Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7734 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулыны қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өздерінің бағдарламалық техникалық қамтамасыз етуін осы қаулыға сәйкес келтірсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығының 4-тармағы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекет етеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Ұлттық Банкінің


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165
қаулысымен бекітілген

Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Осы Бағдарламалық-техникалық құралдардың және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өзге жабдықтардың нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға (бұдан әрі – бағдарламалық қамтамасыз ету) қойылатын талаптарды және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларында сақталған деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпаратты сақтау мен қорғауды қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруды айқындайды.

      Нұсқаулық бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған тиісті келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бағдарламалық қамтамасыз ету:

      1) кез келген уақытта бағдарламалық қамтамасыз етудің кез келген учаскесіндегі электр қореккөзі толық немесе ішінара ажыратылған кезде ақпараттың сенімді сақталуын, санкцияланбаған қол жеткізуден қорғауды, дерекқорларының тұтастығын және электронды мұрағаттар мен деректер базасындағы ақпараттың толық сақталуын;

      2) Бағдарламалық қамтамасыз етуде іске асырылған кіру деректеріне, функцияларға, операцияларға, есептерге көп деңгейлі қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс. Бағдарламалық қамтамасыз ету ең кем дегенде қол жеткізудің екі деңгейін көздеуі тиіс: әкімші және пайдаланушы;

      3) толтырылуы міндетті жолдардың енгізілетін деректерінің толықтығын бақылауды (барлық жолдарды толығымен толтырмай функцияларды немесе операцияларды орындаған жағдайда бағдарлама тиісті хабарламаны беруді қамтамасыз етеді);

      4) сұратуды сақтай отырып, осы ақпараттық жүйе үшін белгіленген критерийлер мен өлшемдер бойынша ақпарат іздеуді, сондай-ақ кез келген өлшемдер бойынша (осы ақпараттық жүйе үшін белгіленген) ақпарат іріктеуді және өткен күндердегі ақпаратты, егер осындай ақпарат ақпараттық жүйеде сақталуға тиіс болса, қарау мүмкіндігін;

      5) қысқартылмаған күндер бойынша ақпарат өңдеу мен сақтауды;

      6) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген есептердің, сондай-ақ хабарламалардың, анықтамалардың, жеке шоттардан үзінді-көшірмелердің, өткізілген операциялар туралы есептердің және ақпараттық операциялар жүзеге асырылғанын растайтын құжаттардың нысандарын автоматты қалыптастыруды;

      7) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында және олардың ішкі құжаттарында көзделген бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының ішкі есепке алу жүйесінің журналдарын жүргізуді және автоматты қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Журналды толық, сондай-ақ ішінара (күндердің аталған диапазонына, белгілі күніне, нақты тіркелген тұлғаға, келіп түсетін құжаттың нақты мәртебесіне) қалыптастыруды мүмкіндігі көзделеді;

      8) есепке алу жүйелерінде сақталатын деректерді резервтеу және қалпына келтіру мүмкіндігін;

      9) келіп түсетін құжаттарды экранға, принтерге немесе файлға шығару мүмкіндігін;

      10) осы ақпаратты енгізуде (қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарын сатып алуға және сатуға өтінімдерді енгізуді қоспағанда) қателерді болдырмау мақсатында түрлі пайдаланушылардың бұйрықтарды екі рет енгізу жүйесін ("бірінші енгізу" және "екінші енгізу") қолдануды қамтамасыз ету. Ақпаратты енгізуде "екінші енгізуді" пайдаланушылар "бірінші енгізудің" пайдаланушылары енгізген ақпаратқа қол жеткізе алмайды. "Екінші енгізудің" деректері "бірінші енгізудің" деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, бағдарлама тиісті хабарламаны беруге тиіс;

      11) электрондық құжаттармен алмасу мүмкіндігін;

      12) бағдарламалық қамтамасыз етуде іркіліс басталған кезде қызметін екі сағат ішінде қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Тиісті лицензия негізінде не Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін Нұсқаулықтың 1-тармағында көзделген талаптарға берілген қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:

      1) мынадай операцияларды:

      жеке шотты ашуды;

      тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтердің өзгеруін;

      эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын жоюды;

      тіркелген тұлғалардың шоттарынан (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығаруды (есепке алуды);

