Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 202 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7852 тіркелді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!
      Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасында шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4468 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 13 желтоқсанда № 215 (1021) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінде:
      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Негізгі ұғымдар
      1. Ереженің мақсаттары үшін «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) автоматтандырылған айырбастау пункті – оған қолма-қол ақшаны енгізу және одан басқа валютада балама соманы қолма-қол ақшалай алу арқылы айырбастау операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық-механикалық құрылғы;
      2) айырбастау операциялары – айырбастау пункттері және автоматтандырылған айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операциялар;
      3) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға – уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым;
      4) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – биржа) негізгі сессиясында қалыптасқан және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5570 тіркелген, «Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 36 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 қаулысына сәйкес айқындалған теңгенің шетел валютасына қатысты орташа алынған биржалық бағамы;
      5) компьютерлік жүйе – салық органында есепке қойылған және айырбастау операцияларының есебін жүргізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған электрондық жүйе;
      6) кросс-бағам – екі шетел валютасы арасындағы, осы валюталардың Қазақстан теңгесіне немесе Қазақстан теңгесіне баға белгілеулер болмаған жағдайда басқа шетел валютасына қатысы бойынша айырбастаудың нарықтық бағамы негізінде айқындалатын бағамдық арақатынас;
      7) қолма-қол шетел валютасы – шетелдік мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған айналыстағы банкноттар және қазынашылық билеттер;
      8) тіркеу куәлігі – айырбастау пунктінің Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк)берген тіркеу куәлігі;
      9) электрондық лицензия – ақпарат технологияларын пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін, маңызы қағаз тасымалдағыштағы лицензиямен бірдей электрондық құжат түріндегі лицензия.»;
      2-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті ұйымдарды құру тәртібі»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталы Ереженің 15, 16-тармақтарының талаптарына сәйкес уәкілетті ұйым лицензия алу үшін немесе қосымша айырбастау пункттерін тіркеу үшін өтініш жасағанға дейін толық көлемде қалыптастырылады.»;
      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес жеке және заңды тұлғалары уәкілетті ұйымның құрылтайшылары болып табылады.
      Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясынан айырылған уәкілетті ұйымның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) болып табылған тұлға Ұлттық Банк филиалының шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиядан айыру туралы тиісті шешімінің күнінен бастап үш жыл өткенге дейін уәкілетті ұйымның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) бола алмайды.
      7. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге Ұлттық Банктің рұқсатын құрылатын уәкілетті ұйымның орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша береді.
      Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге Ұлттық Банктің рұқсатын алу үшін уәкілетті ұйымның құрылтайшылары құрылатын уәкілетті ұйымның орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) рұқсат алуға арналған өтініш;
      2) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);
      3) Ереженің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша құрылтайшылар туралы мәліметтер.»;
      8-тармақ алып тасталсын;
      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Уәкілетті ұйым әділет органдарында тіркелген және (немесе) хабарлаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Ұлттық Банктің филиалына жарғының жаңа редакциясын және (немесе) уәкілетті ұйымның жарғысына мынадай өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуін растайтын құжаттарды ұсынады:
      ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капитал мөлшерінің өзгеруін;
      құрылтайшылар құрамының өзгеруін;
      уәкілетті ұйым атауының өзгеруін;
      уәкілетті ұйымның заңды мекен-жайының өзгеруін.
      12. Ереженің 11-тармағында көзделген жағдайда әділет органдарының тіркеу туралы белгісімен жарғының жаңа редакциясының немесе жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі не әділет органдарына хабарлау фактісін растайтын құжат ұсынылады.
      Егер құрылтайшылар құрамы және ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капиталдың мөлшері өзгерсе, уәкілетті ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер Ереженің 2-қосымшасына сәйкес ұсынылады.
      Егер уәкілетті ұйымның жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капиталдың мөлшеріне қатысты болса, жарғылық капитал мөлшерінің ақшалай жарналар есебінен өзгеруін растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты ұсынылады.»;
      13-тармақ алып тасталсын;
