Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 276 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қазанда № 7993 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар);
      2) Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
      2. «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы 2013 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өзінің қызметін және ішкі құжаттарын Талаптарға сәйкес келтірсін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Талаптардың 4-тармағына сәйкес жасалған тәуекелдерді басқару жүйесіне талаптардың орындалуын бағалау бойынша есепті ұсынсын.
      3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын және 2012 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулының 2-қосымшасы 1-тармағының он жетінші, жиырма алтыншы - қырық үшінші, алпыс жетінші - жетпіс екінші, жүз елу үшінші - жүз алпыс алтыншы, жүз жетпіс екінші - жүз жетпіс төртінші абзацтар 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                            Г. Марченко

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2012 жылғы 24 тамыздағы  
№ 276 қаулысына     
1-қосымша         

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару
жүйесінің болуына қойылатын талаптар

1. Жалпы ережелер

      Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесіне, оның мониторингті, тәуекелдерді бақылау мен басқаруды жүзеге асыру талаптары мен тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – бірыңғай тіркеуші) сақталуы міндетті тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына, бірыңғай тіркеушінің мониторингіне, тәуекелдерді бақылау және басқару талаптары мен тәртiбiне қойылатын талаптарды белгілейді.
      1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенін қолдануымен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беру және ұсыну үшін арналған жүйе;
      2) ақпараттық-коммуникациялық желісі – ақпараттық жүйелері немесе олардың құрамындағылары арасында өзара іс-қимылын қамтамасыз етудің, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды берудің техникалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарының жиынтығы;
      3) баға тәуекелі – қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы нарықтарындағы жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын, бірыңғай тіркеушінің меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
      4) бедел тәуекелі – жағымсыз қоғамдық пікір немесе бірыңғай тіркеушіге деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
      5) бірыңғай тіркеушінің филиалы - бірыңғай тіркеушінің атынан бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оған бірыңғай тіркеуші берген өкілеттіктер шегінде іс-әрекет ететін бірыңғай тіркеушінің тұрған жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын бірыңғай тіркеушінің оқшауланған бөлімшесі. Бірыңғай тіркеушінің филиалында бірыңғай тіркеушімен бірге біріңғай балансы, сондай-ақ бірыңғай тіркеушінің атауымен толық сәйкес келетін атауы болады;
      6) бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі - оның қызметінің нақты бағытын іске асыру мақсатында бірыңғай тіркеушінің міндеттерінің, функцияларының және жауапкершілігінің бөлігі жүктелетін бірыңғай тіркеушінің ресми бөлінген бөлігі (бөлім, басқарма, департамент);
      7) бэк-тестинг – бірыңғай тіркеуші бойынша тарихи деректерді пайдалану арқылы және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;
      8) валюталық тәуекел – шетел валюталары бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі валюталар бойынша позицияларды құнының мәнінде қайта бағалаудан туындайды;
      9) корпоративтік басқару – бірыңғай тіркеушінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге бірыңғай тіркеушінің қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасау мүмкіндігін беретін, жоғарғы орган, басқару органы, атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені ретінде сипатталатын, бірыңғай тіркеушіні стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;
      10) кредиттік тәуекел - своптар, опциондар, форвардтар және кредиттік тәуекелге ұшыраған өзге қаржы құралдары бойынша серіктестің міндеттемелерін орындамауына байланысты және осы бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары есеп айырысуды реттеу кезеңінде туындайтын шығындар тәуекелі кіретін, бағалы қағазды шығару талаптарымен белгіленген мерзімде бағалы қағаздың ұстаушысына тиесілі негізгі борыш пен сыйақыны эмитенттің төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      11) құқықтық тәуекел – бірыңғай тіркеуші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, оның ішінде бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеу, бірыңғай тіркеушінің қызмет практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеу салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
      12) меншікті активтерді инвестициялау саясаты – инвестициялау объектілерінің тізбесін, бірыңғай тіркеушінің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;
      13) мүдделер қайшылығын басқару – бірыңғай тіркеушінің лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің мүдделері олардың шешімдер қабылдауының және міндеттерін атқаруының объективтілігі мен тәуелсіздігіне ықпал етуі, сондай-ақ олардың бірыңғай тіркеуші клиенттерінің және (немесе) акционерлерінің мүдделерінде әрекет жасау міндеттемесімен қайшы келуі мүмкін жағдайларды болдырмау механизмдерін жасау;
      14) нарықтық тәуекел – қаржы нарықтарының қолайсыз қозғалыстарына байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни нарықтық тәуекелдердің дереккөздері қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады;
      15) операциялық тәуекел - бірыңғай тіркеуші қызметінің сипаты мен ауқымдарына және (немесе) қолданыстағы заңнама талаптарына, операцияларды және басқа мәмілелерді жүргізудің ішкі тәртіптеріне және рәсімдеріне сәйкес келмеуі, оларды бірыңғай тіркеуші қызметкерлерінің және (немесе) өзге тұлғалардың бұзуы (алдын ала ойластырылмаған немесе қасақана іс-әрекеттердің немесе іс-әрекетсіздіктің салдары), бірыңғай тіркеушінің ақпараттық, коммуникациялық және басқа жүйелерімен және (немесе) олардың бас тартуларымен (қызмет істеуді бұзуларымен) қолданылатын функционалдық мүмкіндіктерінің сай келмеушілігі (жетіспеушілігі) нәтижесінде, сондай-ақ мыналарға:
      жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік пен басқарудың құрылымын қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінің айқындалмаған және тиімсіз ұйымдастырушылық құрылымына;
      ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларға, саясатқа және (немесе) стандарттарға, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданудағы кемшіліктерге;
      шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратқа не оны тиісінше пайдаланбауға;
      бірыңғай тіркеушінің қызметкерлерін тиімсіз басқарумен және (немесе) оның біліксіз штатына;
      бірыңғай тіркеушінің қызметін жүзеге асыру процестерінің жеткіліксіз тиімді құрылымымен не ішкі қағидалардың сақталуын дұрыс бақыламауға байланысты тәуекелдерді өзіне қамтитын сыртқы оқиғалардың ықпал ету нәтижесінде шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
      16) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелі – бірыңғай тіркеуші өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтiмдiлiгiн жоғалту тәуекелі олардың төмен шығындарымен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу мүмкіндігімен анықталады;
      17) стресс-тестинг – бірыңғай тіркеушінің қаржылық жай-күйіне бірыңғай тіркеушінің қызметіне әсер етуі мүмкін болатын ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті әсер етуін өлшеу әдістері;
      18) стресстік жағдайлар – бірыңғай тіркеуші жүйесінің жұмысындағы шамадан артық жұмыс істеу, іркілістер, қателердің және (немесе) өзге ақаулардың пайда болуынан күтпеген жағдайлар;
      19) тәуекелдерді басқару жүйесі – төрт негiзгi элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі енгізілетін процесстер жиынтығы;
      20) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
      21) ішкі аудит қызметі – бірыңғай тіркеушінің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі;
      22) ішкі бақылау жүйесі – бірыңғай тіркеуші рентабельдіктің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруды және Қазақстан Республикасының заңнамасын, бірыңғай тіркеушінің ережелер жиынтығын, бірыңғай тіркеушінің саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, бірыңғай тіркеушінің шығындар тәуекелін немесе бедел тәуекелін төмендетуге ықпал ететін қаржылық және басқару есептілігінің сенімді жүйесін қолдауды қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлігі;
      23) ішкі құжаттар – бірыңғай тіркеуші, оның органдары, бөлімшелері, филиалдары мен қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар;
      24) «stop-loss» лимиттері – меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялары бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;
      25) «take profit» лимиттері – меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің шекті рұқсат етілген деңгейі бойынша лимиттерді белгілеу саясаты.
      2. Бірыңғай тіркеушінің Директорлар кеңесі және басқармасы тәуекелдерді басқару жүйесінің Талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді және бірыңғай тіркеуші органдарының, бөлімшелерінің, филиалдарының және қызметкерлерінің оларға тәуекелдерді басқару саласында жүктелген міндеттердің орындалуына жағдайлар жасайды.
      3. Талаптар өзіне мыналарды:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын базалық талаптарды;
      2) ұйымдық құрылымына қойылатын талаптарды;
      3) мониторингі, тәуекелдерді бақылау және басқару тәртібіне қойылатын талаптарды;
      4) ішкі бақылау жүйесінің болуына қойылатын талаптарды қамтиды.
      4. Бірыңғай тіркеуші жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға Талаптардың қосымшасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есеп береді, ол мыналарды:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесін;
      2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келудің (сәйкес келмеудің) дербес бағалануын;
      3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда, түзетілуі тиіс кемшіліктерді, оларды жою жөніндегі іс-шараларды, жауапты адамдарды және іс-шаралар орындалуының нақты мерзімдерін көрсетіп, кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтиды.
      5. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатында көзделген тәртіпте бірыңғай тіркеуші тәуекелдердің негізгі түрлері бойынша (кредиттік, операциялық, нарықтық) ай сайын стресс-тестинг жүргізеді.
      6. Стресс-тестинг нәтижелері тәуекелдерді басқару жөніндегі бірыңғай тіркеушінің саясатында белгіленген тәртіппен ресімделеді және уәкілетті органға есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде, тоқсанына кемінде бір рет ұсынылады.
      7. Операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг нәтижелері уәкілетті органға есептік жарты жылдықтан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

2. Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын базалық талаптар

      8. Бірыңғай тіркеушіде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы бірыңғай тіркеуші қызметінің корпоративті басқару талаптарына, бағалы қағаздар нарығында қызметтің кәсіби түрін жүзеге асыру шеңберінде операциялар жүргізу тәжірибесінің, активтерді және міндеттемелерді басқару тәжірибесінің болуын, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінің және бірыңғай тіркеушінің өзге де ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық жүйелерінің жұмыс істеуін көздейді.
      9. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жүйесі өз қызметінде мынадай бағыттарды:
      1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, жүргізу және сақтауды;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру процесінің үздіксіз, үзіліссіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне және өзге де ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық жүйелеріне тұрақты мониторинг жүргізуді;
      3) бірыңғай тіркеуші өз қызметінде пайдаланылатын ақпараттық, ақпараттық-коммуникациялық жүйелері мен технологияларын қоса отырып, бірыңғай тіркеушінің жыл сайынғы бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету аудитін;
      4) бірыңғай тіркеушінің қызметін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған жобаларын әзірлеуді және іске асыруды;
      5) бірыңғай тіркеушінің меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялауды;
      6) бірыңғай тіркеушінің басқармасында ұйымдық-функционалдық құрылымын құруды және жетілдіруді;
      7) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеуді және бекітуді;
      8) бірыңғай тіркеушінің мүдделі органдарына шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпарат ұсынуды және бірыңғай тіркеушінің органдары мен бөлімшелері арасында ақпарат алмасуды;
      9) тәуекелдерді басқару саласы бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында және ішкі саясатында белгіленген талаптарын сақтау мониторингі;
      10) эмитенттермен және бағалы қағаздарды ұстаушылармен жұмысты ұйымдастыру тәртібін анықтауды, оның ішінде дауларды қарауды және шешуді, сондай-ақ эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тиісті шаралар қолдану бойынша рәсімдерін анықтауды қамтиды.
      10. Тәуекелдерді басқару жүйесі мынадай ішкі құжаттардың:
      1) бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттың;
      2) бірыңғай тіркеушінің меншікті активтерін инвестициялау тәртібінің;
      3) ішкі бақылауды және ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдерінің;
      4) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылына бағытталған рәсімдерінің;
      5) бірыңғай тіркеушіде орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсімдерінің;
      6) бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны және инсайдерлік ақпаратты құрайтын және оларды бірыңғай тіркеушінің, оның қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың өз мүдделерінде пайдалануға жол бермейтін мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету қағидалардың;
      7) бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысқа жіберу бойынша олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына және бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес келу мәніне эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың мониторингі мен бақылаудың тәртібін және талаптарының;
      8) бірыңғай тіркеушінің ақпараттық саясаттың;
      9) техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтың;
      10) ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтың;
      11) эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылары бұйрықтарының уақтылы орындалмауын және (немесе) орындалмауын, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне деректердің қате енгізілуін алдын алуына бағытталған рәсімдерінің;
      12) бірыңғай тіркеуші қызметінің операциялық процесстерінің бар бақылауының тиімділігін оңтайландыру бойынша рәсімдерінің;
      13) бірыңғай тіркеушінің қызметін жүзеге асыру барысында ақпаратты жасау, пайдалану және ашу рәсімдерінің;
      14) резервтік техникалық орталығына қойылатын талаптарының болуын көздейді.
      11. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты мыналарды:
      1) тәуекелдерді басқару жөніндегі бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшесінің және тәуекелдерді басқару саласы бойынша басқа бөлімшелердің және филиалдардың өкілеттіліктері мен функционалдық міндеттерін, сондай-ақ осы органдардың, бөлімшелердің және филиалдардың арасында ақпарат алмасу тәртібін;
      2) бірыңғай тіркеушінің қызметіне және бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілімдері жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін анықтау және стресс-тестингті жүргізу тәртібін қоса алғанда тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жөніндегі рәсімдерін, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары қол жетімді мәндерін анықтау бойынша рәсімдерін;
      3) бірыңғай тіркеушінің, оның филиалдарының қызметі және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесі жұмыс істеу барысында туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларын;
      4) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдердің тиімділігі, бірыңғай тіркеушінің тәуекелдер көрсеткіштерінің мәнін және тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды бағалау бірдейлігі мониторингінің механизмін;
      5) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген және осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген рәсімдерге сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын шаралар тиімділігі мониторингінің механизмін;
      6) сәйкестендiрiлген (анықталған) тәуекелдердiң мониторингi, бағалау және бақылау бойынша рәсiмдердi, оның iшiнде:
      тәуекелдерді басқару бойынша бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, тәуекел мониторингі және сәйкестендіру бойынша қабылдайтын шараларын;
      тәуекелдердің туындау жиілігін бағалау, осы тәуекелдер ықпал еткен іс-қимылдарға кейін қатар қойылған және тәуекелдердің барынша жоғары қол жетімді мәндерін белгілеуді қоса алғандағы, тәуекелдерді басқару бойынша бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалауды;
      тәуекелдер көрсеткіштері мәндерінің және тәуекелдер көрсеткіштердің барынша шекті мәндерінің өзгеру мониторингін, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдердің барынша жоғары шекті мәндерімен сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді азайту мақсатында қабылданатын шараларды қоса алғанда, тәуекелдерді басқару бойынша бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі жүргізетін тәуекелдер мониторингін;
      директорлар кеңесiне зиян келтіретiн және (немесе) бірыңғай тіркеушінің бедел және құқықтық тәуекелдерiне әсер етуге қабiлеттi кез келген маңызды жағдайлар туралы есептiлiктi дереу беру механизмін айқындайды.
      12. Бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiн инвестициялаудың тәртiбi меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру талаптары мен тәртiбiн, меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру барысында қолданылатын құжаттардың типтiк нысандарын белгiлейдi және мыналар:
      1) меншікті активтерін инвестициялаудың басым бағыттарын белгілеу тәртібі бар бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiн инвестициялау саясатын әзiрлеу;
      2) инвестициялаудың мына:
      қаржы құралдарының түрлері бойынша;
      негiзгi қызмет түрi экономиканың белгiлi бiр секторымен байланысты эмитенттердiң қаржы құралдарына инвестициялау лимиттерiн;
      қаржы құралдары үшiн «stop-loss» лимиттерiн;
      қаржы құралдары үшiн «take-profit» лимиттерiн анықтау.
      3) бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi қабылдау үшін мыналарды:
      ұсынымдар беруге уәкiлеттi тұлғалардың лауазымдар тiзбесiн;
      инвестициялық портфельдiң жай-күйiн талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарының айналымы және кiрiстiлiгi талаптарының болуын талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдердi талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;
      ұсынымдарды беруге елеулi факторларды талдауды жүзеге асыру тәртiбiн көздейтін ұсынымдар дайындау;
      4) бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi қабылдау;
      5) инвестициялық шешiмдердi дайындау, қабылдау және орындау процесiнде бірыңғай тіркеушінің органдары мен бөлiмшелерiнiң өзара әрекеттесуі;
      6) көмегi арқылы мәмiле жасау болжанатын (осындай бар болса) делдалмен (брокермен) өзара iс-әрекет жасау жөнiндегi процестердiң сипаттамасы бар меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, мәмiлелердi жасасуға бақылау, активтердiң құрамына және қозғалысына салыстырып тексерудi жүзеге асыру, жасалған мәмiлелердiң iшкi есепке алуын және құжат айналымын жүргiзу, сондай-ақ меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасуға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тiзбесi;
      7) бірыңғай тіркеушінің басқармасы меншiктi активтер есебiнен жасалған қаржы құралдарымен операциялар жөнiндегi қызметтiң нәтижелерi туралы есептiлiктi дайындау бойынша рәсiмдердi сипаттауды қамтиды.
      Бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiн инвестициялау тәртiбі бірыңғай тіркеушінің активтерін инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басқармасына берген жағдайда инвестициялық портфельді басқару жөніндегі тиісті шартта Талаптардың осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген бірыңғай тіркеушінің меншікті активтерін инвестициялау лимиттері көзделеді.
      13. Бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуды қамтамасыз ету мақсатында мыналар:
      1) меншiктi активтердi инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;
      2) инвестициялау объектiлерiнiң сипаттамасы мен тiзбесi;
      3) қаржы құралдарының түрлерi бойынша меншiктi активтердi инвестициялау лимиттерi;
      4) меншiктi активтер есебiнен жасалатын қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелерге қатысты белгiленген талаптар мен шектеулері;
      5) хеджирлеу құралдарының тiзбесiн және сипаттамасын көрсетумен меншiктi активтердi хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;
      6) меншiктi активтердi инвестициялауға байланысты негiзгi тәуекелдер туралы ақпарат кiретiн меншiктi активтерiн инвестициялау саясаты әзiрленедi.
      14. Бірыңғай тіркеушінің меншiктi активтерiн инвестициялау саясатын және оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бірыңғай тіркеушінiң директорлар кеңесi бекiтедi.
      15. Iшкi бақылауды және iшкi аудиттi жүзеге асыру рәсiмдерi мыналарды:
      1) iшкi аудит қызметiнiң құрамын, оның функцияларын, мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн;
      2) iшкi аудиттi және iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;
      3) iшкi аудит пен iшкi бақылаудың мәнiн және объектiсiн;
      4) iшкi аудит қызметiне тексерулер жүргiзу ауқымын және жиiлiгiн;
      5) iшкi аудиттi жүргiзу кезiнде мiндеттi түрде пайдаланылатын тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау жүйесiн;
      6) iшкi аудиттi жүргiзу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;
      7) iшкi аудит қызметiн тексеру нәтижелерi туралы есептердi бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесiне ұсыну мерзiмдерiн және нысанын анықтайды.
      16. Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимылына бағытталған рәсiмдер мынаны:
      1) егер операция «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрi - Заң) 4-бабының 1-тармағында белгiленген критерийлерге тиесiлi болған жағдайда, Заңның 4-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелерді сәйкестендiрудi және мониторинг жүргiзудi;
      2) Заңға сәйкес қаржылық мониторингтi жүзеге асыратын және заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдайтын мемлекеттiк органға қаржылық мониторингке жататын операциялар жөнiндегi мәліметтер мен ақпараттар беруді қамтиды.
      17. Бірыңғай тіркеуші қызметiн жүзеге асыру барысында оның органдары және (немесе) бөлiмшелерi арасында туындайтын бірыңғай тіркеушіде орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсiмi мыналарды:
      1) мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай тіркеуші органдарының шешiмдердi қабылдау рәсiмдерiн:
      бірыңғай тіркеуші органдарының мүшелерi қабылдайтын шешiмдердiң тәуелсiздiгiн;
      бірыңғай тіркеуші органдары мүшелерiнiң қабылдайтын шешiмдерге мүдделi болмауын;
      бірыңғай тіркеушінің органдары мүшелерiнiң және қызметкерлерiнiң бірыңғай тіркеуші органдарының отырыстарын жүргiзу барысында алынған ақпаратты тұлғалардың көпшiлiк тобының арасында осы ақпаратты ресми таратылғанға дейiн оны өзiнiң жеке мақсатында не үшiншi тұлғалардың мүддесінде пайдалануларын шектеуді;
      2) бірыңғай тіркеуші органдарының отырыстарын жүргiзу қорытындысы бойынша хаттамаларды мiндеттi жасау мен сақтау бойынша талаптарын;
      3) бірыңғай тіркеушінің бөлiмшелерi арасында, бірыңғай тіркеушінің органдары мен бөлiмшелерi арасында, бірыңғай тіркеушінің органдары арасында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын сипаттауды;
      4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу мақсатында бірыңғай тіркеуші жүргiзетiн iс-шаралар, сондай-ақ әлеуетті мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шараларын қамтиды.
      18. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны және инсайдерлік ақпаратты құрайтын және оларды бірыңғай тіркеушінің, оның қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың өз мүдделерінде пайдалануға жол бермейтін мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету қағидалары мыналарға:
      1) инсайдерлермен, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларымен өз мүдделерiнде немесе үшiншi тұлғалардың мүдделерiнде инсайдерлiк ақпаратты пайдаланумен бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасуды болдырмауға;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлiк немесе оған негiзделген ақпаратты үшiншi тұлғаларға берудi және тұлғалардың көпшiлiк тобы арасында бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны таратуды болдырмауға;
      3) бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң инсайдерлiк және өзге де конфиденциалдық ақпаратқа негiзделген қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы ұсынымдарды үшiншi тұлғаларға беру мүмкiндiгiн шектеуге;
      4) Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 56-1-бабында көзделген бірыңғай тіркеушінің инсайдерлiк ақпаратты басқаруға және оны пайдалануға бақылау бөлiгiнде шараларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қамтиды.
      19. Бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысқа жіберу бойынша олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына және бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес келу мәніне эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың мониторингі мен бақылаудың тәртібі мен талаптары мыналарды:
      1) эмитенттерге уәкілетті органға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді беру қажеттілігі туралы хабарламаны жіберу тәртібі мен талаптарын;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың 54-тармағында көрсетілген жағдайларда орындаудан бас тарту үшін негіздемелердің болуына эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың ұсынылатын бұйрықтарын тексеру тәртібін;
      3) қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыстағы бағалы қағаздар санының уәкілетті орган тіркеген бағалы қағаздар санына сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асыру тәртібін қамтиды.
      20. Бірыңғай тіркеушінің ақпараттық саясаты мыналарды:
      1) бірыңғай тіркеушінің эмитенттермен және бағалы қағаздарды ұстаушылармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпараттық өзара қарым-қатынас жасау тәртiбiн;
      2) бірыңғай тіркеушінің беделiне ықпал етуi мүмкiн ақпаратты тұрақты мониторинг жүргiзу жөнiндегі талаптарын;
      3) бірыңғай тіркеушінің беделiне зиян келтiруi мүмкiн ақпарат пайда болған және таратылған жағдайда қажеттi шараларды уақытылы қабылдау жөнiндегi талаптарын қамтиды.
      21. Қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқаулық мыналарды:
      1) өрт қауiпсiздiгi бойынша негiзгi талаптарды;
      2) төтенше жағдайлар және (немесе) күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерi сипатталған төтенше жағдайлар және (немесе) күтпеген жағдайлар туындаған жағдайдағы iс-қимылдар жоспарын;
      3) бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң бағдарламалық-техникалық кешендердi және өзге жабдықтарды пайдалану тәртiбiн;
      4) бірыңғай тіркеушінің үй-жайларды жабудың алдында қараудың жүйелiлiгiн қамтиды.
      22. Ақпараттық жүйелердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық мыналарды:
      1) ақпараттық жүйелердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi талаптарын;
      2) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң ұйымдастыру шаралары;
      3) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудің бағдарламалық-техникалық шараларын;
      4) оларда ақпаратты жинауға бөлінген ресурстарға (дискі кеңiстiгi, директория, желiлiк ресурстар, деректер базасы және соған ұқсастар) кіру, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінен ақпаратты алу тәртiбi мен көлемін, ақпаратты сақтауды, мұрағаттау не басқаша өңдеуді;
      5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын, оның iшiнде резервтік техникалық орталықта болатын электрондық деректердің сақталуына бағытталған шараларын;
      6) құрылғыны өшіру немесе алып қою арқылы жазбаны оқитын құрылғыларға және компакт дискілерге қол жеткізуге тыйым салуды;
      7) бірыңғай тіркеуші және оның филиалдары қызметкерлерінің ақпараттық жүйелеріне кіру деңгейлерін анықтау тәртiбiн;
      8) осы бөлмелерге кіруге рұқсаты бар түрлi қызметкерлерде болатын екi кiлттi пайдаланумен серверлік бөлмелерге кіру тәртiбiн қамтиды.
      23. Эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылары бұйрықтарының уақтылы орындамауы және (немесе) орындамауын, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне деректердің қате енгізілуін және өзгерілуін алдын алуына бағытталған рәсімдерінде:
      1) эмитенттері және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылары бұйрықтарының уақтылы орындалмауын және (немесе) орындалмауын болдырмауға бағытталған шаралары;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiндегi, оның iшiнде түрлі қызметкерлерінің бір бұйрыққа деректерді екі рет енгізу арқылы деректердің қате енгізілуін және өзгерілуін алдын алу бойынша шаралары;
      3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiндегi мәлiметтердiң өзгеруі бойынша өкiлеттiктерге ие пайдаланушылар үшін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне кіру парольдерiн белгiлеу, бірыңғай тіркеушінің ақпараттық жүйелерiн пайдаланушыларға құқықтарды беру тәртiбi;
      4) бұйрықтарды және олардың орындалуын, сондай-ақ эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың шағымдарын және оларды қанағаттандыру жөніндегі шараларды есепке алу электрондық журналының нысаны;
      5) бастапқы құжаттармен өңделген бұйрықтарды салыстырып тексеруді жүзеге асыру тәртiбi;
      6) операцияларды жасауға берiлген бұйрықтың мәртебесі туралы эмитенттерді және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушыларын хабарлау тәртiбi болады.
      24. Бірыңғай тіркеуші және оның филиалдары қызметiнiң операциялық процестерін қолданыстағы бақылаудың тиiмдiлiгiн оңтайландыру бойынша рәсімдер мынадай:
      1) бастапқы құжаттар негiзiндегi iс-әрекеттердiң жүзеге асырылуымен байланысты тәуекелдерді:
      уәкiлеттi емес тұлғаның бастапқы құжаттарды ұсыну;
      бастапқы құжаттардың ұрлануы, ауысуы немесе жоғалу;
      қолданыста жоқ бұйрықты бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізу;
      бiр бұйрықтың деректерін түрлі қызметкерлерінің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне екі рет енгізу;
      бұйрықтың деректерін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне дұрыс енгізбеу;
      бұйрықты бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне уақтылы енгiзбеу;
      бұйрықтың бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі мәртебесін дұрыс таңдамау;
      бұйрықтың бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі мәртебесiнiң өзгеруін орындамау;
      бұйрықтың бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі өзгертуді талап етпейтін мәртебесiнiң өзгеру;
      өзгертуді талап етпейтін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтардың деректерiнiң өзгеру;
      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтар деректерін дұрыс өзгертпеу;
      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтардың деректерін өзгертуді орындамау;
      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтардың деректерін тиісті құжатсыз өзгерту;
      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі анықтамалықтар деректерiнiң уақтылы өзгертпеу;
      есептік құжатты қалыптастыруды орындамау;
      есептік құжатты уақтылы қалыптастырмау;
      есептік құжаттағы дұрыс емес деректер;
      бұйрықтың дұрыс емес мәртебесін көрсете отырып орындалу туралы есептi қалыптастыру;
      есептік құжатты өкiлеттi емес тұлғаға беру;
      есептілік құжаттарды ұрлау, айырбастау және жоғалту тәуекелдерді қамтиды;
      2) бірыңғай тіркеуші қызметкерлерінің ақпараттық жүйелерді пайдаланумен байланысты тәуекелдер:
      кiрiс файлының дұрыс емес мазмұны;
      түрлi қызметкерлердiң деректер базасындағы жазбаны қалыптастыру үшін деректерді екі рет енгізу;
      деректер базасындағы жазбаның қалыптастыруын орындамау;
      деректер базасындағы жазбаны дұрыс қалыптастырмау;
      бағалы қағаздармен операцияларды тоқтата тұру сәтiндегi бұйрықты орындау;
      рұқсат етілмеген операцияларға бұйрықты орындау;
      3) ақпараттық жүйелердің техникалық пайдалануына байланысты тәуекелдер:
      компьютерлік вирустардың енуі;
      лицензиялық емес бағдарламаларды пайдалану;
      ақпараттық жүйелерге авторлық емес рұқсат;
      серверлiк жабдықтағы техникалық қызмет көрсету барысындағы қателер;
      электрлiк қоректендiру жүйесiндегi iркiлiстер;
      серверлердегi кондиционирлеу жүйесiндегi iркiлiстер;
      серверлiк жабдықтағы техникалық iркiлiс;
      желiлiк жабдықтағы техникалық iркiлiс;
      деректер тасымалдағыштарды (қатты дискiлердегi және өзге тасымалдағыштар) бүлдіруге ниеттенген ұрлық;
      деректер тасымалдағыштарға (қатты дискiлердегi және өзге тасымалдаушылар) авторлық емес рұқсат;
      табиғат апаты;
      серверлік бөлмедегі өрт;
      серверлік бөлмені судың басуы;
      ақпараттық жүйедегі бағдарламалық iркiлiс;
      тапсырыс берушiнiң бағдарламалық қамтамасыз етуді әзiрлеудегi қалыптастырылмаған талаптар;
      бағдарламалық қамтамасыз етудi кодтаушылар үшiн техникалық тапсырманы дұрыс жасамау;
      бағдарламалық қамтамасыз етудің кодын жазған кезде қателер;
      әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу барысындағы қателер.
      25. Бірыңғай тіркеушінің қызметін жүзеге асыру барысында ақпаратты жасау, пайдалану және ашу рәсімдері мыналарды:
      эмитенттің жалпы жиналысын жүргізуге немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлемдерге қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда эмитенттің бағалы қағаздарды шығаруға қатысты ақпаратты бағалы қағаздарды ұстаушыларға жасау және ұсыну рәсімдерін;
      эмитентке оның сұратуы негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын ақпаратты ұсыну рәсімдерін;
      ақпаратты Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын мәліметтерді алуға құқығына ие болатын мемлекеттік органдарға ұсыну рәсімдерін қамтиды.
      26. Бірыңғай тіркеушінің резервтік техникалық орталығы бар және оны жедел iске қосуға тұрақты дайындықты қамтамасыз етеді. Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне ұқсас бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын электрондық деректердің көшiрмесi болады;
      2) бірыңғай тіркеушінің негiзгi жүйелерiнiң орналасқан орны бойынша тұрған басқа резервтiк жүйелерiне ұқсас резервтiк жүйелердiң көшiрмесi болады;
      3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің негiзгi жүйесiнiң орналасқан орнынан 25 (жиырма бес) километрден кем емес орналасқан;
      4) бірыңғай тіркеушінің қызметін жүзеге асыру үшін қажет барлық коммуникациялармен қамтамасыз етедi;
      5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiнiң орналасқан орны бойынша штаттық емес жағдай туындаған барысында келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгiн ұсынады.
      27. Бірыңғай тіркеушінің филиалдарында мұрағат құжаттарын қауіпсіз орналастыру үшін техникалық және өзге де үй-жайлары бар.
      Негізінде бірыңғай тіркеушінің филиалдары бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізілетін құжаттар бірыңғай тіркеушінің деректер базасында кейіннен сақтау үшін бірыңғай тіркеушіде электрондық нысанда сканерлену және жіберілу тиіс.