      эмитенттің орналастырылған акциялары саны өсуіне байланысты тіркелген тұлғаның жеке шотында акциялардың саны ұлғайғаны (эмитент сатып алған акцияларын есептемегенде) жөніндегі жазбаны енгізуді;

      эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге ақшалай міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау туралы жазбаны енгізуді;

      эмитенттің бір түрде орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаны енгізуді;

      бағалы қағаздардың ауыртпалығы және ауыртпалықты алып тастауды;

      бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастауды;

      сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізуді және сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны жоюды;

      жеке шотты жабуды;

      белгілі күнге және уақытқа жеке шоттан (қосалқы шоттан) үзінді-көшірмелерді, жүргізілген операциялар туралы есептерді, бағалы қағаздарды ұстаушылардың, орталық депозитарийдің, эмитенттердің және уәкілетті органның сұратулары бойынша есептерді, хабарламаларды және анықтамаларды жасауды және беруді;

      2) тіркелген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы өзгерген кезде өзгеретін деректердің сақталуын және бұрынғы деректер бойынша тіркелген тұлғаны іздеуді;

      3) барлық кезеңдегі жеке шот бойынша жүргізілген барлық операциялар бойынша ақпараттың сақталуын;

      4) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу процесінде орталық депозитарийдің бағдарламалық қамтамасыз етуімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуі тиіс.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.02.2014 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Номиналды ұстаушы ретінде бағалы қағаздар нарығында клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың бағдарламалық қамтамасыз етуі Нұсқаулықтың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарға қосымша:

      1) клиенттердің номиналды ұстауға және (немесе) кастодиандық қамтамасыз етуге берілген активтерін есепке алу мүмкіндігін;

      2) клиент активтерін жеке есепке алуды, оны есептеу бойынша барлық операцияларды жүргізуді, жеке шот бойынша операциялардың тарихын талдау мүмкіндігін, оның ішінде операциялық күн ішінде кез келген күні мен уақытындағы жағдай бойынша ақша қалдығы туралы, сондай-ақ әрбір клиенттің және клиенттің ақшасын есепке алу және сақтау жүзеге асырылатын ұйымның бөлігінде ақша қозғалысы туралы мәліметтерді автоматтандырылған қалыптастыруды, мына ақпаратты қосады бірақ олармен шектелмейді:

      ақшамен операция жүргізу күні мен уақыты;

      операцияның атауы;

      растайтын құжаттың деректемелері мен атауы;

      клиенттің тегі, аты, бар болса – әкесінің аты немесе атауы;

      есептік-депозитарлық жүйесінің атауы сол арқылы қаржы құралдармен мәмілелер бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылады;

      брокердің және (немесе) дилердің және оның клиенттерінің ақшаны есепке алу және сақтау жүзеге асырылатын ұйымның атауы;

      клиенттің шоты бойынша ақша бойынша әрбір операцияның сомасы;

      брокердің және (немесе) дилердің, кастодианның сыйақы есептелген қызмет көрсетуді көрсете отырып мәміле (операция) бойынша осы сыйақы сомасы;

      брокердің және (немесе) дилердің, кастодианның осы шығыстар деректерін туындау мәмілелерді (операцияларды) жасауға байланысты шығыстар сомасы;

      3) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу процесінде қор биржасының және (немесе) клиринг ұйымның бағдарламалық қамтамасыз етуімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3-1. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясына ие ұйымын бағдарламалық қамтамасыз ету Нұсқаулықтың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға қосымша мыналарды қамтиды:

      1) "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген) белгіленген тәуекелдерді жабу коэффициентінің және бір клиентке шаққандағы тәуекелдердің мәндерін автоматтандырылған есептеуді;

      2) қаржы құралдарынан және оның клиенттерінің ақшаларынан бірінші санаттағы брокерге және (немесе) дилерге тиесілі қаржы құралдарын және ақшаны бөлек есепке алуды жүзеге асыруды;

      3) мына атрибуттарын: оқиғаның басталу күні мен уақытын, іс-қимылын жасаған пайдаланушыны, жазбаны сәйкестендіргішін, бизнес-процестің орындалуының аяқтау күні мен уақытын, бизнес-процессін орындау нәтижелерін сақтай отырып оқиғаларды ақпараттық жүйесінде болған тіркеуді және сәйкестендіруді.