      3-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Лицензиялау рәсімі»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Уәкілетті ұйым лицензия алу үшін Ұлттық Банктің филиалына Ереженің 2-1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияны алуға өтінішті, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 2-тармағының 2)6) тармақшаларында, Заңның 10-бабының 8)9) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.
      Электрондық лицензияны алу үшін көрсетілген құжаттар уәкілетті ұйымның лауазымды немесе өзге уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылады.»;
      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Уәкілетті ұйымның біліктілік талабына сәйкестігін растайтын құжат ретінде мыналар ұсынылады:
      1) лицензия алған кезде – уәкілетті ұйымның банк шотында Ереженің 15-тармағында айқындалған мөлшердегі ақшаның бар екенін растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты;
      2) қосымша айырбастау пунктін (қосымша айырбастау пункттерін) тіркеген кезде – айырбастау пунктінің тіркеу куәлігіне өтініш білдіргенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген және қосымша айырбастау пункттерін есептегенде жарғылық капиталдың біліктілік талабына сәйкес келетін мөлшерге дейін ақша жарналарының есебінен ұлғаюын растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты.
      Егер қосымша айырбастау пункттерін тіркеу сәтінде Ұлттық Банктің филиалында уәкілетті ұйымның ашылатын айырбастау пункттерін есептегенде біліктілік талабына сәйкестігін растайтын құжаттар болса, осы тармақтың 2)тармақшасында көзделген құжат ұсынылмайды.
      17. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Заңның 6-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде беріледі.
      Лицензия беруден бас тарту Заңның 6-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      «21-1. Электрондық лицензияны беру, қайта ресімдеу және ерікті қайтару жөніндегі электрондық мемлекеттік қызметтер Ережеде көрсетілген мерзімдерде және тәртіппен «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.»;
      4-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Айырбастау пункттерін тіркеу рәсімі»;
      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) айырбастау пунктіне мынадай талаптар қойылады:
      айырбастау пунктінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша даярлықтан өткен не қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс тәжірибесі бар кассирінің (кассирлерінің) болуы;
      айырбастау пунктінің үй-жайында банкнотты ультракүлгін жарықта тексеруді (қағаздың люминесценциясын және өзгені бақылау) және банкнотта магниттік белгілердің болуын тексеруді қамтамасыз ететін, ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың болуы;
      айырбастау пункті үй-жайының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4817 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келуі.
      Уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерін олардың үй-жайларының техникалық жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкестігін қарап тексеруді Ұлттық Банктің филиалы айырбастау пункті тіркелгенге дейін жүргізеді.
      27. Айырбастау пунктінің Ереженің 26-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар ретінде мыналар:
      кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы даярлықтан өткенін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында көзделген және қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кассир ретінде кемінде алты ай еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;
      ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың сипаттамаларын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пунктін тіркеу үшін өзінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына Заңның 10-бабының 1)4) және 8) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      Өтініш берушінің Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар ретінде Ереженің 27-тармағында айқындалған құжаттар ұсынылады.
      Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның филиалы өзінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынады:
      филиалды есептік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (уәкілетті банктер үшін);
      Ұлттық Банктің шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясының көшірмесі (уәкілетті ұйымдар үшін);
      әділет органдарының есептік тіркеуден және (немесе) қайта тіркеуден өту туралы белгісі бар не әділет органдарын филиал туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлау фактісін растайтын құжатпен қоса филиал туралы ереженің көшірмесі.»;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Айырбастау пункті жабылған кезде, оның ішінде орналасқан орны мекенжайының өзгеруіне әкеп соққан орны ауысқан кезде шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) жабылған (орны ауысқан) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы Ұлттық Банктің филиалына хабарлайды және тіркеу куәліктерінің түпнұсқаларын қайтарады.»;
      5-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Автоматтандырылған айырбастау пунктінің айырбастау операцияларын жүргізу және көрсету»;
      41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Автоматтандырылған айырбастау пункті арқылы күнтізбелік айдың әрбір күні үшін жүзеге асырылған айырбастау операциялары Ереженің 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша жасалған, сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында (бұдан әрі – тізілімдер журналы) Ережеде көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;
