Жануарлардың шектеу iс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбелерiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7583 тіркелді

Қолданыстағы

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бекітілсін:
      1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Жануарлардың карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбесi;
      2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Жануарлардың шектеу iс-шаралары белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбесi.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                         А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 18-03/128 бұйрығына
1-қосымша      

Карантин белгiленетiн жануарлардың жұқпалы
ауруларының тiзбесi

      Әртүрлі түліктерге ортақ аурулар: сібір жарасы, аусыл, шешек (сиыр, жылқы, шошқа шешегінен басқа), Ауески ауруы, риккетсиоздар және экзотикалық аурулар.
      Күйістілердің аурулары: сиырдың обасы, сиырдың жұғымтал плевропневмониясы, қарасан, түйе обасы, кебенек (ешкінің жұқпалы плевропневмониясы), қойдың жұқпалы катаралді қызбасы (блютанг), скрепи, висна-маеди, аденоматоз.
      Жылқының аурулары: маңқа, індетті лимфангит, тұмау, жылқының африкалық обасы, делбе, жұқпалы анемия.
      Шошқаның аурулары: шошқа обасы, африка обасы, тұмау, энзоотиялық энцефаломиелит (Тешен ауруы).
      Құстың аурулары: құс шешегі, тұмау, Ньюкасл ауруы, үйректің вирустық гепатиті, респираторлық микоплазмоз.
      Терісі бағалы аңдар және қоянның аурулары: ет қоректілер обасы, қоянның миксоматозы.
      Балықтың аурулары: көктемгі вирус ауруы, аэромоноз.
      Бал арасының аурулары: американдық шірітпе, еуропалық шірітпе, қалталанған өсін.

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 18-03/128 бұйрығына  
2-қосымша       

Шектеу қойылатын жануарлардың жұқпалы
ауруларының тізбесі

      Әртүрлі түліктерге ортақ аурулар: құтырық, лептоспироз, листериоз, пастереллез, некробактериоз, дерматомикоз (трихофития, микроспория, парша), қатерлі домбығу, везикулярлы стоматит, лейкоз, шірікбақай, бруцеллез, туберкулез, шешек (қой, ешкі, түйе, құс шешегінен басқа).
      Күйістілердің аурулары: паратуберкулез, кампилобактериоз, жұқпалы ринотрахеит, сиырдың вирустық диареясы, қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы, брадзот, сиырдың парагрипы, қой мен ешкінің жұқпалы агалактиясы, жұғымтал эктима, жұқпалы эпидидимит, қойдың хламидиоздық іш тастауы, сиырдың зілді катаральді қызбасы, қойдың жұқпалы маститі. Шошқаның аурулары: энзоотиялық пневмония, тұмау, жұқпалы атрофиялық ринит, дизентерия, вирустық гастроэнтерит, гемофилездер, тілме.
      Жылқы аурулары: сақау, ринопневмония.
      Құс аурулары: жұқпалы ларинготрахеит, жұқпалы бронхит, үйректің вирустық синуситі, тұмау, Марек ауруы, респираторлық микоплазмоз, жұқпалы бурсит, құстың сальмонеллезі, орнитоз.
      Терісі бағалы аңдардың және қоянның аурулары: күзеннің Алеут ауруы, инфекциялық гепатит, инфекциялық стоматит, инфекциялық ринит.
      Балық аурулары: тұқы балық шешегі, тұқы балықтың геморрагиялық септицемиясы.
      Бал арасы аурулары: гафниоз, варроатоз, аскофероз.