      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      4. 01.01.2013 дейін қолданыста болды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 № 165 Қаулысымен.

      5. Уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар алмасатын электрондық құжаттардың үлгі нысандары орталық депозитарийдің және (немесе) бірыңғай тіркеушінің ішкі құжатында айқындалады және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қор биржасының бағдарламалық қамтамасыз етуi Нұсқаулықтың 1-тармағында көзделген талаптарға қосымша:

      1) қор биржасының сауда жүйесін әрбір пайдаланған кезде осы қор биржасының сауда жүйесiн пайдалану арқылы қор биржасының мүшесi атынан мәмiле жасауға және iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi жеке тұлғаларды (трейдер) сәйкестендіруді;

      2) қор биржасының сауда-саттыққа жіберілген, сауда-сатыққа қатысудан шеттетілген трейдерлері тізілімін жүргізу (шеттету себептерін көрсетумен);

      3) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес құқығы жоқ тұлғалардың қор биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып мәмілелер жасау мүмкіндігін шектеуді;

      4) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 56-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5406 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру ережесiнің 9-тарауына сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi анықтау тұрғысынан қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелер параметрлеріне мониторинг жүргізуді;

      5) қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелердің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының және қор биржасының қағидаларына сәйкестігіне мониторинг жүргізу;

      6) қор биржасының мүшелері және бағалы қағаздарды қор биржасының тізіміне енгізуді болжап отырған немесе енгізген эмитенттер ұсынатын, оның ішінде олардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында қаржылық есеп беруді және өзге ақпаратты автоматты түрде жинау, өңдеу және сақтауды;

      7) эмитенттердің қор биржасының тізіміне енгізілген бағалы қағаздарды, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасымен және қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген көлемдегі ақпаратты ашу мониторингін жүргізу мүмкіндігі;

      8) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2016 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7. Орталық депозитарийдің (бірыңғай тіркеушінің) бағдарламалық қамтамасыз етуi Нұсқаулықтың 1-тармағында, 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген талаптарға қосымша:

      1) тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операцияларды жасағанға дейін:

      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын және орталық депозитарийдің (бірыңғай тіркеушінің) ережелер жиынтығын ескере отырып осындай операция жасау мүмкіндігін;

      тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операциялар жасалатын құжаттар деректемелерінің болуын және орталық депозитарийдің (бірыңғай тіркеушінің) ережелер жиынтығының талаптарына сәйкестігін;

      2) тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операция жасалатын құжаттарды беретін тұлғалардың, осы іс-әрекеттерді жасауға өкілетін, сондай-ақ жеке шот (қосалқы шот) бойынша операция тіркелетін немесе ақпараттық операция жүргізілетін бұйрықтарға қол қойған тұлғалардың өкілетін растайтын құжаттарды сәйкестендіру;

      3) егер осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жүргізілген тексерудің қорытындылары бойынша:

      жасалуы болжанған операциялардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының және орталық депозитарий (бірыңғай тіркеуші) қағидаларының жиынтығы талаптарына сәйкес келмеуі белгіленсе;

      тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операциялар жасалатын құжаттар деректемелерінің болмауы немесе орталық депозитарий (бірыңғай тіркеуші) қағидаларының жиынтығы талаптарына сәйкес келмеуі белгіленсе;

      тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операциялар жасалатын құжаттарды беретін тұлғалардың осы іс-әрекеттерді жасауға өкілеті расталмаса, тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операциялар жасаудан бас тартуды;

      4) операциялық күн жабылғаннан кейін, егер келесі операциялық күн ашылмаса, тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операциялар жүргізу үшін мүмкіндіктерді шектеуді;

      5) бағдарламалық қамтамасыз ету қызмет ету барысында аудит журналын жүргізу;

      Нұсқаулықтың мақсаттары үшін аудит журналы деп бағдарламалық қамтамасыз етудің қызмет етуі процесінде штаттық және сыни қимылдарын көрсету мақсатында әзірленген мамандандырылған құрал түсіндіріледі;

      6) орталық депозитарий үшін ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін жүргізу.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Клиринг ұйымның бағдарламалық қамтамасыз етуі Нұсқаулықтың 1-тармағында көзделген талаптарға қосымша:

