Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 235 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8009 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін (бұдан әрі - Тізбе).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тізбенің 6-тармағы 2012 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 235 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      3-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 122 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4731 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесінде:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Көлік құралдары иелерінің АҚЖ туралы заң), "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы (бұдан әрі – Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заң), "Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы (бұдан әрі – Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заң), "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берудің тәртібі мен талаптарын айқындайды, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға Заңның 27-бабында көзделген құжаттар ұсынылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарының барлық даналарының титулдық бетінде жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болады: "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) ______________".

      Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының келісілген құрылтай құжаттарының бір данасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заң ісіне тігіледі. Қалған даналары әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өту үшін өтініш берушіге қайтарылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады.";

      3-қосымша Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес жазылсын;

      4-қосымша Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес жазылсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4873 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидалары";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы (бұдан әрі – Лицензиялау туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және лицензиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) құзыретіне кіретін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялаудың тәртібі мен талаптарын айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтініш иесі лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес лицензия беру туралы өтінішті;

      2) жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмелерін;

      3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжатты;

      4) барлық жоспарланып отырған операциялар бойынша лицензияны алу мақсаттарын, өтініш беруші бағдарға алған нарық сегментін, қызмет көрсету түрлерін, маркетинг жоспарын (клиентураны қалыптастыру), ұйым қызметін қаржыландырудың көздерін, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстардың болжамын ашатын және өтініш беруші қызметінің жоспарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшесінің бар екендігін көрсететін бизнес-жоспарды;

      5) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымның банк операцияларын жүргізуінің жалпы талаптары жөніндегі ережені;

      6) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес банктік емес ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы электрондық және қағаз тасымалдағыштардағы мәліметтерді;

      7) құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша Ереженің 3-қосымшасына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді;

      8) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын филиалдардың (осындайлар болған жағдайда) тізімін және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;

      9) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттарды - төлем тапсырмаларын, кассалық кіріс ордерлерін (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалардан басқа) ұсынады.

      Банктік емес ұйымның әрбір түрі бойынша жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді және ол осы сома шегінде тек қана ақшамен төленуі тиіс (банкаралық ақша аудару жүйесінің операторынан, сондай-ақ аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің шешімімен банктік емес ұйымның жарғылық капиталын қалыптастырудың өзге мөлшері мен тәртібі көзделуі мүмкін жеке жағдайлардан басқа).

      Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін төлеу талаптары жарғылық капиталының қалыптасуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделмеген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қор биржасы, орталық депозитарий лицензия алу үшін Ереженің 4-тармағының 1), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензиясы бар заңды тұлға лицензияны алуға арналған өтініште көрсетілген орналасқан жерлері өзгерген, сондай-ақ Ереженің 4-тармағының 2), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, уәкілетті органға осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он төрт күн ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құжаттарды ұсынады.";

      22, 23, 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Уәкілетті орган лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда банктік емес ұйымнан жазбаша өтініш алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде лицензияның телнұсқасын жоғарғы оң жақ бұрышына нөмірі мен "Телнұсқа" деген жазба жасау және нөмір қою арқылы береді.

      23. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және уәкілетті орган банктік емес ұйымға Банктер туралы заңның 46-бабында, 47-бабының 2-тармағының а), б) тармақшаларында, Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңның 5-4-бабында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабында көзделген негіздемелер бойынша көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкциялар қолдана алады.

      24. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімі банктік емес ұйымға орындау үшін жіберіледі және уәкілетті органның ресми басылымдарында жарияланады.

      25. Лицензиясы тоқтатыла тұрған банктік емес ұйым ай сайын әр айдың оныншы күнінен кешіктірмей (лицензияның қолданылуы қайта басталған күнге не лицензияның тоқтатыла тұру мерзімі аяқталғанға дейін) уәкілетті органға анықталған жөнсіздіктерді жою бойынша банктік емес ұйым өткізген іс-шаралар туралы хабар береді.

      Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған банктік емес ұйым:

      1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күн ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтарады;

      2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі айлық мерзімде уәкілетті органға атауының өзгеруіне байланысты (ипотекалық ұйымдар үшін) әділет органдарында қайта тіркелуін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың тіркелуін (құрылтай құжаттарына банктік емес ұйымның қайта тіркелуіне әкелмейтін қызметінің түрін өзгерту негіздемелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда) растайтын құжаттарды және банктік емес ұйымның салық қызметі органдарына лицензиядан айыру туралы хабарламасының көшірмесін ұсынады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Уәкілетті орган лицензияны беру, одан айыру, тоқтата тұру, тыйым салу және қайта бастау туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратулары бойынша ашады.".

      6. Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 25 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау
мен қадағалау мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау
мен қадағалау мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау
мен қадағалау мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
3-қосымша
  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру,
сондай-ақ сақтандыру (қайта
сақтандыру) қызметін және
сақтандыру брокерінің қызметін
жүзеге асыру құқығына
лицензия беру ережесіне
3-қосымша

      Фото (3x4 сантиметр)

Құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер

      ____________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      20 __ жылғы "___" ___________

      1. Құрылтайшы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      2. Туған күні

      ____________________________________________________________________

      3. Туған жері

      ____________________________________________________________________

      4. Азаматтығы

      ____________________________________________________________________

      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      ____________________________________________________________________

      6. Тұрғылықты жері

      ____________________________________________________________________

      7. Жұмыс орны, лауазымы

      ____________________________________________________________________

      8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      9. Білімі

      ____________________________________________________________________

      (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

      10. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме

      ____________________________________________________________________

      (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)

      11. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға қолданылатын ақша көздерінің және сомасының сипаты

      ____________________________________________________________________

      12. Құрылтайшының жарғылық капиталға қатысуы немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын иеленуі жөніндегі мәліметтер:

      заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

      ____________________________________________________________________

      Қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері атап көрсетілсін)

      ____________________________________________________________________

      жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшыға тиесілі акциялар санының жеке әрбір заңды тұлға бойынша дауыс беретін акциялардың жалпы санына ара қатынасы (пайызбен)

      ____________________________________________________________________

      13. Құрылтайшы - жеке тұлға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

      Қолы _________________ күні _________________

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау
мен қадағалау мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
4-қосымша
  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру,
сондай-ақ сақтандыру (қайта
сақтандыру) қызметін және
сақтандыру брокерінің қызметін
жүзеге асыру құқығына
лицензия беру ережесіне
4-қосымша

Құрылтайшы - заңды тұлға туралы мәліметтер

      _________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      20 __ жылғы "___" ___________

      1. Құрылтайшы

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      2. Мекен-жайы

      ____________________________________________________________________

      (пошта индексі, қала, көше, байланыс телефоны)

      3. Мемлекеттік тіркеу

      ____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берді)

      4. Қызмет түрі

      ____________________________________________________________________

      (қызметінің негізгі түрлерін көрсету)

      5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының резиденті емес (керегінің асты сызылсын)

      ____________________________________________________________________

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшы - заңды тұлғаның басшысы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

      Білімі

      ____________________________________________________________________

      (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

      7. Соңғы үш күнтізбелік жылда құрылтайшы заңды тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма:

      ____________________________________________________________________

      (олардың туындау себептері)

      ____________________________________________________________________

      (бұл проблемаларды шешу нәтижелері)

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы - заңды тұлға ірі акционер болып табылатын немесе жарғылық капиталға қатысу үлесінің он немесе одан да көп пайызына тура және (немесе) жанама ие ұйымдарды көрсетіңіз:

      ұйымның атауы және орналасқан жері:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ұйымды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер:

      ____________________________________________________________________

      ұйым қызметінің түрі:

      ____________________________________________________________________

      осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы:

      ____________________________________________________________________

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) тізбесі белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұйым рейтингі болған жағдайда, оны көрсетіңіз.

      10. Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және (немесе) оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

      ____________________________________

      (қолы)

      ___________________________________

      (күні)

      ___________________________________

      (мөр)

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау
мен қадағалау мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
5-қосымша
  Жинақтаушы зейнетақы
қорларын әділет органдарында
мемлекеттік тіркеуге рұқсат
беру қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).