Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда № 8381 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      2. Тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі бірақ, 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес.

      Төраға                                     А. Байменов

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 19 наурыздағы   
№ 06-7/33 бұйрығымен    
бекітілген          

Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілер (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) мен «А» және «Б» корпустарының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) білімдерін және қабылеттерін әділ бағалау мақсатында оларды тестілеуден өткізудің тәртібін бекітеді.
      2. Тестілеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшісі болып табылатын тестілеу әкімшісімен (бұдан әрі - әкімші) өткізіледі.
      3. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкімшілердің сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.
      4. Тестілеу рәсімдерін, тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды техникалық қамтамасыз ету Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығымен (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырылады.
      5. Тестілеу кезінде мемлекеттік қызметші немесе үміткер әкімшіге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

2. Аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерге тестілеу өткізудің тәртібі

      6. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тестілеуге жіберілетін мемлекеттік қызметшілердің тізімін даярлайды.
      Тізім келесі мәліметтерді қамтиды: тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқарып отырған мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты, ЖСН. Жеке мәліметтер ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады.
      Тізім уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.
      Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тестілеу өткізудің мерзімі мен орнын уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келіседі.
      7. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері тізім түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тестілеу кестесін қалыптастырады және кесте туралы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
      8. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшідерді тестілеу өткізудің күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді.
      9. Мемлекеттік қызметшілерге тестілеу осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламаларына сәйкес өткізіледі.
      10. Тестiлеуден өту кезiнде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес шектi мәннен төмен баға алған мемлекеттік қызметшiлердің, алдыңғы тестiлеу өткен сәтінен бастап он күнтiзбелiк күннен кейiн, қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы бар.

3. «А» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына
орналасуға үміткерлерге тестілеу өткізудің тәртібі

      11. «А» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – «А» корпусына үміткерлер) тестілеу келесі бір-бірімен сабақтасқан мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеу;
      2) логикалық тест;
      3) жеке тұлғалық және басқарушылық біліктілігінің деңгейін анықтауға тестілеу;
      4) мемлекеттік тілді білуге тестілеу.
      Тестілеу өткізудің кезеңі үш жұмыс күнінен аспайды.
      12. Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеу кезеңінде шекті мәннен төмен тестілеу нәтижесін алған «А» корпусына үміткерлер тестілеудің келесі кезеңдеріне жіберілмейді.
      13. «А» корпусының кадр резервіне бір іріктеу аясында «А» корпусына үміткерлер бір рет ғана тестілеуден өтеді.

4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына
орналасуға үміткерлерге тестілеу өткізудің тәртібі

      14. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге (бұдан әрі – «Б» корпусына үміткерлер) тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.
      15. Тестілеуге «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 10-бабының 4-тармағында13-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
      16. «Б» корпусына үміткерлер Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды береді:
      1) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
      2) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);
      3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);
      4) ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      Егер азамат еңбек қызметін атқармаған болса немесе оның өтінішінде көрсетілген лауазым санаты бойынша жұмыс өтілі талап етілмесе осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
      17. Қарауға «Б» корпусына үміткерлер немесе олардың өкілдері (сенімхат бойынша) қолма-қол немесе пошта бойынша толық көлемде ұсынған құжаттары қабылданады.
      «Б» корпусына үміткерге немесе олардың өкілдеріне құжаттарды қолма-қол тапсырған кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерімен осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысандағы құжаттарды қабылдаған күні мен тестілеу күні көрсетілген қолхат беріледі. Қолхат уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мөртабанымен куәландырылады.
      Құжаттарды қолма-қол толық емес көлемде ұсынған жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелерінің жауапты қызметкері құжаттарды қараусыз және қолхатсыз қайтарады.
      Пошта бойынша құжаттарды толық көлемде жібергенде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей «Б» корпусына үміткерге қолхат жіберіледі.
      Пошта бойынша құжаттарды толық емес көлемде ұсынған жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күннің ішінде дәлелді жауапты қоса беріп құжаттарды қараусыз қайтарады.
      18. Тестілеу өткізуге бос орындар болған жағдайда «Б» корпусына үміткер дереу тестілеуге жіберіледі. Сол күні тестілеу өткізуге бос орын немесе техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда «Б» корпусына үміткер тестілеуді мүмкін болған жақын арада өтеді. Бұл ретте тестілеу әкімшісі қолхатта дереу тестілеу өткізу мүмкін еместігінің себебін көрсетеді.
      19. «Б» корпусына үміткер осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді.
      20. Лауазым санаты үшін қарастырылған бағдарлама бойынша тестілеу нәтижелері тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
      21. «Б» корпусына үміткерлер тестілеудің бір бағдарламасы бойынша қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

