Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 276 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қазанда № 7993 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптар (бұдан әрі - Талаптар);

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" акционерлік қоғамы 2013 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өзінің қызметін және ішкі құжаттарын Талаптарға сәйкес келтірсін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Талаптардың 4-тармағына сәйкес жасалған тәуекелдерді басқару жүйесіне талаптардың орындалуын бағалау бойынша есепті ұсынсын.

      3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын және 2012 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы қаулының 2-қосымшасы 1-тармағының он жетінші, жиырма алтыншы - қырық үшінші, алпыс жетінші - жетпіс екінші, жүз елу үшінші - жүз алпыс алтыншы, жүз жетпіс екінші - жүз жетпіс төртінші абзацтар 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Ұлттық Банк



Төрағасы


Г. Марченко




  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2012 жылғы 24 тамыздағы
  № 276 қаулысына
  1-қосымша

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптар

      Ескерту. Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – бірыңғай тіркеуші) сақтауы үшін міндетті тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына, бірыңғай тіркеушінің мониторинг, тәуекелдерді бақылау және басқару талаптары мен тәртiбiне қойылатын талаптарды белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенін қолдануымен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беру және ұсыну үшін арналған жүйе;

      2) ақпараттық-коммуникациялық желісі – ақпараттық жүйелері немесе олардың құрамындағылары арасында өзара іс-қимылын қамтамасыз етудің, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды берудің техникалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарының жиынтығы;

      3) алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      4) бедел тәуекелі – жағымсыз қоғамдық пікір немесе бірыңғай тіркеушіге деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      5) бірыңғай тіркеушінің филиалы - бірыңғай тіркеушінің атынан бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оған бірыңғай тіркеуші берген өкілеттіктер шегінде іс-әрекет ететін бірыңғай тіркеушінің тұрған жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын бірыңғай тіркеушінің оқшауланған бөлімшесі. Бірыңғай тіркеушінің филиалында бірыңғай тіркеушімен бірге біріңғай балансы, сондай-ақ бірыңғай тіркеушінің атауымен толық сәйкес келетін атауы болады;

      6) бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі - оның қызметінің нақты бағытын іске асыру мақсатында бірыңғай тіркеушінің міндеттерінің, функцияларының және жауапкершілігінің бөлігі жүктелетін бірыңғай тіркеушінің ресми бөлінген бөлігі (бөлім, басқарма, департамент);

      7) бэк-тестинг – бірыңғай тіркеуші бойынша тарихи деректерді пайдалану арқылы және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;

      8) алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      9) корпоративтік басқару – бірыңғай тіркеушінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге бірыңғай тіркеушінің қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасау мүмкіндігін беретін, жоғарғы орган, басқару органы, атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені ретінде сипатталатын, бірыңғай тіркеушіні стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;

      10) кредиттік тәуекел - своптар, опциондар, форвардтар және кредиттік тәуекелге ұшыраған өзге қаржы құралдары бойынша серіктестің міндеттемелерін орындамауына байланысты және осы бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары есеп айырысуды реттеу кезеңінде туындайтын шығындар тәуекелі кіретін, бағалы қағазды шығару талаптарымен белгіленген мерзімде бағалы қағаздың ұстаушысына тиесілі негізгі борыш пен сыйақыны эмитенттің төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

      11) құқықтық тәуекел – бірыңғай тіркеуші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, оның ішінде бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеу, бірыңғай тіркеушінің қызмет практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеу салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      12) меншікті активтерді инвестициялау саясаты – инвестициялау объектілерінің тізбесін, бірыңғай тіркеушінің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;

      13) мүдделер қайшылығын басқару – бірыңғай тіркеушінің лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің мүдделері олардың шешімдер қабылдауының және міндеттерін атқаруының объективтілігі мен тәуелсіздігіне ықпал етуі, сондай-ақ олардың бірыңғай тіркеуші клиенттерінің және (немесе) акционерлерінің мүдделерінде әрекет жасау міндеттемесімен қайшы келуі мүмкін жағдайларды болдырмау механизмдерін жасау;

      14) нарықтық тәуекел - нарықтық пайыздық мөлшерлеменің, шетел валюталары бағамдарының, қаржы құралдарының, тауарлардың нарықтық құнының тиімсіз өзгеруіне байланысты қаржылық шығындар туындау ықтималдығы;

      15) операциялық тәуекел - бірыңғай тіркеуші қызметінің сипаты мен ауқымдарына және (немесе) қолданыстағы заңнама талаптарына, операцияларды және басқа мәмілелерді жүргізудің ішкі тәртіптеріне және рәсімдеріне сәйкес келмеуі, оларды бірыңғай тіркеуші қызметкерлерінің және (немесе) өзге тұлғалардың бұзуы (алдын ала ойластырылмаған немесе қасақана іс-әрекеттердің немесе іс-әрекетсіздіктің салдары), бірыңғай тіркеушінің ақпараттық, коммуникациялық және басқа жүйелерімен және (немесе) олардың бас тартуларымен (қызмет істеуді бұзуларымен) қолданылатын функционалдық мүмкіндіктерінің сай келмеушілігі (жетіспеушілігі) нәтижесінде, сондай-ақ мыналарға:

      жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік пен басқарудың құрылымын қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінің айқындалмаған және тиімсіз ұйымдастырушылық құрылымына;

      ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларға, саясатқа және (немесе) стандарттарға, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданудағы кемшіліктерге;

      шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратқа не оны тиісінше пайдаланбауға;

      бірыңғай тіркеушінің қызметкерлерін тиімсіз басқарумен және (немесе) оның біліксіз штатына;

      бірыңғай тіркеушінің қызметін жүзеге асыру процестерінің жеткіліксіз тиімді құрылымымен не ішкі қағидалардың сақталуын дұрыс бақыламауға байланысты тәуекелдерді өзіне қамтитын сыртқы оқиғалардың ықпал ету нәтижесінде шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      16) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелі – бірыңғай тіркеуші өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтiмдiлiгiн жоғалту тәуекелі олардың төмен шығындарымен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу мүмкіндігімен анықталады;

      17) стресс-тестинг – бірыңғай тіркеушінің қаржылық жай-күйіне бірыңғай тіркеушінің қызметіне әсер етуі мүмкін болатын ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті әсер етуін өлшеу әдістері;

      18) стресстік жағдайлар – бірыңғай тіркеуші жүйесінің жұмысындағы шамадан артық жұмыс істеу, іркілістер, қателердің және (немесе) өзге ақаулардың пайда болуынан күтпеген жағдайлар;

      19) тәуекелдерді басқару жүйесі - бірыңғай тіркеушінің үздіксіз қызметін және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оның тәуекелдерін уақтылы анықтау, бағалау, бақылау және мониторингілеу мақсатында бірыңғай тіркеуші қабылдаған процестердің, рәсімдердің және әдістердің жиынтығы;

      20) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      21) ішкі аудит қызметі – бірыңғай тіркеушінің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі;

      22) ішкі бақылау жүйесі - бірыңғай тіркеуші:

      бірыңғай тіркеушінің қысқамерзімді және ұзақмерзімді мақсаттарының іске асырылуын қамтамасыз ету;

      тәуекелдерді басқарудың тиімділігін, активтердің сақталуын қамтамасыз етуді қоса, бірыңғай тіркеуші қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігін қамтамасыз ету;

      ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік үшін қаржылық, реттеуші және басқа есептіліктің толықтығын, дәйектілігін және уақтылылығын қамтамасыз ету;

      бірыңғай тіркеуші және оның қызметкерлері өзінің міндеттерін орындау барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің және бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарының талаптары орындалуын қамтамасыз ету;

      бірыңғай тіркеуші және оның қызметкерлері қызметіндегі кемшіліктерді уақтылы анықтау және жою;

      бірыңғай тіркеуші және оның қызметкерлерінің заңға қарсы қызметті жүзеге асыруына, оның ішінде алаяқтыққа, теріс пайдалануға, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға кірісуіне жол бермеу үшін қабылдаған процестердің, рәсімдердің және әдістердің жиынтығы;

      23) ішкі құжаттар – бірыңғай тіркеуші, оның органдары, бөлімшелері, филиалдары мен қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар;

      24) "stop-loss" лимиттері – меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялары бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;

      25) "take profit" лимиттері – меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің шекті рұқсат етілген деңгейі бойынша лимиттерді белгілеу саясаты.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Бірыңғай тіркеушінің Директорлар кеңесі және басқармасы тәуекелдерді басқару жүйесінің Талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді және бірыңғай тіркеуші органдарының, бөлімшелерінің, филиалдарының және қызметкерлерінің оларға тәуекелдерді басқару саласында жүктелген міндеттердің орындалуына жағдайлар жасайды.

      3. Талаптар өзіне мыналарды:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын базалық талаптарды;

      2) ұйымдық құрылымына қойылатын талаптарды;

      3) мониторингі, тәуекелдерді бақылау және басқару тәртібіне қойылатын талаптарды;

      4) ішкі бақылау жүйесінің болуына қойылатын талаптарды қамтиды.

