Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 05 желтоқсандағы № 365-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8201 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларының 7 және 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысаны бекітілсін.
      2. Төмен көміртекті даму департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 5 желтоқсандағы 
№ 365-ө бұйрығына     
қосымша          

нысан

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін
ӨТІНІШ

1. Табиғатты пайдаланушының атауы


2. Жалпы мәліметтер:
2.1. Заңды мекенжайы
2.2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
2.3. Байланыс телефоны, факс, электрондық пошта


3. Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономика секторы (атауы мен коды)


4. Парниктік газдар шығарындыларына сұралатын квоталар көлемі:
4.1. Ұлттық жоспардан
4.2. Ұлттық жоспардың квота көлемі қорының (жаңа және кеңейтілген қондырғылар үшін)
4.3. Барлығы

___________________________ тонна

___________________________ тонна

___________________________ тонна

5. Парниктік газдар шығарындыларына квотаны алу үшін көзі


6. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар арналған уақыт кезеңі

20____ жылға

7. Өтінімге келесі құжаттар қоса ұсынылады:

1) есепті жылға парниктік газдарды түгендеу туралы есеп
2) қондырғының паспорты
3) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бағдарламасы
4) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Өтініш беруші мәліметтердің дұрыстығына толық жауапкершілікте болады.

      Кәсіпорынның басшысы
      (Т.А.Ә., лауазымы, қолы, мөр орны)