3. Бірыңғай тіркеушінің ұйымдастырушылық құрылымы мен жекелеген
бөлімшелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар

      28. Бірыңғай тіркеушінің қызметiн жүзеге асыру барысында оның органдары және (немесе) бөлiмшелерi, филиалдары арасында туындайтын орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару мақсатында бірыңғай тіркеуші мынадай iс-шараларды қолданады:
      1) мүдделер қақтығысы орын алған немесе туындауы ықтимал бірыңғай тіркеушінің түрлі басшы қызметкерлеріне бөлiмшелердiң есеп беруін қамтамасыз етеді;
      2) орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын ескере отырып, бірыңғай тіркеушінің бөлiмшелерi, филиалдары мен органдары арасында ақпаратпен алмасу тәртiбi әзiрленедi және енгiзiледi;
      3) iшкi аудит қызметi бірыңғай тіркеушінің Директорлар кеңесімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бірыңғай тіркеушінің бөлiмшелерi мен қызметкерлерiнiң қызметiн бірыңғай тіркеуші қабылдаған бірыңғай тіркеушіде орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсiмдерiне сәйкес келуiн тексерудi үнемi жүзеге асырады.
      29. Бірыңғай тіркеушінің ұйымдастырушылық құрылымында бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жүйесін жасау және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын жекелеген бөлімшесі қалыптасады.
      Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қызметкерлеріне бірыңғай тіркеушінің басқа бөлімшенің функциялары мен міндеттері жүктелмейді.
      30. Тәуекелдердi басқару жөнiндегi бөлiмшенiң қызметкерлерi мен басшысы жоғары бiлiмдi, кәсiби құзыретi және тәуекелдердi басқару саласында үш жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнама бойынша бiлiмдерi болады.
      31. Бірыңғай тіркеушінің Директорлар кеңесі ішкі аудит қызметін құруды қамтамасыз етеді және ішкі аудит қызметі ішкі аудит саласында өз міндеттемелерін орындауға жағдайлар жасайды.
      32. Бірыңғай тіркеушінің Директорлар кеңесi iшкi аудит қызметiнiң қызметкерлерiн тағайындайды.
      Iшкi аудит қызметiнiң басшысы мен қызметкерлерi бiр уақытта бірыңғай тіркеушінiң басқа бөлiмшелерiн басқара (жетекшi бола) алмайды, сондай-ақ бірыңғай тіркеуші органдарының мүшелерi бола алмайды және ішкі бақылау және (немесе) ішкі аудит объектісі болып табылатын қызметтің түрлерін жүзеге асырмайды.