5. Тестілеу ұйымдастыру тәртібі

      22. Тестілеуге ЖСН бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамдар жіберіледі.
      23. Тестілеу басталғанға дейін әкімші тестіленуші адамдарды тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда туындаған сұрақтарға жауап береді.
      24. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген адамдар ол туралы әкімшіге тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамдарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес анықталатын басқа күні өткізіледі.
      25. Тестiлеуді өткiзуге арналған орын-жай тестіленушілердің орналасуына ыңғайлы жағдайға лайық болуы тиіс.
      26. Тестіленуші адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз немесе электрондық түрдегі ақпараттарды қолдануға, орын-жайды тастап кетуге тыйым салынады.
      Ережені бұзған жағдайда әкімшілер тестілеуді тоқтатады, Ережені бұзғандарды тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді және үштен кем емес адаммен соның ішінде әкімшімен қол қойылатын осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысандағы тиісті акт толтырады.
      27. Тестілерді орындауға уақыт:
      1) заңнаманы білуге тестілеу бағдарламаларына байланысты:
      «А» корпусының тестілеу бағдарламасы бойынша - 80 минөт (100 сұрақ);
      «Б» корпусының тестілеу бағдарламасы бойынша - 125 минөт (150 сұрақ), 110 минөт (135 сұрақ), 100 минөт (120 сұрақ), 80 минөт (100 сұрақ);
      2) логикалық тест бағдарламасы бойынша – вербальді 10 минөт (10 тапсырма), вербальді емес 20 минөт (60 тапсырма);
      3) жеке тұлғалық және басқарушылық біліктілігінің деңгейін анықтау бағдарламалары бойынша – жеке тұлғалық 30 минөт (117 тапсырма), басқарушылық 40 минөт (136 тапсырма).
      28. «А» корпусына үміткерлерді мемлекеттік тілді игеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін игеру деңгейін бағалау жүйесінің стандарттарына сәйкес өткізіледі.
      29. Осы Ереженің 27 және 28-тармақтарында қарастырылған тестілердің арасындағы үзіліс 30 минөттен кем емес.
      30. Тестердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, программа автоматты түрде жабылады.
      31. Компьютерлік тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк программа көмегiмен автоматты түрде жүргізіледі.
      32. Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеуден өткен адамдарға тестілеу әкімшісінің, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғасының қолы қойылған және мөр басылған тестілеу нәтижелері беріледі.
      Шекті мәннен төмен емес тестілеу нәтижесін алған үміткерге осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеу өткендігі туралы сертификат беріледі.
      Шекті мәннен төмен тестілеу нәтижесін алған «Б» корпусына үміткерге шекті мәннен төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.

Мемлекеттік қызметшілерді 
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесіне         
1-қосымша         

Мемлекеттік қызметшілерді тестілеу бағдарламалары

      1. Аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тестілеу бағдарламалары:
      1) А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін:
      мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
      логикалық тест (10 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;
      2) басқа санаттар үшін:
      мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
      логикалық тест (10 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке  Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Мемлекеттік қызметшілерді 
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесіне          
2-қосымша          

Тестілеу нәтижелерінің шекті мәндері

      1. Логикалық тест, жеке тұлғалық және басқарушылық біліктілігі бойынша тест және мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест бойынша шекті мән белгіленбейді.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша шекті мәндер:
      1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауап;
      2) аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге:
      «Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды;
      басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды;
      3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін:
      Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды;
      басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды.

Мемлекеттік қызметшілерді 
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесіне         
3-қосымша         

__________________________________________________
(уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері)

Өтініш

      Мені «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының
____санаты бойынша тестілеуге жіберулеріңізді сұраймын.
      Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесінің негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
      Ұсынылған құжаттардың растығына жауап беремін.
      Тестілеу өту орны ______________қаласы.
      Тестілеу өтуді қалаған күні _________________.
      Қоса берілген құжаттар тізімі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________                       ___________________________________
 (қолы)                                (тегі, аты, әкесінің аты)

                                          «____» ____________ 20__ ж.

