Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 ақпанда № 2609 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Бірлескен актінің атауы жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 12.12.2014 № 384 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 15.12.2014 № 353-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 627, 37-баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат І сессиясында ШЕШТІ:
      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 12.12.2014 № 384 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 15.12.2014 № 353-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2.  Атырау қаласы және аудандар әкімдері, Атырау облысы Қаржы басқармасы және Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы осы қаулы мен шешімнің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Айдарбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы мен шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Облыс әкімі
      А. Габдуллин                               Б. Рысқалиев

      Мәслихат хатшысы                           С. Лұқпанов

Облыс әкімдігінің      
2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а 
қаулысына және облыстық мәслихаттың
2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V 
шешіміне қосымша       

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары

      Ескерту. Қосымшаның атауы жаңа редакцияда, өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 12.12.2014 № 384 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 15.12.2014 № 353-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекен

1 шаршы метр үшін теңгемен төлемақының базалық ставкасы

Облыс орталығы ставкаларының пайызы

1

Атырау қаласы бойынша

2240 теңге

-

2

Аудандық маңызы бар қалаларда

-

75 пайызы

3

Кенттерде

-

18 пайызы

4

Ауылдық елді мекендерде

-

10 пайызы