      6-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Айырбастау пункттерінің жұмыс істеу талаптары мен тәртібі»;
      44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Әрбір айырбастау пунктінде клиенттерге көрінетін қолжетімді жерде мынадай ақпарат орналастырылады:
      1) тіркеу куәлігінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
      2) айырбастау пунктінің жұмыс режимі;
      3) айырбастау пункті сатып алу және сату жөніндегі операцияларды жүргізетін әрбір шетел валютасы үшін белгіленген теңгеге қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамы және сату бағамы туралы мәліметтерден тұратын, клиенттерге арналған ақпараттық стенд (биіктігі кемінде 0,4 метр және ені 0,4 метр көлемдегі);
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензия алу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
      5) Ереженің 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша айырбастау пунктінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын және осы айырбастау пунктінің жұмысына ескертулер болған кезде атына шағым жолданатын Ұлттық Банк филиалы туралы мәліметтерден тұратын айырбастау пунктінің клиенттеріне арналған ақпарат;
      6) Ұлттық Банктің осы актінің қолданылу кезеңінде айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінің көшірмесі;
      7) айналысқа жарамды және айналысқа жарамсыз банкноттардың негізгі белгілері туралы, сондай-ақ төлемге немесе айналысқа жіберуге жарамсыз шетел валютасының банкноттарын инкассоға қабылдау тәртібі мен талаптары туралы ақпарат.
      45. Айырбастау пунктінің үй-жайында мынадай құжаттар міндетті түрде сақталады:
      1) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының тиісті тұлғаны кассир қызметіне қабылдау және (немесе) тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі;
      2) айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша арнайы даярлықтан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі не айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) айырбастау пункті кассирінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) сатып алу, сату бағамдарын және кросс-бағамдарды белгілеу туралы өкімдер шығаруға құқығы бар басшының және өзге тұлғалардың қол қою үлгілері бар, мөр таңбасы қойылған құжат (уәкілетті ұйымның айырбастау пункттері үшін).»;
      7-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Айырбастау пункттерінде қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізу тәртібі»;
      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «54. Қолма-қол шетел валютасын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдалана отырып есептелген 10 (он) мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға сатып алған немесе сатқан кезде тізілімдер журналында клиенттің тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты және оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың түрі, құжаттың нөмірі, кім және қашан бергені) жазылады.»;
      57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «57. Электрондық түрдегі тізілімдер журналы мынадай талаптар ескеріле отырып қалыптастырылады:
      1) тізілімдер журналын қалыптастырудың бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуі түзетілмейтін күн сайын тіркеуді және жасалған айырбастау операциялары бойынша ақпараттың энергияға тәуелсіз сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) электрондық түрдегі тізілімдер журналының нысанында Ереженің 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдер журналында белгіленген барлық деректемелер бар;
      3) бір күн ішінде жүргізілген айырбастау операциялары туралы есептілікті қалыптастыру және беру Ереженің талаптары ескеріле отырып күн сайын жүзеге асырылады.
      58. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) өздерінің айырбастау пункттерінде электрондық түрдегі тізілімдер журналының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолдана бастағанға дейін осындай бағдарламалық қамтамасыз етудің бар екендігі туралы Ұлттық Банктің тиісті филиалына ақпарат жібереді.
      Ақпаратта тиісті облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) электрондық түрдегі тізілімдер журналын жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған айырбастау пункттерінің электрондық түрдегі тізілімдер журнал жүргізу басталған күн (қағаз тасымалдағыштағы тізілімдер журналдарын жүргізу тоқтатылған жағдайда электрондық түрдегі тізілімдер журналына көшкен күн) көрсетілген тізбесі көрсетіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 61-1-тармақпен толықтырылсын:
      «61-1. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдар есепті айдан кейінгі айдың 15-не дейінгі (қоса алғанда) мерзімде ай сайын Ұлттық Банктің филиалына Ереженің 7-1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша, айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы филиалдар бойынша (олар болған кезде) есеп береді.»;
      8-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Ықпал ету шаралары және санкциялар»;
      67-тармақ алып тасталсын;
      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасында 
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын  
ұйымдастыру ережесіне   
1-қосымша          

