Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 235 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8009 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін (бұдан әрі - Тізбе).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тізбенің 6-тармағы 2012 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                          Г. Марченко

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2012 жылғы 24 тамыздағы  
№ 235 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережеде:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ереже (бұдан әрі – Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялардың (бұдан әрі – облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеудің, облигацияларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептерді қараудың және бекітудің талаптары мен тәртібін айқындайды.»;
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған эмитент (екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – банк), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) левереджінің шамасы 2-ден аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес).
      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) мемлекеттік тіркеуге арналған левередж шамасы 5-тен аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептілік деректеріне сәйкес).»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау үшiн эмитент уәкiлеттi органға Заңның 32-бабының 2-тармағында белгiленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп Ереженiң 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екі данада (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) беріледі. Бұл ретте екі дананың әрқайсысы облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы қазақ және орыс тілдеріндегі есептi қамтиды.»;
      1313-114 және 14-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының резидент эмитентінің ең төменгі кредиттік рейтингі - Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В»-дан немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасынан төмен болмауы тиіс.
      13-1. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін банктің ең төменгі кредиттік рейтингі - Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасынан төмен емес.
      14. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мына:
      1) қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыстағы облигациялар бойынша сыйақы төлеу бойынша уақтылы орындалмаған және орындалмаған міндеттемелердің болмауы;
      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне дейін аяқталған соңғы екі қаржы жылының біреуінің қорытындылары бойынша эмитенттің шығынсыз қызметі немесе оның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес аяқталған соңғы екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған ақшалай қаражатының таза ағындары оң болса;
      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде пруденциалдық нормативтерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмауы;
      4) осы шығарылымның облигациялары және эмитент Заңда және сауда-саттықты ұйымдастырушы эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қатысты белгілеген талаптарға сәйкес келуі (егер эмитент және осы шығарылым облигациялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі болжанған жағдайда) талаптарын сақтаған кезде облигациялардың шығарылымын жүзеге асырады.
      Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтаған кезде, сондай-ақ мына талаптардың біреуін сақтаған кезде:
      жаңадан шығарылатын облигациялар ипотекалық облигациялар болып табылса;
      уәкілетті органға облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күні банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның Ереженің 13-тармағында белгіленген ең төменгі кредиттік рейтингісі болса;
      уәкілетті органға облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күні банктің Ереженің 13-1-тармағында белгіленген ең төменгі кредиттік рейтингісі болса, облигациялардың шығарылымын жүзеге асырады.
      Осы тармақтың талаптары банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес жүргізілетін банктің бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуі жағдайларына қолданылмайды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талаптары банктің акцияларға айырбасталатын реттелген облигациялар түріндегі облигацияларының шығарылымына қолданылмайды.
      14-1. Егер эмитенттің Ереженің 13-тармағында белгіленген ең төменгі кредиттік рейтингісі болмаса (ипотекалық облигациялар эмитенттерін, сондай-ақ Ереженің 14-тармағында көрсетілген эмитенттерді қоспағанда), ол облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынар алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша левередж шамасының есебін ұсынады.»;
      1-қосымшада:
      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Облигациялар туралы мәліметтер:
      1) облигациялардың түрі (купондық немесе дисконттық, инфрақұрылымдық немесе арнайы қаржы компаниясы шығаратын), қамтамасыз етудің болуы (толық немесе ішінара қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген, оның ішінде реттелген), номиналдық құнын немесе сыйақы мөлшерін (индекстелген) есептеу сипаты;
      2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі (облигациялар шығарылымының жалпы көлемін номиналдық құны бойынша көрсету керек);
      3) бір облигацияның номиналдық құны;
      4) облигацияларды орналастырудың басталған күні және айналысының басталған күні;
      5) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетілген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақы ставкасы;
      сыйақыны, кезеңділікті есептеу басталатын күн және сыйақы төленген күн, оны төлеу тәртібі және талаптары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған жағдайда, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетіледі);
      сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;
      индекстелген облигациялар шығару кезіндегі есептеу тәртібі.
      Егер сыйақы ставкасы белгіленбеген болса, оның мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;
      6) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және оларды өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу талаптары;
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетін орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсілі;
      орны және облигацияларды эмитент кассасы арқылы қолма-қол ақшамен өтеу кезінде өтініш жасауға болатын тұлғалар;
