Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту мақсатында, Әйтеке би ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарға әр санат үшiн жұмыс орындарының жалпы санының бiр пайызы мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
2. «Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бас бостандылығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды белгіленген квотаға сәйкес бос жұмыс орындарына орналасуға жолдамамен қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Б.Рахметовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан Әкімі: А.Бердалин