4. Мониторингке, тәуекелдерді бақылау және басқару тәртiбiне қойылатын талаптар

      33. Бірыңғай тіркеуші өз қызметiнде тәуекелдердiң мына түрлерiн:
      1) операциялық тәуекелдердi;
      2) құқықтық тәуекелдердi;
      3) бедел тәуекелдерді;
      4) баға, валюталық және пайыздық тәуекелдердi;
      5) өтiмдiлiктен айрылу тәуекелдерiн;
      6) тәуекелдердi басқару жөнiндегi бірыңғай тіркеушінің саясатына сай анықталатын тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырады.
      34. Операциялық тәуекелдерге мыналармен:
      1) жауапкершiлiктi бөлудi, есеп берушiлiк пен басқарудың құрылымын қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінің белгіленбеген және тиiмсiз ұйымдастырушылық құрылымымен;
      2) ақпараттық технологиялар саласындағы тиiмсiз стратегиялармен, саясатпен және (немесе) стандарттармен, бағдарламалық қамтамасыз етудi қолданудағы кемшiлiктермен;
      3) бірыңғай тіркеушінің қызметкерлерін тиiмсiз басқарумен және (немесе) оның бiлiксiз штатымен;
      4) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiн рұқсатсыз қолданумен;
      5) бірыңғай тіркеушінің қызметiн жүзеге асыру процестерiнiң жеткiлiксiз тиiмдi құрылымымен не iшкi ережелердi сақтаудың нашар қадағалауымен байланысты тәуекелдермен;
      6) бірыңғай тіркеушінің қызметiне күтпеген немесе бақыланбаған сыртқы ықпал ету факторларының әсерiмен;
      7) бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының қызметiн регламенттейтiн iшкi құжаттарда (ережелерде) кемшiлiктер мен қателердiң бар болуымен;
      8) эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйелерiндегi мәлiметтердiң көрсетiлуi, бірыңғай тіркеуші жасайтын жекелеген операцияларды автоматтандыру және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесінде операциялардың жасалуы бойынша құқықтарды есепке алу процесстерiн бұзуымен;
      9) эмитенттері және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылары ұсынатын құпия ақпаратты заңсыз қолданумен;
      10) бірыңғай тіркеушінің органдары мен бөлiмшелерi, филиалдары арасындағы мүдделер қақтығысы туындауымен;
      11) ақпаратты жинаумен, енгізумен, сақтаумен және таратумен байланысты қателер туындауымен;
      12) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiн, жеке шоттардың бiрыңғай жүйесiн және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелер мен технологияны қоса алғанда бірыңғай тіркеушінiң және оның филиалдарының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етудiң жұмысындағы қателер мен iркiлiстердiң туындау ықтималдығымен;
      13) бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының қызметi процесiнде, оның iшiнде мәмілелерді тіркеуді ұйымдастыру, эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алу, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiндегi мәлiметтердiң көрсетілу, жүйелі басқару функцияларын орындауды ұйымдастыру процестерiн қоса алғанда жетiлмеген технологияларды пайдалану салдарынан зиянның туындау ықтималдығымен;
      14) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесiндегi деректердің өзгеруі және енгiзiлуi барысында қателердің туындауымен;
      15) әлеуетті тәуекелдер ретiнде бірыңғай тіркеуші сәйкестендiретiн жағдайлармен байланысты тәуекелдер жатады.
      35. Тәуекелдердi басқаруды жүзеге асыратын бөлiмше бірыңғай тіркеушінің қадағалау бөлiмшесiмен және құқықтық қамтамасыз ету бөлiмшесiмен (заң бөлiмшесі) бiрлесе отырып бірыңғай тіркеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзуы оның iшiнде бірыңғай тіркеушінің iшкi құжаттарының Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкессiздiгi, қор биржасының қызмет практикасының оның iшкi құжаттарына сәйкессiздiгi салдарынан туындайтын құқықтық тәуекелдердi реттеудi мыналар:
      1) бірыңғай тіркеуші және оның филиалдары қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасына, бірыңғай тіркеушінің iшкi құжаттарына және рәсiмдерiне және шарт бойынша қатынастарға сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асыру;
      2) бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының бірыңғай тіркеушінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасымен тұрақты негізде таныстыру;
      3) бірыңғай тіркеушінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты, бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы тәуекелдерiнiң туындау мүмкiндiгiн бағалауды өткiзу арқылы қамтамасыз етеді.
      36. Жұртшылықпен қатынастар бойынша бірыңғай тіркеушінің бөлiмшесiмен бірлесіп тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше мыналардың салдарынан туындайтын беделдік тәуекелдерді басқаруды және азайтуды қамтамасыз етеді:
      1) бірыңғай тіркеушінің қызметiне және (немесе) оның ағымдағы жағдайына қатысты мемлекеттік органдардың, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң, нарық талдаушыларының қарама-қайшы және (немесе) келеңсiз өтiнiштерiнiң;
      2) ресми емес дереккөздерден алынған ақпараттың рөлiн күшейту - бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң, сол сияқты үшiншi тұлғалардың шындыққа сәйкес келмейтін келеңсіз ақпаратты тарату;
      3) бірыңғай тіркеуші туралы келеңсiз ақпаратқа бұқаралық ақпарат құралдары мүддесiнiң өсу;
      4) бірыңғай тіркеушінің беделiне келеңсiз ықпал етуге қабiлеттi факторлардың.
      37. Тәуекелдерді басқару процессінің мақсаты мыналар:
      1) тәуекелдер мен қауiптi уақтылы айқындау;
      2) тәуекелдер көрсеткiшiнiң ең жоғары шекті мәндерiн бағалаудың сапасын арттыру;
      3) тәуекелдерді басқарудың баламалы механизмдерiн дамыту;
      4) тәуекелдердi азайту және басқару бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
      5) тәуекелдерді басқару жөнiндегi бөлiмшенi қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінің жеке бөлiмшелерiн тәуекелдердi сәйкестендіру және бағалау процесiне тарту, сондай-ақ тәуекелдердi басқару саласындағы бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiн арттыру болып табылады.
      38. Тәуекелдердi сәйкестендiру рәсiмi тәуекелдердi басқару бөлiмшесiмен бiрге бөлiмше қызметiнiң түрiне байланысты бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының әр бөлiмшесi жүзеге асыратын мұқият шолу мен мониторингке негiзделедi.
      39. Сәйкестендіру тәуекелдері мына сипаттар:
      1) тәуекелдердiң басталу жиiлiгi;
      2) тәуекелдердің ықпал ету ауқымы бойынша талданады.
      40. Талдау нәтижелерi негiзiнде рұқсат етiлген түрде белгiленген тәуекелдердiң мәнiне қарай, тәуекелдер қабылданатын және қабылданбайтын болып сараланады.
      41. Тәуекелдерді бағалау және бақылау нәтижелері тәуекел көрсеткiшiнiң жалпы (интегралды мәні), сол сияқты бірыңғай тіркеуші қызметiнiң әрбір жеке түрі үшін сандық мәнін айқындау үшін пайдаланылады.
      42. Тәуекелдердiң сандық мәні тәуекелдер көрсеткiшiнiң ең жоғары шекті мәндерін, тәуекелдердiң белгiленген шекті көрсеткiштерiне сәйкестiгiн, сондай-ақ белгіленген шекті көрсеткіштерге сәйкес келмейтін тәуекелдердi азайту және басқару үшiн тиiстi шешiмдерi қабылдау қажеттiгiн бағалауға мүмкiндiк бередi.
      43. Бірыңғай тіркеуші қызметiнiң әрбiр жеке түрiне тән тәуекелдер көрсеткiшiнiң сандық мәнін қызметтің осы түрін жүзеге асыратын бірыңғай тіркеушінің бөлiмшесi тәуекелдердi басқару жөнiндегi бөлiмшесімен бiрлесіп есептейдi.
      44. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдердi басқару жөнiндегi бөлiмшесi бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу процесiнiң бұзылуына әкеп соққан техникалық iркiлiстер және жағдайлар туралы директорлар кеңесi мен басқармаға хабардар етеді.
      45. Бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізудің үздіксіз процесiнiң бұзылуына әкеп соққан техникалық iркiлiстер және жағдайлар туралы ақпаратты олар басталған күннен кейiнгi келесі күн iшiнде уәкiлеттi органға берудi қамтамасыз етедi.
      46. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдерді басқару жөнiндегi бөлiмшесi тәуекелдер басталған жағдайлардың саны және тәуекелдердің басталу нәтижесiнде келтірілген зиянның мөлшерi туралы директорлар кеңесi мен басқармаға тоқсан сайын есеп жасайды, сондай-ақ тәуекелдердiң өзi, сондай-ақ олардың басталған салдарларды азайту бойынша iс-шаралар жоспары ұсынады.
      47. Бірыңғай тіркеушінің тәуекелдердi басқару жөнiндегi бөлiмшесiнiң тәуекелдер көрсеткiшiнiң сандық мәнiн бағалау жөнiндегi қорытынды негiзiнде бірыңғай тіркеушінің басқармасы директорлар кеңесi бекiтетiн тәуекелдер басталған нәтижесінде келтірілген шығындардың барынша көп рұқсат етiлген мөлшерiн айқындайды.
      48. Жаңа тәуекелдер туындаған жағдайда және (немесе) тәуекелдер көрсеткiштерiнiң мәндерi тәуекелдер көрсеткiштерiнiң барынша рұқсат етiлген мәндерiмен сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдi және (немесе) осы сәйкессiздiктi анықтаған сәйкестендірген бірыңғай тіркеушінің бөлімшесі бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесi мен басқармаға хабардар етедi.
      49. Тәуекелдердi бағалау нәтижелерiнiң негiзiнде оларды азайтуға бағытталған ықтимал шаралары айқындалады.
      50. Тәуекелдерді азайту тәуекелдер мәні тәуекелдер көрсеткiштерiнiң шекті мәнiне жуық болғанда не шектен асып кеткен жағдайларда қажеттi болып табылады. Тәуекелдердi азайту мына шаралар арқылы жүзеге асырылады:
      1) бірыңғай тіркеушінің қызметі процесінде оның органдары қабылдайтын жекелеген шешiмдерге тән тәуекелдер басталған жағдайда, зиянды айқындау және азайту бойынша рәсiмдердi жетiлдiру;
      2) тәуекелдердi басқару саласында бірыңғай тіркеуші және оның филиалдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру;
      3) iшкi аудит қызметiнiң бірыңғай тіркеушінің жұмыс iстеуiн және (немесе) оның бөлiмшелерiнiң және филиалдарының жұмысын жоспардан тыс тексерулер жүргiзу;
      4) бірыңғай тіркеушінің басшы қызметкерлерiнiң тарапынан тәуекелдерді азайтуға бағытталған іс-шараларды бақылауды арттыру;
      5) бірыңғай тіркеушінің iшкi құжаттарында көзделген жағдайларда қосымша арнайы (кепiлдi және (немесе) резервтiк) қорларды құру.
      51. Бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесi тәуекелдер басталған жағдайлары бойынша есептiлiктi беру тәртiбiн бекiтедi, оның міндеттері мыналар:
      1) тәуекелдер басталған салдарынан келтірілген шығындар және келенсіз оқиғалар туралы ақпараттық базаны қалыптастыру;
      2) тәуекелдер басталу нәтижесінде келтірілген нақты зиян туралы ақпаратты талдау арқылы тәуекелдерді басқару мен азайту бойынша процестерін жетiлдiру;
      3) тәуекелдер басталған нәтижесiнде пайда болатын зиянның құнын кезеңділік бағалауды жүргізу;
      4) тәуекелдер басталудың маңызды жағдайларына уақтылы және тиiстi ден қоюды қамтамасыз ету;
      5) деректерді жинау, енгізу, өңдеу және сақтау, сондай-ақ ақпаратты қайталау және (немесе) жiберiп алу бойынша қателерді болдырмау жөнiндегi рәсiмдердi толық синхрондауды қамтамасыз ету болып табылады.

