Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/127 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 сәуірде № 7590 тіркелді

Жаңартылған

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 30 бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесi бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                         А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2012 жылғы 28 наурыздағы 
№ 18-03/127 бұйрығына  
қосымша          

Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесi

      Ескерту. Тақырып орыс тілінде өзгереді, мемлекеттік тілде өзгермейді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 6.11.2014 № 7-1/573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ ұшалары залалсыздандырылатын (зарарсыздандырылатын) аурулар:
      1) жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – цистицеркоз (аумағы 40 шаршы сантиметр ет кесіндісінде 3 артық емес цистицеркозбен зақымданған), бруцеллез, туберкулез, Ауески ауруы, везикулярлі стоматит, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, паратуберкулез, кампилобактериоз, фузариотоксикоз, ку лихорадкасы;
      2) ірi қара малдың аурулары – сиырдың алаөкпесі, сиырдың зілді қызбасы, сиырдың вирустық диареясы, сиырдың жұқпалы ринотрахеиті, парагрипп;
      3) қой және ешкі аурулары – қой мен ешкінің жұқпалы агалактиясы, ешкінің жұғымтал плевропневмониясы, қойдың хламидиозды іш тастауы, жұғымтал эктима, қойдың жұқпалы маститі, қойдың жұқпалы эпидидимиті;
      4) жылқы аурулары – делбе, ринопневмония;
      5) шошқа аурулары – шошқа тұмауы, шошқа обасы, тілме, шошқаның вирустық гастроэнтериті, энзоотиялық энцефаломиелит (Тешен ауруы), шошқаның везикулярлы ауруы, шошқаның энзоотиялық пневмониясы, шошқаның гемофилезді полисерозиті;
      6) құс аурулары – жұқпалы ларинготрахеит, құс шешегі, сальмонеллез, құс микоплазмозы.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 6.11.2014 № 7-1/573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ ұшалары өңдеуге жататын мал аурулары:
      1) жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – цистицеркоз (финноз);
      2) ірi қара малдың аурулары – безнаитиоз;
      3) шошқа аурулары – трихинеллез;
      4) құс аурулары – Ньюкасл ауруы, құстың стрептококкозы;
      5) терiсi бағалы аңдар мен үй қояндарының аурулары – қоянның стрептококтық септицемиясы, қоянның стафилакоккозы, спирохетоз;
      6) бал арасының аурулары – аспергиллез.
      Ескерту. 2-тармақта орыс тілінде өзгереді, мемлекеттік тілде өзгермейді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 6.11.2014 № 7-1/573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.