Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7977 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 242 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына
қатысты ресми бағамын белгілеу қағидалары

      Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу тәртібін айқындайды.

1. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар

      1. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ААЖ – Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпарат жүйелері;
      2) кросс-бағам – екі валютаның АҚШ долларына қатысты бағамынан құралатын олардың арасындағы баға белгіленімі;
      3) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесі;
      4) Ұлттық Банктің басшылығы – Ұлттық Банктің Төрағасы немесе Ұлттық Банк Төрағасының уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары;
      5) ұлттық валютаның ресми бағамы – теңгенің Қағидалардың қосымшасына сәйкес шетел валюталарына қатысты Ұлттық Банк белгілейтін бағамы. Ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу тәртібі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібіне ұқсас. Ұлттық валютаның ресми бағамын және валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалану мақсаттары 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі), 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленеді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 141 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты ресми бағамын
белгілеу тәртібі

      2. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты ресми бағамын қор биржасы шетел валюталары бойынша сауда-саттық жүргізетін жұмыс күндері күн сайын белгілейді.
      Ұлттық Банк оларға қатысты ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі Қағидалардың қосымшасында айқындалған.
      3. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты Астана уақытымен сағат 11-00-дегі жағдай бойынша қор биржасының таңғы (негізгі) сессиясында қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі жұмыс күніне арналған ресми бағамы ретінде белгіленеді.
      4. Қағидалардың қосымшасында көрсетілген басқа шетел валюталары бойынша ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамын Ұлттық Банк қор биржасында сауда-саттық жүргізілген күнгі Астана уақытымен сағат 15-00-дегі жағдай бойынша ақпарат агенттіктерінің арналары бойынша алынған сұраныстың баға белгіленімдеріне сәйкес қалыптасқан АҚШ долларына қатысты кросс-бағамды пайдалана отырып есептейді және ол келесі жұмыс күніне арналған ресми бағам ретінде белгіленеді.
      5. Жұмыс емес күндері Ұлттық Банктің жұмыс емес күннің алдындағы жұмыс күніне белгілеген бағамдары қолданылады.
      6. Есептелген ресми бағамдардың сандық мәні екі ондық белгіден тұрады.
      Егер есептеу кезінде шетел валютасының теңгеге қатысты ресми бағамы бірден кем болса, шетел валютасы номиналының сандық мәні қажетті мәнге дейін ұлғая отырып өзгереді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 267 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6-1. Қағидалардың қосымшасында көзделген шетел валютасы айналыста болуын тоқтатқан кезде осы шетел валютасына қатысты бағам белгіленбейді.
      Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 267 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты бағамдарын
белгілеуді қамтамасыз ететін рәсімдер

      7. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілейді және шетел валюталарының ұлттық валютаға қатысты ресми бағамдарын Ұлттық Банктің көрсетілген валюталарды белгіленген бағам бойынша сатып алу немесе сату міндеттемесінсіз жариялайды.
      8. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты ресми бағамдарын Қағидалар қосымшасының нысаны бойынша ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты ресми бағамы белгіленген күні Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жариялайды.
      9. Уәкілетті бөлімше шетел валюталарының ұлттық валютаға қатысты ресми бағамдары туралы құжатты шетел валюталары ресми бағамдарының қолданылу мерзімдерін көрсете отырып, Қағидалар қосымшасының нысаны бойынша дайындайды.
      10. Шетел валюталарының ұлттық валютаға қатысты ресми бағамдарын белгілеу туралы ақпарат Ұлттық Банктің басшылығы қол қойғаннан кейін олар белгіленген күні Астана уақытымен 18.00-ге дейін Ұлттық Банктің бөлімшелеріне және ведомстволарына, екінші деңгейдегі банктерге және басқа да мүдделі ұйымдарға деректерді ресми байланыс арналары (орталық телетайп, телекс, SWIFT) және электрондық почта арқылы жіберу жолымен жеткізіледі.
      11. Ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты ресми бағамдары (шетел валюталарының ұлттық валютаға қатысты ресми бағамдары) туралы ақпарат белгіленген күні Астана уақытымен сағат 24.00-ге дейін ААЖ-ға енгізіледі.
      12. Шетел валюталарының ұлттық валютаға қатысты ресми бағамдары туралы қол қойылған құжаттың түпнұсқасы тігіледі және уәкілетті бөлімшеде сақталады.

Қазақстан Республикасы       
ұлттық валютасының шетел валюталарына
қатысты ресми бағамын белгілеу   
қағидаларына            
қосымша               

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 141 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шетел валюталарының Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қатысты ____ жылғы __________ ресми бағамдары туралы хабарлайды

Австралия доллары (AUD)
Әзірбайжан манаты (AZN)
Армян драмы (AMD)
Белорусь рублі (BYR)
Бразилия реалы (BRL)
Венгер форинті (HUF)
Корея Республикасының вонасы (KRW)
Гонконг доллары (HKD)
Грузин лариі (GEL)
Дат кронасы (DKK)
БАӘ дирхамы (AED)
АҚШ доллары (USD)
Еуро (EUR)
Үндістан рупиясы (INR)
Иран риалы (IRR)
Канада доллары (CAD)
Қытай юані (CNY)
Қырғыз сомы (KGS)
Кувейт динары (KWD)
Литва литі (LTL)
Малайзия ринггиті (MYR)
Мексика песосы (MXN)
Молдова леясы (MDL)
Норвегия кронасы (NOK)
Польша злотыйы (PLN)
Ресей рублі (RUB)
Сауд Арабиясының риалы (SAR)
СДР (XDR)
Cингапур доллары (SGD)
Тәжік сомониі (TJS)
Тайланд баты (THB)
Түрік лирасы (TRY)
Өзбек сумы (UZS)
Украина гривнасы (UAH)
Біріккен Корольдіктің Фунт стерлингі (GBP)
Чех кронасы (CZK)
Швед кронасы (SEK)
Швейцария франкі (CHF)
Оңтүстік Африка рэнді (ZAR)
Жапон йенасы (JPY)

теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге

теңге
теңге
теңге
теңге
теңге

                                             құжатқа қол қойылған күн

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
басшылығы ________________ Тегі және инициалдары