5. Бірыңғай тіркеушінің ішкi бақылау жүйесiнiң болуына қойылатын талаптар

      52. Бірыңғай тіркеуші бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесі бекіткен өзінің ішкі құжаттарына сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асырады және мыналарды белгілейді:
      1) ішкі бақылау объектісін;
      2) ішкі бақылауды жүзеге асыратын тіркеушіге қойылатын талаптарын;
      3) лауазымды тұлғалар және тіркеушінің қызметкерлері жүзеге асыратын ішкі бақылау рәсімдері, оларды жүргізу мерзімдері және тәртібін;
      4) ішкі бақылауды жүзеге асыратын тіркеушінің қызметкерлеріне, тіркеушінің органдарына ішкі бақылау нәтижелері туралы хабардар ету тәртібі мен мерзімдерін.
      53. Бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесі iшкi бақылаудың бiрдей жүйесiнiң болуын қамтамасыз етеді және бірыңғай тіркеуші қызметкерлерiнiң iшкi бақылау саласында өз мiндеттерiн орындауы үшiн жағдай жасайды.
      54. Бірыңғай тіркеушідегі iшкi бақылау жүйесі мынадай мақсаттарды:
      1) бірыңғай тіркеушінің активтерін басқару, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу процессінің және ықтимал шығындарын айқындау тиiмдiлiгiн тексеруді болжайтын бірыңғай тіркеуші қызметiнiң операциялық және қаржылық тиiмдiлiгiн;
      2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенiмдiлiгiн, толықтығы мен уақтылығын. Осы мақсат дәйекті және сапалы қаржылық есептіліктiң жасалуын және шешiмдер қабылдаған кезде бірыңғай тіркеуші пайдаланатын басқа құжаттарды тексеруді болжайды;
      3) бірыңғай тіркеуші Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бірыңғай тіркеушінің iшкi саясаты мен рәсiмдерiн айқындайтын құжаттардың талаптарын сақтауын тексерудi болжайтын Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауды жүзеге асыру үшiн жасалады.
      55. Iшкi бақылау жүйесі мынадай үш кезеңнің үздiксiз кезектi түрде өту принципі бойынша жұмыс істеуі:
      1) бірыңғай тіркеушінің iшкi құжаттарына рәсiмдердi қосу арқылы iшкi бақылау жүйесін (тиiмдiлiктi бақылау нәтижелерiн ескере отырып) қалыптастыру;
      2) бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының қызметін жүзеге асыру барысында ішкі құжаттардың талаптарын орындау;
      3) iшкi бақылау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу.
      56. Iшкi бақылау жүйесi мына рәсiмдердi жүргiзудi қамтиды:
      1) қызметтiң жоспарлы көрсеткiштерiн қоса бере отырып, бірыңғай тіркеушінің қаржылық қызметiнiң ағымдағы нәтижелерi туралы есептердi директорлар кеңесiне беру арқылы бірыңғай тіркеушінің алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету процессін тоқсан сайын тексеру;
      2) бөлiмше қызметiнiң нәтижелерi туралы стандартты нақты есептердi бөлiмше басшыларының ай сайынғы негiзде тексеру;
      3) конфиденциалды және Қазақстан Республикасының Заңымен өзге де қорғалатын ақпаратқа және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге қол жетiмдiлiктi шектеуге бақылау жүргiзу мақсатымен тексеру;
      4) тәуекелдiң белгiленген лимиттерiнiң сақталуын тексеру мен анықталған сәйкессiздiктердi жою жөнiндегi iс-шараларды iске асыру;
      5) мiндеттi авторизацияны талап ететiн операциялардың тiзбесiне бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесiмен талаптарды белгiлеу;
      6) операциялардың шарттарын және бірыңғай тіркеушінің қызметiне байланысты тәуекелдердi басқару үлгiлерiн қолданудың нәтижелерiн тексеру;
      7) жүргiзiлген операцияларды бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілмдерінің жүйесінде және бірыңғай тіркеушінің есептiлiгiнде көрсетудiң уақтылығын, дұрыстығын, толықтығы мен дәлдiгiн тексеру;
      8) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілмдерінің жүйесiн қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінің және оның филиалдарының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етудiң сенiмдi жұмыс істеуін тексеру;
      9) заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимылына бағытталған рәсiмдердiң тиiмдiлiгiн тексеру;
      10) бірыңғай тіркеушіде және оның филиалдарда мүдделердiң орын алған және әлеуеттi мүдделер қақтығысын басқаруға бағытталған рәсiмдердiң тиiмдiлiгiн тексеру;
      11) қаржы құралдардың құнын және кiрiстiлiгін бағалау бөлiгiнде әдiстердi қоса алғанда, бірыңғай тіркеушінің iшкi құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржы құралдарының құнын бағалаудың дұрыстығын және дәйектiлiгiн тоқсан сайын тексеру.
      57. Iшкi аудиттiң мақсаты iшкi бақылау жүйесiнiң бiрдейлiгiн және тиiмдiлiгiн бағалау, бірыңғай тіркеуші және оның филиалдары бөлiмшелерiнiң жүктелген функциялар мен мiндеттердi орындау жағдайы туралы уақтылы және дәйектi ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысты жақсарту бойынша қолда бар және тиiмдi ұсынымдарды беру болып табылады.
      58. Директорлар кеңесі iшкi бақылау жүйесiнiң жағдайын объективтi бағалауды және оларды жетiлдiру бойынша ұсынымдарды беру арқылы баламалы iшкi бақылау жүйесiнiң бар болуын және жұмыс істеуiн қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырған кезде туындайтын мiндеттердi шешу мақсатында iшкi аудит қызметi құрылады.
      59. Iшкi аудит қызметі өз қызметінде «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын, бірыңғай тіркеушінің Жарғысын, iшкi бақылау жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi және бірыңғай тіркеушінің iшкi аудит қызметi туралы ереженi, сондай-ақ бірыңғай тіркеушінің қызметiн регламенттейтiн басқа iшкi құжаттарды және Талаптардың ережелерін басшылыққа алады.
      60. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметке тартылған бөлімшенің қызметін тексеруді ішкі аудит қызметі кемінде алты айда бір рет кезеңділігімен жүзеге асырады.
      Бірыңғай тіркеуші филиалдарының, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тартылмаған бөлімшенің қызметін тексеруді ішкі аудит қызметі кемінде бір жылда бір рет кезеңділігімен жүзеге асырады.
      61. Iшкi аудит қызметi директорлар кеңесi бекiтетiн iшкi аудит жоспары мен iшкi аудит бағдарламасын жасайды.
      Бірыңғай тіркеушінің ішкi аудит қызметi мынадай міндеттерді:
      1) iшкi бақылау жүйесiнiң жұмыс істеуiн тексеруді;
      2) директорлар кеңесiне iшкi аудит қызметiнiң қызметі туралы есептiлiктi дайындауды;
      3) директорлар кеңесiне, басқармаға және сыртқы пайдаланушыларға берiлетiн бірыңғай тіркеушінің қызметi шеңберiнде кез келген мәлiмет пен ақпараттың дәйектілігі мен дәл болуын тексеруді;
      4) iшкi немесе сыртқы аудиторлар анықтаған бухгалтерлiк есептегi немесе iшкi аудиттегi кез келген елеулi кемшiлiктердiң мониторингін;
      5) бірыңғай тіркеушінің iшкi құжаттарымен iшкi аудит қызметiнiң құзыретiне жататын міндеттерді шешеді.
      62. Мыналар:
      1) iшкi бақылау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн тексеру мен бағалау;
      2) бірыңғай тіркеушінің тәуекелдердi бағалау әдiстемесiнiң және тәуекелдерді басқару процессінің қолдану толықтығын және тиiмдiлiгiн тексеру;
      3) деректер базасының тұтастығы мен оларды рұқсат берiлмеген кiруден қорғауды, күтпеген жағдайларда iс-қимыл жоспарының болуын қоса отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінің және өзге де ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық жүйелерiнiң жұмыс істеу тиiмдiлiгiн тексеру;
      4) бухгалтерлік есеп жүргізудің және есептілікті жасаудың дәйектілігін, толықтығын, объективтiлiгi мен уақтылығын, сондай-ақ ақпарат пен есептiлiктiң жинақтау мен берудiң сенiмдiлiгiн және уақтылығын тексеру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлiметтер берудің дәйектілігін, толықтығын, объективтiлiгi мен уақтылығын тексеру;
      6) бірыңғай тіркеуші мүлiгiнiң сақталуын қамтамасыз етудiң қолданылатын тәсiлдерiн (әдiстерiн) тексеру;
      7) бірыңғай тіркеуші жасаған операцияларының экономикалық мақсатқа сай екенiн және тиiмдiлiгiн бағалау;
      8) iшкi бақылау процестерi мен рәсiмдерiн тексеру;
      9) деректер базасының тұтастығын және оларды санкция берiлмеген рұқсаттан қорғауды бақылау, штаттық емес жағдайда iс-қимыл жоспарының болуын қоса отырып, Бірыңғай тіркеушінің ақпараттық-бағдарламалық кешенінің жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн тексеру;
      10) бірыңғай тіркеушінің қызметкерлерiн басқару қызметiнiң жұмысын бағалау;
      11) бірыңғай тіркеуші бөлiмшелерiнiң тексеру нәтижелерi бойынша бірыңғай тіркеушінің бөлiмшелерi, филиалдары мен органдары қабылдаған тәуекелдер деңгейiн төмендетуді қамтамасыз ететін шараларының тиiмдiлiгiне бақылауды жүзеге асыру;
      12) бірыңғай тіркеушінің iшкi құжаттарымен iшкi аудит қызметiнiң құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарау iшкi аудит қызметiнiң негiзгi функциялары болып табылады.
      63. Ішкі аудит жүргізген кезде пайдалануға міндетті бағалау жүйесі бағалаудың мына нұсқаларын қамтиды:
      1) «Күрделі жағдай»:
      ішкі аудит нәтижелері бойынша ішкі рәсімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталды;
      процестің тұтастығын бұзатын жоғары тәуекелді жою бойынша жедел және тиімді түзету шарасы талап етіледі;
      бөлімшені қайта құрылымдау талап етіледі;
      2) «Тәуекелдің жеткіліксіз жабылуы»:
      ішкі аудит нәтижелері бойынша ішкі рәсімдерінің, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталды;
      анықталған бұзушылықтарды жою ішкі аудит қызметінде белгіленген түзету іс-шараларды міндетті орындау арқылы ықтимал;
      3) «Жалпы бақылауда»:
      нәтижелері әдеттегі іскерлік операциялардың барысында жойылу мүмкін маңызды емес кемшіліктерді көрсетеді;
      кейбір кейінгі түзету іс-шаралары ұсынылады;
      4) «Барлық аспектілер бойынша жақсы»:
      тәуекел мен жабу арасындағы дұрыс балансы;
      нәтижелері тек маңызды кемшіліктері немесе олардың толық болмағаны көрсетеді;
      маңызды емес түзету іс-шаралары талап етіледі немесе мүлдем талап етілмейді.
      64. Бірыңғай тіркеушінің Директорлар кеңесі және басқармасы ішкі аудит қызметінің есептерін талдайды және бірыңғай тіркеушінің одан әрі қызметінде ішкі аудит қызметі анықтаған бұзушылықтарды болдырмау бойынша шараларды қабылдайды.
      Талаптардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген шаралар бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесінің және басқармасының шешімдері (қаулылары) түрінде ресімделеді.
      65. Бірыңғай тіркеушінің басқармасы ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын орындалуына оперативті бақылауды жүзеге асырады және осындай бақылаудың нәтижелері туралы бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесінің алдында есеп береді.
      66. Бірыңғай тіркеушінің iшкi бақылау жүйесін ұйымдастыру осы Талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу
жөніндегі қызметті      
жүзеге асыратын ұйымның     
тәуекелдерді басқару жүйесінің
болуына қойылатын       
талаптарына          
қосымша             