      7) облигацияларды төлеу талаптары мен тәртібі:
      облигацияларды (осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигацияларды қоса алғанда) төлеудің талаптары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері, оның ішінде қайта құрылымдау жоспарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып көрсетіледі;
      8) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығару кезінде):
      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:
      толық немесе ішінара қамтамасыз ету, кепіл мәні, оның құны және кепіл мәнін өндіріп алуға өтініш жасау тәртібі;
      облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;
      егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;
      9) арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша:
      тиісті шарттардың нөмірлері мен жасалған күндерін көрсете отырып, оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      секьюритилендіру мәмілесінде оригинатор қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;
      талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
      оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы;
      талап ету құқықтарының біртектілік критерийлері;
      секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;
      қосымша қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
      осы облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған облигациялардың әртүрлі шығарылымдарын өтеу кезектілігі көрсетіледі;
      10) облигацияларды ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, бірінші басшының, атқарушы орган мүшелерінің тегі, аты, бар болса - әкесінің аты);
      11) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде концессиялық шарттың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері көрсетіледі;
      12) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі:
      тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, телефон нөмірлері, шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;
      13) төлем агенті туралы мәліметтер:
      оның атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;
      14) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделсе):
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;
      15) ақысы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, олардың түрі мен саны қосымша көрсетіледі;
      16) облигацияларды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдар туралы мәліметтер (егер осындай ұйыммен шарт жасау міндеті Заңның талаптарында көзделсе);
      17) мыналар:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;
      эмитенттің облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі мен мерзімдері;
      егер сыйақыны және (немесе) негізгі борышты төлеу облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес өзге де мүліктік құқықтармен жүргізілген жағдайда осы құқықтарды, олардың сақталу тәсілдерін, бағалау тәртібін және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды, сондай-ақ осы құқықтардың ауысуын іске асыру тәртібінің сипаттамасы қоса көрсетілген облигацияның өз ұстаушысына беретін құқықтары;
      18) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдері мен тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;
      19) басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар көрсетіледі.
      Облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитенттің қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетіледі.
      Эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібін қоса алғанда, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттері, дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Егер көрсетілген ақпаратты жария етуді эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырса, осы тұлғаның атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі.
      Эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғалармен жасалған шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі көрсетіледі;
      20) опциондар туралы ақпарат:
      егер опциондар эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік берсе, онда осы тармақшада опцион жасау талаптары көрсетіледі;
      21) қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдары.
      Қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарын эмитенттің қабылдау немесе қабылдамау негіздемесі көрсетіледі.»;
      2-қосымшада:
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Облигациялар туралы мәлiметтер:
      1) шығарылатын облигациялардың түрi (купондық, дисконттық, қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген) және саны;
      2) бір облигацияның номиналдық құны;
      3) облигациялардың айналыс мерзiмi;
      4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетiлген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақы ставкасы, оның мөлшерiн айқындау тәртібі;
      сыйақыны, кезеңділікті есептеу басталатын күн, сыйақы төленген күн, төлем валютасын көрсете отырып, оны төлеу тәртібі мен талаптары және валютаны айырбастау бағамы анықталатын күндi белгiлеу тәртібі;
      сыйақы есептеу үшiн қолданылатын уақыт кезеңi;
      5) облигациялар айналысының басталуын анықтау тәртібін, оларды өтеу, облигацияларды өтеу күнiн белгiлеу талаптарын көрсете отырып, облигациялардың айналысы және оларды өтеу жөніндегі мәлiметтер;
      6) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын өтеу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделген жағдайда).
      Эмитенттің мерзімінен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары мен мерзімдері көрсетіледі;
      7) мыналар қоса көрсетілген облигацияның өз ұстаушысына беретін құқықтары:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі мен мерзімдері;
      8) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдері мен тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;
      9) басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар және облигацияларды ұстаушылардың облигацияларды мерзiмiнен бұрын өтеудi талап етуге құқығы болатын жағдайлар, облигациялар бойынша дефолт болған жағдайда эмитенттің қандай шаралар қолданатыны, облигациялар немесе негізгі борыш бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері көрсетіледі.
      Эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілікті атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолттың басталу фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Егер көрсетілген ақпаратты ашуды эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырса, осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4718 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жинағында 2007 жылғы маусымда және «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 13 шілдеде № 106 (1135) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы (бұдан әрі – Лицензиялау туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның банкті ашуға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ банктің банктік және өзге операцияларды жүргізуіне және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруына лицензия беру, оны беруден бас тарту, банктің банктік және өзге операцияларды жүргізуіне және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруына берілген лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату тәртібін және талаптарын айқындайды.
      Ереже ислам банктеріне де қолданылады.»;
      2-тармақ алып тасталсын;
      34 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Банкті ашуға рұқсат алу үшін банктің құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) Банктер туралы заңның 19-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.
      4. Құрылтайшылар жөніндегі мәліметтер мыналарды қамтиды:
      1) құрылтайшылар - жеке тұлғалар үшін – Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген осы тұлғада заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, Банктер туралы заңның 24-бабы 1-тармағының г-1) тармақшасы екінші абзацының талаптарын орындағаны туралы ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды) қоса беріледі.
      Банктер туралы заңның 24-бабы 1-тармағының г-1) тармақшасы екінші абзацының талаптарын растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) үшін олардың азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты қосымша береді;
      2) құрылтайшылар - заңды тұлғалар үшін:
      Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мәліметтер, оларға заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі және құрылтай құжаттарының (жарғының, құрылтай шартының) нотариат куәландырған көшірмелері;
      Банктер туралы заңның 19-бабының 4-тармағында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;
      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының немесе басқару органының бірінші басшысында заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, Банктер туралы заңның 24-бабы 1-тармағының г-1) тармақшасы екінші абзацының талаптарын орындау туралы ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды).
      5. Банктердің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау (сайлау) үшін ұсынылатын тұлғалар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 4 тамызда № 464-470 (27543) жарияланған) бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Банк жарғысының барлық даналарының титулдық бетінде жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болуы тиіс: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары)______________».
      Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.»;
      11-тармақ алып тасталсын;
      1718 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Уәкілетті орган лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда банктің жазбаша өтінішін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жаңа нөмірді беру және лицензияның жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазу арқылы лицензияның телнұсқасын береді.
      18. Жаңадан құрылған банк уәкілетті органға депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу операцияларын қоспағанда (осы ерекшелік жаңадан құрылған еншілес банкке қолданылмайды), Банктер туралы заңның 26-бабы 2-тармағының 3)4)5)6)7)8)9)10)11) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, Ереженің 77-1-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтінішін береді.
      Жаңадан құрылған ислам банкі ислам банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішіне қосымша исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша кеңесті тағайындау туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімін қоса береді.
      19. Банк банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін Банктер туралы заңның 26-бабы 2-1-тармағының талаптарын орындаған кезде лицензия беру туралы өтінішпен бір уақытта мыналарды:
      1) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттарын айқындайтын құжаттарды;
      2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты (төлем тапсырмасын) ұсынады.»;
      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Банк үшін бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алудың талаптары мыналар болып табылады:
      1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және уәкілетті орган банктер үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді, сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік алты айдан кем емес кезең ішінде сақтауы;
      2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берген күннің алдындағы қатарынан алты айдан кем емес кезең ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және уәкілетті органның банкке қолданған санкцияларының болмауы.
      23. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар банк үшін бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия алудың талаптары мыналар болып табылады:
      1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банктер үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді, сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік алты айдан кем емес кезең ішінде сақтауы;
      2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді лицензия беру туралы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік алты айдан кем емес кезең ішінде сақтауы және лицензия алуға өтініш берген күннің алдындағы қатарынан үш ай ішінде банкке қатысты санкциялардың болмауы.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Лицензияны тоқтата тұру не одан айыру туралы шешім банкке орындау үшін жіберіледі.»;
      1-қосымша Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
      2-қосымша Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жазылсын;
      3-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банкті ашуға рұқсат беру, 
сондай-ақ банктер бағалы  
қағаздар рыногында жүзеге  
асыратын қызметті, банктік 
және өзге операцияларды  
лицензиялау ережесінің  
3-қосымшасы       

