Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 15.05.2013 № 124-ө бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларының 7 және 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысаны бекітілсін.
2. Төмен көміртекті даму департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 365-ө бұйрығына
қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін
ӨТІНІШ
1. Табиғатты пайдаланушының атауы |
|
2. Жалпы мәліметтер: |
|
3. Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономика секторы (атауы мен коды) |
|
4. Парниктік газдар шығарындыларына сұралатын квоталар көлемі: |
___________________________ тонна ___________________________ тонна ___________________________ тонна |
5. Парниктік газдар шығарындыларына квотаны алу үшін көзі |
|
6. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар арналған уақыт кезеңі |
20____ жылға |
7. Өтінімге келесі құжаттар қоса ұсынылады: |
1) есепті жылға парниктік газдарды түгендеу туралы есеп |
Өтініш беруші мәліметтердің дұрыстығына толық жауапкершілікте болады.
Кәсіпорынның басшысы
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы, мөр орны)