«_____» жыл үшін
«____________________________________»
(бірыңғай тіркеушінің атауы)
бірыңғай тіркеушіге тәуекелдерді басқару жүйесіне
қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есеп

Талаптардың тиiстi абзацының, тармақшасының, тармағының нұсқауы

Талаптардың тиiстi абзацының, тармақшасының, тармақтың талаптарына сәйкестiгiн бағалау

Анықталған кемшiлiктер

Кемшiлiктердi жою бойынша қажеттi iс-шаралар, жауапты тұлғалар мен iс-шараларды орындау мерзiмi

Жауапты орындаушылар







      Тәуекелдердi басқару жүйелерiне қойылатын талаптарға сәйкестiгiн бағалау:
_________________________________________________________

      Кестенi толтыруға түсiнiктеме:
      Тәуекелдердi басқару жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестiгiн бағалау мынадай критерийлердің үш балдық жүйесі бойынша жүзеге асыру қажет: талапқа сай, iшiнара талапқа сай, талапқа сай емес.
      1. «Талапқа сай» бағалау бірыңғай тіркеуші тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың критерийлерін қандай да бiр маңызды кемшiлiктерсiз орындауы кезінде шығарылады.
      2. «Iшiнара талапқа сай» бағалау бірыңғай тіркеуші тәуекелдерді басқару жүйелерiне қойылатын талаптардың нақты критерийін сақтаудағы мүмкiндiгiне қатысты маңызды күмән пайда болуына жеткiлiктi болып есептелмейтiн кемшiлiктер анықталғанда шығарылады.
      3. «Талапқа сай емес» бағалау бірыңғай тіркеуші тәуекелдердi басқару жүйелерiне қойылатын талаптардың критерийiн орындамаған кезде шығарылады.
      4. Егер тәуекелдердi басқару жүйелерiне қойылатын жекелеген талаптар қор биржасына қатысты қолданылмайтын жағдайда, талаптың осы критерийiне сәйкестiгiн бағалау жүзеге асырылмайды және тиiстi «қолданылмайды» деген жазбамен белгiленедi.

      Бірыңғай тіркеушінің бiрiншi басшысы (не оның орнындағы тұлға)
      _______________ _______________________________
            қолы              күнi
      Тәуекелдердi басқаруды жүзеге асыратын бөлiмшенiң басшысы
      ________________ ______________________________
            қолы              күнi
      Iшкi аудит қызметiнiң басшысы
      ________________ ______________________________
            қолы              күнi

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы  
№ 276 қаулысына      
2-қосымшасы        

Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы
мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау
мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.»;
      осы қаулының 1-қосымшасында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулық»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) және «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн (бұдан әрі - тізілімдер жүйесі) құрайтын құжаттардың тізбесін, тізілімдер жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу шарттарын, тізілімдер жүйесіндегі жеке шоттан жасалатын үзінді көшірмелердің нысанын және мазмұнын белгілейді, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне енгізілетін мәліметтерді айқындайды.»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмi – бағалы қағаздар ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгiлi бір күнге осы ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы;
      2) бағалы қағаздар ұстаушының жеке шоты – бағалы қағаздардың меншік иесі және (немесе) орталық депозитарий болып табылатын, тiзiлiмдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған, мәмiлелердi тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
      3) бірыңғай тіркеуші – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
      4) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
      5) жеке шоттардың бірыңғай жүйесі – жүргiзiлуiн тiркеушiлер жүзеге асыратын бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмдері жүйелерiндегi мәлiметтердiң жиынтығын көрсететін, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы;
      6) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
      7) операциялық күн – тiркеушi бұйрықтарды қабылдауды, өңдеуді, жеке шоттар бойынша операцияларды тiркеудi және ақпараттық операцияларды жүзеге асыратын уақыт кезеңі;
      8) орналастырылған пайларды есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының жеке шоты – инвестициялық пай қорының айналыстағы орналастырылған пайларының санын есепке алу жүзеге асырылатын тiзiлiмдер жүйесiндегi жеке шот;
      9) ортақ өкiлдiң жеке шоты – тiзiлiмдер жүйесiндегi ортақ меншікке қатысушылардың ортақ өкiлiне ашылған, меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесiлi бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
      10) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, қайталама бағалы қағаздар нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
      11) тiзiлiмдер жүйесiндегi операция – тiзiлiмдер жүйесіне деректер енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тiзiлiмдер жүйесінен ақпарат дайындау және беру нәтижесі болып табылатын тiркеушiнiң iс-әрекеттерiнiң жиынтығы;
      12) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
      13) ішкі бақылау – тіркеушінің органдары және уәкілетті қызметкерлері жүзеге асыратын, тіркеушінің, оның бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге, тіркеуші қызметінің нәтижелері туралы шынайы есептілікті беруге, тіркеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасын және тіркеушінің ішкі құжаттарын сақтауына, сондай-ақ тіркеушінің органдарын және басшы қызметкерлерін тіркеушінің қызметіне тәні тәуекелдер туралы уақтылы хабардар етуге бағытталған рәсімдер жиынтығы.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тiзiлiмдер жүйесiн мынадай құжаттар құрайды:
      1) операцияларды жүргiзуге бұйрықтар;
      2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер;
      3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулар;
      4) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың не заңды тұлға болып табылатын тіркелген тұлға ұсынған Нұсқаулықтың 13-тармағының 2) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттардың көшiрмелерi;
      5) мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарттарының көшiрмелерi оған енгiзiлген барлық өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге;
      6) негiзiнде тiзiлiмдер жүйесiнде операциялар жүргiзiлген өзге құжаттар;
      7) эмитенттен (бұрынғы тiркеушiден) тiркеушi алған және тiркеушi шартты қолдану мерзiмiнде эмитентке жiберген құжаттар;
      8) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептерді бекіту туралы уәкiлеттi орган хабарламасының көшiрмелерi (мемлекеттік емес облигацияларды, исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы);
      9) операцияларды тіркеу журналы;
      10) келіп түскен құжаттарды тіркеу журналы;
      11) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу журналы;
      12) сенімхаттарды есепке алу журналы;
      13) жiберiлген құжаттарды тіркеу журналы;
      14) мұрағатты жүргізу журналы;
      15) тiзiлiмдер жүйесіне енгiзiлген мәлiметтердi жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетiлгенiн растайтын құжаттар;
      16) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау-өткiзу актiлер.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөнiндегi шартты (бұдан әрі – шарт) жасау кезінде эмитент ұсынған құжаттар негiзiнде тiркеушi тiзiлiмдер жүйесіне эмитент туралы мәлiметтердi енгiзедi және оған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот ашады.
      Инвестициялық пай қорының пайларын есепке алу үшін тiркеушi инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған мынадай құжаттар:
      1) жарғының көшiрмесi;
      2) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шот ашуға бұйрығы;
      3) пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      4) инвестициялық пай қоры ережелерiнiң көшiрмесi;
      5) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      6) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қою құқығы бар басқарушы компания өкiлдерiнiң нотариат куәландырған қол қою үлгiлерi мен заңды тұлға мөрiнiң бедерлемесi бар, мынадай мәліметтер:
      тiркеушiнiң атауы;
      инвестициялық пай қорының атауы;
      құжатқа қол қоюға құқық беретін басқарушы компанияның атауы;
      басқарушы компания өкiлiнiң тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
      осы құжатта бар қол қою үлгiлерi тіркелген тұлғаның тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде мiндеттi болып саналатынына нұсқау қамтылатын құжаттарды;
      7) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарды растау құқығы бар кастодиан өкiлдерiнiң нотариат куәландырған қол қою үлгiлерi мен заңды тұлға мөрiнiң бедерлемесi бар, мынадай мәліметтер:
      тiркеушiнiң атауы;
      инвестициялық пай қорының атауы;
      басқарушы компанияның атауы;
      инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның атауы;
      кастодиан өкiлiнiң тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
      осы құжатта бар қол қою үлгiлерi тіркелген тұлғаның тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды растау кезінде мiндеттi болып саналатынына нұсқау қамтылатын құжаттар негiзiнде орналастырылған пайларды есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының жеке шотын ашады.
      Осы тармақ тізілімдер жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды тіркеушілерден қабылдаған кезде бірыңғай тіркеушінің қызметіне қолданылмайды.
      Жарияланған бағалы қағаздарды және жеке шотты есепке алу үшін, бірыңғай тіркеуші сатып алған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитент туралы мәліметтерді тізілімдер жүйесіне енгізу және оған жеке шоттарын ашу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 53 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7576 тіркелген) талаптарын және бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын ескере отырып жүзеге асырылады.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Нұсқаулықтың 12 және 13-тармақтарының талаптары мынадай жағдайда қолданылмайды:
      1) бағалы қағаздар иегеріне - тіркелген тұлғаға, осы номиналды ұстау жүйесінде тұлғаға тиесілі бағалы қағаздар есепке алынған номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда орталық депозитарийдің жеке шотты ашу жөніндегі бұйрығының және номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін ұсынған құжаттардың түпнұсқалары негізінде жеке шот ашқан кезде;
      2) № 238 ереженің 41 және 41-3-тармақтарында көзделген жағдайлардағы тізілімдер жүйесін қалыптастырған кезде;
      3) жаңа тіркеуші эмитенттен немесе бұрынғы тіркеушіден тізілімдер жүйесін қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қабылдаған жағдайдағы тізілімдер жүйесін қалыптастырған кезде, сондай-ақ тіркеуші соттың атқару парағын орындаған кезде.
      Осы тармақтың ережелері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты болмаған жағдайда қолданылады.»;
      17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-1. Нұсқаулықтың 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген орталық депозитарийдің бұйрығы Нұсқаулықтың 17-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мәліметтерді қамтиды.»;
      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Нақтылы ұстауға берілген бағалы қағаздарды есепке алу жүргізілетін орталық депозитарийдің жеке шотында Нұсқаулықтың 19-тармағының 3), 4), 6) тармақшаларында көрсетілген ақпарат көрсетілмейді.
      21. Орналастырылған пайларды есепке алуға арналған пайлық инвестициялық қордың жеке шотында пайлық инвестициялық қордың, оның активтерін басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компанияның атауы туралы ақпарат болады және Нұсқаулықтың 19-тармағының 1), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақпарат болмайды.»;
      32 және 32-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Нұсқаулықтың 15-тармағына сәйкес ашылған жеке шоттар бойынша Нұсқаулықтың 26-тармағының 2), 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар (мұраға қалдырған немесе заңды тұлға таратылған кезде бағалы қағаздар бойынша меншік құқығы ауысқан жағдайда бағалы қағаздарды бір жеке шоттан басқа жеке шотқа аударуды қоспағанда) тіркелген тұлға жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты не тіркелген тұлға заңды тұлға болып табылған жағдайда, Нұсқаулықтың 13-тармағының 2) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттарды тіркеушіге бергенге дейін жүргізілмейді.
      Ұсынылған құжаттардың деректемелері тіркелген тұлғаның Нұсқаулықтың 15-тармағына сәйкес ашылған жеке шотының деректемелеріне сәйкес келмеген не осы шоттың өзге де деректемелері оны ашқан сәттен бастап өзгерген жағдайда, Нұсқаулықтың 26-тармағында көзделген жеке шоттар бойынша операциялар тіркелген тұлға туралы мәліметтердің өзгеруі жөніндегі бұйрықты тіркеушіге бергенге дейін жүргізілмейді.
      32-1. Тіркелген тұлға тіркеушіге:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке тұлға үшін);
      2) Нұсқаулықтың 13-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды (заңды тұлғалар үшін) ұсынғанға дейін Нұсқаулықтың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шот бойынша, тіркелген тұлғаның жеке шотына бағалы қағаздарды есепке алу жөніндегі операцияларды қоспағанда, Нұсқаулықтың 26-тармағының 2), 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар жүргізілмейді.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке алу) бойынша операцияларды тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы қарама-қарсы бұйрықтарды және Нұсқаулыққа және Нұсқаулықтың 34-1, 34-2, 34-3 және 35-тармақтарында, 36-тармағының 1) және 3) тармақшалары, 36-1-тармағында және 37-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы операцияны жүргізу үшін қажетті құжаттарды алған кезде жүргізеді.
      Мәмілені жасау үшін тараптардың біреуіне уәкілетті органның рұқсаты (келісімі) қажет болған жағдайда, тіркеуші осындай рұқсаттың болуын растайтын құжатқа сұраныс жасайды.»;
      34-2 және 34-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-2. Тiркеушi эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай мiндеттемелерiн оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын эмитент уәкiлеттi органның эмитент жүргізген айырбастау туралы хабарламасының көшiрмесiн және мынадай құжаттардың бiрiнiң:
      1) эмитенттің жай акцияларына айырбасталатын эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiнiң;
      2) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған банктi қайта құрылымдау жоспарының;
      3) егер эмитент дәрменсiз борышкер болса, Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен қабылданған реабилитациялау жоспарының көшiрмесiн ұсынған кезде жүргiзедi.
      Тiркеушi эмитенттiң тіркелген тұлғаларға тиесiлi бағалы қағаздарын оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгiзу операциясын тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан бағалы қағаздарды есептен шығару мен оларды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотына есепке жазу және жай акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттiң жеке шотынан есептен шығару мен оларды тiркелген тұлғалардың жеке шоттарына есепке жазу жолымен эмитенттiң бағалы қағаздарды айырбастау туралы жазбаларды енгiзу бұйрығы негiзiнде жүргiзедi.
      Тiркеушi эмитенттiң кредиторлары алдындағы ақшалай мiндеттемелердi оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгiзу операциясын жай акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттiң жеке шотынан есептен шығару және оларды Нұсқаулықтың 12 және 13-тармақтарына сәйкес эмитенттің кредиторларына ашылған жеке шоттарға есепке жазу жолымен эмитенттің ақшалай мiндеттемелердi айырбастау туралы жазбаларды енгізу бұйрығы негiзiнде жүргiзедi.
      Орталық депозитарийдiң жеке шоты бойынша эмитенттiң бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай мiндеттемелерiн оның жай акцияларына айырбастауға байланысты операцияларды жүргiзгеннен кейiн тiркеушi бiр сағаттың iшiнде оған бұл туралы хабарламаны және тiзiлiмдер жүйесiндегi орталық депозитарийдің жеке шотынан көшiрменi жiбередi.
      Тiркеушi олардың айырбасталуына байланысты сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотына есепке жазылған облигацияларды облигациялардың шығарылымын жою туралы куәлiктiң көшiрмесi негiзiнде жояды.
      34-3. Тіркеуші Нұсқаулықтың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған тіркелген тұлғаның жеке шотына бағалы қағаздарды есепке алу операцияларын орталық депозитарийдің жеке шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару және Нұсқаулықтың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған тіркелген тұлғаның жеке шотына есепке алу жөніндегі орталық депозитарийдің бұйрығы негізінде жүргізеді.»;
      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Бағалы қағаздарды мұраға алу жағдайында тіркеуші мұрагер және оның өкілі берген сәйкес бұйрығы, мұраға құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, мұрагер өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттар және тізілімдер жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда, Нұсқаулықтың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке алу) операциясын жүргізеді.»;
      4646-1474849-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес жасалады және онда мынадай мәліметтер болады:
      1) эмитенттің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      2) пайлық инвестициялық қордың атауы;
      3) жарияланған бағалы қағаздардың саны;
      4) орналастырылған бағалы қағаздардың саны;
      5) эмитент сатып алған бағалы қағаздардың саны;
      6) бағалы қағаздардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
      7) депозитарлық қолхаттарды ұстаушыларды қосқандағы мынадай мәліметтері бар орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімі:
      бағалы қағаздарды ұстаушыларды – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта) тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың – заңды тұлғалардың атауы;
      бағалы қағаздарды ұстаушылардың - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тегі, аты, бар болса әкесінің аты;
      жүк артылған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың санын көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздардың саны;
      бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің орналастырылған және (немесе) дауыс беретін бағалы қағаздарының санына пайыздық арақатынасы;
      8) тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының нөмірі, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
      9) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жасалған жағдай бойынша күн және уақыт.
      Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және мөрмен бекітіледі.
      46-1. Тiркеушi бұйрықтарының нысаны мен мазмұны Нұсқаулықтың 6, 7-қосымшаларына сәйкес айқындалады.
      47. Пайлық инвестициялық қордың пайларды ұстау тізілімінде Нұсқаулықтың 46-тармағының 3) және 5) тармақшаларында атап көрсетілген мәліметтер көрсетілмейді.
      48. Акционерлердің жалпы жиналысын жүргізу үшін акционерлер тізімі Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес жасалады және онда мынадай мәліметтер:
      1) эмитенттің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      2) жарияланған акциялардың саны;
      3) орналастырылған акциялардың саны;
      4) эмитент сатып алған акциялардың саны;
      5) акциялардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
      6) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған депозитарлық қолхаттардың меншік иелерін қосқандағы мыналарды:
      акционерлер – заңды тұлғалардың атауларын, оларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірін және күнін;
      акционерлер - жеке тұлғалардың тегін, атын, бар болса әкесінің атын, акционер жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін;
      жүк артылған және (немесе) оқшауланған акциялардың санын көрсете отырып акционерге тиесілі акциялардың санын;
      акционерге тиесілі дауыс беретін жай акциялардың санын;
      акционерге тиесілі артықшылықты акциялардың санын көрсете отырып акционерлердің тізімі;
      7) номиналды ұстауда болып табылатын және тіркеушінің тізілімдер жүйесіндегі орталық депозитарийдің жеке шотында есепке алынған акциялар саны және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жоқ меншік иесіне тиесілі мәліметтер;
      8) акционерлердің тізімін жасау мақсаты;
      9) тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының нөмірі, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
      10) акционерлердің тізімі жасалған жағдай бойынша уақыт және күн;
      11) эмитенттің өкіміне сәйкес өзге де мәліметтер болады.
      Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес жасалған бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеуге арналған акционерлер тізілімінде акционерлердің банктік деректемелері туралы мәліметтер мен «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес акционерге берілген салық салу бойынша жеңілдіктердің болуы туралы мәліметтер болады.
      Акционерлердің тізіміне өзге мақсаттары үшін эмитент сұрататын ақпарат қосымша енгізіледі.
      Акционерлердің тізіміне тіркеушінің ішкі құжатына сәйкес тізілімдер жүйесін жүргізетін тіркеушінің құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
      49. Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес жасалады және онда мынадай мәліметтер:
      1) жеке шоттың атауы және нөмірі;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушы туралы мәліметтер;
      оларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күнін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаның атауын;
      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның тегін, атын, бар болса әкесінің атын;
      3) эмитенттің атауы және орналасқан жері (пайлық инвестициялық қордың пайлары туралы мәліметтерді көрсеткен кезде, эмитенттің нұсқауымен қатар, пайлық инвестициялық қордың атауы көрсетіледі);
      4) бағалы қағаздардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
      5) облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу күні;
      6) жүк артылған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың санын көрсете отырып, бағалы қағаздардың белгілі бір түрінің саны;
      7) бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің орналастырылған (дауыс беретін) бағалы қағаздарының санына арақатысы;
      8) тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының нөмірі, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
      9) жеке шоттан үзінді-көшірме қалыптастырылған уақыт және күн болады.
      Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірмеге тіркеушінің ішкі құжатына сәйкес тізілімдер жүйесін жүргізетін тіркеушінің құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Нұсқаулықтың 45-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші жеке шот бойынша операцияны және ақпараттық операцияны үш күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.»;
      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «54. Тiркеушi бұйрықты алған кезден бастап үш мына күнтiзбелiк күн iшiнде мынадай:
      1) қол қою үлгiлерiнiң бұйрықтағы нотариат куәландырған үлгілерге сәйкес еместiгi;
      2) операция жасауға бұйрық алған күннен бастап екi күнтiзбелiк күн iшiнде қарама-қарсы бұйрықты бермеген;
      3) бұйрық деректемелерiнiң Нұсқаулықпен белгiленген деректемелерге, немесе жеке шот деректемелеріне сәйкес еместiгi;
      4) жеке шотта қажеттi бағалы қағаздар санының болмауы;
      5) Қазақстан Республикасы заңнамасын бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жүйесi деректерi негiзiнде мәмiленi жасау нәтижесiнде бұзу;
      6) клиент мәмiленiң тiркелуi үшiн белгiленген мерзiмде iрi қатысушы мәртебесiн иеленуге берiлген уәкiлеттi органның келiсiмiн растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда ұсынбаған;
      7) сәйкес мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешiмi болған;
      8) бұйрықта көрсетілген жеке шот оқшауланған;
      9) бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға жүк артылған;
      10) орталық депозитарийдiң мәмiленi жеке шоттардың бiрыңғай жүйесiнде көрсетуден бас тартуын алған;
      11) тiркеушiнiң iшкi құжатында көзделген өзге жағдайларда оның орындалмау себептерiн көрсете отырып, жазбаша бас тартуды ресiмдейдi.
      Бұйрықты орындаудан бас тартуға тiркеушiнiң iшкi құжатына сәйкес тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзетiн тiркеушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Тіркеуші әр айдың бірінші жұлдызындағы жағдай бойынша Нұсқаулықтың 5-қосымшасының нысаны бойынша ақпаратты уәкілетті органға береді.»;
      65-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «65-1. Тіркеушінің клиенттері трансфер - агенттің қызметін пайдаланған жағдайда тіркеушіге ақпаратты Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетілген нысандары бойынша береді.
      Нұсқаулықтың 46, 48 және 49-тармақтарында көрсетілген ақпаратты тіркеушінің клиенттері Нұсқаулықтың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларымен белгіленген нысандары бойынша ұсынады.»;
      65-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «65-4. Нұсқаулықтың 65-2 және 65-3 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылатын салыстырып тексеру нәтижесі бойынша тізілімдер жүйесінің деректері жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің деректерімен сәйкес келген (сәйкес келмеген) жағдайда, салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптардың уәкілетті өкілдері деректердің сәйкес келгенін (сәйкес келмегенін) салыстырып тексеру актісіне (сәйкес келмеу актісіне) қол қою арқылы растайды.
      Салыстырып тексеруді жүзеге асырған тараптар сәйкес келмеу актісін ресімдеген жағдайда, сәйкес келмеу актісін жасаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы уәкілетті органға хабарлайды.»;
      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «67. Шартты бұзған жағдайда, тiркеушi бір жұмыс күні iшiнде ол туралы орталық депозитарийге хабарлайды және эмитенттің жазбаша хабарламасында көрсетілген жаңа тiркеушiге осы эмитенттің тiзiлiмдер жүйесін құрайтын мына құжаттарды:
      1) жаңа тiркеушiден немесе эмитенттен алынған бағалы қағаздарды ұстаушылардың бастапқы тiзiлiмiн және шарттарды бұзған күнге бұрынғы тiркеушiлер эмитентпен жасаған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерiн;
      2) эмитенттердiң және тiркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу, операцияларды тiркеу, сенімхаттарды есепке алу журналдарын;
      3) бағалы қағаздарды ұстаушылар бұйрықтарының және эмитенттiң өкiмдерiнiң көшiрмелерi, сондай-ақ олардың орындалуы/орындалмауы туралы есептерді;
      4) операциялар жүргізу үшін негіз болып табылатын құжаттарды;
      5) өзгерiстерiмен және толықтыруларымен қоса шарт жасау кезiнде тiркеушiге эмитент ұсынған құжаттарды;
      6) шартты бұзған күнi жасалған бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi;
      7) тiркеушiнiң және эмитенттiң бiрiншi басшылары қол қойған шартты бұзу туралы актiнiң көшiрмесiн өткiзедi.
      Тіркеушіні лицензиясынан айырған не лицензиясының қолданылуын тоқтатқан жағдайда эмитентпен шарт жасасқан тіркеушіге немесе Нұсқаулықтың 67-1-тармағында белгіленген жағдайда орталық депозитарийге осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары беріледі.»;
      67-1686970-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «67-1. Тіркеуші эмитентке оның лицензиясының қолданылуын тоқтату не лицензиясын кері қайтару себептерімен тіркеушімен шартты бұзу қажеттілігі жөнінде хабарлама жіберген күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін эмитент тіркеушіге шартты бұзуға және оның бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдауға дайын екені туралы хабарламаған не тіркеуші көрсетілген құжаттарды тапсыратын жаңа тіркеуші туралы ақпаратты бермеген жағдайда, тіркеуші Нұсқаулықтың 67-тармағында көрсетілген қағаз және электронды тасымалдауыштағы бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттарды орталық депозитарийге өткізуді жүзеге асырады.
      68. Нұсқаулықтың 67-тармағында көрсетілген құжаттар қағаз және электронды тасымалдағышта жеке шоттардың бірыңғай жүйесіндегі деректер тіркеушінің тізілімдер жүйесіндегі деректермен сәйкес келетінін растайтын орталық депозитариймен жасалған салыстырып тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін беріледі.
      Бұрынғы тіркеушіден шартты бұзу күнінде қалыптасқан бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдерін алғаннан кейін, жаңа тіркеуші оны орталық депозитарийге салыстырып тексеруді жүргізу үшін жібереді.
      69. Қағазға басылып жасалған және Нұсқаулықтың 67-тармағына сәйкес жаңа тіркеушіге не 67-1-тармағына сәйкес орталық депозитарийге өткізілген құжаттар тігілуі, көмірленуі және соңғы парақта бір бөлігі қағаз пломбаға, бір бөлігі параққа қойылу тиіс мөр таңбасы қойылатын және құжаттарды өткізген тараптың бірінші басшысы немесе уәкілетті тұлғасы қол қойған қағаз пломбамен бекітіледі.
      70. Құжаттарды өткізу тіркеушілердің бірінші басшылары не Нұсқаулықтың 67-1-тармағында белгіленген жағдайда тіркеушінің және орталық депозитарийдің бірінші басшылары қол қоятын және олардың мөрлерімен расталатын қабылдау-өткізу актісін жасау арқылы жүзеге асырылады.
      Орталық депозитарий мен тіркеуші арасында құжаттарды қабылдау-өткізу актісінің мазмұны және оны ресімдеу тәртібі орталық депозитарийдің ережелер жинағында айқындалады.»;
      71-тармақ алып тасталсын.
      1234567-қосымшалардың оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

