Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-ІV "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 46/5-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 739 болып енгізілді

Жаңартылған

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Ережесі», «Ереже», «Ережемен», «Ережеде», «Ереженің», «Ережеге», «ережесіне», «ережесінде», «ережесінің», «ережесін» деген сөздер «Қағидасы», «Қағида», «Қағидамен», «Қағидада», «Қағиданың», «Қағидаға», «қағидасына», «қағидасында», «қағидасының», «қағидасын» деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.03.2014 № 225/31-V (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
       1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-ІV «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 29 қазанында № 652 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 қарашадағы № 129 «Астана ақшамы» және 2010 жылғы 20 қарашадағы № 135 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «1. Қағида мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      коммуналдық және басқа да қызметтер - ұстау, күрделі жөндеу және (немесе) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша қызметтерге қаражат жинақтауға арналған жарналар, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері, жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органмен жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы;
      отбасы шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі – коммуналдық және басқа да қызметтерге ақы төлеуге, тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде хабарласқан алдындағы тоқсандағы отбасының орташа айлық жиынтық кірісінің сегіз пайызынан аспайтын есептеу құралының құнын төлеуге шығындар;
      есептеу құралы - тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясының бір фазалық есептеуіші.»;
      2-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Тұрғын үй көмегі жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі сондай-ақ осы мақсаттарға отбасы шығыстарының шекті жол берілген деңгейінен асып кеткен жағдайда, есептеу құралдарының құнын төлеуге беріледі.»;
      3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері осы Қағидамен белгіленген норма шегінде коммуналдық және басқа да қызметтерге төлеуге тиесілі сома мен есептеу құралының құны арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі»;
      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде отбасы құрамына бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін және Астана қаласында тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
      Он сегіз жасқа дейінгі ата-анасынан бөлек тұратын балалары ата-анасының отбасында есепке алынады. Егер ата-анасы ата-ана құқығынан айырылса, балалар қамқоршының (асыраушылар) отбасында есептеледі.
      22-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «22. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде оның құрамы осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес анықталады.»;
      23-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «23. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      26-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «26. Тұрғын үй көмегін алушы тұтынылған коммуналдық және басқа қызметтер туралы, есептеу құралын сатып алғандығы туралы (екі айдың ішінде) мәліметтерді белгілі бір себептерге байланысты (науқастану, қала шегінен тыс жерде болу) уақытылы ұсынбаған жағдайда және осы себептерді куәландыратын тиісті анықтаманың болғаны кезінде, комиссия көрсетілген кезеңге тұрғын үй көмегін төлейді.».
      Қағиданың 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Шекенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 26 маусымдағы
№ 46/5-V шешіміне   
қосымша        

Астана қаласында тұрғын үй
көмегін көрсету қағидасына
1-қосымша       

            Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы
                             өтініш

      Мен ___________________________________________________________
                            (Т.А.Ә., туған жылы)
тұрғын үйдің меншік иесі (жалға алушысы) болып табылатын, жеке куәлік
№ ________________, кіммен берілді ___________, СТН _________________
      Менің отбасыма құрамында ___ адам, мекенжайы __________________
коммуналдық және есептеу құралының құнын төлеу бойынша өзге де
қызметтер төлемі бойынша шығынды өтеу үшін тұрғын үй көмегін
тағайындауыңызды сұраймын.

№ р/с

Өтініш беруші отбасының мүшелері Т.А.Ә.

Туған күні

Туыстық қатынастар

Әлеуметтік мәртебесі

1

2

3

4

5

      Өтінішке қажетті құжаттарды ____ данада қоса беремін.
Есептік шоттың № _______________ банктің атауы _______________
      Өзгерістер болған жағдайда 10 күннің ішінде ол туралы
хабарлауға міндеттенемін.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабының
1-тармағына және 325-бабының 3-тармағына сәйкес, ұсынылған
құжаттардың дұрыстығына жауапкершілікпен таныстым.

      "___" _________ 200__ ж. Өтініш иесінің қолы ________________
      Құжатты қабылдады ___________________________________________
                       (Құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                           кесу сызығы

      Азамат _____________________________ тұрғын үй көмегін
тағайындау үшін қоса берілген құжаттармен __ парақта қабылданды.

      "__" ____ 200__ ж. ______________________________________
                          (Құжатты қабылдаған маманның Т.А.Ә.)