      1) клирингтік ұйым клирингтік қызмет көрсетуді, оны салыстыруды және түзетуді жүзеге асыратын мәмілелер бойынша ақпаратты автоматты түрде жинау, өңдеу және сақтауды;

      2) сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда жүйесінде және (немесе) тауар биржасында клиринг қызмет көрсетуге қабылданған барлық жасалған мәмілелердің параметрлерін есепке алуды;

      3) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптарын және (немесе) міндеттемелерін есептеуді, оның ішінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының таза позицияларын айқындауды жүзеге асыру мүмкіндігін;

      4) осы тармақтың 3) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты орталық депозитарийге және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) жүзеге асыратын өзге ұйымдарға автоматты түрде беруді;

      5) есепті сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары үшін клиринг қызметінің нәтижелері бойынша құруды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      9. Ақпараттың сақталуы деректер базасы резервтік көшірмесінің және қосымша сервердегі транзакцияның жүйелі журналын күн сайынғы автоматты сақтау жолымен қамтамасыз етіледі.

      10. Бағдарламалық қамтамасыз етудің әр пайдаланушысы үшін жеке пароль бойынша кіру көзделеді. "Әкімші" деген қол жетімділік деңгейі үшін парольдерді өзгерту мүмкіндігі көзделеді. Кіріс деректеріне, функцияларға, операцияларға, есептерге қол жеткізу тиісті парольді енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.

      Бағдарламалық қамтамасыз етуде парольді өзгерту кезеңділігі, алдыңғы парольдерді пайдалануды қадағалау мен парольді үш рет дұрыс енгізбеген жағдайда есептік жазбаларды оқшаулау көзделеді.

      Бағдарламалық қамтамасыз етуде операцияны жасау немесе дерекқорына өзгерістер енгізу және осы операцияны немесе жазбаны жүзеге асырған пайдаланушыны сәйкестендіру уақытына қатысты мәліметтерді сақтау көзделеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Ақпаратты қорғау "әкімші" қол жеткізу деңгейінің мынадай негізгі функцияларымен қамтамасыз етіледі:

      1) пайдаланушылар тобын айқындау, орындайтын функциялары бойынша оларды санаттарға бөлу және олардың ақпаратқа қол жеткізу деңгейін белгілеу, парольдерді ауыстыру;

      2) бағдарламалық қамтамасыз етудің деректері мен функцияларына пайдаланушылардың қол жеткізуін оқшаулау;

      3) бағдарламалық қамтамасыз етудің қызмет ету өлшемдерін реттеу;

      4) бағдарламалық қамтамасыз етудің деректер базасына қосылған пайдаланушыларды қарау;

      5) операция күнін ашу (жабу);

      6) қажет болған жағдайда бағдарламалық қамтамасыз етудің деректер базасынан пайдаланушыларды ажырату;

      7) жұмыс күнін ауыстыру;

      8) ұзақ мерзім сақталатын деректердің алмалы-салмалы тасығыштардағы мұрағаттық және резервтік көшірмелерді жасау.

      12. "Пайдаланушы" қол жеткізу деңгейінің негізгі функциялары:

      1) пайдаланушының меншікті паролін ауыстыруы;

      2) бағдарламалық қамтамасыз етудің деректер базасындағы анықтамалық ақпаратты мерзімді жаңарту;

      3) бағдарламалық қамтамасыз етуге деректерді енгізу;

      4) бағдарламалық қамтамасыз етуде бағалы қағаздармен белгілі операцияларды жүргізу;

      5) есеп беру (қорытынды) нысандарын қалыптастыру;

      6) қажетті ақпаратты сақтау;

      7) есептер мен қорытынды құжаттарды басу болып табылады.

      13. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы қызметінің ерекшелігіне байланысты "әкімші" және "пайдаланушы" қол жеткізу деңгейі үшін бағдарламалық қамтамасыз ету осы бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылар ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте қосымша функцияларды көздейді.

