"Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнiң 2012 жылғы 18 мамырдағы № 225 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 маусымда № 7717 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде»:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Диссертациялық кеңестерді Комитет докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарында (бұдан әрі - ЖОО) күнтізбелік бір жылға құрады.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Диссертациялық кеңестің құрамы ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хаттамалық шешімімен бекітіледі.»;
      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы құжаттарды қабылдайды, тіркейді және диссертациялық кеңеске ұсынады.»;
      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) диссертация орындалған және/немесе докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін ЖОО немесе ғылыми ұйымдардың басшылары және бөлімшелерінің (кафедралардың, зертханалардың, бөлімдердің) қызметкерлері;»;
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      «15-1. Диссертация ЖОО-ның интернет-ресурстарында орналастырылғанда авторлық құқықтарды қорғау қамтамасыз етіледі және диссертация материалдарын көшіруден және одан әрі пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады.»;
      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Рецензент диссертацияны және жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде диссертациялық кеңеске жазбаша пікірін ұсынады, онда аталған тақырыптың өзектілігі, диссертацияда тұжырымдалған ғылыми қағидалар, қорытындылар, ұсынымдар және практикалық құндылығы негіздемесінің дәрежесі, олардың жаңалығы бағаланады, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Диссертация қорғалғаннан кейін ғалым хатшы докторанттың аттестациялық ісін жинақтайды, ол Комитетке күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жіберіледі. Осы мерзім өтіп кеткен жағдайда аттестациялық іс қарауға қабылданбайды. Докторанттың аттестациялық ісінде келесі құжаттар қоса беріледі:
      1) диссертацияның Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына жіберілген күні көрсетіліп, диссертациялық кеңес төрағасы қол қойған диссертациялық кеңес құрылған ЖОО-ның ілеспе қолдаухаты;
      2) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация;
      3) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар тізімі мен көшірмелері;
      4) осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда қазақ және орыс тілдерінде диссертацияның тіркеу-есеп карточкасы;
      5) диссертацияның авторы мен дереккөзіне сілтеме жасамай бөтен материалды пайдаланғанына тексерілгені туралы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының анықтамасы;
      6) ғылыми кеңесшілердің пікірлері;
      7) 2 (екі) рецензентің пікірі;
      8) осы Үлгі ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;
      9) төраға және ғалым хатшы қол қойған диссертацияны қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес отырысының бейнежазбасы мен стенограммасы;
      10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың көшірмелері, оларға қосымшалар (транскрипт көшірмелері);
      11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскрипттің көшірмесі.
      12) осы Үлгі ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша докторант туралы мәлімет»;
      2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице - министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 18 мамырдағы 
№ 225 бұйрығымен бекітілген 

Диссертациялық кеңес 
туралы үлгі ережеге  
4-қосымша        

Фото
3х4

Докторант туралы мәлімет
_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)

1

Туған күні және жері, азаматтығы, ұлты


2

Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білімі туралы ақпарат (ЖОО және оқу мерзімі)


3

Докторантура мамандығы


4

Диссертацияның қорғалған орны және күні


5

Диссертацияның тақырыбы және
жазылған тілі


6

Ғылыми кеңесшілер (Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, азаматтығы)


7

Ресми рецензенттер (Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, азаматтығы)


8

Жарияланымдар саны, барлығы,
оның ішінде:


Комитет ұсынатын басылымдарда


Томсон Рейтер, Scopus базасындағы шетел басылымда


халықаралық конференция материалында, оның ішінде:


шетелдік конференция материалында


9

Еңбек жолы

Қабылдау
мерзімі

Босату мерзімі

Жұмыс орны, лауазымы

Мекеменің мекен-жайы

















10

Мекен-жайы, байланыс деректері


Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы ____________(Т.А.Ә., қолы)
                                               Мөр орны, күні