Мемлекеттік қызметшілерді 
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесіне         
4-қосымша         

ҚОЛХАТ

      _____________________________________________________________
            (уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері)

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткер
_____________________________________ мынадай құжаттарды қабылдады:
         (үміткердің аты-жөні)

р/н

Құжаттың аты

Парақтар саны

1.

Өтініш


2.

Білімі туралы құжаттардың көшірмесі


3.

Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі


4.

ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі


      Үміткердің тестілеу өтуді қалаған күні 201_жылғы______________.
      Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері тағайындаған
тестілеу күні 201_жылғы_____________________________________________.
      Тағайындалған тестілеу күнінің үміткердің қалаған күнімен
сәйкес келмеуінің себебі ____________________________________________
_____________________________________________________________________

      Қабылдаған _________ _________________________________________
                  (қолы)    (Уәкілетті орган немесе оның аумақтық
                              бөлімшелері өкілінің аты-жөні)

                         М.О.

      Тапсырған ______________    ___________________________________
                     (қолы)              (үміткердің аты-жөні)

      Күні 201_жылғы ____________________.

Мемлекеттік қызметшілерді 
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесіне         
5-қосымша         

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға
және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне тұруға
үміткерлерге тестілеу бағдарламалары

      1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу бағдарламасы:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтары кiредi;
      2) логикалық тест (вербальді емес - 60 тапсырма);
      3) жеке тұлғалық және басқарушылық біліктілігі бойынша тест - 263 (жеке тұлғалық - 117, басқарушылық – 136 тапсырма);
      4) ҚАЗТЕСТ (150 сұрақ).
      2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне тұруға тестілеу бағдарламасы:
      1) А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін:
      мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
      логикалық тест (10 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;
      2) басқа санаттар үшін:
      мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
      логикалық тест (10 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Мемлекеттік қызметшілерді 
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесіне        
6-қосымша        

Тестілеу ережесін бұзған мемлекеттік қызметшінің немесе
үміткердің тестілеуін тоқтату АКТІСІ

201____ж. «_____» ___________________ сағ.______________________мин.

Тестілеу әкімшісі ___________________________________________________                                     (аты-жөні)
Орталықтың Өкілі ____________________________________________________
                                    (аты-жөні)
      Мемлекеттік қызметші/үміткер __________________________________                                                  (аты-жөні)

________________, ЖСН___________________________тарапынан Мемлекеттік
қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесінің 26-тармағының бұзылғаны анықтадық:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      (осы актіні жасаған адамдардың қолы мен аты-жөні)

актімен таныстым:
____________________________________________________________________
      (мемлекеттік қызметшінің/үміткердің қолы, аты-жөні)

Күні: 201_ж. _______________

Мемлекеттік қызметшілерді 
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесіне        
7-қосымша        

СЕРТИФИКАТ

_____________________________________ «___» корпусының мемлекеттік
      (үміткердің аты-жөні)

әкімшілік лауазымына орналасуға ____ санаты бойынша _______________
қаласындағы аумақтық тестілеу орталығында тестілеуден өткенін растайды.

Тест атауы

Тесттегі тапсырмалар сұрақтар саны

Шекті мәні

Дұрыс жауаптар саны

























Осы сертификат тестілеу өткен күннен бастап 1 жылдың ішінде жарамды.

Тест әкімшісінің қолы:             __________________

Уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы: ___________________

                                                Күні___________

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33
бұйрығымен бекітілген      

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1) «Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5113 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 6, 2008 жылғы 10 маусымда жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 25 ақпандағы № 02-01-02/33 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5151 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 6, 2008 жылғы 10 маусымда жарияланған) бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы;
      3) «Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 02-01-02/95 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6298 тіркелген);
      4) «Тестiлеудi өткiзу ережесiн, Тестiлеу программаларын және Тестiлеу нәтижелерiнiң шектi мәнiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 06-7/4 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8273 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде № 54 (27993), 2013 жылғы 26 қаңтарда жарияланған).