Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ОЛ нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 14 маусымдағы № 66 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 18 маусымда № 7742 тіркелді

Қолданыстағы

      Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің қарастыруы жөніндегі есепке алуды және есептілікті жетілдіру мақсатында, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 2-тармағын, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7315 санымен тіркелген, «Заң газетінде» 2011 жылдың 9 қазанында № 182 (2172); 2011 жылдың 14 желтоқсанында № 184 (2174) санымен жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған бұйрықпен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесінде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Субъектіге тікелей жазбаша жүгінген жеке тұлғаға (өкілге) немесе заңды тұлғаның өкіліне (бұдан әрі – өтініш беруші) бірегей нөмір көрсетіле отырып, осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы талон беріледі.
      Талонның бірегей нөмірінде алғашқы жұппен өтінішті тіркеген жыл белгіленеді, екінші жұппен облыс коды белгіленеді (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар), үшінші жұппен - аудан коды (облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қала), төртінші жұппен – ауылдық округ коды, бесінші жұппен – ведомства коды, алтыншы жұппен – талонның реттік нөмірі.
      Мысалы, Астана қаласының Алматы ауданы бойынша әкімдігінің білім беру бөліміне келіп түскен өтініштің бірегей нөмірі мынадай болады: 127111000142200015. Бұл жағдайда, 12 - өтінішті тіркеген жыл, 71 - Астана қаласының коды, 11 – Астана қаласының Алматы ауданының коды, 00 – ауылдық округ коды, 01422 – орган коды, 00015 – талонның реттік нөмірі.
      Орган коды субъектілердің анықтамалығынан «Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» (бұдан әрі - ТӨБЕ) автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен пайдаланылады.
      Талон екі бөліктен тұрады: өтінішті тіркеген субъектіде қалатын талонның түбіртегі және де арызданушыға берілетін жыртылмалы талон. Талондар түбіртектерінің түпнұсқалары ведомстволық бұйрықтармен анықталатын қатаң есептік құжат болып табылады.
      Талонның бірінші бөлігі ерекше нөмірді, тегін, атын, әкесінің атын немесе арызданушының атауын, қолын, лауазымын, арызды қабылдаған субъект қызметкерінің аты-жөні мен оның қабылдау күнін, уақытын және талонды алушының қолын сақтайды.
      Талонның екінші бөлігінде (жыртылмалы талон) бірегей нөмір, арызданушың тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы, қызметкердің аты-жөні, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген мерзімдері ішінде өтініш бойынша шешім қабылданатындығы туралы түсіндірмемен қоса, өтінішті қабылдаған субъектінің мекенжайы және қызметтік телефоны, күні және талонды берген субъект қызметкерінің қолы көрсетіледі.
      Жыртылмалы талонның теріс жағында Интернет-ресурстың мекенжайы: http://service.pravstat.kz, телефон нөмірлері: 1012 (SMS-сервис), 8 800-080-7777 (стационардан), 1414 (ұялыдан) көрсетілген, осылар арқылы өтініш беруші өтінішті қарау сатысы туралы тиісті ақпаратты барлық байланыс операторлары бойынша құны 15 теңге тұратын SMS-хабарламалардан басқаларында тегін ала алады.
      2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 6-тармағына сәйкес басқа мемлекеттік органға өтінішті жолдаған кезде ілеспе хатта осы өтініш бойынша бірегей нөмір көрсетіледі, ол өз кезегінде өтінішті қабылдайтын мемлекеттік органның өтініштерді есепке алу карточкасында көрсетіледі. Бірегей нөмір бір рет, өтінішті бастапқы тіркеген кезде беріледі.
      Бірегей нөмірі бар талондарды беруді:
      1) ең жоғарғы өкілдік орган, орталық атқарушы мемлекеттік органдар және олардың ведомстволары, сондай-ақ басқа да орталық мемлекеттік органдар 2012 жылдың 1 шілдесінен;
      2) облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері аппараттары 2013 жылдың 1 сәуірінен;
      3) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері аппараттары, сондай-ақ облыс мәслихаттары, жергілікті атқарушы органдардың және мемлекеттік органдардың аумақтық органдары 2014 жылдың 1 қаңтарынан;
      4) аудандық өкілдік және атқарушы органдар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізеді.»;
      Ереженің 3-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;
      2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органдарға және 100% мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларға мәлімет және жұмыста пайдалану үшін;
      3) бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялау үшін жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің Төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Бас Прокуроры                                 А. Дауылбаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      А. Жұмағалиев _________________
      2012 жылғы 13 маусым

Қазақстан Республикасы 
Бас Прокурорының   
2012 жылғы 14 маусымдағы
№ 66 бұйрығына қосымша 

Приложение         
к приказу Генерального Прокурора
Республики Казахстан   
от 14 июня 2012 года 
№ 66            

Жеке және заңды тұлғалардың 
өтініштерін есепке алу Ережесіне
3-қосымша           

Приложение 3         
к Правилам по учету обращений
физических и юридических лиц

Нысан

ТАЛОН
(түбіртек)
ТАЛОН
(корешок)

(талонның саны/номер талона)
Өтініш /обращение
__________________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні немесе атауы / фамилия, инициалы либо наименование заявителя)
__________________________________________
«___»___________20__ж./г._________________
__________________________________________
Өтінішті қабылдаған қызметкердің лауазымы, аты-жөні, қолы / должность, Ф.И.О., подпись сотрудника, принявшего обращение
__________________________________________
__________________________________________
(қолы / подпись)
Талон қабылдаушының қолы / подпись получившего талон
__________«__» сағ/час «___» мин.
«___»________________ 20__ж./г.

ТАЛОН
(жыртылмалы талон)
ТАЛОН
(отрывной талон)

(талонның саны/номер талона)
Өтініш / обращение
_________________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні немесе атауы/ фамилия, инициалы либо наименование заявителя)
_________________________________________
(қабылданды/принято.
Қабылдаған/принял
(лауазымы, аты-жөні / должность, фамилия и инициалы)
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
(субъект атауы, мекенжайы және қызметтік телефоны /
наименование субъекта, адрес и служебный телефон)
_________________________________________
Ескерту \примечание:
Өтініш бойынша шешім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген мерзімде қабылданатын болады. Решение по обращению будет принято в сроки, установленные законодательными актами Республики Казахстан.

«___»________________ 20__ж./г.
_____________________ (қолы / подпись)


 
 
 
 


Интернет желісінің мекенжайы:
http:\\service.pravstat.kz_
Адрес Интернет ресурса:
http:\\service.pravstat.kz

1012 нөміріне SMS хабарлама
SMS сообщения на номер 1012

Стационарлық телефон арқылы
8 800-080-7777 нөмірге
Со стационарного телефона на номер
8 800-080-7777

Ұялы телефон арқылы 1414 нөмірге
С мобильного телефона на номер 1414

Ескерту \примечание:
Көрсетілген қызметтер барлық байланыс
операторлары бойынша құны 15 теңге
тұратын SMS-хабарламалардан басқаларында
ақысыз жүзеге асырылады.
Указанные услуги, за исключением SMS -
сообщения стоимостью 15 тенге на все
операторы связи, осуществляются
бесплатно.