Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 83/10-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 756 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 24 қаңтарда № 666 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қаңтарда № 11 «Вечерняя Астана», 2011 жылғы 27-29 қаңтарда № 10, 11 газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесінің (бұдан әрі - Ереже) қосымшасында:
      Амбулаторлық емделу кезінде Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тегін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі келесі мазмұндағы 201, 202, 203 реттік нөмірлі жолдармен толықтырылсын:

«

201.

Тамсулозин гидрохлориді

таблеткалар 400 мг

202.

Финастерид

таблеткалар 5 мг

203.

Өт, сарымсақ, қалақай жапырақтары, белсендірілген көмір

қабыршықпен қапталған таблеткалар

                                                                   ».

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Н. Мещеряков

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Астана қаласы
      Денсаулық сақтау басқармасы» (ДБ)
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А. Сегізбаева
      2012 жылғы 21 қараша