Нысан»;

      2-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      2-1-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын 
ұйымдастыру ережесіне  
3-қосымша         

Нысан»;

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын  
ұйымдастыру ережесіне   
4-қосымша        

Нысан»;

      5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен 
айырбастау операцияларын  
ұйымдастыру ережесіне   
5-қосымша          

Нысан»;

      6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын  
ұйымдастыру ережесіне   
6-қосымша         

Нысан»;

      7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын 
ұйымдастыру ережесіне  
7-қосымша        

Нысан»;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес редакциядағы 7-1-қосымшамен толықтырылсын;
      8-қосымша осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жүз тоғызыншы, жүз оныншы және жүз жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                    Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігі
      Төраға ________ Ә. Смайылов
      2012 жылғы 30 шілде

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 4 шілдедегі 
№ 202 қаулысына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру ережесіне 
2-қосымша         

Нысан

Уәкілетті ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) туралы
мәліметтер
______________________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы))

      1. Жеке тұлғалар:

Р/с

Тегі, аты және, бар болса, әкесінің аты

Туылған күні

Төлқұжаттың/
жеке
куәліктің
деректері

Жеке сәйкестендіру нөмірі1

Тұрғылықты жері

Жарғылық капиталдағы үлесі

пайызбен

сомасы

1








2








...








      2. Заңды тұлғалар:

Р/с

Заңды
тұлғаның
атауы

Ұйымдық
құқықтық
нысаны

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі2

Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және берілген күні

Орналасқан жері

Жарғылық капиталдағы үлесі

пайызбен

сомасы

1








2








_______________________
1 Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) болмаған жағдайда жеке тұлғаның      салық төлеушісінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі
2 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) болмаған жағдайда заңды тұлғаның кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші (КҰЖЖ) бойынша коды көрсетіледі

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 4 шілдедегі  
№ 202 қаулысына     
2-қосымша        

Қазақстан Республикасында 
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын 
ұйымдастыру ережесіне  
2-1-қосымша       

Нысан

_____________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
аумақтық филиалының атауы)
________________________________
(басшының аты-жөні)   

      Шетел валютасымен айырбастау операцияларын
      ұйымдастыру үшін лицензия алуға өтініш
      ___________________________________________________________
                       (өтініш берушінің атауы)

Өтініш берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі3_________________________
Өтініш берушінің кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі бойынша
коды_________________________________________________________________
      Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен
айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия беруді сұраймын.

      Қоса берілген құжаттар:
      1.
      2.
      3.
      ........
      Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы:
      ________________ __________________________ _____________
          (лауазымы)           (аты-жөні)            (қолы)

      20__ жылғы «__»___________                     Мөр орны

________________
3 Бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда өтініш беруші - заңды тұлғаның салық төлеушісінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі 

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 4 шілдедегі  
№ 202 қаулысына    
3-қосымша        

Қазақстан Республикасында 
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын  
ұйымдастыру ережесіне   
7-1-қосымша       

Нысан

20 __ жылғы _________ айындағы
айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп
уәкілетті банктің (оның филиалының)/уәкілетті ұйымның (оның филиалының) атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

Барлық валюталар

валюта түрлері бойынша

USD

EUR

RUB

CNY

1

2

3

4

5

6

7

Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген жеке тұлғалармен жасалған айырбастау операцияларының саны

100






Айырбастау операцияларының айналысы (шетел валютасын сатып алу және сату), барлығы

200






Жеке тұлғалардан қолма-қол шетел валютасын сатып алу бойынша операциялар

Сатып алынған қолма-қол шетел валютасы, барлығы

210






Қолма-қол шетел валютасын сатып алу жөніндегі операциялардың саны

110






оның ішінде мынадай сомаға:







500 мың теңгеге дейін (қоса алғанда)

111






500 мың теңгеден асатын 1 миллион теңгеге дейін (қоса алғанда)

112






1 миллион теңгеден асатын

113






Баламада 10 мың АҚШ долларынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алу операциялары







барлығы сатып алынғаны

215






сатып алу бойынша операциялардың саны

115






Жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сату бойынша операциялар

Сатылған қолма-қол шетел валютасы, барлығы

220






Қолма-қол шетел валютасын сату жөніндегі операциялардың саны

120






оның ішінде мынадай сомаға:







500 мың теңгеге дейін (қоса алғанда)

121






500 мың теңгеден асатын 1 миллион теңгеге дейін (қоса алғанда)

122






1 миллион теңгеден асатын

123






Баламада 10 мың АҚШ долларынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын сату операциялары








