкестікті растау және біліктілікті беруге
_____________________________________________________________________
                         (қызметтің атауы)

Сәйкестікті растау және біліктілікті беру жөніндегі орган ШЕШТІ:
1. Сәйкестікті растау және біліктілікті беру
_________________________________________ сызбасы бойынша өткізілсін.
(сәйкестікті растау және біліктілікті беру сызбасының нөмірі)
2. Сәйкестікті растау және біліктілікті беру үшін өтініш берушінің
құзыреттілігін тексеру
_____________________________________________________________________
          (құзыреттілігі тексерілетін орталықтың атауы)
                     базасында жүргізілсін.
3. Сәйкестікті растау және біліктілікті беру
_____________________________________________________________________
      (нормативтік құжаттың атауы, нөмірі және күні (керек болса тармақтардың нөмірлері)
                     талаптарға сәйкес өткізілсін.
4. Жұмыстар _____________________________________________________________________
_____________________________________________________
          (шарттың нөмірі мен күнін көрсету)
негізінде жүргізілсін.

      ______________________________    М.О. _______________________
      (Сәйкестікті растау жөніндегі              (тегі, аты-жөні)
        орган басшысының қолы)

Білім және ғылым саласындағы
мамандардың сәйкестігін 
растау және біліктілікті
беру қағидаларына    
3-қосымша        

                                                                Нысан

_____________________________________________________________________
жөніндегі органның атауы

СЕРТИФИКАТ

Осы сертификат ___________________________________________________ ке
                              (тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
              (негізінде сертификат берілген нормативтік құжат)
_____________________________________________ біліктілікті беруге/растауға сәйкес берілді

берілген сертификаттар тізілімінде тіркелген
№ ____________________________
20 __ жылғы «___» _______ берілді
20 __ жылғы «__» _______ ға дейін жарамды

Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарын бітірген диплом алған
күннен бастап бір жыл аралығында сертификаттаудан өткен тұлға үшін мерзімсіз болады.

Заңды тұлғаның басшысы (егер мамандардың сәйкестікті растау және
біліктілікті беру органы заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылса)

________________       _______     _________________
(лауазымы)             (қолы)           (аты-жөні)
                         МО

Мамандардың сәйкестігін растау және біліктілігін беру органының басшысы

________________       _______     _________________
(лауазымы)             (қолы)           (аты-жөні)

Білім және ғылым саласындағы
мамандардың сәйкестігін 
растау және біліктілікті
беру қағидаларына    
4-қосымша        

                                                                Нысан

Берілген сертификаттарды есепке алу
ТІЗІЛІМІ

п/п

Сертификаттың тіркеу нөмірі

Берілген күні (күні, айы, жылы)

Серктификат алған тұлға
А.Ж.Т.

Сертификат берген өкілетті органның аталуы

Кәсіптің мамандықтың аталуы немесе кәсіптік қызметтің саласы

Сертификаттың жарамды мерзімі

Алушының қолы