      4. Бірыңғай тіркеуші тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей уәкілетті органға Талаптардың қосымшасына сәйкес есепті тоқсанға бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару бойынша қызмет туралы ақпаратты ұсынады.

      Бірыңғай тіркеуші тұрақты түрде, бірақ жылына бір реттен кем емес, тәуекелдерді басқару жүйесінің Талаптарға сәйкестігін (сәйкессіздігін) дербес бағалауды жүргізеді.

      Бірыңғай тіркеуші тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктерді анықтаған жағдайда уәкілетті органға бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесі бекіткен анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар жоспарында анықталған кемшіліктер, жөндеуді қажет ететін, оларды жөндеу үшін қажетті іс-шаралар, іс-шаралардың орындалуына жауапты адамдар және нақты мерзімдері туралы ақпараттан тұрады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Талаптардың 39-1-тармағында көзделген стресс-тестинг жүргізу кезеңділігіне қойылатын талаптарды қоса, бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару саясатында көзделген тәртіпте бірыңғай тіркеуші тәуекелдердің негізгі түрлері бойынша (кредиттік, операциялық, нарықтық және өтімділікті жоғалту тәуекелі) стресс-тестинг жүргізеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын базалық талаптар

      8. Бірыңғай тіркеушіде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы бірыңғай тіркеуші қызметінің корпоративтік басқару, бағалы қағаздар нарығында жүзеге асырылатын қызметтің кәсіби түрі шеңберінде операциялар жүргізу тәжірибесінің, активтерді және міндеттемелерді басқару тәжірибесінің болу, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінің және бірыңғай тіркеуші пайдаланатын ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің жұмыс істеу талаптарына сәйкестігін көздейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жүйесі өз қызметінде мынадай бағыттарды:

      1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, жүргізу және сақтауды;

      2) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру процесінің үздіксіз, үзіліссіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне және өзге де ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық жүйелеріне тұрақты мониторинг жүргізуді;

      3) бірыңғай тіркеуші өз қызметінде пайдаланылатын ақпараттық, ақпараттық-коммуникациялық жүйелері мен технологияларын қоса отырып, бірыңғай тіркеушінің жыл сайынғы бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету аудитін;

      4) бірыңғай тіркеушінің қызметін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған жобаларын әзірлеуді және іске асыруды;

      5) бірыңғай тіркеушінің меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялауды;

      6) бірыңғай тіркеушінің басқармасында ұйымдық-функционалдық құрылымын құруды және жетілдіруді;

      7) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеуді және бекітуді;

      8) бірыңғай тіркеушінің мүдделі органдарына шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпарат ұсынуды және бірыңғай тіркеушінің органдары мен бөлімшелері арасында ақпарат алмасуды;

      9) бірыңғай тіркеуші және оның қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарын сақтау мониторингі;

      10) эмитенттермен және бағалы қағаздарды ұстаушылармен жұмысты ұйымдастыру тәртібін анықтауды, оның ішінде дауларды қарауды және шешуді, сондай-ақ эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тиісті шаралар қолдану бойынша рәсімдерін анықтауды қамтиды.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Тәуекелдерді басқару жүйесі мынадай ішкі құжаттардың:

      1) бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатының;

      2) бірыңғай тіркеушінің меншікті активтерін инвестициялау тәртібінің;

      3) ішкі бақылауды және ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдерінің;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдердің;

      5) бірыңғай тіркеушіде орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсімдерінің;

      6) бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны және инсайдерлік ақпаратты құрайтын және оларды бірыңғай тіркеушінің, оның қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың өз мүдделерінде пайдалануға жол бермейтін мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету қағидаларының;

      7) бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысқа жіберу бойынша олардың қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына және бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес келу мәніне эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың мониторингі мен бақылаудың тәртібін және талаптардың;

      8) бірыңғай тіркеушінің ақпараттық саясатының;

      9) техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтың;

      10) ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың;

      11) эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар бұйрықтарының уақтылы орындалмауын және (немесе) орындалмауын, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне деректердің қате енгізілуін алдын алуға бағытталған рәсімдердің;

      12) қолданыстағы бірыңғай тіркеуші қызметінің операциялық процестерін бақылаудың тиімділігін оңтайландыру бойынша рәсімнің;

      13) бірыңғай тіркеушінің қызметін жүзеге асыру барысында ақпаратты жасау, пайдалану және ашу рәсімдерінің;

      14) резервтік техникалық орталыққа қойылатын талаптардың;

      15) бірыңғай тіркеушінің мұрағат үй-жайына қойылатын талаптардың;

      16) ақпаратты уақытылы және толық көлемде дайындауға және бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесіне беруге жауапты бірыңғай тіркеушінің тұлғаларын, құрылымдық бөлімшелерін, органдарын көрсете отырып, бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесіне бірыңғай тіркеушінің қызметі туралы басқару ақпаратын қалыптастыру критерийінен, құрамынан, жиілігінен және беру нысанынан тұратын директорлар кеңесінің міндеттерін тиімді орындау мақсатында бірыңғай тіркеуші қызметінің барлық бағыттары бойынша толық, дәйекті және уақтылы ақпаратты директорлар кеңесіне тұрақты негізде беруін қамтамасыз ететін басқару ақпарат жүйесінің жұмыс істеу тәртібінің;

      17) бірыңғай тіркеушіге трансфер-агент қызметін көрсететін ұйымдармен өзара іс-әрекет ету талаптары мен тәртібінің;

      18) ақпараттық, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуіне аудит жүргізу тәртібінің болуын көздейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты мыналарды:

      1) тәуекелдерді басқару жөніндегі бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшесінің және тәуекелдерді басқару саласы бойынша басқа бөлімшелердің және филиалдардың өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, сондай-ақ осы органдардың, бөлімшелердің және филиалдардың арасында ақпарат алмасу тәртібін;

      2) бірыңғай тіркеушінің қызметіне және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жөніндегі рәсімдерді, сондай-ақ бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары шекті мәндерін анықтау жөніндегі рәсімдерді;

      3) стресс-тестинг әдіснамасын қоса алғанда, кредит тәуекелінің, операция тәуекелінің, нарық тәуекелінің және өтімділік залалы тәуекелінің стресс-тестингін жүзеге асыру тәртібін;

      4) бірыңғай тіркеушінің, оның филиалдарының қызметі және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесі жұмыс істеу барысында туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды;

      5) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдердің тиімділігі, бірыңғай тіркеушінің тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндерін бағалау және тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралардың барабарлығы мониторингінің тетігін;

      6) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерге және осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген шараларға сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын шаралар тиімділігі мониторингінің тетігін;

      7) сәйкестендiрiлген (анықталған) тәуекелдердiң мониторингi, бағалау және бақылау бойынша рәсiмдердi, оның iшiнде:

      бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, тәуекелдер мониторингі және сәйкестендіру бойынша қабылдайтын шараларын;

      тәуекелдердің туындау жиілігін бағалау, осы тәуекелдер ықпал еткен кейіннен деңгейлеуді және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары шекті мәндерін белгілеуді қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалауды;

      тәуекелдер көрсеткіштері мәндерінің және тәуекелдер көрсеткіштерінің ең жоғары жол берілетін мәндерінің өзгеру, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштері мәндерінің тәуекелдер көрсеткіштерінің ең жоғары жол берілетін мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді азайту мақсатында қабылданатын шаралар мониторингі қамтылатын бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі жүргізетін тәуекелдер мониторингін;

      зиян келтіретiн және (немесе) бірыңғай тіркеушінің бедел және құқықтық тәуекелдерiне ықпал ететін кез келген елеулі жағдайлар туралы есептiлікті директорлар кеңесiне дереу беру тетігін айқындайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiн инвестициялаудың тәртiбi меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру талаптары мен тәртiбiн, меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру барысында қолданылатын құжаттардың типтiк нысандарын белгiлейдi және мыналар:

      1) меншікті активтерін инвестициялаудың басым бағыттарын белгілеу тәртібі бар бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiн инвестициялау саясатын әзiрлеу;

      2) инвестициялаудың мына:

      қаржы құралдарының түрлері бойынша;

      негiзгi қызмет түрi экономиканың белгiлi бiр секторымен байланысты эмитенттердiң қаржы құралдарына инвестициялау лимиттерiн;

      қаржы құралдары үшiн "stop-loss" лимиттерiн;

      қаржы құралдары үшiн "take-profit" лимиттерiн анықтау.

