"Темір жол көлігімен тасымалданған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-I бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 01 шілдедегі № 508 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 шілдеде № 8577 тіркелді

Қолданыстағы

      2001 жылғы 8 желтоқсаннаң «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Темір жол көлігімен тасымалданған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-I бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3931 нөмірімен тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 239 (973) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесінде:
      32–жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

32.

Минералдық отын, мұнай және олардан айырып алынатын өнімдер; битуминозды заттар; минералды балауыздар

27012000 тен 27090000 дейін
27110000 тен 27490000 дейін

Барлық атауы

                                                               ».

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оны МОИП орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         А. Жұмағалиев