барлық сатылғаны

225






сату бойынша операциялардың саны

125






7-1-қосымшаны толтыру бойынша нұсқаулар

      Есеп Ереженің 5-қосымшасына сәйкес толтырылатын сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімдерінің деректері бойынша қалыптастырылады. Теңгемен берілген деректер үшін есептеулерде есепті қалыптастырған кезде Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімінің тиісінше 5 және 7-бағандарында көрсетілген теңгемен жүргізілген айырбастау операциясы сомасының баламасы пайдаланылады.
      Уәкілетті банктің филиалы немесе уәкілетті ұйымның филиалы жеке есепті қалыптастырады.
      Есептің 3-бағанында уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған шетел валюталарының барлық түрлері бойынша деректер беріледі. Айырбастау операцияларының көлемдері бойынша жиынтық деректер теңгемен есептеледі.
      4, 5, 6, 7-бағандарда деректер АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), Ресей рублі (RUB) және Қытай юані (CNY) бойынша беріледі. Егер айырбастау пункттері есепті кезеңде қандай да болмасын көрсетілген валюталармен айырбастау операцияларын жүргізбесе, онда тиісті баған толтырылмайды.
      3-баған бойынша 200, 210, 215, 220 және 225 кодтары бар жолдар бойынша деректер мың теңгемен толтырылады.
      4, 5, 6, 7-бағандар бойынша 200, 210, 215, 220 және 225 кодтары бар жолдар тиісті шетел валютасының мың бірлігінде толтырылады.
      3, 4, 5, 6, 7-бағандар үшін есепті толтырған кезде мына талаптардың орындалуын қамтамасыз ету қажет:
      коды 100 жол = коды 110 жол + коды 120 жол;
      коды 200 жол = коды 210 жол + коды 220 жол;
      коды 110 жол = коды 111 жол + коды 112 жол + коды 113 жол;
      коды 120 жол = коды 121 жол + коды 122 жол + коды 123 жол;
      коды 115 жол<= коды 113 жол;
      коды 125 жол<= коды 123 жол;
      коды 215 жол<= коды 210 жол;
      коды 225 жол<= коды 220 жол.

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 4 шілдедегі  
№ 202 қаулысына     
4-қосымша         

Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын 
ұйымдастыру ережесіне  
8-қосымша         

Нысан

20 __ жылғы _________ айындағы
шетел валютасының қозғалысы туралы есеп
_____________________________________________________________________

      уәкілетті ұйымның атауы _______________________________________
      почта мекенжайы, телефоны, факсі ______________________________
      шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға
берілген лицензияның нөмірі және датасы
_____________________________________________________________________

                                             (валюта бірліктерімен)

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

USD

EUR

RUR

басқасы (шетел валютасының түрі көрсетіледі)

Шетел валютасының есепті кезең басындағы қалдығы (100=110+120)

100





оның ішінде:






кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда)

110





уәкілетті банктердегі валюта шоттарында (уәкілетті банктер көрсетіледі)
________________________________

120





Есепті кезеңде келіп түскен шетел валютасы (200>=210+220+230+240)

200





оның ішінде:






уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында сатып алынған шетел валютасы

210





уәкілетті банктерден қарыздар (уәкілетті банктер көрсетіледі)
_______________________
_______________________

220





Айырбастау пункттері арқылы сатып алынған қолма-қол шетел валютасы

230





Басқа да түсімдер (талдамасы беріледі)
_______________________
_______________________

240





Жұмсалған шетел валютасы (300>=310+320+340)

300





оның ішінде:






уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында сатылған шетел валютасы (уәкілетті банктің атауы көрсетіледі)

310









уәкілетті банктердің өтелген қарыздары (уәкілетті банктің атауы көрсетіледі)

320









Айырбастау пункттері арқылы сатылған қолма-қол шетел валютасы

330





Басқа да шығыстар (талдамасы беріледі)
_______________________
_______________________

340





Есепті кезеңнің аяғындағы шетел валютасының қалдығы (400=410+420) (400=100+200-300)

400





оның ішінде:






Кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда)

410









уәкілетті банктердегі валюта шоттарында (уәкілетті банктер көрсетіледі)
_______________________
_______________________

420





20___ жылғы «____» ___________
______________________________ басшы
(тегі және аты-жөні, қолы)
______________________________ бас бухгалтер
(тегі және аты-жөні, қолы)
______________________________ орындаушы
(тегі және аты-жөні, қолы)