Нысан»;

      4-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банкті ашуға рұқсат беру, 
сондай-ақ банктер бағалы  
қағаздар рыногында жүзеге 
асыратын қызметті, банктік 
және өзге операцияларды   
лицензиялау ережесінің   
4-қосымшасы       

Нысан»;

      5-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банкті ашуға рұқсат беру, 
сондай-ақ банктер бағалы  
қағаздар рыногында жүзеге 
асыратын қызметті, банктік 
және өзге операцияларды   
лицензиялау ережесінің   
5-қосымшасы       

Нысан»;

      5-1-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банкті ашуға рұқсат беру, 
сондай-ақ банктер бағалы  
қағаздар рыногында жүзеге  
асыратын қызметті, банктік 
және өзге операцияларды   
лицензиялау ережесінің   
5-1-қосымшасы      

Нысан»;

      6-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банкті ашуға рұқсат беру, 
сондай-ақ банктер бағалы  
қағаздар рыногында жүзеге  
асыратын қызметті, банктік 
және өзге операцияларды   
лицензиялау ережесінің    
6-қосымшасы         

Нысан»;

      6-1-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банкті ашуға рұқсат беру, 
сондай-ақ банктер бағалы  
қағаздар рыногында жүзеге  
асыратын қызметті, банктік 
және өзге операцияларды  
лицензиялау ережесінің   
6-1-қосымшасы       

Нысан»;

      7-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банкті ашуға рұқсат беру,  
сондай-ақ банктер бағалы   
қағаздар рыногында жүзеге  
асыратын қызметті, банктік  
және өзге операцияларды   
лицензиялау ережесінің   
7-қосымшасы         

Нысан»;

      7-1-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банкті ашуға рұқсат беру,  
сондай-ақ банктер бағалы   
қағаздар рыногында жүзеге  
асыратын қызметті, банктік  
және өзге операцияларды   
лицензиялау ережесінің   
7-1-қосымшасы        

Нысан»;

      8-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банкті ашуға рұқсат беру, 
сондай-ақ банктер бағалы  
қағаздар рыногында жүзеге  
асыратын қызметті, банктік 
және өзге операцияларды   
лицензиялау ережесінің   
8-қосымшасы         

Нысан»;

      8-1-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банкті ашуға рұқсат беру, 
сондай-ақ банктер бағалы  
қағаздар рыногында жүзеге  
асыратын қызметті, банктік 
және өзге операцияларды   
лицензиялау ережесінің   
8-1-қосымшасы       

Нысан».