      3) бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi қабылдау үшін мыналарды:

      ұсынымдар беруге уәкiлеттi тұлғалардың лауазымдар тiзбесiн;

      инвестициялық портфельдiң жай-күйiн талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;

      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарының айналымы және кiрiстiлiгi талаптарының болуын талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;

      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдердi талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;

      ұсынымдарды беруге елеулi факторларды талдауды жүзеге асыру тәртiбiн көздейтін ұсынымдар дайындау;

      4) бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi қабылдау;

      5) инвестициялық шешiмдердi дайындау, қабылдау және орындау процесiнде бірыңғай тіркеушінің органдары мен бөлiмшелерiнiң өзара әрекеттесуі;

      6) көмегi арқылы мәмiле жасау болжанатын (осындай бар болса) делдалмен (брокермен) өзара iс-әрекет жасау жөнiндегi процестердiң сипаттамасы бар меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, мәмiлелердi жасасуға бақылау, активтердiң құрамына және қозғалысына салыстырып тексерудi жүзеге асыру, жасалған мәмiлелердiң iшкi есепке алуын және құжат айналымын жүргiзу, сондай-ақ меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасуға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тiзбесi;

      7) бірыңғай тіркеушінің басқармасы меншiктi активтер есебiнен жасалған қаржы құралдарымен операциялар жөнiндегi қызметтiң нәтижелерi туралы есептiлiктi дайындау бойынша рәсiмдердi сипаттауды қамтиды.

      Бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiн инвестициялау тәртiбі бірыңғай тіркеушінің активтерін инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басқармасына берген жағдайда инвестициялық портфельді басқару жөніндегі тиісті шартта Талаптардың осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген бірыңғай тіркеушінің меншікті активтерін инвестициялау лимиттері көзделеді.

      13. Бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуды қамтамасыз ету мақсатында мыналар:

      1) меншiктi активтердi инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;

      2) инвестициялау объектiлерiнiң сипаттамасы мен тiзбесi;

      3) қаржы құралдарының түрлерi бойынша меншiктi активтердi инвестициялау лимиттерi;

      4) меншiктi активтер есебiнен жасалатын қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелерге қатысты белгiленген талаптар мен шектеулері;

      5) хеджирлеу құралдарының тiзбесiн және сипаттамасын көрсетумен меншiктi активтердi хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;

      6) меншiктi активтердi инвестициялауға байланысты негiзгi тәуекелдер туралы ақпарат кiретiн меншiктi активтерiн инвестициялау саясаты әзiрленедi.

      14. Бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiн инвестициялау саясатын және оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бірыңғай тіркеушінiң директорлар кеңесi бекiтедi.

      15. Iшкi бақылауды және iшкi аудиттi жүзеге асыру рәсiмдерi мыналарды:

      1) iшкi аудит қызметiнiң құрамын, оның функцияларын, мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн;

      2) iшкi аудиттi және iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;

      3) iшкi аудит пен iшкi бақылаудың мәнiн және объектiсiн;

      4) iшкi аудит қызметiне тексерулер жүргiзу ауқымын және жиiлiгiн;

      5) iшкi аудиттi жүргiзу кезiнде мiндеттi түрде пайдаланылатын тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау жүйесiн;

      6) iшкi аудиттi жүргiзу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;

      7) iшкi аудит қызметiн тексеру нәтижелерi туралы есептердi бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесiне ұсыну мерзiмдерiн және нысанын анықтайды.

      16. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдерге мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) егер операция "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) 4-бабының 1-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес клиенттерді сәйкестендіру және олардың операцияларының мониторингін жүргізу;

      2) Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы, оның ішінде, күмәнді операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Бірыңғай тіркеуші қызметiн жүзеге асыру барысында оның органдары және (немесе) бөлiмшелерi арасында туындайтын бірыңғай тіркеушіде орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсiмi мыналарды:

      1) мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай тіркеуші органдарының шешiмдердi қабылдау рәсiмдерiн:

      бірыңғай тіркеуші органдарының мүшелерi қабылдайтын шешiмдердiң тәуелсiздiгiн;

      бірыңғай тіркеуші органдары мүшелерiнiң қабылдайтын шешiмдерге мүдделi болмауын;

      бірыңғай тіркеушінің органдары мүшелерiнiң және қызметкерлерiнiң бірыңғай тіркеуші органдарының отырыстарын жүргiзу барысында алынған ақпаратты тұлғалардың көпшiлiк тобының арасында осы ақпаратты ресми таратылғанға дейiн оны өзiнiң жеке мақсатында не үшiншi тұлғалардың мүддесінде пайдалануларын шектеуді;

      2) бірыңғай тіркеуші органдарының отырыстарын жүргiзу қорытындысы бойынша хаттамаларды мiндеттi жасау мен сақтау бойынша талаптарын;

      3) бірыңғай тіркеушінің бөлiмшелерi арасында, бірыңғай тіркеушінің органдары мен бөлiмшелерi арасында, бірыңғай тіркеушінің органдары арасында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын сипаттауды;

      4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу мақсатында бірыңғай тіркеуші жүргiзетiн iс-шаралар, сондай-ақ әлеуетті мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шараларын қамтиды.

      18. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны және инсайдерлік ақпаратты құрайтын және оларды бірыңғай тіркеушінің, оның қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың өз мүдделерінде пайдалануға жол бермейтін мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету қағидалары мыналарға:

      1) инсайдерлермен, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларымен өз мүдделерiнде немесе үшiншi тұлғалардың мүдделерiнде инсайдерлiк ақпаратты пайдаланумен бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасуды болдырмауға;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлiк немесе оған негiзделген ақпаратты үшiншi тұлғаларға берудi және тұлғалардың көпшiлiк тобы арасында бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны таратуды болдырмауға;

      3) бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң инсайдерлiк және өзге де конфиденциалдық ақпаратқа негiзделген қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы ұсынымдарды үшiншi тұлғаларға беру мүмкiндiгiн шектеуге;

      4) Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 56-1-бабында көзделген бірыңғай тіркеушінің инсайдерлiк ақпаратты басқаруға және оны пайдалануға бақылау бөлiгiнде шараларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қамтиды.

      19. Бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысқа жіберу бойынша олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына және бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес келу мәніне эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың мониторингі мен бақылаудың тәртібі мен талаптары мыналарды:

      1) эмитенттерге уәкілетті органға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді беру қажеттілігі туралы хабарламаны жіберу тәртібі мен талаптарын;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9803 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың 89-тармағында көрсетілген жағдайларда орындаудан бас тарту үшін негіздемелердің болуына эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың ұсынылатын бұйрықтарын тексеру тәртібін;

      3) қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыстағы бағалы қағаздар санының уәкілетті орган тіркеген бағалы қағаздар санына сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асыру тәртібін қамтиды.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Бірыңғай тіркеушінің ақпараттық саясаты мыналарды:

      1) бірыңғай тіркеушінің эмитенттермен және бағалы қағаздарды ұстаушылармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпараттық өзара қарым-қатынас жасау тәртiбiн;

      2) бірыңғай тіркеушінің беделiне ықпал етуi мүмкiн ақпаратты тұрақты мониторинг жүргiзу жөнiндегі талаптарын;

      3) бірыңғай тіркеушінің беделiне зиян келтiруi мүмкiн ақпарат пайда болған және таратылған жағдайда қажеттi шараларды уақытылы қабылдау жөнiндегi талаптарын қамтиды.

      21. Қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқаулық мыналарды:

      1) өрт қауiпсiздiгi бойынша негiзгi талаптарды;

      2) төтенше жағдайлар және (немесе) күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерi сипатталған төтенше жағдайлар және (немесе) күтпеген жағдайлар туындаған жағдайдағы iс-қимылдар жоспарын;

      3) бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң бағдарламалық-техникалық кешендердi және өзге жабдықтарды пайдалану тәртiбiн;

      4) бірыңғай тіркеушінің үй-жайларды жабудың алдында қараудың жүйелiлiгiн қамтиды.

      22. Ақпараттық жүйелердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық мыналарды:

      1) ақпараттық жүйелердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi талаптарын;

      2) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң ұйымдастыру шаралары;

      3) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудің бағдарламалық-техникалық шараларын;

      4) оларда ақпаратты жинауға бөлінген ресурстарға (дискі кеңiстiгi, директория, желiлiк ресурстар, деректер базасы және соған ұқсастар) кіру, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінен ақпаратты алу тәртiбi мен көлемін, ақпаратты сақтауды, мұрағаттау не басқаша өңдеуді;

      5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын, оның iшiнде резервтік техникалық орталықта болатын электрондық деректердің сақталуына бағытталған шараларын;

      6) құрылғыны өшіру немесе алып қою арқылы жазбаны оқитын құрылғыларға және компакт дискілерге қол жеткізуге тыйым салуды;

      7) бірыңғай тіркеуші және оның филиалдары қызметкерлерінің ақпараттық жүйелеріне кіру деңгейлерін анықтау тәртiбiн;

      8) осы бөлмелерге кіруге рұқсаты бар түрлi қызметкерлерде болатын екi кiлттi пайдаланумен серверлік бөлмелерге кіру тәртiбiн қамтиды.

