Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 ақпанда № 2609 тіркелді

Жаңартылған
      Ескерту. Бірлескен актінің атауы жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 12.12.2014 № 384 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 15.12.2014 № 353-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат І сессиясында ШЕШТІ:
      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 12.12.2014 № 384 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 15.12.2014 № 353-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, Атырау облысы Қаржы басқармасы және Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы осы қаулы мен шешімнің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Айдарбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы мен шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Габдуллин
      Облыс әкімі Б. Рысқалиев
      Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов

  Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а қаулысына және облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V шешіміне қосымша

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 08.12.2015 № 365 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 14.12.2015 № 429-V бірлескен шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Елді мекендер
1 шаршы метр үшін теңгемен төлемақының базалық ставкасы
1
Атырау қаласы
2240
2
Ганюшкин ауылы
375
3
Аққыстау ауылы
333
4
Махамбет ауылы
394
5
Алмалы ауылы
685
6
Бейбарыс ауылы
340
7
Береке ауылы
774
8
Сарайшық ауылы
357
9
Индербор кенті
507
10
Мақат кенті
408
11
Доссор кенті
511
12
Құлсары қаласы
1467
13
Жаңа Қаратон кенті
432
14
Қосшағыл ауылы
286
15
Тұрғызба ауылы
279
16
Миялы ауылы
228
17
Сағыз ауылы
232
18
Қалған кенттер
Облыс орталығы ставкаларының 18 пайызы
19
Қалған ауылдық елді мекендер
Облыс орталығы ставкаларының 10 пайызы