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 122 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4731 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесінде:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Көлік құралдары иелерінің АҚЖ туралы заң), «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы (бұдан әрі – Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заң), «Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы (бұдан әрі – Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заң), «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берудің тәртібі мен талаптарын айқындайды, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға Заңның 27-бабында көзделген құжаттар ұсынылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарының барлық даналарының титулдық бетінде жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болады: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) ______________».
      Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының келісілген құрылтай құжаттарының бір данасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заң ісіне тігіледі. Қалған даналары әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өту үшін өтініш берушіге қайтарылады.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады.»;
      3-қосымша Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес жазылсын;
      4-қосымша Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес жазылсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4873 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидаларында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидалары»;
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы (бұдан әрі – Лицензиялау туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және лицензиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) құзыретіне кіретін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялаудың тәртібі мен талаптарын айқындайды.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өтініш иесі лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес лицензия беру туралы өтінішті;
      2) жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмелерін;
      3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжатты;
      4) барлық жоспарланып отырған операциялар бойынша лицензияны алу мақсаттарын, өтініш беруші бағдарға алған нарық сегментін, қызмет көрсету түрлерін, маркетинг жоспарын (клиентураны қалыптастыру), ұйым қызметін қаржыландырудың көздерін, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстардың болжамын ашатын және өтініш беруші қызметінің жоспарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшесінің бар екендігін көрсететін бизнес-жоспарды;
      5) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымның банк операцияларын жүргізуінің жалпы талаптары жөніндегі ережені;
      6) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес банктік емес ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы электрондық және қағаз тасымалдағыштардағы мәліметтерді;
      7) құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша Ереженің 3-қосымшасына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді;
      8) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын филиалдардың (осындайлар болған жағдайда) тізімін және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;
      9) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттарды - төлем тапсырмаларын, кассалық кіріс ордерлерін (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалардан басқа) ұсынады.
      Банктік емес ұйымның әрбір түрі бойынша жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді және ол осы сома шегінде тек қана ақшамен төленуі тиіс (банкаралық ақша аудару жүйесінің операторынан, сондай-ақ аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің шешімімен банктік емес ұйымның жарғылық капиталын қалыптастырудың өзге мөлшері мен тәртібі көзделуі мүмкін жеке жағдайлардан басқа).
      Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін төлеу талаптары жарғылық капиталының қалыптасуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделмеген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қор биржасы, орталық депозитарий лицензия алу үшін Ереженің 4-тармағының 1), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензиясы бар заңды тұлға лицензияны алуға арналған өтініште көрсетілген орналасқан жерлері өзгерген, сондай-ақ Ереженің 4-тармағының 2), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, уәкілетті органға осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он төрт күн ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құжаттарды ұсынады.»;
      222324 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Уәкілетті орган лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда банктік емес ұйымнан жазбаша өтініш алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде лицензияның телнұсқасын жоғарғы оң жақ бұрышына нөмірі мен «Телнұсқа» деген жазба жасау және нөмір қою арқылы береді.
      23. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және уәкілетті орган банктік емес ұйымға Банктер туралы заңның 46-бабында, 47-бабының 2-тармағының а)б) тармақшаларында, Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңның 5-4-бабында және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабында көзделген негіздемелер бойынша көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкциялар қолдана алады.
      24. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімі банктік емес ұйымға орындау үшін жіберіледі және уәкілетті органның ресми басылымдарында жарияланады.
      25. Лицензиясы тоқтатыла тұрған банктік емес ұйым ай сайын әр айдың оныншы күнінен кешіктірмей (лицензияның қолданылуы қайта басталған күнге не лицензияның тоқтатыла тұру мерзімі аяқталғанға дейін) уәкілетті органға анықталған жөнсіздіктерді жою бойынша банктік емес ұйым өткізген іс-шаралар туралы хабар береді.
      Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған банктік емес ұйым:
      1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күн ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтарады;
      2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі айлық мерзімде уәкілетті органға атауының өзгеруіне байланысты (ипотекалық ұйымдар үшін) әділет органдарында қайта тіркелуін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың тіркелуін (құрылтай құжаттарына банктік емес ұйымның қайта тіркелуіне әкелмейтін қызметінің түрін өзгерту негіздемелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда) растайтын құжаттарды және банктік емес ұйымның салық қызметі органдарына лицензиядан айыру туралы хабарламасының көшірмесін ұсынады.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Уәкілетті орган лицензияны беру, одан айыру, тоқтата тұру, тыйым салу және қайта бастау туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратулары бойынша ашады.».
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Осы Нұсқаулықтың 29, 29-1-тармақтарына сәйкес есептелген сома зейнетақы активтері аталған Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қордың К2 номиналды кіріс коэффициенті мен номиналды кіріс коэффициентінің ең төменгі мәні арасындағы кері айырманы өтеу туралы Қор Ұйымға талап қойған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде Қордың шотына есепке алынады.
      Осы тармақтың талабы Ұйым зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы және зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерін төлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бір мезгілде болған жағдайларға қолданылмайды.
      31. Ұйым зейнетақы активтері осы Ұйымда инвестициялық басқаруда тұрған әрбір жеке Қордың К2 номиналды кіріс коэффициенті мен номиналды кіріс коэффициентінің ең аз мәні арасындағы кері айырманы өтеу сомасын есептеу күнінен кейінгі күн ішінде уәкілетті органға кастодиан банктің растамасымен осы соманы есепке алу туралы ақпаратты жібереді.
      Осы тармақта және 29, 29-1, 30-тармақтарда белгіленген талаптар зейнетақы активтерін және міндеттемелерді қабылдаған жылдан кейінгі төрт жыл ішінде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметін атқаратын лицензиядан айырылған Қордың зейнетақы активтерін және міндеттемелерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын Қорға қатысты ұйымға қолданылмайды.».
      7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 25 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының     
қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу, бақылау    
мен қадағалау мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне 
1-қосымша            