      23. Эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылары бұйрықтарының уақтылы орындамауы және (немесе) орындамауын, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне деректердің қате енгізілуін және өзгерілуін алдын алуына бағытталған рәсімдерінде:

      1) эмитенттері және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылары бұйрықтарының уақтылы орындалмауын және (немесе) орындалмауын болдырмауға бағытталған шаралары;

      2) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiндегi, оның iшiнде түрлі қызметкерлерінің бір бұйрыққа деректерді екі рет енгізу арқылы деректердің қате енгізілуін және өзгерілуін алдын алу бойынша шаралары;

      3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiндегi мәлiметтердiң өзгеруі бойынша өкiлеттiктерге ие пайдаланушылар үшін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне кіру парольдерiн белгiлеу, бірыңғай тіркеушінің ақпараттық жүйелерiн пайдаланушыларға құқықтарды беру тәртiбi;

      4) бұйрықтарды және олардың орындалуын, сондай-ақ эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың шағымдарын және оларды қанағаттандыру жөніндегі шараларды есепке алу электрондық журналының нысаны;

      5) бастапқы құжаттармен өңделген бұйрықтарды салыстырып тексеруді жүзеге асыру тәртiбi;

      6) операцияларды жасауға берiлген бұйрықтың мәртебесі туралы эмитенттерді және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушыларын хабарлау тәртiбi болады.

      24. Бірыңғай тіркеуші және оның филиалдары қызметiнiң операциялық процестерін қолданыстағы бақылаудың тиiмдiлiгiн оңтайландыру бойынша рәсімдер мынадай:

      1) бастапқы құжаттар негiзiндегi iс-әрекеттердiң жүзеге асырылуымен байланысты тәуекелдерді:

      уәкiлеттi емес тұлғаның бастапқы құжаттарды ұсыну;

      бастапқы құжаттардың ұрлануы, ауысуы немесе жоғалу;

      қолданыста жоқ бұйрықты бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізу;

      бiр бұйрықтың деректерін түрлі қызметкерлерінің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне екі рет енгізу;

      бұйрықтың деректерін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне дұрыс енгізбеу;

      бұйрықты бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне уақтылы енгiзбеу;

      бұйрықтың бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі мәртебесін дұрыс таңдамау;

      бұйрықтың бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі мәртебесiнiң өзгеруін орындамау;

      бұйрықтың бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі өзгертуді талап етпейтін мәртебесiнiң өзгеру;

      өзгертуді талап етпейтін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтардың деректерiнiң өзгеру;

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтар деректерін дұрыс өзгертпеу;

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтардың деректерін өзгертуді орындамау;

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтардың деректерін тиісті құжатсыз өзгерту;

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтар деректерiнiң уақтылы өзгертпеу;

      есептік құжатты қалыптастыруды орындамау;

      есептік құжатты уақтылы қалыптастырмау;

      есептік құжаттағы дұрыс емес деректер;

      бұйрықтың дұрыс емес мәртебесін көрсете отырып орындалу туралы есептi қалыптастыру;

      есептік құжатты өкiлеттi емес тұлғаға беру;

      есептілік құжаттарды ұрлау, айырбастау және жоғалту тәуекелдерді қамтиды;

      2) бірыңғай тіркеуші қызметкерлерінің ақпараттық жүйелерді пайдаланумен байланысты тәуекелдер:

      кiрiс файлының дұрыс емес мазмұны;

      түрлi қызметкерлердiң деректер базасындағы жазбаны қалыптастыру үшін деректерді екі рет енгізу;

      деректер базасындағы жазбаның қалыптастыруын орындамау;

      деректер базасындағы жазбаны дұрыс қалыптастырмау;

      бағалы қағаздармен операцияларды тоқтата тұру сәтiндегi бұйрықты орындау;

      рұқсат етілмеген операцияларға бұйрықты орындау;

      3) ақпараттық жүйелердің техникалық пайдалануына байланысты тәуекелдер:

      компьютерлік вирустардың енуі;

      лицензиялық емес бағдарламаларды пайдалану;

      ақпараттық жүйелерге авторлық емес рұқсат;

      серверлiк жабдықтағы техникалық қызмет көрсету барысындағы қателер;

      электрлiк қоректендiру жүйесiндегi iркiлiстер;

      серверлердегi кондиционирлеу жүйесiндегi iркiлiстер;

      серверлiк жабдықтағы техникалық iркiлiс;

      желiлiк жабдықтағы техникалық iркiлiс;

      деректер тасымалдағыштарды (қатты дискiлердегi және өзге тасымалдағыштар) бүлдіруге ниеттенген ұрлық;

      деректер тасымалдағыштарға (қатты дискiлердегi және өзге тасымалдаушылар) авторлық емес рұқсат;

      табиғат апаты;

      серверлік бөлмедегі өрт;

      серверлік бөлмені судың басуы;

      ақпараттық жүйедегі бағдарламалық iркiлiс;

      тапсырыс берушiнiң бағдарламалық қамтамасыз етуді әзiрлеудегi қалыптастырылмаған талаптар;

      бағдарламалық қамтамасыз етудi кодтаушылар үшiн техникалық тапсырманы дұрыс жасамау;

      бағдарламалық қамтамасыз етудің кодын жазған кезде қателер;

      әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу барысындағы қателер.

      25. Бірыңғай тіркеушінің қызметін жүзеге асыру барысында ақпаратты жасау, пайдалану және ашу рәсімдері мыналарды:

      эмитенттің жалпы жиналысын жүргізуге немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлемдерге қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда эмитенттің бағалы қағаздарды шығаруға қатысты ақпаратты бағалы қағаздарды ұстаушыларға жасау және ұсыну рәсімдерін;

      эмитентке оның сұратуы негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын ақпаратты ұсыну рәсімдерін;

      ақпаратты Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын мәліметтерді алуға құқығына ие болатын мемлекеттік органдарға ұсыну рәсімдерін қамтиды.

      26. Бірыңғай тіркеушінің резервтік техникалық орталығы бар және оны жедел iске қосуға тұрақты дайындықты қамтамасыз етеді. Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне ұқсас бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын электрондық деректердің көшiрмесi болады;

      2) жұмыс істеуіндегі іркіліс негізгі қызметтің тоқтауына және клиенттерге қызмет көрсету мүмкіндігінің болмауына алып келуі мүмкін барлық дерекқорлардың және ақпараттық жүйелердің өзекті көшірмелері болады;

      3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің негiзгi жүйесiнiң орналасқан орнынан 25 (жиырма бес) километрден кем емес орналасқан;

      4) бірыңғай тіркеушінің қызметін жүзеге асыру үшін қажет барлық коммуникациялармен қамтамасыз етедi;

      5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiнiң орналасқан орны бойынша штаттық емес жағдай туындаған барысында келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгiн ұсынады.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26-1. Бірыңғай тіркеушінің мынадай талаптарға сәйкес келетін мұрағат құжаттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған үй-жайлары болады:

      1) бірыңғай тіркеушінің бас офисіндегі жеке үй-жай мұрағат құжаттарын сақтауға бейімделген;

      2) құжаттарды сақтауға арналған мұрағат сақтау орнында құжаттарды сақтаудың нормативтік талаптары мен параметрлерін: сақтаудың температуралық-ылғалдылық, жарық, санитарлық-гигиеналық, күзет режимдерінің жасалуы және сақталуы қамтамасыз етіледі;

      3) мұрағат қызметкерлерінің жұмыс бөлмелері және бірыңғай тіркеуші қызметкерлерінің үй-жайлары мұрағат сақтау орнынан оқшауланған;

      4) мұрағат сақтау орны химиялық заттарды, тағам өнімдерін сақтауға және қолдануға байланысты зертханалық, өндірістік және қойма үй-жайларынан алшақ орналасады және олармен ортақ желдеткіш арналары болмайды;

      5) мұрағат сақтау орны өрт шығу қауіпсіздігімен қамтамасыз етіледі, өрт сөндіру дабылымен жабдықталады және су баспауына кепілдік берiледi. Жалпы және әр қабаттағы ажыратқыштар мұрағат сақтау орнынан тыс орналастырылады. Мұрағат сақтау орнында газ, су жүргізетін, канализациялық және өзге де магистралды құбырлар орналастырылмайды;

      6) мұрағат сақтау орны күзет дабылымен жабдықталады;

      7) мұрағат сақтау орны стационарлық немесе жылжымалы металл стеллаждарымен жабдықталады.

      Ескерту. Талаптар 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Бірыңғай тіркеушінің филиалдарында мұрағат құжаттарын қауіпсіз орналастыру үшін техникалық үй-жайлары бар.