      14. Бағдарламалық қамтамасыз етуде (қол жеткізу деңгейіне қарамастан) мыналарға:

      1) оларды орындаудың белгіленген тәртібін бұза отырып белгілі функциялар мен операцияларды орындауға мүмкіндік жасайтын қаражатты ұстауға;

      2) қалыптасқан қорытынды құжаттардың деректеріне өзгерістерді тікелей енгізуге мүмкіндік беретін функцияларға ие болуға;

      3) осы үшін арнайы белгіленген операцияларды (функцияларды) қоспағанда, жүргізілген операциялар туралы және жеке шоттардың жай-күйі туралы деректерді өзгертуге (жоюға);

      4) электр қоректенудің өшуі, желінің, телекоммуникацияның істен шығуы, қосылған жерлердің ажырауы, рұқсатсыз кіру әрекеті нәтижесінде тоқтатылған операцияларды автоматты аяқтауға жол берілмейді.

      15. Операцияларды орындаған кезде бағдарламалық қамтамасыз ету мынадай жағдайлар орын алғанда:

      1) жеке шоттан есептен шығарылуы тиіс бағалы қағаздардың (ақшаның) саны шоттағы бағалы қағаздар (ақша) санынан асып кеткенде;

      2) есептен шығарылуы тиіс бағалы қағаздар ауыртпалық салынғанда немесе оқшауланғанда хабарлама беруге тиіс. Хабарламада жеке шотқа сілтеме мен кепіл ұстаушының тарауы бар;

      3) жеке шотта есепке алынған есептен шығарылатын бағалы қағаздар бірнеше тұлғалардың жалпы меншігінде болғанда;

      4) бағалы қағаздар есептен шығарылатын жеке шот оқшауланғанда хабарлама береді.

      16. Қателерді түзеткенде тіркеу журналының қате жазбасының "түсініктеме" ашық жиегінде "қате" (егер қате операция туралы жазбаны түзету мүмкіндігі болған жағдайда) деген мәтін жазылады және қатені түзетуге арналған операциялар туралы тіркеу журналы жазбасының нөмірі көрсетіледі.

      17. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының ішкі құжаттарында көзделмесе, оның бағдарламалық қамтамасыз етуінде қосымша деректер, функциялар мен есептер көзделеді.

      18. Пайдаланушының жұмыс орнында жүйелі жаңартылып отыратын вирусқа қарсы базасы бар вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету және операциялық жүйенің жүйелі жаңартуларын автоматты қосу міндетті түрде қондырылады.

      19. Пайдаланушының операцияларды жүргізу үшін пайдаланатын дербес компьютерінде электрондық құжаттарды дайындау, өңдеу, беру немесе жүргізу жөніндегі міндеттерді шешуге арналмаған бағдарламалық құрал-жабдықтарды қондыруға тыйым салынады.

      20. Бағдарламалық ортаға кіргенде пайдаланушы сол бойынша сәйкестендірілетін пайдаланушының жүйедегі бір атына бір жеке тұлға сәйкес келеді.

      21. Пайдаланушы дербес компьютерінің жүйе блогын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының жауапты тұлғасы мөрлейді немесе таңбалайды. Қажет болған жағдайда, жүйе блогына қол жеткізу жауапты тұлғаның қатысуымен жүзеге асырылады. Жұмыс аяқталған соң жүйе блогын жауапты тұлға мөрлейді не таңбалайды.

      22. Ақпараттық және аппаратық ресурстарға қол жеткізу тәртібі осы ресурстарға рұқсат алмай кіру мүмкіндігін жоққа шығарады.

      23. Бағдарламалық қамтамасыз етудің іркіліссіз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында біреуі негізгі ретінде, қалғаны - резервтік ретінде қолданылатын екіден кем емес үздіксіз электр қоректену көзі, не дереу іске қосылуға дайын резервтік генераторы бар жалғыз үздіксіз электр қоректену көзі бар болуы көзделеді.

      24. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін серверлік және клиенттік аппараттық қамтамасыз етудің құрамында негізгі жабдық бұзылған, жойылған немесе оны қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда, дереу іске қосылуға дайын резервтік жабдығы бар. Бұл ретте серверлік жабдығы бар үй-жай қол жетімділік жүйесін бақылау жүйесімен жабдықталады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 cәуірдегі № 165
қаулысының қосымшасы

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3649 тіркелген).

      2. "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 228 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4463 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнiнде" 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 4 қазандағы № 152 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6622 тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі" 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 9 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5576 тіркелген).