Банкті ашуға рұқсат беру,    
сондай-ақ банктер бағалы     
қағаздар рыногында жүзеге     
асыратын қызметті, банктік    
және өзге операцияларды     
лицензиялау ережесіне     
1-қосымша           

Құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер

________________________
(банктің атауы)
20__ жылғы «____» ________________

1. Құрылтайшы
_____________________________________________________________________
               (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
2. Туған күні
_____________________________________________________________________
3. Туған жері
_____________________________________________________________________
4. Азаматтығы
_____________________________________________________________________
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
_____________________________________________________________________
6. Тұрғылықты жері
_____________________________________________________________________
7. Жұмыс орны, лауазымы
_____________________________________________________________________
8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі)
_____________________________________________________________________
9. Білімі
_____________________________________________________________________
               (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
10. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме
____________________________________________________________________
           (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)
      11. Құрылтайшы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

      Қолы __________________ күні _________________

Қазақстан Республикасының    
қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу, бақылау    
мен қадағалау мәселелері бойынша 
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша           

Банкті ашуға рұқсат беру,   
сондай-ақ банктер бағалы    
қағаздар рыногында жүзеге   
асыратын қызметті, банктік   
және өзге операцияларды    
лицензиялау ережесіне    
2-қосымша          

Құрылтайшы - заңды тұлға туралы мәліметтер
________________________
(банктің атауы)
20__ жылғы «____» ________________

1. Құрылтайшы _______________________________________________________
                         (заңды тұлғаның атауы)
2. Мекенжайы ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       пошта индексі, қала, көше, байланыс телефоны)

3. Мемлекеттік тіркеу _______________________________________________
_____________________________________________________________________
           (құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берді)
4. Қызмет түрі ______________________________________________________
                     (қызметінің негізгі түрлерін көрсету)
5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының резиденті емес (керегінің асты сызылсын)
6. Құрылтайшы - заңды тұлғаның басшысы ______________________________
_____________________________________________________________________
       (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туған күні)
Білімі ______________________________________________________________
                 (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
           (орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)
7. Соңғы күнтізбелік үш жылда құрылтайшы - заңды тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                     (олардың туындау себептері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
              (бұл проблемаларды шешу нәтижелері)
8. Банк құрылтайшысы - заңды тұлға ірі акционері болып табылатын немесе жарғылық капиталға қатысу үлесінің он немесе одан да көп пайызына тура және (немесе) жанама ие ұйымдарды көрсетіңіз:
      ұйымның атауы, орналасқан жері және мемлекеттік тіркеу туралы деректер:____________________________________________________________
                              ұйым қызметінің түрі
_____________________________________________________________________
            осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы
_____________________________________________________________________
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) тізбесі белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұйым рейтингі болған жағдайда, оны көрсетіңіз.
10. Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және (немесе) оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