      Негізінде бірыңғай тіркеушінің филиалдары бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізетін құжаттар бірыңғай тіркеушінің деректер базасында кейіннен сақтау үшін бірыңғай тіркеушіге электрондық нысанда сканерленуге және жіберілуге тиіс.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Бірыңғай тіркеушінің ұйымдастырушылық құрылымы мен жекелеген
бөлімшелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар

      28. Бірыңғай тіркеушінің қызметiн жүзеге асыру барысында оның органдары және (немесе) бөлiмшелерi, филиалдары арасында туындайтын орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару мақсатында бірыңғай тіркеуші мынадай iс-шараларды қолданады:

      1) мүдделер қақтығысы орын алған немесе туындауы ықтимал бірыңғай тіркеушінің түрлі басшы қызметкерлеріне бөлiмшелердiң есеп беруін қамтамасыз етеді;

      2) орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын ескере отырып, бірыңғай тіркеушінің бөлiмшелерi, филиалдары мен органдары арасында ақпаратпен алмасу тәртiбi әзiрленедi және енгiзiледi;

      3) iшкi аудит қызметi бірыңғай тіркеушінің Директорлар кеңесімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бірыңғай тіркеушінің бөлiмшелерi мен қызметкерлерiнiң қызметiн бірыңғай тіркеуші қабылдаған бірыңғай тіркеушіде орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсiмдерiне сәйкес келуiн тексерудi үнемi жүзеге асырады.

      29. Бірыңғай тіркеушінің ұйымдастырушылық құрылымында бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жүйесін жасау және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын жекелеген бөлімшесі қалыптасады.

      Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қызметкерлеріне бірыңғай тіркеушінің басқа бөлімшенің функциялары мен міндеттері жүктелмейді.

      30. Тәуекелдердi басқару жөнiндегi бөлiмшенiң қызметкерлерi мен басшысы жоғары бiлiмдi, кәсiби құзыретi және тәуекелдердi басқару саласында үш жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнама бойынша бiлiмдерi болады.

      31. Бірыңғай тіркеушінің Директорлар кеңесі ішкі аудит қызметін құруды қамтамасыз етеді және ішкі аудит қызметі ішкі аудит саласында өз міндеттемелерін орындауға жағдайлар жасайды.

      32. Бірыңғай тіркеушінің Директорлар кеңесi iшкi аудит қызметiнiң қызметкерлерiн тағайындайды.

      Iшкi аудит қызметiнiң басшысы мен қызметкерлерi бiр уақытта бірыңғай тіркеушінiң басқа бөлiмшелерiн басқара (жетекшi бола) алмайды, сондай-ақ бірыңғай тіркеуші органдарының мүшелерi бола алмайды және ішкі бақылау және (немесе) ішкі аудит объектісі болып табылатын қызметтің түрлерін жүзеге асырмайды.

4. Мониторингке, тәуекелдерді бақылау және басқару тәртiбiне қойылатын талаптар

      33. Бірыңғай тіркеуші өз қызметiнде тәуекелдердiң мынадай түрлерiн:

      1) операция тәуекелдерін;

      2) құқықтық тәуекелдердi;

      3) бедел тәуекелдерін;

      4) нарық тәуекелдерін;

      5) кредит тәуекелдерін;

      6) өтiмдiлiкті жоғалту тәуекелдерiн;

      7) бірыңғай тіркеушінің тәуекелдердi басқару жөнiндегi саясатына сай айқындалатын тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Операциялық тәуекелдерге мыналармен:

      1) жауапкершiлiктi бөлудi, есеп берушiлiк пен басқарудың құрылымын қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінің белгіленбеген және тиiмсiз ұйымдастырушылық құрылымымен;

      2) ақпараттық технологиялар саласындағы тиiмсiз стратегиялармен, саясатпен және (немесе) стандарттармен, бағдарламалық қамтамасыз етудi қолданудағы кемшiлiктермен;

      3) бірыңғай тіркеушінің қызметкерлерін тиiмсiз басқарумен және (немесе) оның бiлiксiз штатымен;

      4) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiн рұқсатсыз қолданумен;

      5) бірыңғай тіркеушінің қызметiн жүзеге асыру процестерiнiң жеткiлiксiз тиiмдi құрылымымен не iшкi ережелердi сақтаудың нашар қадағалауымен байланысты тәуекелдермен;

      6) бірыңғай тіркеушінің қызметiне күтпеген немесе бақыланбаған сыртқы ықпал ету факторларының әсерiмен;

      7) бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының қызметiн регламенттейтiн iшкi құжаттарда (ережелерде) кемшiлiктер мен қателердiң бар болуымен;

      8) эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйелерiндегi мәлiметтердiң көрсетiлуi, бірыңғай тіркеуші жасайтын жекелеген операцияларды автоматтандыру және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесінде операциялардың жасалуы бойынша құқықтарды есепке алу процесстерiн бұзуымен;

      9) эмитенттері және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылары ұсынатын құпия ақпаратты заңсыз қолданумен;

      10) бірыңғай тіркеушінің органдары мен бөлiмшелерi, филиалдары арасындағы мүдделер қақтығысы туындауымен;

      11) ақпаратты жинаумен, енгізумен, сақтаумен және таратумен байланысты қателер туындауымен;

      12) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiн, бірыңғай тіркеуші пайдаланатын ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық жүйелер мен технологияны қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінiң және оның филиалдарының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етудiң жұмыс істеуінде қателер мен iркiлiстердiң туындау ықтималдығымен;

      13) бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының қызметi процесiнде, оның iшiнде мәмілелерді тіркеуді ұйымдастыру, эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алу, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiндегi мәлiметтердiң көрсетілу, жүйелі басқару функцияларын орындауды ұйымдастыру процестерiн қоса алғанда жетiлмеген технологияларды пайдалану салдарынан зиянның туындау ықтималдығымен;

      14) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiндегi деректердің өзгеруі және енгiзiлуi барысында қателердің туындауымен;

      15) әлеуетті тәуекелдер ретiнде бірыңғай тіркеуші сәйкестендiретiн жағдайлармен байланысты тәуекелдер жатады.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34-1. Операциялық тәуекелді басқару кезінде бірыңғай тіркеуші операциялық тәуекелді басқарудың мынадай әдістерін қолданады:

      1) тәуекелдің негізгі индикаторларын қолдану;

      2) тәуекелдер картасын қалыптастыру;

      3) шығындар бойынша ішкі деректерді жинауды жүзеге асыру және талдау;

      4) бизнес-процестерді сипаттау (реттеу);

      5) аудиторлық тексерулердің нәтижелерін пайдалану.

      Тәуекелдің негізгі индикаторлары – бірыңғай тіркеушінің тәуекелге ұшырағыштығы дәрежесін сипаттайтын және олардың негізінде бірыңғай тіркеушінің тәуекелдің күрделі деңгейіне жақындау дәрежесі анықталатын және тәуекелді азайту бойынша шаралар қабылданатын сандық көрсеткіштер. Оның ішінде кадрлардың тұрақтамауы, жаңылыс операциялардың жиілігі және күрделілігі, ақпараттық-технологиялық жүйелер іркілісінің ұзақтығы тәуекелдің негізгі индикаторлары болып табылады.

      Тәуекел картасы – осал жақтарын анықтау және тәуекелдерді басқару бойынша кейінгі іс-әрекеттердің басымдығы бойынша жіктеу үшін түрлі бизнес-процестерге және (немесе) бірыңғай тіркеушінің құрылымдық бөлімшелеріне тән тәуекелдердің түрлерін және деңгейін сипаттау.

      Шығындар бойынша ішкі деректерді жинау және талдау (шығындар бойынша деректер базасын жүргізу) – операциялық шығындар туралы ақпарат негізінде операциялық тәуекелге ұшырағыштықты және ішкі бақылау тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін процесс. Шығындардың туындау жағдайларын талдау ірі шығындардың себептері туралы ұғымды және бақылау жүйесіндегі іркілістердің эпизодтық немесе жүйелі болып табылатыны туралы ақпаратты білдіреді.

      Бизнес-процестерді сипаттау (реттеу) – бірыңғай тіркеушінің құрылымдық бөлімшелері бизнес-процестердің негізгі кезеңдерін, қызмет түрлерін, ұйымдық функцияларды анықтайтын процесс. Бизнес-процестерді сипаттау (реттеу) жеке тәуекелдерді, тәуекелдер арасындағы өзара тәуелділікті, тәуекелдерді бақылау мен басқарудың кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

      Аудиторлық тексерулер нәтижелері операциялық тәуекелді басқарған кезде қосымша ақпарат көзі ретінде пайдаланылады.

      Ескерту. Талаптар 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Тәуекелдердi басқаруды жүзеге асыратын бөлiмше бірыңғай тіркеушінің қадағалау бөлiмшесiмен және құқықтық қамтамасыз ету бөлiмшесiмен (заң бөлiмшесі) бiрлесе отырып бірыңғай тіркеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзуы оның iшiнде бірыңғай тіркеушінің iшкi құжаттарының Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкессiздiгi, қор биржасының қызмет практикасының оның iшкi құжаттарына сәйкессiздiгi салдарынан туындайтын құқықтық тәуекелдердi реттеудi мыналар:

      1) бірыңғай тіркеуші және оның филиалдары қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасына, бірыңғай тіркеушінің iшкi құжаттарына және рәсiмдерiне және шарт бойынша қатынастарға сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асыру;

      2) бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының бірыңғай тіркеушінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасымен тұрақты негізде таныстыру;

      3) бірыңғай тіркеушінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты, бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы тәуекелдерiнiң туындау мүмкiндiгiн бағалауды өткiзу арқылы қамтамасыз етеді.