 

«Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша»;

       

«Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша»;

    

«Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша»;

      

«Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша»;

     

«Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша»;

      

«Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша»;

      

«Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша»;

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бірыңғай тіркеуші қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 5531 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілген:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай тіркеуші қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бірыңғай тіркеушінің ұйымдық құрылымына мыналарды жүзеге асыратын жекелеген бөлімшелер енгізіледі:
      1) депозитарлық қызмет;
      2) қаржы құралдары бойынша кіріс төлеу және оларды өтеу кезінде, сондай-ақ депоненттердің және олардың клиенттерінің ақшасын есепке алу және сақтау үшін ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу барысында қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу үшін ақшаны аудару;
      3) тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу;
      4) қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі клиринг қызметі;
      5) тәуекелдерді басқару;
      6) ішкі аудит.
      Осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген талап бірыңғай тіркеуші қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі клиринг қызметін жүзеге асырған кезде қолданылады.
      Осы тармақта көрсетілген бөлімшелердің қызметкерлеріне басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін қоса атқаруға жол берілмейді.»;
      3-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-3. Бірыңғай тіркеушінің атқарушы органы инвестициялық комитетінің мүшелерін сайлауды жүзеге асырады.»;
      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1. Орталық депозитарий тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.».
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ертерек ден қою шараларын және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 34 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7497 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 23 маусымда № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ертерек ден қою шараларын және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдiстемесiн қолдану қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидалардың 1-тармағында көзделген Ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
      1) қатарынан үш айдың ішінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 120 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5324 тіркелген) (бұдан әрі – № 120 қаулы), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 122 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5332 тіркелген) (бұдан әрі – № 122 қаулы), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) (бұдан әрі – № 215 қаулы) белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің ең төменгі мәнінен 0,3-ке асатын деңгейге дейін немесе одан төменге екі және одан да көп рет төмендеуі;
      2) бастапқы мәні № 120 қаулыда, № 122 қаулыда және № 215 қаулыда белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің ең төменгі мәнінен 0,3-ке асатын деңгейден төмен болған кезде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеуі;
      3) қатарынан үш айдың ішінде өтімді активтер көлемінің 20 (жиырма) және одан көп пайыздан астам жиынтық төмендеуі;
      4) қатарынан үш айдың ішінде шығынды қызмет.».
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7576 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 29 мамырда № 274-278 (27352) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бірыңғай тіркеуші – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
      2) бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы – бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара қарым-қатынасын айқындайтын, бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісілген бірыңғай тіркеушінің ішкі құжаты;
      3) орталық депозитарий қағидаларының жинағы – орталық депозитарийдің бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара қарым-қатынасын айқындайтын, орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген орталық депозитарийдің ішкі құжаты;
      4) тіркеуші – бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензиясы негізінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
      5) эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын, тіркеушімен бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу шартын жасасқан тұлға, сондай-ақ тіркеушімен шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізуге немесе инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімдері жүйесін жүргізуге шарт жасасқан тұлға;
      6) эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттар – тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) (бұдан әрі – № 62 нұсқаулық) бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықтың 567863 және 67-тармақтарында көзделген, қағаз және электронды тасымалдағыштардағы, сақтау мерзімдері аяқталмаған, тіркеушінің қолында бар барлық мәліметтер мен құжаттар.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Тіркеушілер тіркеушінің бірыңғай тіркеушіге эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру мерзімі басталған күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың санын өзінің есепке алу деректерін жүргізілуін орталық депозитарий жүзеге асыратын жеке шоттардың бірыңғай жүйесінің деректерімен алдын ала салыстырып тексеруді жүргізеді.
      Салыстырып тексеру № 62 нұсқаулықтың 5-тарауында көзделген тәртіппен салыстырып тексеруді жүргізу күнінің алдындағы соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Бірыңғай тіркеуші № 62 нұсқаулықта белгіленген тәртіппен тіркеуші және (немесе) орталық депозитарий ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-әрекеттерді жүзеге асырады.».