____________________________________
      (қолы)
___________________________________
      (күні)
___________________________________
      (мөр)

Қазақстан Республикасының     
қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу, бақылау     
мен қадағалау мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне 
3-қосымша           

Сақтандыру (қайта сақтандыру) 
ұйымын құруға рұқсат беру,  
сондай-ақ сақтандыру (қайта  
сақтандыру) қызметін және    
сақтандыру брокерінің қызметін 
жүзеге асыру құқығына      
лицензия беру ережесіне   
3-қосымша          

Фото (3x4 сантиметр)

Құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер
____________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
20 __ жылғы «___» ___________

1. Құрылтайшы
____________________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2. Туған күні
____________________________________________________________________
3. Туған жері
____________________________________________________________________
4. Азаматтығы
____________________________________________________________________
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
____________________________________________________________________
6. Тұрғылықты жері
____________________________________________________________________
7. Жұмыс орны, лауазымы
____________________________________________________________________
8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі)
____________________________________________________________________
9. Білімі
____________________________________________________________________
                  (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
10. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме
____________________________________________________________________
            (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)
11. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға қолданылатын ақша көздерінің және сомасының сипаты
____________________________________________________________________
12. Құрылтайшының жарғылық капиталға қатысуы немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын иеленуі жөніндегі мәліметтер:
заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері
____________________________________________________________________
Қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері атап көрсетілсін)
____________________________________________________________________
жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшыға тиесілі акциялар санының жеке әрбір заңды тұлға бойынша дауыс беретін акциялардың жалпы санына ара қатынасы (пайызбен)
____________________________________________________________________
13. Құрылтайшы - жеке тұлға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

Қолы _________________ күні _________________

Қазақстан Республикасының    
қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу, бақылау    
мен қадағалау мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
4-қосымша          

Сақтандыру (қайта сақтандыру) 
ұйымын құруға рұқсат беру,   
сондай-ақ сақтандыру (қайта   
сақтандыру) қызметін және    
сақтандыру брокерінің қызметін
жүзеге асыру құқығына     
лицензия беру ережесіне   
4-қосымша         

Құрылтайшы - заңды тұлға туралы мәліметтер
_________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
20 __ жылғы «___» ___________

1. Құрылтайшы
____________________________________________________________________
                        (заңды тұлғаның атауы)
2. Мекен-жайы
____________________________________________________________________
            (пошта индексі, қала, көше, байланыс телефоны)
3. Мемлекеттік тіркеу
____________________________________________________________________
            (құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берді)
4. Қызмет түрі
____________________________________________________________________
             (қызметінің негізгі түрлерін көрсету)
5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының резиденті емес (керегінің асты сызылсын)
____________________________________________________________________
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшы - заңды тұлғаның басшысы
____________________________________________________________________
            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)
Білімі
____________________________________________________________________
                  (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
7. Соңғы үш күнтізбелік жылда құрылтайшы заңды тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма:
____________________________________________________________________
                  (олардың туындау себептері)
____________________________________________________________________
                  (бұл проблемаларды шешу нәтижелері)
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы - заңды тұлға ірі акционер болып табылатын немесе жарғылық капиталға қатысу үлесінің он немесе одан да көп пайызына тура және (немесе) жанама ие ұйымдарды көрсетіңіз:
ұйымның атауы және орналасқан жері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
ұйымды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер:
____________________________________________________________________
ұйым қызметінің түрі:
____________________________________________________________________
осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы:
____________________________________________________________________
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) тізбесі белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұйым рейтингі болған жағдайда, оны көрсетіңіз.
10. Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және (немесе) оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

____________________________________
      (қолы)
___________________________________
      (күні)
___________________________________
      (мөр)

Қазақстан Республикасының   
қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу, бақылау   
мен қадағалау мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
5-қосымша         

Жинақтаушы зейнетақы   
қорларын әділет органдарында
мемлекеттік тіркеуге рұқсат
беру қағидаларына    
4-қосымша       

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).