      36. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше бірыңғай тіркеушінің мүдделі бөлiмшелерiмен бірлесіп, мыналар:

      1) бірыңғай тіркеушінің қызметіне және (немесе) оның ағымдағы жағдайына қатысты мемлекеттік органдардың, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң, нарық талдаушыларының қарама-қайшы және (немесе) келеңсіз өтiнiштерiнiң;

      2) ресми емес дереккөздерден алынған ақпараттың рөлін күшейту - бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң, сол сияқты үшiншi тұлғалардың шындыққа сәйкес келмейтін келеңсіз ақпаратты таратудың;

      3) бірыңғай тіркеуші туралы келеңсіз ақпаратқа бұқаралық ақпарат құралдарына қызығушылықтың өсуінің;

      4) бірыңғай тіркеушінің беделіне келеңсіз ықпал етуге қабілетті факторлардың салдарынан туындайтын бедел тәуекелдерін басқаруды және азайтуды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37. Тәуекелдерді басқару процессінің мақсаты мыналар:

      1) тәуекелдер мен қауiптi уақтылы айқындау;

      2) тәуекелдер көрсеткiшiнiң ең жоғары шекті мәндерiн бағалаудың сапасын арттыру;

      3) тәуекелдерді басқарудың баламалы механизмдерiн дамыту;

      4) тәуекелдердi азайту және басқару бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;

      5) тәуекелдерді басқару жөнiндегi бөлiмшенi қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінің жеке бөлiмшелерiн тәуекелдердi сәйкестендіру және бағалау процесiне тарту, сондай-ақ тәуекелдердi басқару саласындағы бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiн арттыру болып табылады.

      38. Тәуекелдердi сәйкестендiру рәсiмi тәуекелдердi басқару бөлiмшесiмен бiрге бөлiмше қызметiнiң түрiне байланысты бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының әр бөлiмшесi жүзеге асыратын мұқият шолу мен мониторингке негiзделедi.

      39. Сәйкестендіру тәуекелдері мына сипаттар:

      1) тәуекелдердiң басталу жиiлiгi;

      2) тәуекелдердің ықпал ету ауқымы бойынша талданады.

      39-1. Тәуекелдерді басқару бойынша бөлімше мүдделі бөлімшелермен бірлесіп мерзімді негізде, бірақ тоқсанына кемінде бір рет стрестік жағдайларды іске асыру салдарынан кредиттік, операциялық, нарықтық тәуекелдердің, өтімділікті жоғалту тәуекелінің және ықтимал күтілетін шығындарды бағалау әлеуетті қауіпінің көздерін анықтау үшін стресс-тестинг жүргізеді.

      Кредиттік, операциялық, нарықтық тәуекелдер және өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелі бойынша стресс-тестинг сценарийлерін директорлар кеңесі бекітеді.

      Стресс-тестинг сценарийлерін әзірлеген кезде пайдаланылатын қателерді бірыңғай тіркеуші дербес, оның ішінде тарихи оқиғаларды және деректерді талдау, жалпы экономикалық, нарықтық конъюнктура, бірыңғай тіркеушінің ағымдағы профиль-тәуекелі және болашақ даму жоспарлары негізінде анықтайды.

      Стресс-тестинг мынадай әдістерді пайдалану жолымен жүргізіледі:

      сценарийлік талдау;

      сезімталдықты талдау;

      бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарымен айқындалған өзге де әдістер.

      Сценарийлік талдау ерекше, бірақ ықтимал оқиғасы басталған жағдайда, бірыңғай тіркеушінің қызметіне бірқатар тәуекел факторының әлеуетті бір уақытта әсер етуін бағалауға мүмкіндік береді.

      Сезімталдықты талдау бірыңғай тіркеушінің қаржылық жай-күйіне және қызметінің жекелеген бағыттарына тікелей әсерін, берілген тәуекел факторының өзгеруін бағалайды.

      Сценарийлік талдау әдісін пайдаланған кезде стресс-тестингінің уақытша горизонты кемінде бір жылды құрайды және бір жылға дейін – сезімталдықты талдауды пайдалану кезінде.

      Стресс-тестингті жүзеге асырған кезде шығындардың барынша көп рұқсат етілген мөлшерін анықтау мақсатында бірыңғай тіркеушінің қызметінің барлық бағытына стресс-сценарийлеріне әсерін бағалауды қамтамасыз етіледі.

      Директорлар кеңесі жиі негізде, бір жылда кемінде бір рет стресс-тестинг сценарийлерін, оның ішінде жалпы экономикалық, нарықтық конъюнктура деректерін, бірыңғай тіркеушінің ағымдағы профиль-тәуекелінің өзгеруіне байланысты қайта қарауды жүзеге асырады.

      Ескерту. Талаптар 39-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Талдау нәтижелерi негiзiнде рұқсат етiлген түрде белгiленген тәуекелдердiң мәнiне қарай, тәуекелдер қабылданатын және қабылданбайтын болып сараланады.

      41. Тәуекелдерді бағалау және бақылау нәтижелері тәуекел көрсеткiшiнiң жалпы (интегралды мәні), сол сияқты бірыңғай тіркеуші қызметiнiң әрбір жеке түрі үшін сандық мәнін айқындау үшін пайдаланылады.

      42. Тәуекелдердiң сандық мәні тәуекелдер көрсеткiшiнiң ең жоғары шекті мәндерін, тәуекелдердiң белгiленген шекті көрсеткiштерiне сәйкестiгiн, сондай-ақ белгіленген шекті көрсеткіштерге сәйкес келмейтін тәуекелдердi азайту және басқару үшiн тиiстi шешiмдерi қабылдау қажеттiгiн бағалауға мүмкiндiк бередi.

      43. Бірыңғай тіркеуші қызметiнiң әрбiр жеке түрiне тән тәуекелдер көрсеткiшiнiң сандық мәнін қызметтің осы түрін жүзеге асыратын бірыңғай тіркеушінің бөлiмшесi тәуекелдердi басқару жөнiндегi бөлiмшесімен бiрлесіп есептейдi.

      44. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдердi басқару жөнiндегi бөлiмшесi директорлар кеңесіне және басқармаға кредиттік, операциялық, нарықтық тәуекелдері бойынша және өтімділік залалы тәуекелі бойынша стресс-тестинг нәтижелерін, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу процесiнiң бұзылуына әкеп соқтырған техникалық iркiлiстер және жағдайлар туралы мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      45. Бірыңғай тіркеушінің басқармасы бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізудің үздіксіз процесiнiң бұзылуына әкеп соққан техникалық iркiлiстер және жағдайлар туралы ақпаратты олар басталған күннен кейiнгi келесі күн iшiнде уәкiлеттi органға беруді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      46. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жөнiндегi бөлiмшесi тәуекелдер басталған жағдайлардың саны және тәуекелдердің басталу нәтижесiнде келтірілген зиянның мөлшерi туралы директорлар кеңесi мен басқармаға тоқсан сайын есеп жасайды, сондай-ақ тәуекелдердiң өзi, сондай-ақ олардың басталған салдарларды азайту бойынша iс-шаралар жоспары ұсынады.

      47. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдердi басқару жөнiндегi бөлiмшесiнiң тәуекелдер көрсеткiшiнiң сандық мәнiн бағалау жөнiндегi қорытынды негiзiнде бірыңғай тіркеушінің басқармасы директорлар кеңесi бекiтетiн тәуекелдер басталған нәтижесінде келтірілген шығындардың барынша көп рұқсат етiлген мөлшерiн айқындайды.

      48. Жаңа тәуекелдер туындаған жағдайда және (немесе) тәуекелдер көрсеткiштерiнiң мәндерi тәуекелдер көрсеткiштерiнiң барынша рұқсат етiлген мәндерiмен сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдi және (немесе) осы сәйкессiздiктi анықтаған сәйкестендірген бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесi мен басқармаға хабардар етедi.

      49. Тәуекелдердi бағалау нәтижелерiнiң негiзiнде оларды азайтуға бағытталған ықтимал шаралары айқындалады.

      50. Тәуекелдерді азайту тәуекелдер мәні тәуекелдер көрсеткiштерiнiң шекті мәнiне жуық болғанда не шектен асып кеткен жағдайларда қажеттi болып табылады. Тәуекелдердi азайту мына шаралар арқылы жүзеге асырылады:

      1) бірыңғай тіркеушінің қызметі процесінде оның органдары қабылдайтын жекелеген шешiмдерге тән тәуекелдер басталған жағдайда, зиянды айқындау және азайту бойынша рәсiмдердi жетiлдiру;

      2) тәуекелдердi басқару саласында бірыңғай тіркеуші және оның филиалдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру;

      3) iшкi аудит қызметiнiң бірыңғай тіркеушінің жұмыс iстеуiн және (немесе) оның бөлiмшелерiнiң және филиалдарының жұмысын жоспардан тыс тексерулер жүргiзу;

      4) бірыңғай тіркеушінің басшы қызметкерлерiнiң тарапынан тәуекелдерді азайтуға бағытталған іс-шараларды бақылауды арттыру;

      5) бірыңғай тіркеушінің iшкi құжаттарында көзделген жағдайларда қосымша арнайы (кепiлдi және (немесе) резервтiк) қорларды құру.

      51. Бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесi тәуекелдер басталған жағдайлары бойынша есептiлiктi беру тәртiбiн бекiтедi, оның міндеттері мыналар:

      1) тәуекелдер басталған салдарынан келтірілген шығындар және келенсіз оқиғалар туралы ақпараттық базаны қалыптастыру;

      2) тәуекелдер басталу нәтижесінде келтірілген нақты зиян туралы ақпаратты талдау арқылы тәуекелдерді басқару мен азайту бойынша процестерін жетiлдiру;

      3) тәуекелдер басталған нәтижесiнде пайда болатын зиянның құнын кезеңділік бағалауды жүргізу;

      4) тәуекелдер басталудың маңызды жағдайларына уақтылы және тиiстi ден қоюды қамтамасыз ету;

      5) деректерді жинау, енгізу, өңдеу және сақтау, сондай-ақ ақпаратты қайталау және (немесе) жiберiп алу бойынша қателерді болдырмау жөнiндегi рәсiмдердi толық синхрондауды қамтамасыз ету болып табылады.

5. Бірыңғай тіркеушінің ішкi бақылау жүйесiнiң болуына қойылатын талаптар

      52. Бірыңғай тіркеуші бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесі бекіткен өзінің ішкі құжаттарына сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асырады және мыналарды белгілейді:

      1) ішкі бақылау объектісін;

      2) ішкі бақылауды жүзеге асыратын тіркеушіге қойылатын талаптарын;

      3) лауазымды тұлғалар және тіркеушінің қызметкерлері жүзеге асыратын ішкі бақылау рәсімдері, оларды жүргізу мерзімдері және тәртібін;

      4) ішкі бақылауды жүзеге асыратын тіркеушінің қызметкерлеріне, тіркеушінің органдарына ішкі бақылау нәтижелері туралы хабардар ету тәртібі мен мерзімдерін.

      53. Бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесі iшкi бақылаудың бiрдей жүйесiнiң болуын қамтамасыз етеді және бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң iшкi бақылау саласында өз мiндеттерiн орындауы үшiн жағдай жасайды.

      54. Бірыңғай тіркеушідегі iшкi бақылау жүйесі мынадай мақсаттарды:

      1) бірыңғай тіркеушінің активтерін басқару, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу процессінің және ықтимал шығындарын айқындау тиiмдiлiгiн тексеруді болжайтын бірыңғай тіркеуші қызметiнiң операциялық және қаржылық тиiмдiлiгiн;

      2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенiмдiлiгiн, толықтығы мен уақтылығын. Осы мақсат дәйекті және сапалы қаржылық есептіліктiң жасалуын және шешiмдер қабылдаған кезде бірыңғай тіркеуші пайдаланатын басқа құжаттарды тексеруді болжайды;

      3) бірыңғай тіркеуші Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бірыңғай тіркеушінің iшкi саясаты мен рәсiмдерiн айқындайтын құжаттардың талаптарын сақтауын тексерудi болжайтын Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауды жүзеге асыру үшiн жасалады.

      55. Iшкi бақылау жүйесі мынадай үш кезеңнің үздiксiз кезектi түрде өту принципі бойынша жұмыс істеуі:

      1) бірыңғай тіркеушінің iшкi құжаттарына рәсiмдердi қосу арқылы iшкi бақылау жүйесін (тиiмдiлiктi бақылау нәтижелерiн ескере отырып) қалыптастыру;

      2) бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының қызметін жүзеге асыру барысында ішкі құжаттардың талаптарын орындау;

      3) iшкi бақылау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу.

      56. Iшкi бақылау жүйесi мына рәсiмдердi жүргiзудi қамтиды:

      1) қызметтiң жоспарлы көрсеткiштерiн қоса бере отырып, бірыңғай тіркеушінің қаржылық қызметiнiң ағымдағы нәтижелерi туралы есептердi директорлар кеңесiне беру арқылы бірыңғай тіркеушінің алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету процессін тоқсан сайын тексеру;

      2) бөлiмше қызметiнiң нәтижелерi туралы стандартты нақты есептердi бөлiмше басшыларының ай сайынғы негiзде тексеру;

      3) конфиденциалды және Қазақстан Республикасының Заңымен өзге де қорғалатын ақпаратқа және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге қол жетiмдiлiктi шектеуге бақылау жүргiзу мақсатымен тексеру;

      4) тәуекелдiң белгiленген лимиттерiнiң сақталуын тексеру мен анықталған сәйкессiздiктердi жою жөнiндегi iс-шараларды iске асыру;

      5) мiндеттi авторизацияны талап ететiн операциялардың тiзбесiне бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесiмен талаптарды белгiлеу;

      6) операциялардың шарттарын және бірыңғай тіркеушінің қызметiне байланысты тәуекелдердi басқару үлгiлерiн қолданудың нәтижелерiн тексеру;

      7) жүргiзiлген операцияларды бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілмдерінің жүйесінде және бірыңғай тіркеушінің есептiлiгiнде көрсетудiң уақтылығын, дұрыстығын, толықтығы мен дәлдiгiн тексеру;

      8) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілмдерінің жүйесiн қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етудiң сенiмдi жұмыс істеуін тексеру;

      9) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;

      10) бірыңғай тіркеушіде және оның филиалдарда мүдделердiң орын алған және әлеуеттi мүдделер қақтығысын басқаруға бағытталған рәсiмдердiң тиiмдiлiгiн тексеру;

      11) қаржы құралдардың құнын және кiрiстiлiгін бағалау бөлiгiнде әдiстердi қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінің iшкi құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржы құралдарының құнын бағалаудың дұрыстығын және дәйектiлiгiн тоқсан сайын тексеру.

      Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      57. Iшкi аудиттiң мақсаты iшкi бақылау жүйесiнiң бiрдейлiгiн және тиiмдiлiгiн бағалау, бірыңғай тіркеуші және оның филиалдары бөлiмшелерiнiң жүктелген функциялар мен мiндеттердi орындау жағдайы туралы уақтылы және дәйектi ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысты жақсарту бойынша қолда бар және тиiмдi ұсынымдарды беру болып табылады.

      58. Директорлар кеңесі:

      1) бірыңғай тіркеуші қызметінің барлық аспектілері бойынша ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуін тексеру және объективті бағалау;

      2) ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің жағдайына объективті баға, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар беру арқылы бірдей ішкі бақылау жүйесінің болуын және жұмыс істеуiн қамтамасыз ету бойынша қызметтерін жүзеге асырған кезде туындайтын міндеттерді шешу мақсатында ішкі аудит қызметі құрылады.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      59. Iшкi аудит қызметі өз қызметінде "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын, бірыңғай тіркеушінің Жарғысын, iшкi бақылау жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi және бірыңғай тіркеушінің iшкi аудит қызметi туралы ереженi, сондай-ақ бірыңғай тіркеушінің қызметiн регламенттейтiн басқа iшкi құжаттарды және Талаптардың ережелерін басшылыққа алады.

      60. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметке тартылған бөлімшенің қызметін тексеруді ішкі аудит қызметі кемінде алты айда бір рет кезеңділігімен жүзеге асырады.

      Бірыңғай тіркеуші филиалдарының, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тартылмаған бөлімшенің қызметін тексеруді ішкі аудит қызметі кемінде екі жылда бір рет кезеңділігімен және (немесе) негізгі бөлімшелердің жоспарлы тексерулер жүргізу процесінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      61. Iшкi аудит қызметі директорлар кеңесі бекiтетiн iшкi аудиттің жылдық жоспары мен iшкi аудит бағдарламасын жасайды.

      Ішкі аудиттің жылдық жоспары ішкі аудит қызметін реттейтін бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес тәуекелге бағытталған тәсіл негізінде әзірленеді және ішкі аудит бойынша кезеңге жоспарланатын жұмыс кестесін қамтиды.

      Ішкі аудиттің жылдық жоспары мынадай ақпаратты қамтиды:

      аудит ауқымы;

      ұйымдық және функционалдық бөлімшелерін, аудитке жататын бірыңғай тіркеушінің қызметкерлерінің, процесстерінің ұйымдық және функционалдық бөлімшелерінің анықтамасын қоса алғанда аудитке жататын бағыттары;

      аудитті жүргізу мерзімдері;

      қажетті кадрлық және өзге де ресурстары;

      бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарымен көзделген өзге де мәліметтерді қамтиды.

      Ішкі аудит бағдарламасы әрбір аудиторлық тапсырма үшін әзірленеді және мынадай ақпарат қамтылады:

      мақсаттар мен міндеттер;

      аудит объектілері;

      қажетті ақпарат көздері;

      аудиторлық тапсырманы орындау мерзімдері;

      қажетті ресурстар, оның ішінде аудиторлар құрамы;

      аудиторлық іс-шаралардың тізбесі және аудиторлық тапсырманы іске асыру шеңберінде қарауды талап ететін мәселелер;

      бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарымен көзделген өзге де мәліметтер.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      62. Мыналар:

      1) iшкi бақылау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн тексеру мен бағалау;

      2) бірыңғай тіркеушінің тәуекелдердi бағалау әдiстемесiнiң және тәуекелдерді басқару процессінің қолдану толықтығын және тиiмдiлiгiн тексеру;

      3) ішкі аудит қызметі туралы директорлар кеңесіне арналған есептілікті әзірлеу;

      4) деректер базасының тұтастығы мен оларды рұқсат берiлмеген кiруден қорғауды, күтпеген жағдайларда iс-қимыл жоспарының болуын қоса отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінің және бірыңғай тіркеуші пайдаланатын ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық жүйелерiнiң жұмыс істеу тиiмдiлiгiн тексеру;

      5) бухгалтерлік есеп жүргізудің және есептілікті жасаудың дәйектілігін, толықтығын, объективтiлiгi мен уақтылығын, сондай-ақ ақпарат пен есептiлiктiң жинақтау мен берудiң сенiмдiлiгiн және уақтылығын тексеру;

      6) сыртқы немесе ішкі аудиторлар анықтаған бухгалтерлік есептегі немесе ішкі аудиттегі кез келген елеулі кемшіліктерге мониторинг жүргізу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлiметтер берудің дәйектілігін, толықтығын, объективтiлiгi мен уақтылығын тексеру;

      8) бірыңғай тіркеуші мүлiгiнiң сақталуын қамтамасыз етудiң қолданылатын тәсiлдерiн (әдiстерiн) тексеру;

      9) бірыңғай тіркеуші жасаған операцияларының экономикалық мақсатқа сай екенiн және тиiмдiлiгiн бағалау;

      10) iшкi бақылау процестерi мен рәсiмдерiн тексеру;

      11) деректер базасының тұтастығын және оларды санкция берiлмеген рұқсаттан қорғауды бақылау, штаттық емес жағдайда iс-қимыл жоспарының болуын қоса отырып, бірыңғай тіркеушінің ақпараттық-бағдарламалық кешенінің жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн тексеру;

      12) бірыңғай тіркеушінің қызметкерлерiн басқару қызметiнiң жұмысын бағалау;

      13) бірыңғай тіркеуші бөлiмшелерiнiң тексеру нәтижелерi бойынша бірыңғай тіркеушінің бөлiмшелерi, филиалдары мен органдары қабылдаған тәуекелдер деңгейiн төмендетуді қамтамасыз ететін шараларының тиiмдiлiгiне бақылауды жүзеге асыру;

      14) бірыңғай тіркеушінің iшкi құжаттарымен iшкi аудит қызметiнiң құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарау iшкi аудит қызметiнiң негiзгi функциялары болып табылады.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63. Ішкі аудит жүргізген кезде пайдалануға міндетті бағалау жүйесі бағалаудың мына нұсқаларын қамтиды:

      1) "Күрделі жағдай":

      ішкі аудит нәтижелері бойынша ішкі рәсімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталды;

      процестің тұтастығын бұзатын жоғары тәуекелді жою бойынша жедел және тиімді түзету шарасы талап етіледі;

      бөлімшені қайта құрылымдау талап етіледі;

      2) "Тәуекелдің жеткіліксіз жабылуы":

      ішкі аудит нәтижелері бойынша ішкі рәсімдерінің, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталды;

      анықталған бұзушылықтарды жою ішкі аудит қызметінде белгіленген түзету іс-шараларды міндетті орындау арқылы ықтимал;

      3) "Жалпы бақылауда":

      нәтижелері әдеттегі іскерлік операциялардың барысында жойылу мүмкін маңызды емес кемшіліктерді көрсетеді;

      кейбір кейінгі түзету іс-шаралары ұсынылады;

      4) "Барлық аспектілер бойынша жақсы":

      тәуекел мен жабу арасындағы дұрыс балансы;

      нәтижелері тек маңызды кемшіліктері немесе олардың толық болмағаны көрсетеді;

      маңызды емес түзету іс-шаралары талап етіледі немесе мүлдем талап етілмейді.

      64. Бірыңғай тіркеушінің Директорлар кеңесі және басқармасы ішкі аудит қызметінің есептерін талдайды және бірыңғай тіркеушінің одан әрі қызметінде ішкі аудит қызметі анықтаған бұзушылықтарды болдырмау бойынша шараларды қабылдайды.

      Талаптардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген шаралар бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесінің және басқармасының шешімдері (қаулылары) түрінде ресімделеді.

      65. Бірыңғай тіркеушінің басқармасы ішкі аудиттің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды және кемшіліктерді уақтылы және сапалы жоюды, сондай-ақ ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын орындауды қамтамасыз етеді және олардың нәтижелері бойынша директорлар кеңесінің алдында есеп береді.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      66. Бірыңғай тіркеушінің iшкi бақылау жүйесін ұйымдастыру осы Талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.


  Бағалы қағаздарды ұстаушылар
  тізілімдерінің жүйесін жүргізу
  жөніндегі қызметті жүзеге
  асыратын ұйымның тәуекелдерді
  басқару жүйесінің болуына
  қойылатын талаптарына қосымша

Әкімшілік деректер жинақтауға арналған нысан

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерін басқару қызметі туралы ақпарат

      Есепті кезең: 20__жылғы "___"________ - "___"________аралығы

      Индекс: RISK_TISR1

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынады: бірыңғай тіркеуші

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейін айдың он бесінен кешіктірмей

      Нысан

      ________________________________________________

      (бірыңғай тіркеушінің атауы)

      20__жылғы "___"________ - "___"________ аралығы

р/с


Тәуекелді оқиғаның сипаттамасы


Тәуекел түрі (түрлері)


Тәуекелді оқиғаның пайда болуы


Тәуекелдердің пайда болу себептерін сипаттау


Тәуекелдердің пайда болу нәтижесінде салдардың/ залалдардың нысаны мен мөлшері


Есепті кезеңде пайда болған тәуекелдерді төмендету мақсатында қабылданған шаралар туралы ақпарат


Еселік


жағдайлар саны


Шаралар


оларды іске асыру мерзімдері


1 ай


2 ай


3 ай


1


2


3


4


5


6


7


8


9


1.










2.










3.











      Бірыңғай тіркеушінің бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде –

      оның орнындағы адам)

      ________________ ______________

      қолы күні

      Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырушы бөлімшенің басшысы

      ________________ ______________

      қолы күні

      Ішкі аудит қызметінің басшысы

      ________________ ______________

      қолы күні

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды
толтыру бойынша түсіндірме
Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерін басқару қызметі туралы ақпарат
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерін басқару қызметі туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды бірыңғай тіркеуші тоқсан сайын және есепті тоқсанға толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырушы бөлімшенің басшысы, ішкі аудит қызметінің басшысы қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда тәуекелдерді басқару бойынша бірыңғай тіркеушінің қызметі туралы ақпарат көрсетіледі.

      6. 2-бағанда есепті кезеңде бірыңғай тіркеушінің қызметінде пайда болған тәуекелді оқиғалар сипатталады.

      7. 3-бағанда Нысанның 2-бағанында көрсетілген тәуекелді оқиғалар жататын тәуекелдің түрі (түрлері) көрсетіледі.

      8. 4-бағанда Нысанның 2-бағанында көрсетілген бірыңғай тіркеушінің қызметінен басталған кезеңге тәуекелді оқиғаның пайда болуы еселігі көрсетіледі (бірінші рет, қайталанған).

      9. 5-бағанда Нысанның 2-бағанында көрсетілген есепті кезең үшін басталған кезеңге тәуекелді оқиғаның пайда болуының саны ай сайын көрсетіледі.

      10. 6-бағанда Нысанның 2-бағанында көрсетілген есепті кезеңде бірығай тіркеушінің қызметіндегі тәуекелді оқиғаның пайда болу себептері көрсетіледі.

      11. 7-бағанда Нысанның 2-бағанында көрсетілген тәуекелді оқиғаның пайда болу нәтижесінде салдардың (залалдардың), оның ішінде шығындардың нысаны мен мөлшері көрсетіледі.

      12. 8-бағанда есепті кезеңде бірыңғай тіркеушінің қызметінде пайда болған тәуекелдерді төмендету бойынша бірыңғай тіркеуші қабылдаған шаралар туралы ақпарат көрсетіледі.

      13. 9-бағанда Нысанның 8-бағанында көрсетілген шараларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат көрсетіледі.


  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2012 жылғы 24 тамыздағы
  № 276 қаулысына
  2-қосымшасы

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы
мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері
бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 300 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.